Арал теңізінің зерттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 - 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд.

Содержание

І Тарау
1. Арал теңізінің зерттелуі
1.1 Арал теңізінің зерттелу тарихы
1.2 Арал маңы табиғи ресурстарын және оны тиімді пайдалану жолдары

ІІ Тарау
2. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
2.1 Арал теңізінің экологиялық мәселесі
2.2 Арал теңіз мәселесі жөніндегі іс-шаралар
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Арал теңізінің зерттелуі.doc

— 116.00 Кб (Скачать файл)

АРАЛҚҰМ - Балқаш көлінід оңтүстігіндегі, Лепсі мен Басқан өзендерінің аралығындағы қырқалы, төбешік құм. Абс. биікт. 400—500 м. Оңт.-шығыстан солт.-батысқа қарай 50 км-ге созылып жатыр. Ені 18 км, жері 650 км2. Қырқалардың биікт. 8—10 м, төбөшікті құмдардың биікт. 15-20 м. Құмда жүзген, қоянсүйек, жусан, селеу, өзенге жақын жерлерде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ өседі. А. қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.

АРАЛ МАҢЫ ҚАРАҢҰМЫ — Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығындағы төбешік құмдар. Шығысында Сарыарқамен шектеседі. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 250 км-ге созылып жатыр, ені 200 өлг-дей: Абс. биікт. 53—145 м. Теңіз жағалауындағы төбешік құмдардың биікт. 5-8 м. Төбешік құм мен бархан арасында қырқалар да кездеседі. Сазды, құмды саз топырақта жусан, еркекшөп, ақ сексеуіл, жүзгек өcеді. Климаты құрғақ әрі өте континенттілік. Жазда мал жаюға пайдаланылады.

АРАЛ МАҢЫНДАҒЫ АРТЕЗИАН АЛАПТАРЫ — Арал теңізінің солтүстігін, шығысын, оңтүстігін алып жатқан жер асты суы бар кең аймақ. Жалпы көлемі 150000 км2 Солт. Арал, Шығ. Арал артезиан алаптары бар. Солт. Арал артезиан алабының арыны күпггі артезиан сулары бор жүйесі альб, сөноман ярустарының (70- 100 м тереңдікте) және палеогеннің (50-300 м тереңдікте) шөгінді жыныстарына байланысты. Альбсеноман суының минералдануы 1-3 г/л, ал палеогендікі - 2,5 г/л. Бұл алаптың оңт.-шығысындағы судың минералдануы 8-12 г/л. Шығ. Арал алабындағы артезиан сулары бор жүйесінің жоғарғы бөлімінің сулы қабаттарында (100—300 м терсңдікте), судың минералдануы 1,5—2,5 г/л-ден аспайды. Алаптардағы су скважиналарының тәуліктік өнімі 1 ?0—2500 м3. Артезиан суларының жалпы қоры 500 млрд. м3 шамасында. Елдг ауыз сумен қамтамасыз етуде, мал жайылымын суландыруда, егіндік жерді суаруда бұл артезиан суларының мәні зор.

АРАЛ ОЙЫСЫ — Арал теңізі және оның шығысы мен оңт.-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым. Туран плитасының құрамына кіреді. Геоморфохогиялық тұрғыдан алғанда Солт. Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. А. о-ның солт.-шығысы, шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын бат. жағы тік жар болып келеді. А. ойысы солтүстік-те Тортай ойысының оңт. шеті шығыста Аққыр—Құмқала кезеңі, оңтүстікте Төменгі Амудария мегаантиклиналы, батыста Арал — Қызылқұм қырқасымен шектеледі. Ойыстың оңт.-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны Шығ. Арал және Тәжіқазған қазан шұңқырларына бөледі. А. о. табанының жоғарғы ярусы жоғарғы койнозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1806—2000 м шөгінді жыныстары (саз, құм тас, әк тас, мергель) жауып жатыр. А. оның юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, оолиттік темір рудасы, жерасты суы бар.


Информация о работе Арал теңізінің зерттелуі