Шарап өндірісіндегі биотехнология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 08:42, курсовая работа

Краткое описание

Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым) - тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.

Содержание

Кіріспе

1.Кәсіпорынның шығу тарихы

2.Негізгі бөлім

2.1.Биотехнология ғылымының даму тарихы

2.2.Шарап өндірісіндегі биотехнология

3.Жеке тапсырма

3.1.Шарап технологиясы

3.2. Шарап өндірісіндегі талаптар

4.Еңбекті қорғау

4.1.Кәсіпорындағы техника қауіпсіздігі

4.2. Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы

4.3.Өрт қауіпсіздігі

4.4.Қоршаған ортаны қорғау


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Биотехнология.doc

— 362.00 Кб (Скачать файл)

 

 

    3.2. Шарап өндірісіндегі талаптар

    Шарап өндіріснде жүргізілетін  негізгі және маңызды процестер:

     1) технологиялық жабдықты және мүкаммалды жөндеу, бояу және тексеру жүргізу;

      2) жүзіммен, ашытқымен, шараппен жанасатын жабдықтың бөлшегіне қорғаныш, тот басуға қарсы жабын жағу (егер олар ашытқыға және шарапқа тұрақсыз материалдан жасалған болса);

     3) шарап шаруашылығы өнімі үшін сыйымдылықтар дайындау және оларды жөндеу жұмыстарын аяқтау (темір-бетон және металл цистерналардың ішкі бетінің өнімге төзімді қорғаныш жабыны болуы тиіс);

    4) таразылар мен бақылау-өлшеу құралдарын, спиртке арналған өлшеу құралдарын, сондай ақ зертханалық жабдықты тексерістен өткізуді аяқтау;

     5) өңдеу пункттеріне жемістерді (жидектерді) тасымалдауға арналған көлік құралдары мен ыдыстарды дайындауды аяқтау;

    6) жемістерді (жидектерді) қабылдатын және өңдейтін үй-жайларды жөндеу жұмыстарын аяқтау;

   7) өндірісті барлық қажетті шикізатпен, қосымша материалдармен, реактивтермен және басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз ету қажет.

Негізгі талаптар:

 -  Сыйымдылықтырдың ішкі және сыртқы беттерін қорғау тот басуға қарсы жабынмен жүзеге асырылады.

 - Жүзімді жинау, тасымалдау және уақытша сақтау үшін таза, құрғақ, иісі жоқ ыдыстар пайдаланылады. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін ыдыс тазартылады, сумен жуылады және ерітіндідегі массалық шоғырлануы 0,1% күкірт диоксидінің ерітіндісімен дезинфекцияланады. Жүзімді кесу үшін пайдаланылатын құрал-сайман жуылады, кептіріледі және жеке жәшіктерде немесе шкафтарда сақталады.

- Шаң басуды болдырмау мақсатында жол, құрылыс және агротехникалық іс-шаралар аяқталғанға дейін жүзімді мен жемістерді жүзімдіктер мен бақшаларда тасымалдауға жол берілмейді.

- Микробиальды таза шараптан босатылған сыйымдылықтар люк жабық кезде 0,5%-1 % күкірт диоксидінің ерітіндісін немесе қолдануға рұқсат етілген басқа да препараттарды пайдалана отырып, ыстық және салқын сумен жуылуы тиіс.

- Технологиялық жабдықты және сыйымдылықтарды, стационарлық құбырларды, шлангілерді, шыны өткізгіштерді, сорғыларды және басқа да мүкаммалды өңдеу оларды өнімнен босатқаннан кейін бірден жүргізіледі. Технологиялық жабдықты жуылмаған күйде екі сағаттан атық қалдыруға жол берілмейді

- Ашытқыны және шарапты құю ливерлерді, шағын сорғыларды қолдана отырып немесе сифондарға сұйықтықты алдын ала құю арқылы жүзеге асырылады.

- Шарапты сары қанқызыл тұзбен өңдеуге тек қажетті өндірістік жабдығы және осы процестің жүргізілуіне сенімді бақылау жасауды қамтамасыз ете алатын қажетті өндірістік жабдығы және зертханасы бар объектілерде шарапты сары қанқызыл тұзбен өңдеу нұсқаулығын дәлме-дәл сақтаған кезде ғана жол беріледі.

