Балаларды табиғатпен таныстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 19:14, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады.

Содержание

І.КІРІСПЕ...............................................................................................................3


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................................7

БАЛАБАҚШАНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ.............................................5


2.1.БҮГІНГІ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕСІ .......................................................10

2.2. БАЛАБАША ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ..............................................................................................................13


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

балабақша бұгіні.doc

— 138.50 Кб (Скачать файл)

Төрт-бес жастағы бақшада балалар үшін өздерінің ойнайтын орындарын және сабақ өтетін бөлмелерін барынша таза ұстауға үйрету тәрбиеші міндеті. Оның дұрыс орындалуы қатаң қадағалануы керек. Оны бала өзінің жеке міндеті екенін жақсы түсіну қажет. Ойын соңында ойыншықтарды жинау, тамақ алдында қол жуу, тамақтану кезінде кезекті, реттілікті сақтау. Осының бәрі тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асады. Бізде ондай маңызды, әрі өмірлік қажетті жұмыстарды орындатпау, немесе өздеріне орындауға тапсырма беру өте қате.

Оқушылар немесе балалар осы кезде айнала қоршаған дүниедегі бар нәрсеге назар аударады, көз салады. Өзін қоршаған ортада гүл, ағаш, тас т.б. түсін ажырата алады. Суретке салады. Табиғатта әсем көрініске бөлегісі келеді, суреттен көрме жасайды. Мұның бәрі табиғи кұбылыс. Ол құбылыс әркімнің қолынан келе бермейді.

Осы жастан бала талғамы байқала бастайды. Оған дұрыс бағыт беру ол баланың болашақ мамандығына, кәсіпкерлігіне жол ашады.

Бақшадағы балалардың күн режімі және оны жасаудың қажеттілігі

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен кейін-ақ белгілі бір реттілік пен режім (тәртіп) арқылы дамып, өсіп жетілетіні белгілі. Оған дәлел: адам бір тәулік бойы тіршілік ету керек болса, сол тәулікте не істеу керектігі табиғи түрде (ешкімнің айтуынсыз, табиғи түрде реттеледі). Тамақ ішеді, жұмыс істейді, демалады, ұйықтайды (қосымша өзін-өзі күтетін жұмыстар атқарады).

Бұл реттілік адам өмірі, оның дұрыс өсіп жетілуі, ұзақ өмір сүруі, денсаулығын сақтау үшін аса қажет. Оны бұзуға, өзгертуге болмайды.

Сондықтанда балалар бақшасында мынадай схемадағы күн режімі жасалады

Орындауға тиісті өрекет-қимылдар

4 жас

5 жас

 

уақьптары

сағат, минут

Үйде (түру, жуыну, киіну, бақшаға жету)

6,30-7,30

6,30-7,30

Бала бақшаға (қабыддау, тексеру, таңертеңгі гимнастика)

7,30-8,30

7,30-8,30

Ертеңгі тамақ ішу

8,30-8,55

8,30-8,55

Сабаққа әзірдену, сабақ өткізу

9,00-9,45

9,00-9,45

Ойнау, далаға шығып серуендеу

9,45-11,50

9,45-11,50

Серуеннен оралу; (түскі тамақ ішу)

11,50-12,15

11,15-12,15

Ұйықтауға әзірлік, күндізгі ұйқы

12,15-12,50

12,15-12,50;

Ойын ойнау, серуендеу

12,50-15,00 15,00-15,25 15,25-15,50

13,10-15,00 15,00-15,25 15,25-15,50

Даладан оралу

15,50-17,50

15,45-18,00

Кешкі тамаққа әзірлену, кешкі тамақ ішу

17,50-18,15

17,50-18,20

Ойнау, үйге киіну қайту

18,15-18,45

18,20-18,45

Үйге келу

18,45-19,00

18,45-19,00


 

Алты жасар баланың тәрбиесі

          Баланың 5 жастан асып алтыға аяқ басуын, алты жасар дейтініміз рас. Бұл бала-бақшасындағы үлкен топтың мүшелері. Бұл шақ адам ғұмырындағы алғашқы іштей түлеудің саналы сәті десек те, немесе саналы ғұмырдың ағарып атқан ақ таңы тәрізді екенін ескеруміз керек. Осы жастағы бала тәрбиесіне біраз назар аударайық:

"Ең бастысы адамдарды - ой  саралауга үйрету" - деген Брехт.

