Жер бетіндегі су ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 09:19, реферат

Краткое описание

Жалпы мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің су шаруашылығы мәселелері көп жағдайда әлем қауымдастығымен бірлесіп, ауқымды әрі кешенді тұрғыдан шешім қабылдауды талап етеді. Бүгінгідей су ресурстарының тапшылығы өсіп отырған және әлемдегі климаттың жаппай өзгеруі жағдайында елді сумен қамтамасыз етуді арттыру ісіне бассейн аралық және бассейн ішілік ағысты қайта бөлу және соған сәйкес оларды тиімді пайдалану жолымен ғана жетуге болады. Осыған орай, экономика саласының одан әрі дамуы елдің су ресурстарын реттеу және басқару стратегиясының дұрыс таңдалуына тікелей байланысты.

Содержание

I. Кіріспе
Жер бетіндегі су ресурстары
II. Негізгі бөлім:
1. Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері
2. Су қорын тиімді пайдалану жолдары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Бақылау өлшеу срс2.docx

— 32.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Суды ішуге  жарамды ету үшін жүргізетін үрдістер

Суды ішуге жарамды  ету үшін жүргізетін негізгі үрдістер мыналар:

1) судағы ірі дисперсті  заттарды реагенттік өңдеумен  қатар тұндыру және сүзу;         

2) ұсақ дисперсті жүзгіндерден  коагуляция [Al2(SO4)3] және флокуляция (полиакриламид қосады) арқылы құтылу;

3) судағы еріген газдардан  құтылу (дегазация);

4) жағымсыз иісі мен  дәмінен арылу (дезодорация);

5) суды жұмсарту және  тұзсыздандыру;

6) патогенді микроағзалардан  арылу (суды хлорлау, йодтау, озондау).

Осы уақытқа дейін суды хлорлау арқылы тазалайды, бұл әдіс халықтың денсаулығына нұқсан келтіруде. Қазір Батыс Еуропада және АҚШ-та суды озондайды немесе ультракүлгін сәулелермен өңдейді, ал біздің ел және ТМД мемлекеттері ондай экологиялық  жақсы жағдайға әлі қол жеткізе  алмай жатырмыз.

Қалдық суларды  тазалау әдістері

Жиынды суларды тазалаудың әртүрлі әдістері бар:

1) механикалық;

2) физикалық-химиялық; 

3) химиялық;

4) биологиялық.

Механикалық тазалау барысында  сүзу, тұндыру әдістерімен өндірістік жиынтық судан 90% дисперсті қоспалардан, ал тұрмыстық сулардан − 60% қоспалардан  арылады.

Негізгі химиялық әдіске бейтараптау мен тотықтыруды жатқызады. Бірінші жағдайда қышқылдар мен сілтілерді бейтараптау үшін әртүрлі реагенттерді (ізбес, сода, аммиак), ал тотықтыру үшін − әртүрлі тотықтырғыштар қосады. Сонда су уытты және басқа да жағдайсыз құрауыштардан тазаланады.

Физикалық-химиялық тазалауда  мыналарды қолданады:

а) коагуляция  − жиынтық суға коагулянттар қосып (аммоний, темір, мыс тұздарын), сосын тұнбадан оңай айырып алады;

ә) сорбция  − кейбір заттардың (бентонит балшықтарының, белсендірген көмірдің, цеолиттердің, шым-тезектің және т.б.) ластаушыларды жұтып алу қабілеті. Бұл әдісте екі қоянды бір оқпен атуға болады. Судағы еріген құнды заттарды суырып алып, іске асыруға болады.

б) флотация  − жиынтық су арқылы ауа жібергенде, ол белсенді беттік заттарды, мұнайды, майларды және басқа да ластаушыларды іліп әкетіп, су бетіне шығарып, тез арылатын көбік түзеді.

в) биологиялық әдіс суға әдейі жіберілген микроағзалар өздерінің дамуы үшін ондағы жағымсыз заттарды (күкіртсутегін, аммиакты, нитриттерді, сульфидтерді) пайдалануына негізделген.

Тазалаудың жасанды әдісі  аэротенктерде жүргізіледі. Аэротенк дегеніміз  −  оттегімен байытып, белсенді балшықпен араластырған су ағыны жәй ғана ағып тұратын арнайы жабық резервуар. Одан соң суды хлормен немесе басқа да тотықтырғыштармен зарсыздандырады.

г) кейінгі жылдары одан басқа жаңа тиімді әдістер құрастырылып жатыр:

− электрохимиялық әдістері;

− мембраналық тазалау  үрдістері;

− магниттік өңдеу;

− радиациялық тазалау;

− озондау.

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

                   Қорытынды

 

          Жалпы мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің су шаруашылығы мәселелері көп жағдайда әлем қауымдастығымен бірлесіп, ауқымды әрі кешенді тұрғыдан шешім қабылдауды талап етеді.  Бүгінгідей су ресурстарының тапшылығы өсіп отырған және әлемдегі климаттың жаппай өзгеруі жағдайында елді сумен қамтамасыз етуді арттыру ісіне бассейн аралық және бассейн ішілік ағысты қайта бөлу және соған сәйкес оларды тиімді пайдалану жолымен ғана жетуге болады. Осыған орай, экономика саласының одан әрі дамуы елдің су ресурстарын реттеу және басқару стратегиясының дұрыс таңдалуына тікелей байланысты.Жылына бір адамға 1,0 мың текше метр су ресурсы жұмсалатын елдер мен өңірлер – су ресурстары тапшы елдерге; 1,0 және 1,7 мың текше метр аралығындағылар – су жетіспейтін елдерге жатқызылады; ал 1,7 мың текше метрден жоғары көлемде су жұмсай алатын елдер жеткілікті су ресурстары бар елдер болып саналады.Егер Еуропада су тапшылығы мәселесі жоқ болса, Орталық Азияда су тұтынуды азайту мәселесі аса күрделі сипатта тұр, өңірдегі су ресурстарының көлеміне әсер етіп отырған климаттың өзгеруі бұл проблеманың мүшкіл халін одан сайын қиындата түседі. Соңғы 50 жылда елді мекендерді су ресурстарымен қамтамасыз ету 3,5 есе азайып кетті.Сондықтан, өңірдегі су қауіпсіздігі мәселесі әлеуметтік қауіпсіздік мәселесіне айналуда, бұл өз кезегінде өңірде гуманитарлық апаттың өршуіне себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты, су ресурстарын басқару міндеттерін күшейтуге стратегиялық қажеттілік пайда болады, бұл БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы конвенциясында расталып отыр, аталған құжат Үкіметтің иығына халықты сапалы сумен қамтамасыз ету міндетін жүктейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т «Экология»
  2. Оқулық – Алматы: Экономика 2002 ж.
  3. Бродский А.К «Жалпы экологияның қысқаша курсы».Оқу құралы – Алматы: Ғылым 1997 ж.
  4. Мұқаұлы С, Үпішев Е. «Табиғатты пайдалану экономикасы». Оқу құралы – Алматы: Экономика 1999 ж.
  5. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері». Оқулық  Алматы Республикалық баспа кабинеті 1995 ж.

Информация о работе Жер бетіндегі су ресурстары