Особьтар экологиясы – аутэкология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июля 2013 в 21:41, реферат

Краткое описание

Аутэкология бір түр өкілінің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Содержание

1) Аутэкология – экологияның бір бөлімі
2) Қоршаған орта
3) Экологиялық факторлар және олардың әсер ету заңдылықтары
4) Экологиялық факторлар әсеріне организмдерді жауап беру заңдылықтары.
5) Популяция экологиясы - демэкология

Вложенные файлы: 1 файл

Особьтар экологиясы.docx

— 27.61 Кб (Скачать файл)

ҚР  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Особьтар экологиясы – аутэкология.

 

 

                                                                                   ОРЫНДАҒАН:

                                                                                  ТЕКСЕРГЕН:

 

 

 

                                                     АСТАНА 2013

Жоспар:

  1. Аутэкология – экологияның бір бөлімі
  2. Қоршаған орта
  3. Экологиялық факторлар және олардың әсер ету заңдылықтары
  4. Экологиялық факторлар әсеріне организмдерді жауап беру заңдылықтары.
  5. Популяция экологиясы - демэкология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Аутэкология – экологияның бір бөлімі

Аутэкология бір түр өкілінің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.         Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланысты ғана өмір сүре алады. Олар – су, топырақ, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әртүрлі құбылыстар.     Аутэкология терминін ғылымға 1896 жылы швейцар ботанигі К. Шретер енгізген.

 

                                                          Қоршаған орта

Қоршаған орта объектімен немесе субъектімен тікелей байланыста болатын сыртқы ортамен бірдей орта. Әрбір организмнің ортасы оны қоршаған көптеген органикалық және бейорганикалық элементтері және шаруашылығы нәтижесінде түзілген. Кейбір элементтер организмге қажетті, кейбіреулерінің қажеттілігі жоқ, ал кейбіреулері зиян. Мысалы, ормандағы ақ қоян ауамен, сумен, қорекпен белгілі бір қарым қатынаста болады. Оларсыз қоян тіршілік ете алмайды. Ағаш діңі, түбіртегі, топырақтың төмпешігі оның өміріне әсер етпегенмен, қоян олармен уақытша қарым қатынаста болуы мүмкін. Ал жыртқыштармен немес табиғат апаттарымен қоянның кездесуі ол үшін қайғылы аяқталуы мүмкін.

Қоршаған ортаға барлық табиғи орта және техногенді орталар  жатады.

Табиғи орта– Жер бетіндегі адамдардығ қатысуынсыз пайда болған орта.

Техногенді орта– адамның көмегімен түзілген орта.

«Қоршаған орта» түсінігін ғылымға биолог Я. Юкскюл (1864-1944) енгізген. Ол тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасы, субъект және объект бір бірімен өзара байланысты және осылардың барлығы бір жүйені –қоршаған ортаны түзеді деп есептеген. Қоршаған ортаға бейімделу процесінде организм оның элементтерімен байланысып, одан әртүрлі заттар, энергия қабылдайды және береді.                                «Қоршаған орта», «тіршілік ортасы», «өмір сүру ортасы», « тіршілік орны» ұғымдары мағыналары жағынан өте ұқсас болып келгенімен, олардың бір бірінен айырмашылықтары бар. Қоршаған орта– организмдерді қоршайтын және олардың құрылысы мен қызметіне тікелей немес жанама әсер ететін факторлар жиынтығы.

Биосферада организмдердің тіршілігін қамтамасыз ететін әртүрлі орталар бар.                                                   Тіршілік ортасы –кез келген организмнің өсіп өнуіне, көбеюіне, ұрпақ жалғастыруға қолайлы табиғи тарихи қалыптасқан орта. Қоршаған орта төрт тіршілік ортасына бөлінеді: су тіршілік ортасы, жер ауа тіршілік ортасы топырақ және тірі организм денесі.        Көптеген организмдер өздерінің тіршіліктерін тек бір тіршілік ортасында өткізеді. Мысалы, адамдар, құстар, сүтқоректілер, ашық және жабықтұқымды өсімдіктер, жер ауа ортасында, балықтардың көпшілігі суда, ал кейбір бунақденелілер мен қосмекеділер дамуының бір кезеңін суда, келесі кезеңін жер ауа ортасында өткізеді.  Тіршілік ортасының өзі алуан түрлі болады. Мысалы, тіршілік ортасы – судың өзінің өмір сүру ортасы туралы айтатын болсақ, оның өзі тұщы немесе теңіз суы болуы мүмкін. Өз кезегінде өмір сүру немесе мекен ету ортасы тіршілік орнына бөлінеді.Сонымен, су – тіршілік ортасы, өзен –өмір сүру ортасы, ал су түбі, ортасы немесе беті  -  тіршіліктің орны болады.

                            

Экологиялық факторлар және олардың әсер ету заңдылықтары

Өзінің тіршілік ету ортасында кез келген организм экологиялық факторлар деп аталатын сыртқы орта компоненттерінің әсеріне ұшырайды. Жарық, жылу, топырақтағы немесе судағы тұз концентрациясы, ауру тудырушылар және жел, радиоактивті сәулелер, қысым және т.б. бұлардың барлығы экологиялық факторлар.

