Химияляқ қару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 14:09, реферат

Краткое описание

Жаппай қырып-жоятын қарулардың барлық түрлерiне тыйым салу мен оларды жоюды қоса алғанда, қатаң және тиiмдi халықаралық бақылау мен жаппай және толық қарусыздану бағытында тиiмдi прогреске қол жеткiзу мақсатында батыл iс-әрекет жасауға бел буып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерiн iске асыруға үлес қосуға тiлек бiлдiре отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1925 жылғы 17 маусымда Женевада қол қойылған Соғыста тұншықтыратын, улы немесе осы секiлдi басқа да газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы хаттаманың (1925 жылғы Женева хаттамасы) принциптерi мен мақсаттарына қайшы келетiн барлық iс-әрекеттi әлде неше рет айыптағанын еске ала отырып,

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Химиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдай
2. Химияляқ қару.
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУДЫ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР.docx

— 36.03 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

 

1. Химиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдай

2. Химияляқ қару.

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Кiрiспе

    

         Жаппай қырып-жоятын қарулардың барлық түрлерiне тыйым салу мен оларды жоюды қоса алғанда, қатаң және тиiмдi халықаралық бақылау мен жаппай және толық қарусыздану бағытында тиiмдi прогреске қол жеткiзу мақсатында батыл iс-әрекет жасауға бел буып,      

 Бiрiккен Ұлттар Ұйымы  Жарғысының мақсаттары мен принциптерiн  iске асыруға үлес қосуға тiлек  бiлдiре отырып,      

 Бiрiккен Ұлттар Ұйымы  Бас Ассамблеясының 1925 жылғы 17 маусымда  Женевада қол қойылған Соғыста  тұншықтыратын, улы немесе осы  секiлдi басқа да газдар мен  бактериологиялық құралдарды қолдануға  тыйым салу туралы хаттаманың (1925 жылғы Женева хаттамасы) принциптерi мен мақсаттарына қайшы келетiн  барлық iс-әрекеттi әлде неше рет  айыптағанын еске ала отырып,     

 осы Конвенцияның 1972 жылғы  10 сәуiрде Вашингтон, Лондонда  және Мәскеуде қол қойылған 1925 жылғы Женева хаттамасының және  Бактериологиялық (биологиялық) және  токсиндiк қаруды әзiрлеуге, оның  өндiрiсiне және запастардың жиналуына  тыйым салу туралы және оларды  жою туралы конвенцияның принциптерi мен мақсаттарын, сондай-ақ олар  бойынша алынған мiндеттемелердi тағы да растайтындығын мойындай  отырып,  
      Бактериологиялық (биологиялық) және токсиндiк қаруды әзiрлеуге, оның өндiрiсiне және запастардың жиналуына тыйым салу туралы және оларды жою туралы конвенцияның IХ бабында бекiтiлген мақсатты еске ала отырып,  
      осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру арқылы химиялық қаруды қолданудың мүмкiндiгiн бүкiл адамзаттың мүддесiнде толық болдырмауға, осымен 1925 жылғы Женева хаттамасы бойынша қабылданған мiндеттемелердi толықтыра отырып батыл iс-әрекет жасауға,      

 тиiстi келiсiмдер мен  халықаралық құқық принциптерiнде  бекiтiлген соғыс жүргiзу құралы  ретiнде гербицидтердi пайдалануға  тыйым салуды мойындай отырып,      

 химия саласындағы  жетiстiктер тек адамзат игiлiгiне  ғана пайдаланылуы тиiс деп  санап,      

 осы Конвенция бойынша  тыйым салынбайтын мақсаттарда,  барлық қатысушы мемлекеттердiң  экономикалық және техникалық  дамуын жеделдету үшiн химикаттар  мен еркiн сауданы, сондай-ақ  халықаралық ынтымақтастық пен  ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасуды  көтермелеудi тiлей отырып,      

 химиялық қаруды жасауға,  өндiруге, сатып алуға, қорландыруға, сақтауға, беруге және қолдануға  толық және тиiмдi тыйым салынуы  және оны жоюдың осы жалпы  мақсаттарға қол жеткiзу жолында  қажет қадам екендiгiне кәмiл  сене отырып,      

 төмендегi туралы келiстi:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУДЫ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

Шетел армиясының әскери мамандарының көзқарасы бойынша химиялық қарудың  неғұрлым басты қағидаларына шабуылдың  тұтқиылдығы мен химиялық соққының жаппай қолданылуы жатады.

