Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 19:04, реферат

Краткое описание

Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектісі. 23..doc

— 143.00 Кб (Скачать файл)

Теңіз, мұхит, термалдық  сулардың энергетикалық ресурстарын пайдалану. Теңіздер мен мұхиттардың су массалары энергетикалық ресурстарға бай. Оларға судың толысуы мен қайтуы, теңіз ағыстарының энергиясы, сонымен қатар, әр түрлі тереңдіктер температураларының градиенті жатады.

Мұхит суларынан энергия  өндіру үшін әртүрлі тереңдіктегі сулардың температура градиентін пайдалануға  болады.

Термоядролық энергия. Қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады. 

Адамзат қоғамының энергия  өндірудің дәстүрлі емес көздеріне көшуге мүмкіндігі бар.

Қазақстан егемендік  алған соң көптеген экологиялық  проблемалармен бетпе-бет қалды. Көз  алдымызда жоғалып бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар.

2.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы

 

Соңғы кездерге дейін  экономикалық өсу мен қоршаған ортаны қорғау басымдылықтары арасында белгілі  бір дәрежеде қарама-қайшылықтар  болды. Экономикалық өсу табиғатқа  зиян келтіруге апарып соқгырады  деп саналды. Себебі, мемлекеттік  мәселелерді шешуде оның болашақта неге апарып соқтыратынымен санаспай, көзсіз қадамдар жасау өмірде орны толмас трагедиялық жағдайларға кезіктіруде. Бүгінгі күні әлемдік сипат алған Арал өңіріндегі, Семей полигонындағы т.б. экологиялық дағдарыстар осындай біржақты көзқарастың, өткінші табыстарға жету үшін жасалған жұмыстардың салдарлары болып табылады.

Өткен ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда экологиялық апатты тудыратын шаралар жүргізіле  бастады, Семей полигонындағы жарты  ғасырға созылған жарылыстар, Байкоңыр ғарыш айлағынан жыл сайын тобымен ұшырылған түрлі зымырандар, Арал теңізінің тартылуына қолдан жол беріп, құрып кетуге айналуы т.б.

Бұл экологиялык апаттардың туындауына көріп, біле түра адамдардың өзі жол бергенін ашық айтуымыз керек. Әлемдегі ірі державалар арасындағы "Кім күшті?" дегенді сездіруге ұмтылған қоқан-лоқы бәсекелестік, ешбір зиян-зардаптары ескерілмей техникалық прогрессті осы мақсатқа пайдаланудағы біржақты көзқарас кез болып отырғандай дүниежүзілік апатты жағдайға әкелді. Егін шаруашылығында дақылдың шығымдылығы мен өнімділігін арттыруға озық технология, агротехникалық шараларды сақтау орнына егіс көлемін есепсіз көбейту арқылы жетуге ұмтылды. Соның салдарынан миллиондаған гектар мақта мен күріш егісін ен далаға орналастырып, оған су апару үшін Сырдария мен Амудария өзендері бойына сансыз тоспалар, су қоймаларын салып, каналдар қазды. Осындай халықтың болашығымен санаспай, табиғаттың бермесін тартып алу мақсатында жүргізілген теріс экономикалық саясат әлемдік Арал трагедиясын өмірге әкелді. Космосты игерудегі келешек жер бетіндегі өмірге, әуе кеңістігіне келтірер зиянын жете ойламай, жанталасқан әрекеттердің соңы неге апарып соқтыратынын әзір ешкім болжап білмейді.

Бір ғана Қызылорда облысындағы  Арал өңірінің апатты аймаққа айналуы  ғасырлар бойғы бодандық әсерінен шөлді мекенге ығыстырылған халқымыздың өмірге деген сенімін жоғалту қаупін туғызды. Теңіздің құрғауына байланысты халыктың жанкешті еңбегімен күн көріп отырган жерін сор басып, сортаңды, тұзбен шаңданған құрғақшылыққа айналдырды. Осыған байланысты халық негізгі күнкөрісі - балық аулау, мал өсіру, жер өңдеу мүмкіндігінен айырыла бастады. Су тартылған соң ол өңірде генетикалық және психикалық ауытқулар пайда болып, өз-өзіне қол салып, өмірін өлімге байлайтын адамдар қатары көбейді. Бауыр, асқазан, өкпе ауруларымен ауыратындар саны есепсіз өсіп кетті.

