Курс лекций по"Экологии"
Курс лекций, 08 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
1-тақырып. Кіріспе. Экология ғылымы туралы түсінік .
2-тақырып. Дара организмдер экологиясы - аутэкология.
3-тақырып. Популяциялар экологиясы - демэкология
4-тақырып. Қауымдастықтар экологиясы - синэколгия
5- тақырып. Биосфера және оның тұрақтылығы
6-тақырып. Атмосфералық ауаны қорғау
7-тақырып. Су қорларын қорғау
8-тақырып. Топырақты қорғау
Вложенные файлы: 1 файл
экология лекция.doc
— 524.50 Кб (Скачать файл)
Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық мониторинг дегеніміз не?
2. Экологиялық мониторингтің негізгі мақсаты мен міндеттері қандай?
3. Экомониторингтің информациялық жүйесі деген не?
4. Табиғи қоршаған орта мониторингінің классификациясы қалай жүзеге асады?
5. Алматы қаласының экологиясын қалай сипаттауға болады?
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Лекция – 15
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары
Әдебиеттер:
1.Коробкин В.И., Предельский Л.В. Экология. Изд.5-е, доп. и переработ. изд. «Феникс, 2003. -576 с.
2.Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. -566 с.
3.Воронский В.А. Экология: Словарь-справочник. Феникс. 1996. – 574 с.
4.Саданов А.К., Сванбаева З.С. Экология –Алматы: «Агроуниверситет, 1999.
5.Бейсенова Ә., Самақова А., ЕсполовТ., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқулық. – Алматы: «Ғылыми баспа орталығы, 2004. -328 б.
6. Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Алматы, 2007.-312б.
7. Дрейер О.К., Лось В.А. Экология и устойчивое развитие, М., «УРАО» 1997.
8. Тонкопий М.С. Табиғат пайдалану экономикасы. Алматы: Экономика, 2000-475б.
9. Упушев Е.М. Экология, табиғат пайдалану, экономика. Алматы: ғылым, 2002.-328б.
Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы
Радиоактивті ластану Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне елеулі нақты қатер төндіреді;олардың көздері мынадай негізгі төрт топқа бөлінеді.
- жұмыс істемей тұрған уран өндіруші кәсіпорындар және олардың қалдықтары (уран кен орындарының үйінділері, өздігінен ұңғымалар қалдық қоймалары, технологиялық желілердің бөлшектелген жабдығы):
- ядролық қаруды сынау нәтижесінде ластанған аумақтар;
- мұнай өндіру өнеркәсібі мен мұнай жабдығының қалдықтары;
- ядролық реакторлардың жұмыс істеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнім (иондаушы сәулелерден шыққан көз).
Қазақстанда табиғи
радиоактивтіліктің жоғары
Атом бомбаларын
сынау, атом электр
Қазақстанның
кәсіпорындарында иондаушы
Қоршаған
ортаның радиоактивті
Капустин-Яр төңірегіндегі
сынақ полигонының
Сынақ полигондары,
уран қазатын кен көздері,
Радиоактивті заттар тек адамдар үшін ғана емес, өсімдіктер, жан-жануарлар үшін де зиянды. Тәулігіне 2-5 радқа дейін сәулелер шашырағанда, өсімдіктердің өсуі күрт баяулап, жануарлар түрі қысқара бастаған. Невада, Теннесси шөлдеріне, Оңтүстік Каролинадағы Ривер даласына кобальт-60 пен цезий-137, жылдамдығы 10000 кюриден асатын гамма сәулелер шашаылған болатын. Бұл маңайда, қазір ешқандай жануарлар мен екпелі өсімдіктер өспейтінін тәжірибелер көрсетіп отыр.
Радиоактивті
заттарды атом электр
Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Созақ даласында
бірнеше уран өндіру кен
- уран кенін қазып алу:
- гидрометаллургиялық заводтарда уранды кеннен ажыратып алу;
- алынған уранды байытып,238 U және 235U изотоптарын бөлуге әзірлеу;
- уранның қостотығын алу үшін ұнтақтау, таблеткаға айналдыру үшін күйдіру;
- ядролық отынды салатын ТВЭЛ-дарды (жылу тарататын элемент-байытылған уран гранулалары салынған ұзын болат түтікшелер) даярлау;
- ТВЭЛ-ды заводтан, атом электр станциясына тасымалдау;
- Отын жанып біткен соң, қалдықтарын реактордан алып, катты түйіршіктерге айналдырып, жақсы бітелген арнаулы ыдыстарға салу;
- қалдықтарды дұрыстап көму.
Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім және тәрбие беру
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдай күн сайын қиындап барады. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің елімізді алайық. Республикамыздың табиғаты бұрын соңды болмаған өзгерістерге ұшырап отыр.
Нарық пен жағарудың лебі ескен бүгінгі таңда үкіметіміз экологиялық проблемаларға баса назар аударып отыр. Соңғы шыққан қаулыларда көпшікке экологиялық білім мен тәрбие беруді іске асыру кейінге қалдырмайтын мәселе екені ашық айтылып жүр. Осыған орай елімізде көптеген педагог-ғалымдардың еңбектері жарық көріп, өз нәтижелерін беруде.
Теориялық және ғылыми-әдістемелік жағынан экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселелеріне байланысты еліміздің эколог-педагогтары Н.С.Сарыбеков пен Ә.С. Бейсенованың зерттеу жұмыстарының нәтижелері аумақты. Мәселен, Ә.С.Бейсенова жоғарғы оқу орындары мен жалпы орта мектерде экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасап, іс жүзіне енгізу шараларын жасауда.