Тұтқиылдыққа жетудің  басты шарттарына мыналар жатады: басшылықтың химиялық қаруды қолдану  туралы ойын құпияда ұстау; оны қолдануға  дайындықтың жасырын жүргізілуі; оперативті бүркемелеу, қарсыласқа жалған ақпар беру шараларын жүзеге асыру; химиялық қару қолдануға дайындық мерзімін қысқарту, қарсылас күтпейтін және қорғанысқа дайын емес кезінде химиялық соққы беру үшін уақытты таңдау. 
Химиялық соққылардың бүркемеленуі дегеніміз – басты бағыттарда мейлінше маңызды аудандар мен объектілерге химиялық соққы беру үшін күш-құралдардың көп бөлігін шоғырландыру және оны ұрыс қимылдарының барысына елеулі ықпал ететін нәтижелерге жету мақсатында ұрыстың шешуші кезінде қолдану.

Шетел армиясындағы әскери мамандардың пікірі бойынша химиялық қаруды мақсатына сай жеткізудің мынандай тәсілдері болуы мүмкін:

  • атыс шабуылы және артиллерия мен минаатардың әдістемелік әдісі;
  • реактивті артиллерия дүркіні;
  • «Жер-Жер» және «Әуе-Жер» класындағы ракеталардың дербес және топтық жіберілуі;
  • авиациямен химиялық бомбалар және бомбалық кассеттерді топтық қолдану;
  • ұшу аппараттардың кассеталық қондырғылардан аз габаритті бомбалармен ату;
  • авиациялық суғару аспаптарынан фитотоксиканттар және УЗ-мен суғару;
  • авиациялық ыдырату аспаптарынан токсиндер және УЗ-ды ыдырату;
  • химиялық фугастар өрісін жару;
  • аэрозольді генераторлар көмегімен УЗ-ды шығару;
  • гранаттарды және патрондарды гранататқыш көмегімен немесе қолмен лақтыру.

НАТО құрамындағы мемлекеттер армиясында химиялық қаруды мақсатына сай жеткізу тәсілдері келесі төрт тапсырма топтарының шешімін қарастырады:

  • тірі күшті зақымдау;
  •  
    адамдардың зорығуы;
  •  
    қарсыластың маневр жасауы мен ұрыс әрекеті түрлерін қиындату мақсатында жергілікті жер мен түрлі объектілерді улағыш заттармен зақымдау;
  • тыл жұмыстарын тарату.

Аталған міндеттердің дамуы жоғары токсинді УЗ мен токсиндердің, жаңа типті оқ-дәрілердің пайда болуына және қару-жарақ тиімділігі мен сапасы деңгейінің өсуіне байланысты жаңа сапаға ие болды. 
Тірі күштің химиялық қарумен зақымдануы қарсыластың ұрыстық мүмкіндіктерін төмендету немесе қызметін тоқтату мақсатында оны қатардан тікелей шығаруды білдіреді.

Адамдардың зорығуы – бұл қарсыластың тірі күшін қорғану құралдары және бойтасамен ұзақ уақыт пайдалануға мәжбүр ету және оның улағыш заттармен зақымдануы.

Жергілікті жер учаскелерінің УЗ-мен зақымдануы қарсылас әскерлерінің онда әрекет жасауына және қару-жарақ пен әскери техниканы қауіпсіз пайдалануға қиыншылық тудырды.