- Техникалық құжаттарға сәйкес жартылай тәтті және жартылай құрғақ шарап өнімін минус (бұдан әрі «-») 2°С тан +8°С дейін, басқа типтегі шараптарды +8°С тан +16°С дейінгі температурада сақтауға жол беріледі.

- Шарабы бар шөлмектерді тығындарының кеуіп кетуін болдырмау және герметикалық қаптаманың бұзылмауы үшін көлденең күйінде сақтайды.

       Шараптарды сақтау температуралық-ылғалды режімі тұрақты, жасанды салқындатылмайтын, жылытылатын қараңғы қойма үй-жайларында жүзеге асырылады. Бұл ретте:

1) өнімнің бояғыш және басқа  да құнды заттарының бұзылуын болдырмау мақсатында боялған шарап өніміне күн сәулесінің тікелей түсуіне;

2) құрғақ шараптар -60С, күшті шараптар -80С-ден -100С дейінгі температурада  мұздайтын шараптардың қатуына  жол берілмейді. Сақтау кезіндегі  ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 85% аспайды, полиэтилен немесе металл қақпақтармен герметикалық жабылған шөлмектер үшін салыстырмалы ылғалдылықтың төменгі шегі маңызды емес.

Мыналарға жол берілмейді:

1) ғимараттардың, құрылыстардың аумағында  және объектінің үй-жайларында  объекті персоналының тұруы үшін тұрғын ғимараттарды немесе тұрғын үй-жайларды, объектімен байланысы жоқ жұмыстар мен қызметтерді ұсынуға арналған үй-жайларды, үй жануарлары мен құстарын қоректендіру жөніндегі пунктті орналастыруға;

 

2) ғимараттың жертөлелерінде және цокольды қабаттарында өндірістік қуаты жылына жүз мың декалитрден аспайтын сыра, алкогольсыз сусындар өндіру жөніндегі үй-жайлардан басқа, объектінің өндірістік үй-жайларын орналастыруға;

 

3) өндірістік үй-жайларда персоналға  арналған киім ауыстыратын орындарды орналастыруға;

 

4) технологиялық және тұрмыстық  ағын сулары бар аспалы кәріздеу  құбырларын жұмыс орындарының  және технологиялық жабдықтың  үстіне орнатуға;

 

5) тұрмыстық ағын суларды өндірістік  үй-жайлар арқылы бұру үшін  құбыр бағанасын жүргізуге;

 

6) өндірістік цехтар мен асханалардың  үстіне дәретханаларды, себезгілерді, кір жуу орындарын және жуынатын  бөлмелерді орналастыруға;

 

7) су құбырын және кәріздеуді  салқындату камераларының қоршау  конструкцияларында, сондай-ақ осындай  камералар мен тамбурлар арқылы жүргізуге;

 

8) сумен жылыту жүйесінің ыстық  суын технологиялық процестер, жабдықтар  мен үй-жайларды санитариялық  өңдеу үшін пайдалануға;

 

9) ашық технологиялық сыйымдылықтар  мен процестер орын алатын  өндірістік үй-жайларда тарату-сору  желдеткіш жүйесі ажыратылған кезде және ауа рециркуляциясы кезінде жұмыс жүргізуге;

 

10) ашық технологиялық процестері  бар технологиялық жабдықтың  үстіне шамшырақтарды қоюға;

 

11) жабдық қоршалған кезде оны  жөндеу жүргізуді қоспағанда, өнімді  әзірлеу кезеңінде үй-жайлардың жөндеу жұмыстарын және оларды дезинфекциялауды жүргізуге;

 

12) өндірістік үй-жайларда қосалқы  бөлшектерді, ұсақ бөлшектерді, шегелерді  сақтауға;

 

13) өндірістік үй-жайларда және  тоңазытқыштарда тамақ өнімдерін  өндіру кезінде пайдаланылмайтын өндірістік қалдықтарды, кез келген заттар мен материалдарды, оның ішінде жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Еңбекті қорғау

4.1.Кәсіпорындағы  техника қауіпсіздігі

        Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау» туралы заңы, 28 ақпан 2004 жыл № 528 - II, Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау облысында қоғамдық қатынастарды реттейді жэне еңбек ету процесінде жүмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі құқығын қамтамасыз ету мен сақтауға бағытталған. Бұл сала үлттық саясаттың негізгі принциптерін бекітеді, өндірістегі бақытсыз жағдайлар мен денсаулыққа келтіретін зияндарды ескерту мақсатымен және өндірістік факторлар келтіретін қауіпті, зиянды әсерлерді азайту үшін және иелік түрінен тәуелсіз барлық шаруашылық іс әрекеттер мен өндірістердің барлық түріне арналған.

