Жарақаттар және кенет аурулар кезінде адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгiнiң негiздерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:50, реферат

Краткое описание

Табиғатта, сонымен бiрге адамның күнделiктi өмiрiнде тiптен әр түрлi кездейсоқ жарақаттар және кенет аурулары кездеседi. Егер ол адамдардан алыста көрсетсе, кiм адамға бұл жағдайда көмектеседi?
Ол ахуал бұл тек қана өзiнiң өзiне үмiт арта алады. Ол үшiн дегенмен дәрiгерлiк бiлiмдердiң нақтылы жүгiмен орналастыруы және бiрiншi дәрiгерлiк жәрдемдi көрсетуге икемi болуы керек. Бiрiншi дәрiгерлiк жәрдемнiң негiздерiнiң бiлiмi ұтылудың қазiргi құралдарының қолдануымен әскери дауда сонымен бiрге пайда болу жағдайына керек.

Вложенные файлы: 1 файл

21_Dx5.docx

— 81.71 Кб (Скачать файл)

 

Егер өлiмдi лезде басталатын шомбал қан кету iлесетiн үйлесiмдi емес жарақаттар орын алса, жанданудың әдiстерiнiң өткiзуi бұл жағдайда орынсыз, өйткенi керектi нәтиженi бермейдi. Қалған басқа жағдайларда марқұм клиникалық фаза өлім қалпында болады, дегенмен, 5 минут әлі өтпеді бәрақ адамның жандануының әдiстерi жүргізу керек.

Жанданудың  әдiстерi екi негiзгi процедуралардан  қалыптасады: жасанды дем алу және жүрекке массаж жасау.

 

Жасанды демалу



 

Жасанды демалудың  мәні өкпеге ауаны жасанды тұрде  жеткізу болып табылады. Жасанды  демалудың дұрыс жүргізілуінің  негізгі шарты - тыныс алу жолдарымен ауаны еркін өткізу және бөтен  заттардың болмауы. «Өкпеден өкпеге»  ауа жіберудің тиімді әдісі «ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға» ауа жіберу тәсілдері болып табылады. Бұл  әдістердің көмегімен адамды тірілту  кезінде жәбірленушінің өкпесіне бір  жарым литрге дейін ауа енгізіледі, бұл бір терең тыныс алу көлемін құрайды.

Әдістеме. Жәбірленуші арқасына жатқызылады. Көмек көрсетуші оның оң жағында  орналасып, оның мойнының астына валик  қою арқылы мойнын көтереді. Мұның  салдарынан жарақат алушының басы арқа шалқайып, оның тыныс алу жолдары  ашылады. Сонан соң көмек көрсетуші  сол қолының қырымен оның маңдайын басу арқылы басын шалқайған күйінде  ұстап тұрады, қолының үлкен және сұқ саусақтарымен оның мұрнын қысады. Содан кейін көмек көрсетуші  өзінің оң қолымен жәбірленушінің иегін  жеңіл басу арқылы аузын ашады, содан  соң терең дем алып өкпесіндегі  барлық ауаны жәбірленушінің аузына жібереді. Егер аузының аумағында  жарақаттар болса жасанды демалу «ауыздан мұрынға»  жасалады. Мұнда  негізгі орналасуы «ауыздан ауызға»  тәсіліндегідей, бірақ жәбірленушінің ауызы жабық болуы тиіс.

Жәбірленушінің  тыныс алу жолдарына ауа үрлей  отырып оның кеуде қозғалысын байқау керек: егер жасанды демалу дұрыс  жасалса кеудесі көтеріледі.

Егер жәбірленушінің орналасуы бұрыс болса, басы шалқаймаса онда ауа оның асқазанына түседі (оның ішінің жоғарғы бөлігі үлкейеді). Мұндай жағдайда оның асқазанындағы ауаны  кеудесі мен кіндігінің ортасындағы  аумағын қолымен басу арқылы шығару керек. Содан кейін жарақат алушыны  дұрыс орналастырып, таңдалған әдіс бойынша жасанды демалу жүргізу  керек.