Профессор Ә.С.Бейсенова жалпы орта мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасына экологиялық білім мен тәрбие берудің бірнеше аспектілерін ажыратады:
- Адамның әлеуметтік қатынас жүйесіндегі экологиялық қарым-қатынастың көкейтестілігі. Табиғатты пайдаланудың құқықтық және моральдік принциптерімен байланысты адамның табиғатқа деген жауапкершілік ролінің өсуі;
- Табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынас – экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен нәтижесі;
- Экологиялық білім беруге жалпы мемлекеттік міндет статусының берілуі;
- Табиғат байлығының шексіздігі және биосфераның өзін-өзі тазарту және қалпына келуі шексіз деген түсініктегі халыққа эколгиялық білім мен тәрбие беру жүйесін құру және дамыту;
Экологиялық жағынан сауатты ұрпақтар даярлау, ертеңгі еліміздің болашағын, табиғат тағдырын ойлау болып табылады.
Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1.Экологиялық білім мен тәрбие берудің аспектілерін ата?
2.Ядролық ашық отын жүйесі ата?
3.Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы қандай дәрежеде?
4.Радиоактивті ластану көздері қанша топқа бөлінеді?
Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары
- Биосфера, биосфера туралы ілімінің шығуы.
- Жерде тіршіліктің пайда болуы.
- Тірі организмдердің эволюциясы.
- Қоршаған орта және экология.
- Биосфера және адам.
- Экология және адам.
- Табиғаттың заңдары мен принциптері.
- Жер – планета.
- Биосферадағы биогенді элементтер айналымы.
- Популяциялық экология және оның зерттеу объектісі.
- Синэкология және оның зерттеу объектісі.
- Ауа бассейнін қорғау.
- Әлемдік мұхиттың ластануы.
- Табиғи сулардың химиялық ластанулары.
- Су ресурстарының экологиялық мәселесі
- Қалдықсыз өндірістер технологиясы.
- Қоршаған ортаның химиялық ластанулары.
- Қазақстан қалалары ауа бассейндерінің жағдайы.
- Атмосфералық ауаны тазарту әдістері.
- Атмосферадағы зиянды заттарды бақылау мен реттеу.
- Жер ресурстары, олардың еліміздің халық шаруашылығы комплексіндегі маңызы.
- Еліміздің орман ресурстары, олардың халық шаруашылығы комплексіндегі маңызы.
- Қазақстанның жер қойнауы оның байлығының негізі.
- Алматы қаласының экологиялық жағдайы және оны жақсартудың жолдары.
- Қазақстан қорықтары және олардың қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі.
- Қазақстанның өсімдіктер дүниесі, сирек кездесетін өсімдік түрлері.
- Қазақстанның жануарлар дүниесі, ерекше қорғауға алынған жануарлар түрлері.
- «Қызыл кітап» және оның рөлі.
- Биотехнология және оның қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы.
- Ғылыми техникалық прогресс және қоршаған ортаның жағдайы.
- Ауылшаруашылығын химияландыру және оның экологиялық зардаптары.
- Қоршаған табиғи ортаның комплексті мониторингі.
- Алматы қаласының экомониторингі.
- Алматы қаласының радиактивті ластану мониторингі.
- Балхаш көлінің экологиясы.
- Каспий теңізінің экологиясы.
- Қала экологиясы.
- Арал теңізінің экологиясы.
- Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.
- Экологиялық модельдеу және тұрақты даму концепциясы
- Тұрақты даму факторлары.
- Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.
- Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық.
- Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.
- Қазіргі заманның әлемдік экологиялық проблемалары.
- Қазақстан Республиксының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары.
Тест сұрақтары
1. Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым:
A) Биология.
B) Цитология.
C) Экология.
D) Зоология.
E) Генетика.
2. «Экология терминінің» авторын (1966ж.) көрсетіңіз:
A) Тенсли А.
B) Сукачев В.
C) Геккель Э.
D) Дарвин Ч.
E) Мендель Г
3. «Биогеоценоз» (1942ж.) терминінің авторы:
A) Тенсли А.
B) Сукачев В.
C) Геккель Э.
D) Дарвин Ч.
E) Мендель Г.
4. Қазіргі таңдағы экологияның мақсаты:
A) Мектеп айналасындағы алаңдарды көгалдандыру
B) Зооэкологиялық бақшалар құру
C) Биологиялық орталық ұйымдастыру
D) Аң аулайтын алаңдар жасау
E) Өсімдіктер мен жануарлардың әртүрлігін сақтау
5. ҚР қоршаған ортаны қорғау заңы қай жылы қабылданды?
А) 2000ж.
В) 1997ж.
С) 1990ж.
D) 1986ж.
Е) 1978ж.
6. Әр түрлі
организмдерді оның тіршілік
орта жағдайымен байланыстыра
отырып оның таралу туралы
мәлімет берген алғашқы
А) Линней
В) Мальтус
С) Ламарк
D) Лавуазье
Е) Геккель
7. Экологияның негізгі бағыттары:
А) Биоэкология, гидроэкология, демэкология
В) Гидроэкология, атмоэкология, литоэкология
С) Зооэкология, фитоэкология, антропоэкология
D) Аутэкология, демэкология, синэкология
Е) Физикалық, химиялық, биологиялық
8. Жануарлар
экологиясы туралы кітап
А) Линней
В) Мальтус
С) Ламарк
D) Лавуазье
Е) Геккель
9. Бір-бірімен
еркін шағылысып ұрпақ
А) Түр
В) Популяция
С) Экожүйе
D) Биосфера
Е) Биотоп
10. Күн энергиясын
пайдаланып, бейорганикалық заттардан
органикалық заттар
A)Гетеротрофтар.
B) Автотрофтар
C) Сапротрофтар
D) Паразиттер