Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 14:09, реферат

Краткое описание

Жылу электр станциялары қызған пармен қозғалысқа келетін турбиналардың көмегімен энергия береді. Турбиналарды үнемі сумен салқындатып отыру керек. Сондықтан жылу станцияларынан су айдынына, әдетте 8°С-12°С-қа жылынған су бөлінеді. Ал ірі жылу станциялары мен АЭС-тер судың үлкен мөлшерін қажет етеді. Олар 80-90 м3/сек жылы суларды бөліп шығарады. Су айдынында температураның көтерілуімен олардын табиғи гидротермиялық режимі бұзылып судың «гүлдеуіне» алып келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

ekolog.docx

— 221.53 Кб (Скачать файл)

4. Қазақстандағы радиациялық жағдай 
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген. 
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды. 
Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады: 
Ø Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары 
Ø Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары 
Ø Ғаламдық жауындар 
Ø Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар 
Ø Табиғи радиоактивтілік 
Ø Радиоактивті қалдықтар. 
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 макр/сағ. құраған. [1.,290б] 
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда да қалыптасуынан теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта — α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған. 
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген. 
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет. 
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған. «Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиоактивті ластану учакелері табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілетін метелл қалдықтарының радиоактивті ластануы анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос» АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорындарда коммисия құрылып, бұл жағдайдың себептерін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкесінің элеваторынан қуатты 200-3000 мкр/сағ. йондаушы сәулелер шығаратын құралдар табылған. Павлодар облысының құрлыс кәсіпорындарында кейбір құрлыс материалдардың түрлерінің радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар йондаушы сәулелердің көздерінде кезінде жоюға арналған приборлары мен аппаратураларымен қамтамассыз етілмеген. Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан территориясынан сыртқы радиоактивті ластанған сым кабельдерінің шығарылуының 3 факторы тіркелген. 
Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы 0-0,42 Бк/кв м шамасында ауытқиды. Ал жалпы β – белсенділік айына 0,4-0,9 Бк/кв м өзгереді. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес. 
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метерологиялық әртектіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостық сәулеленумен байланыты. Табиғи радиоактивтік фон әр түрлі болуы мүмкін: ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттік массадан тұратын территорияда 50-60 мкр/ сағ құрайды. 
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұңбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10-18 мкр/сағ құрайды. 
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 жылы зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі балалар бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бк/куб м-ге жеткен, қалыпты мөлшерде 200 Бк/куб м. 
Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау туралы»заңдарда жұртшылықтың қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радияциялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істеді. 
Қаладағы ауаның ластануы, жердің тозуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазіргі үлкен деңгейде болып отыр. Арал өнірінің 59,6 млн.-ға жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шұаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын 14 млн. Куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. Тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өндеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метр алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатқа жетіп, халық денсаулығын бұзуда. 
Қазақстанда АЭС құрлысын салу туралы әңгімен, сонау Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдік өркениеттің бір бөлігі салынатын Қазақстанда атом электр станциясының болуы қажет. Тіпті, Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты елді мекенде салынады деген әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары жасалып, мамандар ірітелмеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің жағасында салуға болмайтыны тағыда дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,, АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің басқаша көдерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар жалғыз түйін – қазақстан қазіргі АЭС салуға дайын емес деген қортынды жасады. [1.,290б]

Қортынды: 
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. 
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. 
Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. 
Радиациялык ластанудың негізгі көздері — альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады. 
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады. 
Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі — 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа — 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр — 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дәрежесі өте ауыр — 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады. 
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең- сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең — бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады жәнс қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең — өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бүзылуы, т.б.). Төртінші кезен — сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байкалады. 
Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс максатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт максатка пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сактандыру шаралары коса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті радиактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиактивті калдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұксат етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлык нормаға дейін радиактивті заттардьң концентрациясын азайтатын тазарту қондырғыларын салынған. Қалдықтар баллондарга салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуакытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16.09.2013 

Бүгінгі күні Қазақстан, уранның әлемдік барланған қорының 19% - ын иеленіп, әлемде уран өңдіруден 1-ші және қорлар көлемі бойынша 2-ші орында. Уран қорының 65%-ға жуығы ерекше үдемелі, экологиялық қауіпсіз және экономикалық мақсатты жерасты сілтісіздендіру әдісімен өңдеу үшін табиғи болып табылады. Салыстырмалы түрде Қазақстан қысқа мерзімде атомдық энергетика саласын дамудың жоғарғы деңгейіне көтере алды. Сонымен қатар Қазақстан, ядролы энергетика және ядролы физика саласында іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізу үшін, уран өңдіріснің және өңдіруші өнеркәсіптің дамыған инфрақұрылымын иеленуде. Белгілі, республикада кеңестік кезеңнен бері білікті қызметкерлерді қоса алғанда ядролы физика саласында зерттеулер үшін бірегей ғылыми базасы бар. Осының нәтижесінде қазіргі уақытта ғылыми мақсатта 3 ядролық зерттеушілік реактор пайдаланылуда.