Расында да әрбір адам өз қабілетін, өз мүмкіндігін өзі біліп соған сәйкес жұмыс істеу керек. Мысалы, сенің балалар бақшасына тәрбиеші болу мақсатында болды. Біліміңде, тәжірибеңде, сабақ оқыту мен тәрбие жүргізу әдістемеңде жетеді. Бірақ балалар бақшасының бұрынғы бар құрылысы қазір жоқ. Президентіміз Н.Назарбаев мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, бүкіл оқыту жүйесін қайта даярлау, талабын қойды. Неден бастау керек?

Бала бақшаның материалдық техникалық базасы қандай болу керек

Рас, қазір болашақ ұрпақ тәрбиесін қайта жалғастыру үшін, оның жаңа нұсқауларын дайындау, ол дамыған қоғам талаптарына сай болу керек. Оның көлемін, архитектурасын жаңаша кұру, құрылыс мамандарының міндеті.

1.  Бұрынғыдан білетініміз балалар  бақшасы дүние жүзіндегі дамыған  елдердің сәулетті құрылыстарына  тең болуы керек.

2.  Болашақ үйдегі жағдайы. Оның жаңа талапқа сай әрбір отбасында үйдің болуы. Оның балалар бөлмесі, демалыс орны болғанда ғана бақшамен үйдің тәрбиесі, білімі бір-біріне үйлеседі.

3.  Бақшадағы шаруашылық талаптар. Балаларды жылы, жарық бөлмелермен  қамтамасыз ету, оқу, демалу, жуыну бөлмелері мен спорт және ойын алаңдарының болуы. Баланы бақшаға қабылдаудың барлық мүмкіндігі болуы.

4.  Бақшадағы оқу мен тәрбие  жұмыс жоспары. Бүкіл оқу-тәрбие  жұмысына қойылатын талаптардың  орындалуы. (Оқушыларды ертеңгісін  қабылдау тамақтандыру, кесте бойынша сабақ және демалыс т.б.).

              Балаларды еңбекке жаттықтыру. Ересек балалар тобы кез келген ойындарынан және сабақтарынан соң, белгіленген бағдарлама бойынша -еңбекке жаттығу сәті - ең әуелі өздерін ретке келтіруден бастап, ойын сабақтарын өткізу бөлмелерінен басталып, әрбір нәрсені өз орнына қою.

Ол үшін үйренетін еңбектің түрлеріне, адам өміріне қажет мазмұнына да сан жетпейді. Үйреніп алған жанға оның тіпті де керегі жоқ. Осы сан қилы еңбектерді балаға ойын үстінде, әртүрлі сабақтар өткізгенде де, ас алдындағы жуынып-шайынғанда да, тіпті ұйықтағанда да, ұйқыдан кейінде, әйтеуір олардың іс-әрекеттері мен қимыл-қозғалыстарының бәріне де шым-шымдап сіңірілген еңбекке баулудың көріністерімен үйлесіп жатады, Оның ішінде балаға үйрететін қол еңбегінің маңызы ерекше десек артық емес. Тәрбиеші оларды жәй ғана ойнату емес, жоспарланған кесте бойынша ғана пайдалы ойындарды ойнатады. Оларды топ-топқа бөліп ойнату пайдалы. Олар мұндай ойынға бар ынта-жігерімен қатынасады. Олар өз қиялдарымен алдарындағы ойыншықтарды, сәндік бұйымдарды, орамал, жалауша, сумка, тақия, кітапша, т.б. көптеген заттардан ойыншықтар жасайды. Осы кезде баланың неге икемділігі көріне бастайды. Еңбек үстінде бірін-бірі сыйлау сыйластығы да қалыптасады. Осыдан келіп, бірінен-бірі үйрену, тәлім алу сияқты тәрбиелік, игілікті істер қалыптасады. Сөйтіп олар балалық шақтарынан-ақ, хал-қымыздың дана тұжырымы: "Адамның күні - адаммен" деген сөздің мағынасын түсінеді.

