Шикізат материалдарының сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 12:03, контрольная работа

Краткое описание

Керамика деп "keramik" грек сөзі (керамос- саз деген сөден шыққан) - қыш өнері деген мағынада.Керамикалық деп әр алуан ылғалдықтағы,көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар,саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.Керамикалық бұйымдарды жасарда саздық массаны ,әдетте иілуі,жұмсақ саздан,каолиннен және жұмсақтылығы жоқ қоспалардан тұратын құрамалардан дайындайды.Саздық шикізаттың бір өзін керамика өндірісінде кең қолданады.Өнеркәсіптерде жасалынатын жалпы қабырға материалдар көлемінің жартысы керамикалық материалдар мен бұйымдар үлесіне тиеді.Соның ішінде күл керамикалық кірпіш кең қолданылады.

Вложенные файлы: 1 файл

очет.doc

— 232.50 Кб (Скачать файл)

Кесте – 1 жалғасы

 

 

өңдеу

ұнтақтау Жүгіртпе, дырчатты білік

Аралатырғыш және бумен ылғалдандырғы

анықталады.Массаны сүрту  және қосу қондырғыларының өлшемдерін анықтау

 Массаның ылғалдылығы  және оның температурасы анықталады, бу қысымы, мөлшерленген өлшемдерді сақтау, саз араластырғыштың тістерінің санын білу.

Қалыптау орны

Керамикалық массаны  дайындау және шикізатты қалыптау

Ленталы немесе құбырлы  пресс

 

Саздымасса

 

 

 

Су

Мондштуктың өлшемі, сиретілген вакуум камера, төсеу автоматының  жұмысы

 

Саздымассаның температурасы, брустың немесе лентаның ылғалдылығы,

 

Судың температурасы

Кептіру

Кептіру

Кептіргіш қондырғы

Шикізаттың жүктеме  және күштің периодтылығын және дұрыстығын,

Күйдіру

Күйдіру

Күдіргіш пеш

 

 

 

Күйдіру

Пештің вагонеткаларына  дұрыс орналастырылуы,шикізаттың ылғалдылығын білу

 

Температуралық режимді  тексеру, газды отынның пайдалануының  дұрыстығы, газдың талдау, циклдың ұзақтығы

Дайын өнім қоймасы

Қоймада сақтау

Қойылатын аудан

Бұйымдардың  сапасын  сынауға үлгі алынады, және маркасын, су сіңіргіштігін және аязға төзімділігі анықталады, содан кейін қолдануға беріледі.


 

                                                                              

        10.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері

 

         Еңбек туралы заң негіздеріне  сәйкес  барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында да әкімшілік еңбектің қауіпсіздік  жағдайлары жасауы тиіс. Әкімшілік өндірістік жарақаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік  техникасының  осы заманғы құралдарын  енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің  кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитардық гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті, әкімшілікке  барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен  қамтамасыз ету және  бұл орындарда еңбекті  қорғау жөніндегі ережелерге  сай келетін жұмыс жағдайларын  жасау жауапкершілігі жүктеледі. Мұндай ережелерді кәсіподақ келісімі бойынша бекітеді. Әкімшілік  жұмысшылар мен қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы, өндіріс тазалығы, өрттен сақтану және еңбекті қорғаудың басқадай ережелері бойынша  нұсқау беруге жауапты, сонымен қатар еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулардың барлық талаптарын қызметкерлердің орындауын тұрақты түрде бақылап отырады.

         Ережелер бойынша жұмысшылар  жұмыс істеу ережесін белгілейтін еңбек қорғау жөніндегі  насқауларды, сонымен бірге машиналар мен және механизмдермен  жұмыс істеудің белгіленген  жеке қорғану құралдарымен пайдалану талаптарын орындауға міндетті.                                                                               

        Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше температура  жағдайында  немесе лас жұмыстарда  істейтін  жұмысшылар мен қызметкерлерге  белгіленген норма бойынша тегін  арнайы киім, арнаулы аяқ киім  және басқа жеке қорғану құралдары  беріледі.

        Жұмысшылар өздерінің  еңбек  міндетін атқаруына  байланысты  мертіккенде немесе денсаулығына  басқадай залал келгенде  Ережелер  бойынша кәсіпорындарға, мекемелер  мен ұйымдарға материалдық жауапкершілік  жүктеледі.

           Қазіргі іс жүзіндегі ережелер бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастыруға  басшылық ету және жауапкершілік  әкімшілікке жүктеледі.