Қазақстан аумағында уранның 129 кен орны және кен пайда болған ошақтары белгілі. Уран кен орны 6 урандық ауданға біріктірілген (Балқаш маңы, Каспий маңы, Іле, Солтүстік-Қазақстан, Сырдария, Шу-Сарысу). Уран қорының басым көпшілігі жерасты сілтісіздендіру тәсілімен және т.б тәсілдермен өңдіру үшін табиғи, белгілі қоршаған ортаға қатысты арзан әрі жеңіл. Сонымен қатар, ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің ұлттық жүйесі, атомдық энергетика бойынша халықаралық агенттікке кіретінін айтуға болады (АЭЖХҰ). [3]

Дәстүрлі энергетиканың ядролық-энергетикалық технологияға бір ізді ауысуы елеулі синергетикалық нәтиже.

  1. Атомдық энергетиканың дамуы, нәтижесі келешекте энергия өңдірісінің әртараптандыруынсыз мүмкін болмайтын, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Бұл шикізатқа бағаның мүмкін болу тербелістерінде және болжамдалған электр энергияға қажеттіліктің бірнеше рет өсуі үлкен артықшылық болып табылатын шарттарда, электр энергия импортына тәуелділікті төмендетіп немесе толығымен жоюға мүмкіндік береді.
  2. Қазіргі таңда АЭС ең таза экологиялық энергия өңдірушілердің бірі. Ядролық энергетика өндірілген энергия көлемін, экологиялық теп-теңдікті бұзбай ұлғайтуға мүмкіндік береді. 
    Бұл атмосфераны зиянды заттардан тазартуға және жаһандық экологиялық мәселерді шешудегі қабылданған халықаралық міндеттемелерді қамтамасыз етуге алып келеді.
  3. Ядролық энергетиканың маңызды артықшылықтары тарифтің экономикалық тартымдылығы және бағаның электр энергияға ұзақ мерзімді тұрақтылы.
  4. Атомдық энергетиканың дамуы шынайы түрде отандық машина құрастырудың технологиялық деңгейінің жоғарлауына, еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің нығаюына және экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құруға алып келеді.
  5. АЭС үшін өндірістік кәсіпорындардың халықаралық жабдықтау өндірушілерінің қауымдастығына бірігуі болады.
  6. Келешектегі және жаңа АЭС үшін электр энергияның жоғары технологиялық өнімділігін және реакторлық жанар майдың үлесін арттыру бағытындағы экспорттың құрылымы өзгереді.
  7. Энергетикалық қорлардың кепілділігі Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етеді. Тұтастай алғанда ядролық энергетиканың Қазақстанда едәуір келешегі бар және оның дамуы барлық энергетика саласының әлеуетін арттырады [5].

Органикалық жанар маймен жұмыс істейтін жылу электр станцияларымен салыстырғанда АЭС-тің төмендегідей артықшылықтары бар:

  • Қолданыстағы жанар майдың аз көлемділігі және оның қайта өндеуден кейінгі қайталанып қолдану мүмкіндіктері: 1кг табиғи уран 20т көмірді алмастырады. Салыстыру үшін: тек бір қуаттылығы 2000 МВТ Торялық ГРЭС күніне 2 вагон көмір жағады.
  • АЭС жұмысы барысында атмосфераға иондалған газдың шамалы мөлшері шығарылып тасталады, бірақ тас көмірдің құрамындағы радиациялық элементтер себебімен, күнделікті жылу электр станциясы түтінімен бірге үлкен мөлшерлі радиациялық қалдықтар шығарылады.
  • АЭС-тің бір реакторы (1000-1600МВТ энергетикалық блогқа) үлкен қуаттылық өндіреді.
  • Әсіресе жанар майдан, энергияның өзіндік құнының төменділігі.

АЭС-тің кемшіліктеріне төмендегілерді қарастыруға болады:

  • Радиация алған жанар май қауіпті, қайта өндеу және сақтау бойынша күрделі әрі қымбат шараларды қажет етеді.
  • Жылулы нейтрондарда жұмыс істейтін реакторларға арналған ауыспалы қуаттылықпен орынсыз режимде жұмыс істеу,
  • Ықтималдығы төмен оқиғаларда олардың зардаптары аса қауіпті.
  • Үлкен көлемді қаржы жұмсау (үлесті: құрылыс станцияларына арналған және оның инфра құрылымына қажетті қуаттылығы 700-800МВт кем болмайтын 1МВт блоктар).