       Еңбекті қорғау бүл, заңды және басқа да нормативті акттер негізіндегі әлеуметтік-экономикалық, үйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдік - профилактикалық іс шаралар мен қүралдарға сүйенген жүзеге асушы жүйе, еңбек процессінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығының сақталуын және оның жүмысқа қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Өндірісте, мекемелерде, кооперативтерде, фермерлік шаруа қожалықтарында және басқа да әр түрлі иеліктер мен шаруашылықтарда оның ішінде тәуелсіз жүмыс берушілер мен еңбектік қарым-қатынаста түратын барлық жүмысшылар еңбекті қорғау қүқығына ие; кооператив, орташа білім беретін мектептің оқушылары, өндірістік практика мен өндірістік оқудан өткен; әскери қызметпен байланысты емес жүмыстарға тартылған әскерилер; сот шешімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, жоғарғы үйымдар анықтаған өндірістегі жүмыс жасау кезінде және қоғам мен мемлекет игілігі үшін үйымдастырылған барлық іс шаралар түріне қатысушылар

    4.2. Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы

    Өндірістік санитария мынадай санитарлық жұмыстарды периодты түрде жүргізіп отыруды талап етеді, яғни күнделікті жұмыс орнында ылғалды уборка жүргізіп отыру, ал эстетикасы жұмыс орнын көру рецепторларының реакциясын есепке ала отырып дайындауды талап етеді, себебі жүмыс қалай болғанда да компьютермен байланысты болғандықтан, ал нақтырақ монитормен, ол өз кезегінде организмнің көру жүйесіне зиянды әсер етеді.

         Өндірістік санитария жұмыс алаңдарында зиянды өндірістік факторлардың әсерін тоқтататын ұйымдық, гигиеналық және санитарлы-техникалық іс шаралар мен қүралдар жүйесін береді.Автоматтандырылған жұмыс орындары орнатылған жүмыс жайларында олардың өлшемі (ауданы, көлемі) ең алдымен оларда орнатылған жэне жүмыс істейтін аппараттық қүралдар комплектісінің санына сэйкес келу керек. Оларда ауа температурасының, жарықтанудың, ауа тазалығының сэйкес параметрлері қарастырылады, өндірістік шудан изоляциялауды қамтамасыз етеді жэне т.с.с.

     Еңбектің қалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін санитарлық нормаларды бір жүмысшыға орнатады, жұмыс аумағының көлемі 15 м кем емес. Қабырға көтерілген немесе тұйық қоршаулармен салынған алаң жасанды жарықтанумен және жалпы алмастырғыш вентиляциямен қамтылғандықтан ауданы 4,5 м3 кем емес. Машиналар залы мен магнитті тасығыштар сақтайтын орындарға арнайы сұраныстар қойылған. Машина залының ауданы ЭЕМ-ң берілген типінің зауыттағы техникалық шарттарына сэйкес келуі керек. Көлеңке жақта орналасқан, яғни жарық аз түсетін жайларда жасанды жарық немесе араласқан жарықты қолданады. Сонымен қоса қосымша жасанды жарықтану тек қараңғы кезде ғана емес тәуліктің жарық кезінде де қолданылады. Жүмыс орнының рационалды түрде түстік дайындалуы еңбектің санитарлы-гигиеналық шартын жақсартуға, оның өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Жұмыс орнының бояу түсі адамның жүйке жүйесіне, оның көңіл күйі мен соңғы есепте еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді. Негізгі өндірістік жұмыс аумақтарын мақсатты түрде техникалық қүралдардың түсіне сэйкес бояу керек. Жүмыс аумағы мен жабдықтың жарықталуы жүмсақ, жылтырсыз болуы қажет.