          Қауіпсіздік техникасына жауапты  адам өндірістік учаскелердің  жетекшілері және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып еңбек жағдайын  жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерін алдын-алу жөніндегі күнделікті  және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер-техникалық жұмысшылардың  еңбек қорғау және қауіпсіздік  техникасы мәселесі бойынша  оқуын ұйымдастырады, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге нұсқау береді, және т.б.

       

 

       11. Қоршаған ортаны қорғау

 

        Жаңа өнеркәсіптерді жобалағанда  атмосфералық тазалықты қамтамасыз  ету үшін атмосфераны атмосфераны  ластайтын көздердің әрбірінің  орнатылған тектік рұқсат етілген  шығару және қоршаған ортаға  экономикалық шығынның үлкен  маңызы бар. 

        Қоршаған ортаны ластау көзі болып технологиялық процестер жүргізілетін өнеркәсіптер мен жеке құрылыстар табылады Жоғары температураға төзімді бетон шығаратын зауыттар санитарлы – гигиеналық талаптарды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ететін өндіріс орындарының қатарына жатады. Өйткені бұл еңбек өнімділігін арттырумен қатар әр жұмысшының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

         Санитарлы – гигиеналық талаптарды  қамтамасыз ететін жағдайлар  кірпіш  өндірісі зауыттарының  проектісі жасалғанда ескеріледі және зауыт қызмет ете бастағаннан бастап қатаң орындалады.

        Техникалық жағдайға сай қақпалардың  ашық болу уақыты ұзақ болатын  (қырық минуттан жоғары) цехтарда  немесе температура 20оС – ден төмен аудандарда ауалық аспалар болу керек. Қалған өндірістік немесе көмекші ғимараттарда табиғи немесе жасанды желднту системаларын қарастыру керек.       

             Бұл ережелерде толық зауытқа қойылатын талаптар ғана емес, сонымен қатар әр цехқа, технологиялық процеске, тасымалдау құрылғыларына, цехтарды табиғи және жасанды жарықтандаыру құралдарына, жылыту және желдету құралдарына қойылатын талаптар көрсетілген.

            Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында да әкімшілік еңбектің қауіпсіздік жағдайлары жасауы тиіс. Әкімшілік өндірістік жараңаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік техникасының осы заманғы қүралдарын енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті, әкімшілікке барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және Бұл орындарда еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайларын жасау жауапкершілігі жүктеледі. Мұндай ережелерді кәсіподақ келісімі бойынша бекітеді.

Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше температура жағдайында немесе лас жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке кррғану күралдары беріледі.

Зиянды қоспалар бөлінетін  кезде ауаны ластаудан сақтау үшін:

а) құрылғылар, приборлар  және өзге де  құралдар оқшаулану  керек

б) қолдану кезінде  ылғал бөлетін құрал жабдықтар  арнайы жабынмен жабылу немесе оқшаулану  керек

в) шаң – тозаң болу арқылы өтетін техникалық процестер адамдардың қатысуынсыз өтетіндей болып оқшаулану керек, ал техникалық процестерден бөлінетін тозаң, бу, зиянды газдар атмосфераға бөлінер алдында залалсыздандырылу керек.

        Бұйымды қалыптау дауыс сигнализация қосылып тұрғанда жүргізілу керек. Бұйымды кептіру кезінде пештен жылудың шығуына жол бермеу керек және бұйымды алып – салу автоматты траверса көмегімен іске асырылу керек.

Жаңа өнеркәсіптерді жобалағанда атмосфералық тазалықты  қамтамасыз ету үшін атмосфераны ластайтын көздердің әрбірінің орнатылған тектік рұқсат етілген шығару және қоршаған ортаға экономикалық шығынның үлкен маңызы бар.

Қоршаған ортаны ластау көзі болып технологиялық процестер  жүргізілетін өнеркәсіптер мен жеке құрылыстар табылады. 

Кіргізілетін және шығарылатын  каналдардың жабындары және люктері  герметикаға берік болуы тиіс. Шиберлердің герметикаға берік  гидравликалық және басқа ысырмасы болуы тиіс.

Кіріс және шығыс каналдарға және суық ауасы бар газдарды араластыру камерасына адамдардың түсуі жанып жатқан оттың толығымен тоқталуы кезінде және ішіндегі температураның 60°С-дан артық болмауы кезінде оқшаулағыш немесе құбыршекті газқағарды міндетті түрде қолданған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Камералардағы каналдар тиеушілердің жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабындымен жабылған болуы тиіс. Түзетілген жабындысы бар камералардағы жұмысқа тыйым салынады.