«Жасанды демалу» жасайтын шағын  аппарат бар болған жағдайда оны  қолданған жөн.

   Жәбірленушінің  ауызы, мұрны жарақаттанып «өкпеден  өкпеге» әдісімен жасанды демалу  жасау мүмкін болмаған жағдайда, оның кеудесін қысу және кеңейту  әдісін қолданған дұрыс, мұнда  жәбірленушінің қолы кеудесіне  жиналып, содан соң екі жаққа  жайылады.

 

Жүректі  сырттай уқалау

 

Адамды тірілту  үшін жасанды демалумен қатар  жүректі сырттай уқалайды. Мұнда  жәбірленушінің орналасуы өзгермейді. Көмек көрсетуші сырттай уқалау арқылы жүректің жиырылуы мен созылуына  ықпал етеді. Бұл келесі түрде  іске асырылады: жәбірленушінің кеудесін ырғақпен минутына 60 рет, яғни секунд сайын  кеудесінің төменгі бөлігін басады. Сол қолының білегінің іш жағымен, үстіне оң қолын қоя отырып қысым  көрсетеді. Қолын шығанағының буынында бүгуге болмайды. Мұның арқасында  кеудесінен  қысым жүрегіне беріледі, жүрек кеуде мен омыртқаның арасында қысылады. Бірақ, бұл үшін қысым кенеттен күшпен жасалуы  керек, мұнда кеуде  омырқаға қарай 5-6 см-ге жылжиды. Кеуденің мұндай жылжуы кезінде жүректің жасанды  жиырылуы, яғни, сырттай уқалау орын алады. Кеудені әр басу аралығында жүрек  өзінің қалыпты түріне келеді. Басқаша  айтқанда, келесі жағдай болады.

Жүрек қысымы кезінде қан жүректің бір қуысынан екінші қуысына ауысады. Жүректің оң қуысындағы қан өкпеге, ал сол қуысындағы қан аортаға, одан әрі қарай ұйқы безі арқылы миға барады. Мұның бәрі қанды тек бір бағытта (алға қарай) жіберетін клапандардың ерекшеліктерінің арқасында жүзеге асырылады.

Жүректің  созылуы кезінде клапандар ашылып, қуыстарының бәрі қанға толады. Жүректің кезекті қысылуы кезінде жоғарыда айтылған қуыстардағы қанның  айдалу процессі қайталанады.

Кішкентай балаларды  тірілту әдістерінің ерекшеліктері. Кішкентай балаларға жасанды  демалу жасау кезінде ауаны бір  мезгілде «мұрынға және ауызға» үрлеуге  болады, ауа үрлеу жиілігі минутына 20-22 рет болу керек. Балалардың өкпесінің  көлемінің кішкентай екенін ескере отырып ауаны аздап үрлеу керек. Жүректің сырттай уқалануының саусағының ұшымен төс сүйегінің ортасына минутына 70-72 рет жасау керек.

 

Жарақат алушының орнын  ауыстыру және тасымалдау

Тасымалдау кезінде алғашқы  көмек көрсету тәртібі мен  принциптері.

 

 

Алғашқы көмек  көрсету тәртібі. Көптеген жарақат  алу кезінде алғашқы көмек  көрсету үшін келесу принциптерді ұстану керек: бірінші кезекте жарақат  алушының өміріне тікелей қауіп  төндіретін жарақаттарды тазалау керек. Олар: артериялық қан ағымы, тұншығу, ашық сынықтар, ми мен омыртқаның жарақаттары. Осындай жарақаттарды тазалағаннан кейін басқа жарақаттарға, сынықтар мен қан ағымдарына назар аударуға болады.

Көлік апатында ауыр жарақаттанған  немесе тұншығып жатқан адамға алғашқы көмек көрсету  кезінде кідіріссіз тірілту жасау  керек.

Ескерту: алғашқы  көмек көрсету кезінде кейбір сезімтал адамдар қан мен жарақаттанған  дене мүшелеріне қарай алмайды. Кей  кездерде олар есінен танады. Мұндай адамдар  әрине алғашқы көмек көрсете  алмайды.