 

        4.3.Өрт қауіпсіздігі

       Қауіпті құрылыс конструкциясының бөлме мекемесі Kl категорияға жатады (өрт қауіпсіздігі аз ). Себебі мұнда жанатын (кітаптар, құжаттар, мебельдер, оргтехника жэне т.б.) Жэне қиын жанатын заттар (сейфтер, әр түрлі құрылғылар және т.б.) Бұлар отпен әсерлескенде жарылыс тұғызбай жанады. Мекеменің конструкциясы бойынша оны жасанд немесе табиғи тас материялдарынан, бетоннан немесе темірбетоннан тұратын конструкцияға жатқызуға болады. Мұнан мекеменің құрылысын өрт қауіпіне байланысты төзімділігін III деңгейге жатқызамыз.

Өрт қауіпсіздігінің бөлімшесі Ф4.2 классқа жатқызуға болады.

Өрттің пайда болу себептері.Бөлме ішіндегі өрт жағымсыз жағдайларды тұғызуы мүмкін (қүнды информацияның қүртылуы, құндылықтардың өрттенуіне, адам өліміне жэне т.б.) Сондықтан бүл жағымсыз факторларды жою үшін істеу керек: өрттің пайда болу себептерін жою жэне алдын алу, мекемеде өрттің пайда болу жоспарынқүру мекемеден адамды эвакуациялау жоспарын құру керек.

 Өрттің пайда болу себептері  болуы мүмкін:

 

 Электроөткізгіштердің розетка  жэне қосқыштардың жөнделмеуі  немесе дұрыс істемеуі қысқаша  өшіп қалуын немесе изоляциядағы  соққының п.б. Тұғыздырады;

 

 Зақымдалған электрқүрылғыларды қолдану;

 

 Бөлмеде электр жылытатын  құрылғыларды қолдану;

 

 Мекемеге найзағайдың соққысынан  туындайтын өрттің п.б. Әсері;

 

 Сырқы әсерлердің салдарынан  мекеменің өрттенуі;

 

 Отты дұрыс пайдаланбау және  өрт қауіпсіздігін дұрыс ұстамау  жағдайы.

 

 

 

 

 

 

4.4.Қоршаған ортаны  қорғау

  Адамзат қоғамының мәдени дамуына байланысты тірі табиғат ортаға әсер ететін жаңа фактор пайда болды. Табиғатты қорғау, табиғи қорларды ұтымды қолдану еліміздегі ең маңызды мемлекеттік мәселелердің бірі болып табылады. Осы мәселелерді шешу халық шаруашылық жоспарларды ойдағыдай орындауға, қазіргі және келешек ұрпақтардың тұрмыстық халіне байланысты.

       Алдыңғы кезектегі мәселенің бірі ол ауаның , судың, топырақтың әр түрлі өнеркәсіптік және тұрмыстық ластану жолдарына берік тосқауылдар құру. Осыған байланысты кәсіпорын құрылысында қорғаныс ықпалы бар технологияны кең түрде қолдануы және де қоршаған ортаның шешімдерінің прогресшіл әдістері қарастырылған. Сонымен қатар газтазалағыштар және шаң ұстағыш құрал-жабдықтар дайындайтын заводтарды іске қосу әрекеті қарстырылған және де автоматтандыру құралдары мен приборлар өндірі, табиғи ортаның ластануын бақылау қолға алынған.

     Шарап жасау өндірісі бірталай су тұтынумен және көп мөлшерде ағын суларының түзілуімен байланысты.Шарап өнімдері өндірісінің технологиялық процестері су пайдаланумен байланысты. Басқа шарап зауыттарымен салыстырғанда оның шығыны онша үлкен емес, 200-500м³/тәу құрайды.

       Шарап зауытында ағынды сулардың үш категориясы түзіледі. Өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық және атмосфералық.

         Шарап жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарындағы жалпы су тұтыну ол технологиялық және шаруашщылық-тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалған су шығындарынан тұрады, ал соңғысына жұмсалатын су шығыны онша үлкен емес және біріншілей шарап жасау зауыттары үшін 1,0% құрайды.

   Цехтардағы негізгі су тұтыну көздері- қанттар мен жүзім сығымдыларын бөліп алу қондырғылары, жылуалмастырғыш аппараттар, пастеризаторлар, мұздатқыштар, бу қазандары, мұздатқыш-компрессорлы, қондырғылар, үздіксіз ашыту сызбалары. Шарап жасау саласының кәсіпорындарында тағамдық шаруашылық және көптеген өндірістік қажеттіліктері қолданылатын судың сапасының тузілуімен байланысты.

Информация о работе Шарап өндірісіндегі биотехнология