Кептіргіш камералар  камералардың сыртында орнатылған электр шамдарының камераларының есіктеріндегі  ойықтары арқылы жарықтандырылады.

Камералардың сорғыш желдеткіштерінің тоқтап қалуы және жеткілікті жасанды тарту болмаған жағдайда, айдайтын желдеткіштер тез  арада тоқтатылуы тиіс.

Камералар мен кептіргіш  үңгіртастарды кемінде маусымына  бір рет техникалық бақылаудан өткізіп, әрбір камераның жағдайы жөнінде акт толтыру қажет. Олқылыққа ие камералар мен үңгіртастарда жұмыс жүргізуге тыйым салынады.

Туннелді пештерінің жұмыс істеу барысында келесі қауіпсіздік шараларына көңіл бөлу керек:

-туннелді пештің бүкіл  ұзындығы бойынша басқа өндірістік аймақтардан оқшауланған орында орналасуы тиіс.

- бұйымдарды түсіру  орнындағы және күйдіру аймағына  қарама-қарсы туннелді пештерінің  арасындағы кіріс жерлердегі  ауа температурасы 35°С-дан артық  болмауы тиіс.

- пештің есіктер жабық  болуы тиіс, оларды вагонеткаларды итерген кезде ашу қажет. Пештердің есіктері еркін ашылуы тиіс.

- туннелді пештері  екі тарапты жарық немесе дыбыстық  дабылмен жабдықталуы тиіс.

- есіктің жанындағы  қарама-қарсы салмақтар қоршалған  болуы тиіс.

- пеш вагонеткалары қалыпты жағдайда болуы, еркін айналатын дөңгелектері болуы және металдан жасалған аркастың жылу оқшаулағыш болуы тиіс.

- жылжымалы тасымалдаушы  арба дабыстық дабылмен жабдықталуы  тиіс.

- пештегі күйдіру процесін  бақылау терезеден кемінде 0,5 м қашықтықта қорғаныс көзәйнектерімен ғана «көретін саңылау» арқылы жүзеге асырылады.

- көз деңгейінен жоғар  биіктікте орналасқан «көретін  саңылаулар» арқылы пешке бақылау  жасау үшін қолайлы металдан  жасалған сатыны пайдалану қажет. 

- «Көретін саңылауларды»  металдан жасалған ілгектердің көмегімен, ашылатын қондырғыға қырынан тұрып ашу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Батыс Қазақстан құрылыс  материалдар корпорация мекемесінен диплом алды сараманнан өту барысында мекеменің қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы инструктаждан өтіп, зауытпен, соның ішінде №1 цех жұмысымен таныстым.

диплом алды сараман дәлірек №1 цехқа қарасты техникалық бақылау және сапа бөлімінің химиялық зертханасында өтті. Зертханада жұмыс жасау барысында мен силикатты кірпіштің сонымен қатар сазды кірпіштің физика-химиялық қасиетін анықтауды уйреніп, силикатты және сазды кірпіштің алыну технологиясы және құрал-жабдықтармен таныстым.Сапалы силикатты және сазды кірпіш алу үшін оның бастапқы шикізатының сапасы маңызды болғандықтан, зертханада осы шикізаттарға, құм мен әк, сазға сынақтар жасалынды. Құмның түйіршіктерінің өлшемдері мен құрамындағы бос жыныстар мен саздың болу дәрежесін анықтасақ, әктің белсенділігі мен сөнбеген дәндер мөлшерін анықтау жұмыстарын жүргіздік.Сонымен қатар, дайын силикатты және сазды кірпіштің аязға тұрақтылығын, су сіңіргіштігін, ылғалдылығын, беріктілігін, сазды кірпіштің отқа төзімділгін анықтадық. Сынақ нәтижелері бойынша нақты материалдың қасиеттері анықталып, маркасы белгіленеді. Материалдың маркасын дұрыс белгілеу арқылы оны құрылыс салаларында дұрыс қолдануға қол жеткіземіз.

 Керамикалық бұйымдар құрылыс конструкцияларында кең көлемде пайдаланылады. Соның ішінде керамикалық кірпіш түрлі қабырғалық, қабеттік, бағаналар және тағы басқа көтергіш конструкцияларда пайдаланылады. Пластикалық әдіспен алынған керамикалық кірпіш экономикалық жағынан өте тиімді, жоғары сапалы және жоғары қасиеттерге ие.

 


Информация о работе Шикізат материалдарының сипаттамасы