 Көмек  көрсетуші алғашқы көмекті дұрыс  көрсетумен қатар жарақаттанушыға  психологиялық көмек көрсете  білуі керек, жақсы нәтижеге  үміттендіріп, сендіру керек. 




Жарақат алушыны тасымалдау


 

 

Алғашқы көмек көрсету кезінде  жарақат алушыны дұрыс тасымалдау маңызды орын алады.


 Жеңіл  жарақаттанғандар емдеу мекемеріне  өз бетімен немесе сүйемелдеушінің  көмегімен жете алады. Кеуде  және қарын қуыстарының жарақаттануында  өз бетімен қозғалуға болмайды.

Ауруды тасымалдау үшін оны көтеру керек. Бұл ақырын, асығыссыз, күрт қозғалыссыз жасалу керек. Жарақат алушыны тасыйтын адамдардың қозалыстары басшының командасына сәйкес болу керек. Бұл командалар қысқа және нақты болуы тиіс, мысалы «АЛ», «КӨТЕР», «АЛҒА», «ТОҚТА», «ТҮСІР» т.б.

Жарақаттанушыны тасымалдаудың түрлі әдістері бар.

Бір адаммен  тасымалдау. Егер ауру өз бетімен қозғала  алмаса немесе өз бетімен қозғалуы оның денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тасымалдайды.






Егер ауру отыра алатын болса, мысалы сирағы мен  аяғының басы жарақаттанса оны күші жеткілікті бір адам тасымалдайды. Қысқа ара қашықтыққа жарақат  алушыны көтеріп апаруға болады. Үлкен арақашықтықтарда орамал, белбеу  

 т.б. көмегімен тасымалдауға болады.

 

Отырған күйінде екі адаммен  тасымалдау. Тасымалдаушының әр қайсысы  бір тізесін бүгіп отырады. Ауруды жерге отырғызып аның арқасынан  құшақтайды, бос қолдарымен аурудың  құйрығының астынан қолдарын айқастырады. Ауру тасымалдаушыларды мойнын құшақтап, «Алға» командасымен тасымалдаушылар  майда қадамдап жүреді.


 



Жартылай отыру күйінде  тасымалдау.

Егер ауру ес-түссіз болса немесе жағдайы нашар болса, өз бетімен  отыра алмаса және кеудесі жарақаттанған  болса, оны екі тасымалдаушы жартылай отырған күйінде тасымалдайды. Тасымалдаушының  біреуі аурудың басының артқы  жағынан тізерлеп отырады, аурудың  денесін жартылай отырған күйінде  қолтығынан құшақтап, оның басы мен  арқасын өзіне сүйейді; екінші тасымалдаушы ауруға арқасымен оның аяқтарының аралығында жүресінен отырып, қолымен аурудың  жамбасынан ұстайды. «Назар аударыңыз», «тұрыңыз», «алға»  командаларымен ауруды бірдей көтереді.



Жатқан күйінде  тасымалдау. Қатты жарақаттанған  жәбірленушіні мүмкіндігінше жатқан күйінде екі адам тасымалдауы  керек. Өкінішке орай, бұл әдіс үлкен  арақашықтыққа тасымалдауға ыңғайсыз, бірақ, ауруды тасымалдау құралынан, үстелден, керуеттен  көтеруде, түсіруде кеңінен  қолданылады. Екі тасымалдаушы да аурудың  бір жағынан орналасып, әр қайсысы  бір тізесін бүгіп отырады. Бірінші  тасымалдаушы бір қолының алақанымен аурудың желкесі мен мойнынан, білегімен оның қолын ұстап, екінші қолымен аурудың арқасының төменгі  жағынан ұстайды. Екінші тасымалдаушы бір қолымен оның белінен, екінші қолымен оның тақымынан ұстайды. «Тұр» командасымен екеуі бірдей көтеріледі. Үлкен арақашықтыққа тасымалдағанда аурудың денесі мен бірінші тасымалдаушының йықтарын орамалмен байлайды. Жағдайы нашар ауруларды, әсіресе аяқтары жарақаттанған болса, тасымалдау құралдарының көмегімен тасымалдаған дұрыс.