Экологиялық факторлар дегеніміз тірі организмге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі.

Экологиялық факторлар дәстүрлі үш топқа: абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып бөлінеді.

А) Абиотикалық факторлар– өлі табиғаттың әсері (климат, температура, ылғалдылық, жарық, т.б.) 

Абиотикалық факторларға тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсерін тигізетін бейорганикалық табиғаттың құбылыстары мен құрамды бөліктері жатады. Ортаның абиотикалық факторлары Жердегі тіршіліктің тұрақтылық шегін анықтайды, олардың табиғатты физикалық және химиялыққа жатады.           Абиотикалық факторлар климаттық, эдафиялық, гидрографиялық болып бөлінеді. Мысалы, климаттық факторлар жердің бетіне күн энергиясының келу ерекшеліктерінен, ауа массаларының айналысынан, жылу мен ылғалдың теңдесуінен, атмосфералық қысымның динамикасынан және басқа да метеорологиялық элементтерден тұратын факторларды айтады (ауаның ылғалдылығы, жауын шашын мөлшері, ауа температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы, тб);  Эдафиялық фактор – топырақтың әсері (химиялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері)       Гидрологиялық фактор  - судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.

Ә) Биотикалық факторлар-  тірі организмдердің өзара әсері. Оларға ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Биотикалық факторларға тірі организмдердің ортаға тікелей не аралық ықпалын тигізетін факторлар тобы жатады. Биотикалық факторлар дегеніміз бір организм тіршілігінің екінші организм тіршілігіне, сондай ақ өлі мекен ортасына тигізетін әсер ықпалының жиынтығы. Биотикалық факторларға зоогенді (жануарлар әсері), фитогенді ( өсімдіктер әсері), микробогенді (микроорганизмдерді әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер (фитонцидтер) газ тәрізді заттар бөліп шығарады, ол микроорганизмдерге (бактериялар, саңырауқұлақтар) жойғыш әсер етумен қатар табиғи ортаны сауықтырады және тұрақтандырады. Ал неше түрлі вирустар мен микроорганизмдер өсімдіктердің жұқпалы ауруларын кең таратады.

Организмдер арасындағы қарым қатынас өте күрделі және алуан түрлі, оларды шартты түрде тікелей және жанамаға бөлуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықкроклиматтмиалады, өзінің тіршілігіне энергияны кейбр жнуарлар өсімдіктерді немесе басқа жауарларды жеу арқылы алады. Өз кезегінде олармен басқалар қоректенеді.

Жанамалық қарым қатынаста бір организмдер екіншілерге ортатүзушілік рөлді атқарады. Мысалы, орманда локалдық және әлемдік ортатүзуші функция бар, олар топырақты және суды қорғап отырады. Сонымен қатар, ормандағы ағаштардың морфологиясына байланысты пайда болатын ерекше микроклимат тікелей арнайы орман жануарларындіның, шөп өсімдіктерінің, мүктің өсіп дамуына жағдай туғызып отырады.

Б) антропогенді факторлардыбиотикалық фаткорлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан жақты ықпал етуіне байланысты ол жеке қарастырылады.

Антропогендік фаторлар дегенімз айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс әрекетінің тікелей немесе жанама әсері.

 

    Экологиялық факторлар әсеріне организмдерді жауап беру заңдылықтары.

Экологиялық факторлардың орагнизмге әсер етуі мен организмнің реакциясы бірдей болмайды.Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: бір фактордың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауа райының ылғалдығын төмендетеді.          Ю.Либихтың «минимум заңы» немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереже былай тұжырымдалады: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор.  Организмнің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шектеуші факторлармен қатар организмнің фаткорлар жиынтығына деген ең жоғары төзімділік қасиеті де болады. Ол В.Шелфордтың 1913ж толеранттылық заңына байланысты. «Экологиялық факторлардың минимумы ғана емес, оның максимумыда шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын яғни ағзаның белгілі бі факторға төзімділігін анықтайды.                                                                         Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес. Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше «эури» кең, «биос» тіршілік). Аз диапазонда бейімділетін ағзалар стенонобионттар деп аталады (грекше «стенос» тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық ортада қалыпты тіршілігін жалғастыра береді.

         

                                         Популяция туралы түсінік 

Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты.                                       Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.                                                      «Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.                                       «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.

Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ, бірқаылыпты, топтық болып бөлінеді.                                                                                                                  Іріктеп алу – популияция тығыздығын бағалауға арналған эксперименттер қатарын айтамыз.           Популияция саны – берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол ешуақытта тұрақты болмайды.    Популияция тығыздығы – популияция алып жатқан аудан және көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен анықталады.                                                                                                             Популияцияның белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады. Эталогия – жануарлардың мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.   


Информация о работе Особьтар экологиясы – аутэкология