Жеті жасар, немесе О-ші класс

Бала бақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері - алты жастан өтіп, жетіге толған балалар екендігі әркімге аян. Жетіге толған балалар күзде бірінші кластарға баратындықтан, бала бақшаның соңғы жылы негізінен мектепке әзірлік жұмыстарын жүргізеді. Мұны педагогика тілінде 0-ші класс деп атайды. Ал қазірге кездегі еліктеушілікпен баланы 6 жасынан мектепке беру дейтін тұжырымының әлі де зерттеуді қажет ететін кемшіліктерінің көп екенін батыл түрде айтуды азаматтық парыз деп атаған жөн. Алты жасар бала дене бітімі жөнінен шымыр болуы да мүмкін, бірақ жеті жастағы балаға қарағанда әлі сәби екені анық. Сондықтан баланың жеті жасқа толған соң ғана мектепке баруы орынды. Өйткені, адам ең әуелі биологиялық ген ретінде, ол міндетті түрде биологиялық және физиологиялық заңдылықтарға бағынып, ол өзінің физиологиялық кезеңдеріне лайықты іс-әрекеттер жасауға тиісті. Баланың жеті жасқа толу сәтін, оның саналыққа тұрақты түрде тоқтаған алғашқы баспалдағы деуге болады.

Себебі, ол кезде адам баласының жыныс бездері мен жұлын-жүйке сөлдерінің үндесе қызмет етулерінің арқасында, адамдық темпераменттерінің негіздері ғана қалыптасып қоймай, сонымен қатар әр адам өз алдына жеке тұлға ретінде ерекшеленіп, оның мінез-құлықтарының да даралана дамуының күрделі сатыларынан өте бастайды. Міне, бұл баланың жеті жасынан ғана мектепке баруын құптамайтын, аз ғана дерек пен есептей алмаймыз. Бұған қосымша ретінде, әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын тектік сипаттарын да, міндетті түрде есептеген жөн. Өйткені балаға баба зердесі де әсер етпей қоймайды. Адам тәрбиесінің осы кезеңінде, барлық әрекеттің зиянсыз болғаны ауадай қажет. Оның тәуліктің тамақтануы мен тазалық режімдері де, өткен жылдағымен салыстырғанда аса үлкен өзгерістерге ұшырамағаны мен, жеті жасардың ойлау мен ойлану тәрбиесіне көптеген өзгерістер енеді.

Сондықтан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды жеті жасқа келгенде оқуға шақырып ұран тастаған.

Бір құдайға табынып,

Кел балалар оқылық.

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!...

Осы өлең жолдарының алғашқы жолын діни ұғым деп алдырып тастаған. Ғылымның да, өмірдің де дәлелдеуі жеті жастан - он жеті жас оқу жасы болған. Оған ешкімде көз жұма алмайды. Ұрпақ тәрбиесіне даналық оймен қараған Қазақтың ақиын ақыны Мұқағали Мақатаев:

Анау сенің мектебің,

Онда онжыл тұрасың.

Тарыдай боп кіресің,

Таудай болып шығарсың...

Сонда Ұлы ақынның ойы мектеп "адам" деген қасиетті тұлғаны жан-жағынан жетілдіріп, оқытып, тәрбиеліп, өмірдің жолының оң солын көрсетіп, таудай білім беретінін дәл айта білген.

          Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

 Біріншіден, білім мен тәрбие  беруге арналған дамытушы ортаны  жабдықтау қажет десек, ол мектепке  дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

 Екіншіден, тәрбие мекемесінің  басшысы мен тәрбиеші педагогтар  қауымы кәсіби шеберліктерін  үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге  жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық  бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

 Үшіншіден, балабақшада еңбек  етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу  мен білім берудің технологияларын  сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық  әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби  шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.