Тыл жұмыстарын таратудың мақсаты - әскерлердің оқ-дәрілермен, тамақ өнімдері және басқа материалдық құралдармен жабдықтау жүйесін қиындату; қарсылас әскерлерінің бекітілген өміршеңдігін бұзу. 
Әскерлердің бүркемелену және қорғану жағдайын бағалау кезінде қорғаныштықтың үш дәрежесі болады – жоғары, орташа және әлсіз, олар келесі сапалы белгілермен сипатталады:

Жоғары – жеке құрам қорғану құралдарын пайдалануға жақсы үйретілген; жеке құрамның едәуір бөлігін бүркемелеу үшін паналар жабдықталған; газтұмылдырықтың алдыңғы жағының түзулігі мен қорғану құралдардың жағдайы жүйелі бақыланады; жеке құрамның жай-күйі жақсы; 
Орташа - жеке құрам қорғану құралдарын пайдалануға қанағаттанарлық дайындықта; оның едәуір бөлігі қайта жабылған траншеяларда орналасқан; газтұмылдырықтың алдыңғы жағының түзулігі және қорғану құралдарының жағдайын бақылау екі-үш тәулікте бір өткізіледі; жеке құрамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық;

Әлсіз - жеке құрамның қорғану құралдарын пайдалану дайындығы төмен; газтұмылдырық алдыңғы жағының түзулігі мен қорғану құралдарының жөндемділігін бақылау бірнеше тәуліктік өткізілмеді; жеке құрамның орналасуы – ашық жерде немесе ашық траншеяларда; жеке құрамның қатты шаршағаны білінеді.

Соғыстардың бүкіл тарихы бойында  соғысушы тараптар әртүрлі улы заттарды қолданған немесе қолдануға әрекеттенген. Ежелгі Қытайда қарсыласты зақымдауға кәдімгі әк пайдаланылған. Әк шаңы көзді  зақымдаған, ал сумен қосылғанда улы  газ шығарған. Ежелгі соғыстарда денсаулыққа  зиянды басқа да заттар қолданылған. Снарядтарға әртүрлі шайырлар, өсімдік  улары, күкіртті мышьяк қосқан. Бұлар  көз бен теріні зақымдаған, кей  жағдайда тыныстау не жүрек қан тамыры жүйесі органдарын кеселге ұшыратқан.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында 1915 ж 22 сәуірде Ипр өзені ауданында (Бельгия) неміс әскерлері қарсыластарына қарсы улы газ – хлорды қолданды. Жел айдаған сұр-жасыл тұман  Француз шептеріне тарады. Сарбаздар  мен офицерлер тұншыға бастады: Газ тыныс алу жолдарын күйдіріп, қатты жөтелтіп, тұншықтырды. Осының салдарынан 15 мыңнан астам Француз  солдаты қатты уланып, олардың 5 мыңға  жуығы қайтыс болды. Неміс әскерлері  майданды бұзып өтті. Бір айдан  кейін немістер орыс әскерлеріне  қарсы газ шабуылын қолданды. 9 мың  адам уланып, олардан 1,2 мың адам қаза тапты.

1916 ж. Француз армиясы неміс  әскерлеріне қарсы синил қышқылын  ұрыстық уоағыш зат ретінде  алғаш рет қолданды. Екінші дүниежүзілік  соғыс уақытында фашистер оны  газ камераларында адамдарды  қыруға пайдаланды. Бұл үшін улы заттар метилдік “А” циклоны мен этилдік “Б” циклон пайдаланды. 
Соңғы жүзжылдықта әскерлер кейбір тропиктік елдердің тұрғындары қолданылатын әртүрлі психостимулдық өсімдіктерге назар аударды: бетель, үнді коноплясы (марихуана) және т.б. Оларды шамадан көп пайдаланса, ауыр психологиалық кінәраптарға шалдығады, тіпті,өліп те кетеді. Осының өзі улағыш заттардың жаппай жою құралдары бола алатын жаңа түрлерін жасап шығаруға негіз болды.

Химияляқ қару.

Бұл улағыш улағыш заттар мен оларды қолдану құралдары. Улағыш заттар деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады. Улағыш заттар химиялық химиялық қарудың негізін құрайды да, шетелдік мемлекеттер армияларының қару-жарағына кіреді. Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады: 
1) жүйке жансыздандыратын;

2) теріні іріңдеткіш;

3) жалпы улы әсерлі;

4) психохимиялық;

5) тітіркендіргіш;

Зақымдаушы әрекетінің басталуының  жылдамдығына қарай УЗ

өлтіретін,саптан шығаратын және қысқа  уақытқа шығаратын УЗ болып бөлінеді. 
Ұрыстық қолдану сәтінде УЗ бу тәрізді (газ), аэрозольдық (түтін, тұман, сіркіреу) не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс органдары, кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы, ал зақымдалған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан – ішек жолы арқылы зақымдайды. 
Ондаған жылдар бойында химиялық қаруды қолдануға тиым салмақ әрекеттер талай рет жасалды. Бірқатар халықаралық конвенциялар мен шарттар осыған бағытталды. 1993 ж. қаңтарда Парижде химиялық қаруды талдап – жасауға тиым салу және оны құрту туралы Халықаралық конвенция жасалды. Сөйтсе де Жер шарында ол әзірше өте көп. Демек, оның қолданылу мүмкіндігі де жойылған жоқ.