Кемшіліктеріне қарамастан атомдық энергияның өзі келешекті ұсынады. Тасқын, жел, күн, геотермальді көздер энергиясының есебінен энергия алудың баламалы тәсілдері-қазіргі уақытта энергия өндірудің шамалы жоғарғылығымен және оның төменгі концентрациясымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, энергия алудың бар түрлері экология және туризм үшін өзінің қауіпін алып жүреді (« лас» фото электрлік элементтер өндірісі, желді станциялардың құстар үшін қауіпі, толқындар динамикасының өзгеруі) [6]. 
 

Атомдық станцияны орналастыру үшін табиғи және техногенді жағдайлардың факторларын және құбылыстардың пайда болу үрдістерін есепке ала отырып, АС-тің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерімен алаң таңдалынады. ҚР қабылданған экологиялық кодексінде (13.06.2013) (205 бап) атомдық электр станцияларды орналастыруға экологиялық талап қатаң регламент берілген. Атомдық электр станциялардың орналасу және құрылыс орнын анықтау, мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемологиялық сараптаманың оң қорытындысымен және жобамен жүзеге асырылады. Атомдық электр станция жобаларының пайдаланудан қауіпсіз шығарылуын қамтамасыз, сонымен қатар қалдықтарды шығару шаралары бойынша шешімі болуы қажет. Атомдық электр станцияларын орналастыру, жобалау және құрылысы барысында ҚР заңдарына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылады. Тұрғызылудағы және жобаланудағы электр станциялары үшін қоршаған ортадағы эмиссиялардың нормативтерін сақтау, оларды қолданысқа берілу мерзіміне дейін қамтамасыз етілуі шарт.

Қазақстанда АЭС орналастыру үшін, АЭС-тің құрылысы және пайдалануы үшін қажетті инфрақұрылымы бар ең тиімді аудан Ақтау қ болып табылады. Үлкен маңызды факт ретінде Ақтауда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының базасында 25 жыл бойы БH -350 жылдам нейторонды атомдық реактор жұмыс істеді. Маңғыстау облысында АЭС құрылысын жүргізу қажеттілігі, Қазақстан Республикасындағы қуаттылық баланысына және энергия көздерінің қуаттылығының орналастырылуын есепке ала отырып, аймақтардың даму келешегіне талдау жасау нәтижесінде орнатылады. Бүгінгі күні Маңғыстау аймағын энергиямен қамтамасыз етудің жалғыз көзі ретінде, құрамына табиғи газбен жұмыс істейтін 3 жылу электр орталығы кіретін МАЭК-Қазатомпром болып табылады. Шындығында 2015-2016 жылға дейін. ЖЭО1 және ЖЭО2 техникалық ресупстың толығымен аяқталуына байланысты, пайдаланудан шығарылуы шарт. Нәтижесінде аймақты энергиямен қамтамасыз ету үшін тек ЖЭО3 қалады, ал оның қуаттылығы жетпейтін болады. 
Маңғыстау облысындағы АЭС-ті салу мақсаты-электр энергиямен жылуға өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыру есебінен аймақтың индустралдық дамуын қамтамасыз ету.

Негізігі тапсырма-

Орта қуаттылықты реакторды таңдауды негіздеу:

  • Көмірсутек шикізатында энергия көздері құрылысының баламалыларының болмауы.
  • Ақтаудың энергетикалық жүйесін оқшаулау.
  • Энергетикалық жүйе қуаттылығы >300 МВт энергетикалық блоктарды қолдануға мүмкіндік бермейді (резервтің болмауы және байланыс желілерінің шектеулі рұқсат етілген мүмкіндігі).

Осындай негізде, қауіпсіз және сенімді АЭС пайдалануы үшін Қазақстанда барлық жағдайлар және алғышарттар бар. Басқа елдердің тәжірибесінен, ҚХР –ның тәжірибесін алып қарастыруға болады. Атомдық энергетиканы дамытудың стратегиялық шешімі XX ғасырдың 70 жылдарының соңында қытайдың басшылығымен қабылданды. Бұл шешім Солтүстік-Шығыс Азиядағы жалпы үрдістерге жауап береді. Жапония да, Оңтүстік Кореяда атомдық энергетиканы энергетикалық мәселелерді шешудегі ең маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады.

Қытай үшін атомдық энергетиканы дамыту пайдасына келтірілген дәлелдер де іс-жүзінде жалпы әлемдіктен айырмашылығы жоқ. Басты орында, көмірсутек шикізатының бүгінгі бағаларында АЭС құрылысы, басқа энергетика [7] салаларын дамытуға қарағанда, экономикалық тұрғыда тиімдірек. Қазірдің өзіңде атомдық энергетиканы дамыту Қытай экономикасында маңызды рөл алады. Бұл көмір қорларынан біршама қашықтағы қарқынмен дамып келе жатқан жағалау аудандарына қатысты.