Тасымалдау  құралдарының көмегімен тасымалдау.

Жарақат алушыны  тасымалдаудың ең ыңғайлы әдісі  тасымалдау құралының көмегімен  тасымалдау. Тасымалдау құралдарымен тасу тасымалдаушылар үшін ең жеңіл  әдіс болып табылады.Ең қарапайым  тасымалдау құралы ұзындығы 2,25 метр құрайтын 2 ұзын таяқша, оларға кигізілген матадан, екі көлденең таяқшалардан және екі  матадан жасалған белдеушелерден тұрады. Тасымалдау құралы жоқ кезде оған ұқсайтын басқа құралмен алмастыруға  болады. Мұндай құралдарды екі таяқшамен  бірнеше қаптардың көмегімен  жасауға болады. Сонымен қатар, сатыны, есікті, үстелді қолдануға болады, бірақ мұндай жағдайларда аурудың  астына жұмсақ бір нәрсе төсеу  керек.

 Тасымалдау  кезінде ауру үнемі көлденең  жағдайда болуын қамтамасыз ету  керек. 

Жәбірленушілерді  көлікпен тасымалдау.

Жәрбіленушілерді тасымалдау үшін көліктің кез келген түрін қолдануға  болады. Ауруларды арбамен тасымалдау өте ыңғайсыз. Ең жақсы көліктің түрі жедел жәрдем беру авткөлігі  болып табылады. Жолаушылар пойызының  вагондарына ауруларды терезе арқылы немесе отырған күйінде кігізу керек. Мысалы, орындықта. Ауруларды арнайы санитарлық, сонымен қатар жұк  және тауар   вагондарында тасымалдау ыңғайлы. Ауруды қыс мезгілінде тасымалдау кезінде тонмен, көрпемен орап тастау керек, яғни, суықтан сақтау керек. Жауын-шашын  кезінде ауруды плащпен, брезентпен қорғау керек. Ыстық күндері аурудың  басын күннен қорғаған жөн.

Кез келген тасымалдау кезінде келесі шарттар  орындалуы тиіс:

  1. Шұғыл, кідіріссіз, жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу.
  2. Ауруды мазаламайтын және оның жағдайын нашарлатпайтын, ыңғайлы күйде тасымалдау.

 

Аурудың тасымалдау кезіндегі күйі

 

Жарақатанушыны алған  жарақатына сәйкес белгілі бір жағдайда тасымалдау керек; осыған байланысты көмек  көрсетуші жарақаттанушының қалай  жатқанына, оның қандай күйде емдеу  мекемесіне тасымалдануын бақылау  керек. Тасымалдау кезіндегі жағдайы  жарақаттанушының денсаулығына едәуір әсер етеді.

  1. Арқасымен жатқан күйде басы, омыртқасы, аяқ-қолдары жарақаттанған, ес-түсі бар адамдарды тасымалдайды.
  2. Арқасымен, аяқтары бүгулі күйде қарын қуысының ашық жарақаттары және жамбас сүйектері сынған кезде тасымалдайды.
  3. Арқасымен, аяқтаы көтерулі, басы төмен түсірілген күйде көп қан кетірген және шок алған ауруларды тасымалдайды.
  4. Жартылай отырған аяғы созулы күйде мойыны жарақаттанған және қолдарының қатты жарақаттары кезінде тасымалдайды.
  5. Жартылай отырған, аяқтарының астына валик қойылып созылған күйде зәр шығару және жыныс мүшелері жарақаттанған кезде, ішек өткізбеу және қарын қуысының кенеттен пайда болған аурулары кезінде, сонымен қатар, кеуде жарақаттары кезінде тасымалданады.
  6. Бір қырындап жатқан күйінде ес-түссіз күйдегі ауруларды мүмкіндігінше оң жағымен тасымалдайды.
  7. Омыртқасы жарақаттанған ес-түссіз күйдегі ауруды етпетінен қатты тасымалдау құралдарымен тасымалдайды.

            

 


Информация о работе Жарақаттар және кенет аурулар кезінде адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгiнiң негiздерi