 Баланы тәрбиелеу, дамыту және  білім беру мәселелерінде отбасы  мен балабақша ұжымының бірлескен  өзара тығыз байланыста болуы.

 Білім беру жүйесінің негізгі  мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:

1. Зердесін дамыту 

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту 

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп  бере алуын дамыту 

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту

5. Танымдық үрдісін дамыту 

6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін  дамыту 

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі  жетілдіруге ынтасын дамыту .

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы жеке бағытталған көзқарас

         Замандас  жағдайда педагогиканың дамуы  әр алуан түрде белсендіріледі: ізгілікті, әлеуметтік, диагностикалық, түзетуші, эксперименталды, ынтымақтастық  педагогика. Ізгілік педагогикасының  пәні: ізгілікті бостандығы бар, келешек демократиялық қоғамда өмір сүріп, жаңа нәрселерді тудыра алатын тұлғаны, яғни АДАМДЫ тәрбиелеу.

   Бала тұлғасы жалпы   адамдық бағалығы ретінде қарастырылатын,ізгілік  педагогикасының теориясында, «жеке  бағытталған оқыту», «жеке бағытталған тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты түсініктер бар.

   Жеке бағытталған педагогика  балалардың жеке тәжірибесі жиналып, олардың жеке қызығушылықтары  мен қажеттіліктері іске асырылатындай  оқыту ортасын жасайды. Оқыту  ортасы табиғатпен сәйкестілікке  бағытталған. Жеке көзқарас – баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеудегі өзіндік бейнелілік  қарастыратын, психологиялық ғылымның маңызды принципі. Осы көзқарас баланың тәрбиелеу  үрдісіндегі жағдайын анықтап, баланы осы үрдістің   белсенді объекті ретінде, яғни субъект болуы, субъектілік қатынас құра алатынын белгілейді.

            Жеке бағытталған технологиялар:

·                   Топтық оқыту технологиясы;

·                   Ш.А. Амонашвилидің ізгілік-жеке технологиясы;

·                   Интерактивті оқыту;

·                   Ойын технологиялары;

·                   Мария Монтессори технологиясы;

·                   Дамыта оқыту технологиясы;

·                   Мәселелік оқыту технологиясы;

·                   ТРИЗ шығармашылық технологиясы.

                           Жеке бағытталған оқытудың мақсаты:

·                   Табу, қолдау және адамда адамды қолдау;

·                   Оған өзіндік дамуы, өзін іске асыру, өзін қорғау және өзін тәрбиелеу механизмдерін енгізу.

                Жеке жұмыс -  ол әр баланың дамуының ерекшеліктерін есепке алатын,педагогтың қызметі. Тәрбиелеудегі дифференциалды көзқарас әр педагогтың бала тәрбиесінің деңгейіне, жынысына, жасына қарай тәрбиелілік  міндеттерді іске асыру қарастырады.

   Дифференциация  тұлғаның сапасын, оның қызығушылықтарын, бейімділіктерін зерттеуіне бағытталған. Дифференциалды көзқарас жағдайында балалар парасаттылығындағы, мінез-құлықтарындағы, қарым-қатынасындағы, бастаушы сапаларының ұқсастығына негізделіп, топтарға бөлінеді. Осы жұмыстың тиімділігі педагогикалық кәсіптіліктің және педагог-тәрбиешінің шеберлілігінен байқалады. Сонымен бірге оның тұлғаны зерттеп, осы тұлға әрдайым жекеленгенін, оны басқа адамдардан айыратын,  нақты бір адамға өзіне тән психологиялық және физикалық ерекшеліктерінің сәйкестілігін есепке алады. Осыны есепке алып, педагог әр баланың тұлғасына тәрбиелілік әсерінің әдістері мен түрлерін анықтайды. Осының барлығы педагогтан тек педагогикалық білімді ғана емес, сонымен бірге психологиядан, физиологиядан, диагностикалық негізінде (индикаторлар) құрылған тәрбиелеудің ізгілік технологиялардан да білімді қажет етеді.

Информация о работе Балаларды табиғатпен таныстыру