Семей полигонындағы  адам өміріне аса қауіпті жарылыстардың  қоршаған ортаға зардаптарын алайық. Бұл аймақтардың адам төзгісіз экологиялық  апат өңіріне айналуы одан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау үшін Қазақстан Республикасының арнайы Заңдары қабылданды. Бұл заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен бірнеше миллиардтаған қаржы бөліп отыруға тура келді.

Жалпы Қазақстан дүниежүзілік бірлестік Аралға қатысты проблемалар мен алаңдаушылықтарға түсіністікпен қарауы керек деп есептейді. Өйткені тұрақты даму — бұл тек сөздердің жиынтығы емес, ал бүкіл адамзаттың тірі қалу формуласы.

Біздің экологиялық  дипломатиямыз аймақтық экологиялық  жүйені басқаруды реттейтін екі жакты және көпжакты мемлекеттік келісімдер жасауға бағытталатын болады. Оған Дунай және Рейн комиссиялары, Үлы көлдер жөніндегі канада-американ комиссиясы мысал бола алады. Бұларда халықаралық алакөздікті және өндіріс пен ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін су бассейндерін пайдалануға байланысты жанжалдарды реттеудің нақты механизмі жасалған.

Елімізде экологиялық  қауіпсіздікті сақтамау салдарынан бүгінде бүкіл әлемге қауіп төндіріп, адам өмірін қысқартып жатқан аса  күрделі мәселені шешуге үкімет тиісті дәрежеде көңіл бөліп отырған жоқ. Арал өңіріндегі экологиялық апат аймағы тұрғындарын әлеуметтік қорғау туралы Заң 1999 жылдан бері қаржының жетімсіздігінен тоқтап тұр. Бүл Заң толық орындалған кезде мемлекет жыл сайын бұған 5 миллиард теңгедей қаржы бөліп, экологиялық апаттың зардабын шегіп отырған Арал өңірі халқының әлеуметтік мәселесін шешуіне көмектесуі тиіс болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметі экологиялық қауіпсіздіктің сақталмай, өрескел бұзылуынан келген шығынды өтеу үшін қабылданған Занды қаржының тапшылығынан толық жүзеге асыра алмады. Алғашқы төрт-бес жылда қабылданған Заңның тек жекелеген баптары бойынша ғана жетімсіз қаржы бөліп келді.

Байқоңыр ғарыш айлағынан  есепсіз ұшырып жатқан зымыран зардаптарын  шегіп жатқан халық әлі күнге  мемлекет тарапынан өз мәнінде қамқорлық көріп отырған жоқ. Қазақстан үкіметі бұл маңызды мәселелерге көмек беруге жылда уәде бергенмен орындалмай келеді.

Жер бетіндегі табиғаттың бірте-бірте тозып, экологиялық дағдарысқа ұшырауы адамзаттың қолдан жасаған  кесапаты екендігі сөзсіз. Сондықтан бұл апаттың алдын алып, экологияға ұшыраған аймақтарды шұғыл сауықтыруға үнемі назар аударып, тағдыры тығырыққа тірелген тұрғын халыққа барынша жанашырлықпен қамқорлық жасау мемлекеттік іс. Егер қалыптасқан жағдайды түзеуге осы тұрғыдан қарай бастаса, оң нәтиже беріп, халықтың келешекке сенімі молаятыны, болашаққа деген үміт оты пайда болатынын әлемдік тәжірибелер көрсетуде.