Қытайдың екі негізгі атом энергетикалық кәсіпорны бар: басым бөлігі солтүстік-шығыс Қытайда жұым істейтін Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы және өз қызметін оңтүстік-шығыс Қытайда жүзеге асырып отырған, Қытайдың Гуандундық ядролық энергетикалық тобы.

Қосымша реакторлар жобалануда, соның ішінде ең алдынғы қатардағысы ядролық әлеуетін 40 есеге еселейтін 80ГВт 2020жылға дейін; 200 ГВт – 2030жылға дейін және 400ГВт 2050жылға дейін.

АЭС құрылысына арналған алаңдарды орналастыру принципі бойынша Қытай билігі төмендегі факторларға басшылық етеді:

  • Жанында өзендердің немесе су қоймаларының бар болуы (турбинадан кейін суды салқындату мақсатында);
  • Төмен сейсмологиялық белсенділік, берік жыныстар;
  • Елді мекеннен қашықтығы ( қауіпсіздік мақсатында);
  • Темір жолдың бар болуы;
  • Салмақтың тепе-теңдігін сақтау үшін бірнеше аймақтық электр желілерімен байланыстың болуы;
  • Жақын қалаларда немесе білім орталықтарында (немесе құру қажет) білікті қызметкерлердің бар болуы;
  • Тұрақсыз жағдайлардағы, терроризммен қатысты елдердің шекараларынан қашықтығы.

Қытайдағы атом электр станцияларының басым көпшілігі жағалауда орналасқан және тікелей салқындату үшін теңіз суларын қолданып жұмыс істейді. Жапониядағы 2011 жылдың 11наурызындағы оқиғадан кейін де, Қытай атомдық энергетиканы дамыту бойынша жоспарынан бас тартпады, бірақ сейсмологиялық аймақтардығы АЭС құрылысы тәжірибесін мұқият зерттеуде.

Осыған байланысты ҚХР-дағы АЭС келесі қауіпсіздік шаралары енгізілді:

  • Реактор айналасында екі қабатты қорғаныш қабығының болуы. Сыртқы қабығы сыртқы ықпал қорғайды (желді қысымдардан, қатты құйындардан, жер сілкінісінен, су басудан, дауылдан, жеңіл ұшақтың құлауынан және т.б);
  • Алаңдарда қауіпсіздік жүйесінің 4белсенді каналы қарастырылған. Құрылғылардың әрқайсысысы ерекшеленген алаңдарда орналастырылған. Қауіпсіздік каналдары бір-бірінен тәуелсіз қауіпсіздік функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Бу генераторынан және қорғаныс қабықшасынан жылуды пассивті бұрып жіберу жүйесі;
  • Сутектің рекомбинаторлар жүйесі оның құрылуы жағдайында ықтималдылығын және герметикалық қабықтың құрылысының үйлесімділігінің бұзылуын шығарады;
  • «Балқу тұзағы» реактордан жылу шықпағанда және реактор корпусынан радиоактивті заттардың шығуымен белсенді аймақтарды балқу болған гипотезалық жағдайларды жанармайдың ұзақ тұрылуын және салқындатылуын қамтамасыз етеді.

Әлбетте, ерте ме, кеш пе қазақстандық энергетиканың дамуы осы жолға түседі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, азақстанда ядролық энергетиканы қолданбай, таяу уақытта немесе келешекте энергетикалық мәселерді шешу жолдары мүмкін бола ма екен?!


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бір төзімді дамудың тегии стра¬экологиялық аспектінің жағдайларынан, Рио-де-Жа¬деген қабылда- нейро 1992 г., болып табылады "...постепенный өткел органикалық отынның күйдір- негіздеген энергетикадан, қайраттың(күнді, суды, ве¬үкті, биожиынтықтың қайратының, жерасты жылыны және д т.) " жаңартылмалы бастауларын қолданыстағы альтернативті энергетикаға.

дүниежүзілік энергетиканың дамуының болашағының анализы в жақ энергетиканың негізгі саласының ықпалының ықтимал артының қырлы сарапшылығының на қоршаған ортаны, өмірді және халықтың денсаулығының туралы басым мәселе белгілі жылжу айғақта-.

Энергетиканың нысандары, сияқты және сырттың саласының многие кәсіпорындары

қоршаған ортаның өнеркәсіпке, собой бастаулар шарасыз, әлеуетті ұсынады, дейін осы уақыттың іс жүзінде сандай ескермеппін тәуекелдің үшін халықтың және.

Энергетикалық нысандар(топливно-энергетический кешен сірә және энергетиканың нысандары дербес жағдайда) ша ықпалдың дәрежесінің на қоршаған ортаны принадле¬к жат

 

 


Информация о работе Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі