Балқаштың экологиялық ахуалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 12:37, реферат

Краткое описание

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.

Вложенные файлы: 1 файл

балхаш.docx

— 36.63 Кб (Скачать файл)

Балқаштың экологиялық  ахуалы

 

Балқаш көлі - Қазақстандағы  ең ірі эко жүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Келемі - 501 мың км2, ұзындығы - 605 км. ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.

 Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

 Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.

 Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған косымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

 Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле - Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалпытасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

 Балқаш экожүйесінің  бұзылуының зардаптары. Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаншылық пен аңызақ желдер үдеді.

 Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.

 Іле - Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.

 Іле - Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

 Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. "Қызыл кітапқа" енген аққу, бірқазан, көк-құтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

 Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары - Алматы, Талдықорған, Жаркент.

 Бұл өңірдегі экологиялық  ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұрақты тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгіні мен болашаға» атты халықаралық дейгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

 Оның негіздері:

1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Алқада және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

 Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау баласының парызы.

 

                Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2 , ұзындығы – 605 км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.

 Балқаш көлі шөлейт  және шөл табиғат белдемдерінде  орналасқандықтан, оның климаты  шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

 Ұзақ жылдар тіршілігі  тыныш болып келген су айдынының  қалыпты жағдайы өзгере бастады.  Балқаш көлінің экологиялық жағдайының  нашарлау себебі Қаратал, Лепсі,  Ақсу өзендерінің мол суының  Балқаш көліне жетпей суармалы  егістіктерге жұмсалуынан. Оның  үстіне бұрынғы кездерде Аягөз,  Биен, Сарқанд және Басқан өзендері  Балқашқа құйып, оның табиғи  су деңгейін сақтап отырған.  Ал қазір бұл өзендер Балқашқа  құймайды. Аталған антропагендік  жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын  шиеленістіріп жіберді. Балқаш  экожүйесінің одан әрі нашарлауына  Іле өзені бойына салынған  Қапшағай сү қоймасы да әсер  етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы  Іле өзенінің суын бөгейтін  Қапшағай бөгеті салынды. Оған  қосымша Іле өзенін қоректендіріп  отырған Шелек өзені Бартоғай  бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша  Үлкен Алматы каналы салынды.  Каналдың салынуына байланысты  Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

 Іле – Балқаш алабының  ауыл шаруашылығында барынща  пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында  Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы  мен төменгі сағасында Шарын  күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала  күріш алқаптары пайда болды.  Осының бәрі Іле – Балқаш  су алабының табиғи жүйесінде  қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

 Іле – Балқаш экожүйесіндегі  өзгерістер өте сирек кездесетін  Іле тоғайын, өзен жағасындағы  шұрайлы жайылымдар мен оның  сағасындағы қамыс – қоғаның  жоғалуына себепші болды. Көлдің  жағалаулары кеуіп, тұзды шаң  жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп,  қуаңшылық пен аңызақ желдер  үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары  2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен  көл жағалаулары батпақтанып,  сорланып, тақырлар мен шөлдерге  айналуда. Балқаш экожүйесінің фаунасы  мен флорасы зардап шегуде. Балық  аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе,  уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен  қатар балықтардың Іле бойындағы  егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған  пестицидтер, гербицидтер және  минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен  улануы жиі байқалды. Іле –  балқаш алқабы ит тұмсығы батпайтын  тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар,  аңдар мен құстар мекені болатын.  әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға  жуық бұлғын терісі дайындалатын  болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

 Іле бойында және  көл жағасындағы тіршілік ететін  құстардың түрлері де азайып  кеткен. “ Қызыл кітапқа” енген  аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б құстар қазір өте сирек кездеседі.

 Іле – Балқаш алабы  Қазақстандағы тарихи – табиғи  ескерткіштерге бай өлке. Бұл  өңірде Шарын тау өзені мен  оның бойындағы Шарын тауларындағы  тастағы таңбалар мен тас мүсіндер  және көне қорғандар жүйесі, Әнші  құм атты табиғат туындысы, Алтынемел  ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты  қорық қорлар бар. Жетісу деп  аталатын бұл аймақта 3 млн  астам халық тұрады. Ең ірі  қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

 Бұл өңірдегі экологиялық  ірі мәселелер қатарына Балқаш  көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты,  Приозер, Ақсүйек кен рудаларын  байыту кешендері, Сарышаған полигоны  және Текелі қорғасын – мырыш  комбинаттары осы аймақта тұратын  тұрғындарға өз зардабын тигізіп  отыр. 1999 жылы “Балқаш көлін құтқару,  оның бүгінгісі мен болашағы”  атты халықаралық деңгейде экологиялық  форум өтті. Онда Балқаш көлін  құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

 Балқаш көліне әр  түрлі химиялық тыңайтқыштар  қосылған күріш суын жібермеу  мақсатында игі жұмыстар жүзеге  асырылуда. Мысалы: соңғы уақытта  күріш шектерінен бұрынғыдай  су жырылып шығуына жол бермейтін  болдық. Мұның өзі, біріншіден  – суды ысырап етпеудің, екіншіден  – Балқашқа барып құятын судың  тазалығын сақтаудың бірден –  бір тиімді жолы. Суды үнемді  пайдаланудың тағы бір жолвн  тауып отырмыз. Мысалы бір гектар  жердегі қамыс 13 мың текше метр  су жұтады екен. Сондықтан да  өткен екі жылдан бері күріш  шектерінің жиектерін қамыстан  тазалау жұмыстары қолға алына  бастады. Мұның да екі жақты  пайдасы болып тұр. Біріншіден  – су үнемдеуге қол жетті.  Екіншіден – қамыс мал азығы  ретінде пайдаланылды. Бұл да  Балқаш көлін құтқаруға бағытталған үлкен үлес емес пе?!

 

3. Қорытынды 

 

Қорыта айтқанда, қоршаған ортаға, табиғатқа, өмірге зияны көп  құбылыстарды тежеу, тоқтату шараларын  белгілеу – бүгінгі қайта құру кезеңінің басты міндеттерінің  бірі. Мұндай шаралар республика жұртшылығының  пікір – ұсыныстарын есепке ала  тырып, ғалымдар мен мамандар арасында кеңінен талқылауында. Оларды тез  арада асырудуң бағыттары мен  жолдары партия және үкімет басшыларының алдына қойылуда.

 Бұл бағыттағы ең  басты шаралардың бірі Балқаш  пен Аралды біртұтас су айдыны  ретінде сақтап қалуды, олардың  экологиялық, экономикалық жағдайларын  нашарлатпауды, су деңгейін төмендетпеуді қамтамасыз ету болып табылады.

 Аяулы табиғат –  алтын бесігіміз, адам қоғамының  тіршілік етуінің ең басты  шарты. Оның керекті, әлде керексіз  бөліктері жоқ. Бәрі – керек.  Адам үшін туған өлкенің ауасы,  топырағы да, тауы мен тасы, өзен  – суы, орман – тоғайы, қос  қанаттысы, мен жер бауырлаушысы…  бәрі, бәрі қымбат.

 

Қолданылған әдебиеттер:

Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаева – “Экология және табиғатты тиімді пайдалану”.

М.Н.Биғалиев – “Аралым  – арым, Балқашым - бағым”.

 

 

Су объектілер

 

Алматы облысына қарасты  ең ірі өзендерге Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Быжы, Шарын жатады.

 Қаратал өзенінің су  жиналымының аумағы 19100 км2 , ұзындығы 390км. Қаратал өзені Жоңғар Алатауының  орталық жоталарының солтүстік  батыс бөлігінен бастау алады  және ол Қараой, Шыжы өзендерінің  қосылуынан пайда болады.

 Көксу, Қаратал өзендерінің  тармақтары оңтүстік Балхаш маңындағы  шөл дала арқылы ағады. 40 км  қашықтықтағы өзен сағасы аумағы 860км2 құрайды. 

 Ақсу өзені Жоңғар  Алатауының солтүстік беткейінен  бастау алады. Тау етегінде  орналасқан Ақсу өзені бірнеше  тармақтарға бөлінеді. Балхаз өзеніне  қазір Ақсу өзенінің тек 3 тармағы  жетеді. Қазіргі кезде көл құрайтын  өзендер аз. Балхаш көлінің бассейініне  кіретін Лепсі өзені су көлеміне  қарай 3 орында тұр. Лепсі өзенінің  тастауы Жоңғар Алатауы жоталарында  орналасқан мұздықтардан пайда  болады.

 

 

 

Ұзындығы: Өзен атаулары:

 

815 Іле

427 Шарын

417 Лепсі

390 Қаратал

316 Ақсу

218 Текес

205 Көксу

200 Тентек

177 Қаскелең

177 Быжы

176 Хоргос

168 БАК

168 Қопа

164 Үсек

117 Талгар

 

Облыстағы ірі 4 көлдің ғана алабы (Балхаш, Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл) 100км2 құрайды.

 

 

№ 

Атаулары Көлемі

 

1 Балқаш 106,0

 

2Алакөл         58560

 

3Сасықкөл    2,434

 

4 Қошқаркөл  488,3

 

5 Жалаңашкөл  99,5

 

6 Үлкен Алматы көлі 12,60

 

Облыстағы су қоймалары суару  мақсатында қолданалады.

 

 

Қазақстан Республикасы: Су қоры

 

Қазақстан Республикасы: Су қоры. Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және Су қоры олардың деңгейлік  ерекшеліктсрі ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2–4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

Мұздық. Қ-ндағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауд. 2033,3 км2-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең  жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км2), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км2), Теріскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай  мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан  мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар  және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан  табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы – Қазақстандағы аса  ірі мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауд. 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде  қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңд. 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі  мұздықтардікі 10–30 м.

Мұздықтардағы мұздың жалпы  көл. 100 км3. Мұз басудың төм. шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз  шоғырының көбеюі кезіндегі жоғ. және еріп азаюы кезіндегі төм. бөліктері  арасындағы шегі) абс. биіктігі солт-тен  оңт-ке және батыстан шығысқа карай  арта түседі. Егер де Алтайда бұл  көрсеткіш 2500–2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500–3800 м. Бұның өзінде оңт. беткейлерге қарағанда солт. беткейлердің шекарасы 200–250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен  тым төмен темп-ралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12–15 м қабаты қыс  кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0°С-ка дейін ғана жылынады. Мұз қабатының  жұқалығына, темп-расының төмендігіне  және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне  байланысты мұздықтар жылына 50–70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты  жағдайларда 2–2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің  толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа  шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді.

Информация о работе Балқаштың экологиялық ахуалы