Улағыш заттарды топтастыру.

Жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ:

VX (ви — икс), зарин, заман.

Зарин- түссіз не сарғыш зат. Иісі жоқ, қыста қатпайды. Қай қатынаста болсын сумен, органикалық еріткіштермен араласады, майларда жақсы ериді. 
Ви – икс (VX) –ұшпалы емес, түссіз сұйық, иісі жоқ, қыста қатпайды. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзім- 6 айға децін зақымдайды. Негізгі ұрыстық күйі ұсақ дисперсті аэрозрль.

Заман қасиеттері жағынан зарин  мен ви – икс аралығындағы жағдайда. Ағзаға қай әдіспен түскенде де адамды зақымдайды.

Олар бу тәрізді және тамшы –  сұйық күйде болуы мүмкін, ағзаға тыныс органдары, тері, асқазан –  ішек жолы арқылы тамақпен және сумен  бірге түседі, жүйке жүйесін зақымдайды. Тұрақтылығы жазда – қыста бірнеше апта не бірнеше ай. Бұл УЗ ең қауіптілері: адамдардызақымдауға өте аз мөлшерінің өзі жеткілікті. Жеткізу құралдары: артиллерия, ракеталар және тактикалық авиация.

Зақымданғандық белгілері: түкірік  тоқтамау, қарашықтың таралуы (миоз), тыныстаудың  қиындауы, жүрек айну, құсу, іш өту, паралич, қорқыныш және естен тану сезімі, бірнеше  сағатқа созылып сіңірлердің  тартуы. 
Жекелей қорқыныш құралдары ретінде противогаз, қорғаныш киім және пана. Зақымданғанда алғашқы көмек көрсету үшін противогаз кигізіп, шприц – сықпа арқылы антидат енгізеді. Асқазанға түскен жағдайда құстыру керек, мүмкіндігі болса 1% ас содасы ерітіндісімен не таза су ішкізіп шаю қажет, көз зақымдалса, 2% ас содасы ерітіндісімен не таза сумен жуу керек.

Тері – іріңдік әрекетті УЗ: иприт, люизит.

Иприт – аздап сарғыш не қара – қоңыр, сарымсақ, не қыша иісі шығып тұратын, органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін сұйық. Иприт төңіректі жазда 2 тәулікке дейін, қыста 2 – 3 апта зақымдай алады. 
Иприттің тән ерекшелігі білдірмей әрекет ететін кезеңі болады (зақымдану бірден емес, біраздан соң, 2 сағ. және одан да көп өткеннен кейін білінеді). Белгілері: тері қызарады, ұсақ қалдырғандар шығып, кейін тұтасып барып жарылады да, жазылуы қиын жараға айналады. Иприт буы әсіресе көзге зиянды. Көзге әсері әуелде бірдеңе түскендей болып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, бұдан әрі көз бен қабақтың кілегейі ісініп қатты былшықтанады. Асқазан – ішек жолына түссе, 30-60 м. кейін асқазан қатты ауырады, түкірік көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді.

Люизит- қазтамақ жапырағының иісі бар қара- қоңыр майлы сұйық. Токсиндігі жөнінен иприттен үш есе асып түседі. Ағзаға түскеннен кейін, зақымдану белгілері білінеді: әуелі жөтелтеді, түшкіртеді, мұрыннан су ағады, жүрек айниды, бас ауырады, дауыс шықпай қалады, құстырады, әл құриды. Көзге тисе 7-10 тәуліктен кейін көрмей қалады, тері күйеді. Люизитпен қатты уланған адам өледі. Әскерилер люизитті “өлім шығы” деп атайды.

Информация о работе Химияляқ қару