Кеңестер Одағы кезінде  Қазақстан жерін аса қауіпті  түрлі сынақ алаңдарына айналдырғанын  өте құпия ұстады. Олардың келешекке келтірер зиянын халыққа айтпай, жасырды. Сол кезеңде әскери-өндірістік кешендерге Қазақстанның 20 млн гектар жері пайдаланылған екен. Бұл жерлерді ел игілігіне пайдалануға, барлау жұмыстарын жүргізуге, жерасты байлықтарын игеруге рұқсат етілмеді. Адам айтқысыз зардап шегіп жатқан халыққа, қазақтың айдын шалқар көлді, жер жаннатында таза ауалы ен даласы бірте-бірте тозақты аймаққа айналып жатқан жеріне ешкім жанашырлық көрсеткен жоқ.

Өкінішке орай, біздің елімізде осы кезге дейін экологиялық  жағдайды сауықтыруға өз дәрежесінде мән берілмей, аса маңызды мәселені онды шешу көбінесе кейінге қалдырылып келді.

Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда: "Проблеманың мәні мынада болатын: жер мен табиғи ресурстарға бақылаусыз қожалық еткен ведомстволар, сонымен қатар экологиялық тұрғыдан таза өндірістерге мүдделі болған жоқ және сөзсіз қасіреттер үшін нақты жауапкершілік арқалаған емес. "Ешкімнің де меншігінде болмаудың" осынау өлшемі өткен тарих естіп білмеген ғаламдық апаттарға киліктірді. Экологиялық сауатсыздық қоғам мен табиғаттың тайталасына әкеліп тіреді. Қазақстан бұл ретте аса қиын жағдайда болды".

Ғылыми-техникалық өрлеудің қазіргі деңгейі, қуатты компьютерлердегі талдаудың жүйелілік әдістері үлкен  жобалардың шағын кейпін алдын ала түсінуге мүмкіндік береді. Оларды іс жүзіне асырмас бұрын табиғатқа тиетін залалды есептеп, оны болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет.

Табиғат компоненттері  өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының өзіндік заңдылығы бар. Қазір экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы заңдылықты білмеуде, түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары негізімен аздап болса да таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықгы жою - Үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі бір жұмысына айналуы тиіс.

Сондай-ақ, қоғамды экологияландырумен қатар, қоршаған ортаны қорғау әрбір  адамның міндеті. Бұған білім  берудің барлық кезеңінде балаларды  оқыту керек. Экология мәселелері бойынша білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жасау да қажет. Қоғамның тұрақты дамуына деген беталыс экологиялық проблемаларды шешуден бастау алады. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша назар аударылған/20/.

Республикамыз егемендік  алғанға дейін табиғаттың қай саласы болмасын азып-тозды. Бұған еліміздің қазіргі экологиялық жағдайы куә. Экологиялық қауіпсіздікті сақтау проблемасы жеңіл-желпі қарап, құр байбалам салу, дабыраға айналдырып бос уақыт өткізумен шешетін мәселе емес екендігін көп жағдайда түсінбейді. Соңғы кездері экологиялық зардаптардан құтқарудың жолын "халықты басқа жаққа көшіру керек" деп елді босқа қобалжытатын, істің байыбына бармай, нақты жағдайды білмей ұсыныс жасаушылар көбейді.

Экологиялық қауіпсіздікті  сақтауға немқұрайлы қарап, оны шешуді қаржының тапшылығына тірей берсек, ешқандай нәтиже шықпайды. Сондықтан алдымен халықты, экономиканы, экологияны сауықтыру керек. Экологиядан зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне бірінші кезекте жағдайлар жасалуы тиіс.

Республикада қазіргі  кездегі қол жеткен жетістіктер  экономикалық дамуымыздағы тұрақтылықты көрсетеді. Енді бүгінгі күнгі Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын айқындап, беделін көтерген табыстар, өсу қарқыны бұдан былай тұрақтылықты қамтамасыз ете ме? Соңғы жылдарда жиі орын алып жүргеніндей біздің негізгі экспорттық тауарларымыздың бағасы әлемдік рынокта төмендеп кеткен жағдайда тұрақтылықты қаншалықты қамтамасыз ете аламыз деген орынды сұрақтардың туындауы заңды. Бұған ғылыми негізделген жауап беру үшін елімізде қалыптасып отырған жағдайға және осындай өсу қарқынының мүмкіндіктерін ашық талдап, баға беруге тиіспіз. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Ғылым және білім Министрлігінің Экономика институты жүргізген зерттеулер тұрақты экономикалық өсу қарқынының негізгі және қажетті жағдайларына: экономиканың өсуінің жоғары потенциалы, шаруашылық комплексінің қандай да болсын тиімсіз жағдайлардан шыға білуі, ұлттық экономиканың қолда бар белгілі бір қорының жеткіліктілігі, экономика құрылымдарының прогрессивтілігі, халықтың жоғары дәрежедегі табысы, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігі жататындығын көрсетті.

Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңіндегі дамуында осы  аталған жағдайлардың бірсыпырасы бар. Атап айтсақ, маңызды өсу потенциалы бар бірқатар өндірістік салалар (бәрінен бұрын мұнай өндіру), халықтың табысының жеткілікті дәрежеде жоғары болуы (баска ТМД елдерімен салыстырғанда), экономикалық қолайсыздық туындаған жағдайда беріктік қоры (Ұлттық қор) құрылуда және т.б.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы сөйлеген сөзінде атап көрсеткеніндей, соңғы үш жылда экономикамызда тұрақтылық білінді, зауыттарымызға жан кіріп жұмыс істей бастады, ауылдар да етек-жеңін жиып, қалалар мен аудан орталықтары көркейе бастады, еліміз өркендеу сатысына қадам басты.

Қазақстан дүние жүзінде  бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартты. Мұны жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, Жер бетіндегі бейбітшілік ісіне қосылған теңдесі жоқ үлес десек, ешбір асыра айтқандық емес. Сонымен қатар, бұл өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге қосылған ең қомақты үлес. Осы орайда біз әлемнің барлық ресми түрғыда танылған ядролық державаларының Қазақстанға бірлескен және жан-жақты қауіпсіздік кепілдіктерін беруіне қол жеткіздік.

 

 

 

 

                                  ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы адамзат  омірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта-табиғатқа орны толмас орасан зор зиян да тигізіп келеді. Бэкон: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек»,- деген сөзін еске салған жөн. Біздер осы қағиданы есмте сақтамағандықтан қазіргі таңда табиғатты қорғау мен экология-экономикалық мәселелер ұлттық дәрежеден көтеріліп, бүкіл дүниеәлемдік аса маңызды проблемаға айналып отыр. Әлі де болса адамзаттың экология-экономикалық зияны ескерілмей, бірыңғай қоршаған ортаны қорғау шаралары оң бағытта дамымай отыр. Жалпы санамызда табиғат байлығын ешқашан таусылмайтын, шексіз жатқан мол дүние деп бағалаудың басым болғандығынан  оны экстенсивті түрде игерумен келе жатқанымыз әлімсақтан белгілі.

Осыған орай Республикамыздың реформа жағдайында әлеуметтік-экономикасының қайта құрылу процесінің онан әрі жүзеге асырылуы экология-экономикалық проблемаларды талдау мен бағалауды, қоршаған орта проблемаларын зерттеуді талап етеді, яғни осы проблемалар оның әлеуметтік-экономикалық әлуетінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Экономикалық әлует сипаты, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы нақтылы шешімдер қабылдау, көптеген экологиялық және экономикалық процестерді болжау үшін негіз болды.

Қазақстанның қазіргі  кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсіздік пен экологиялық  қауіпсіздікті сактаудың маңызы ерекше. Сондықтан да, экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан Қазақстанның дамуындағы экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсете отырып экологиялық қауіпсіздіәкті қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар қолдануымыз қажет.

Ең алдымен менің  ойымша экологиялық заңдарды жетілдіру  арқылы экологиялық қауіпсіздікті  арттыру қажет. Әрине бізде көптеген экологиялық заңдар қабылданған, бірақ  олардың көпшілігі әлі де жақсы  жұмыс істей алмай жатыр. Өйткені  экономикамыз қарқынды өзгеріп дамып келеді, ал экологиялық заңдардың көбісі осы жағдайларға бейімделмеген.

Информация о работе Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі