Кальций және магнийді бірге болғанда параллельді титрлеу әдісімен комплексонометрлік анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 18:06, реферат

Краткое описание

Кальций мен магнийдің этилендиаминтетраацетаттарының тұрақтылық константалары 2 өлшемге дейін айырмашылығы болғандықтан: lg KСa = 10,7; lg KMg = 8,7 оларды бөлек титрлеуге болмайды.
Кальций мен магнийді бірге болғанда анықтаудың негізі мынада, алдымен ерітіндіні хром қара көк индикаторы қатысында рН 10 кезінде титрлеп, Сa2+ және Mg2+ жалпы мөлшерін анықтайды. Басқа аликвотты бөлікке NaOH қосып, рН >12 жасайды, магнийді гидроксид түрінде тұндырып, хром қара көк индикаторы қатысында кальцийдің мөлшерін комплексонометрлік титрлеу жолымен анықтайды. Осы екі анықтаудың айырмасы бойынша Mg2+ мөлшерін табады.

Вложенные файлы: 1 файл

Кальций және магнийді бірге болғанда параллельді титрлеу әдісімен комплексонометрлік анықтау.doc

— 202.50 Кб (Скачать файл)

Кальций және магнийді бірге  болғанда параллельді титрлеу әдісімен комплексонометрлік анықтау

 

Кальций мен магнийдің этилендиаминтетраацетаттарының тұрақтылық константалары 2 өлшемге  дейін айырмашылығы болғандықтан: lg KСa = 10,7; lg KMg = 8,7 оларды бөлек титрлеуге болмайды.

Кальций мен магнийді бірге болғанда анықтаудың негізі мынада, алдымен ерітіндіні хром қара көк индикаторы қатысында рН 10 кезінде титрлеп, Сa2+  және Mg2+ жалпы мөлшерін анықтайды. Басқа аликвотты бөлікке NaOH қосып, рН >12 жасайды, магнийді гидроксид түрінде тұндырып, хром қара көк индикаторы қатысында кальцийдің мөлшерін комплексонометрлік титрлеу жолымен анықтайды. Осы екі анықтаудың айырмасы бойынша Mg2+ мөлшерін табады.

 

Жұмыс барысы

 

Кальций мен магнидің жалпы мөлшерін

Есеп ерітіндісін өлшем колбасында дистильденген сумен белгісіне дейін жеткізеді де, жақсылап араластырады. Анализденетін ерітіндінің аликвотты бөлігін титрлеуге арналған конусты колбаға құйып, 10 мл рН 10 буфер ерітіндісін, 50 мл дистильденген су, 3-5 тамшы хром қара көк индикаторын қосады да, титранттың бір тамшысынан ерітінді түсі қызыл шарап түстен көк түске ауысқанша комплексон ΙΙΙ ерітіндісімен титрлейді. V1 көлемді жазып алады.

 

Кальцийді анықтау

Анализденетін ерітіндінің аликвотты  бөлігін титрлеуге арналған конусты колбаға құйып, сахарозаны шпательдің ұшымен салады, 6-8 мл 2 н NaOH, 3-5 тамшы хром қара көк индикаторын қосып, титранттың бір тамшысынан ерітінді түсі қызыл шарап түстен күлгін түске ауысқанша комплексон ΙΙΙ ерітіндісімен титрлейді. V2 көлемді жазып алады.

 

Магнийді анықтау

Mg2+ титрлеуге кеткен титраннтың көлемін рН 10 және рН 12 кезінде титрлеуге жұмсалған комплексон ΙΙΙ –тің көлемдерінің айырмасы бойынша есептейді, яғни  V2 - V1

 

Ескерту: Эквивалент нүктесінің маңында индикатордың түсі баяу өзгереді, содықтан баяу титрлеп және араластыру қажет.

 

Нәтижелерді есептеу

Кальциий (г) мен магнийдің (г) мөлшерін келесі формулалармен анықтайды:

 

Мұнда С (К- ΙΙΙ) - комплексон ΙΙΙ –тің молярлы концентрациясы;

V1 – Сa2+  және Mg2+ жалпы мөлшерін титрлеуге кеткен комплексон ΙΙΙ –тің көлемі;       

V2 - Сa2+ титрлеуге кеткен комплексон ΙΙΙ –тің көлемі;

Vм.к. – есебі бар өлшем колбасының көлемі;

Vaл. – есептің аликвотты бөлігінің көлемі.


Информация о работе Кальций және магнийді бірге болғанда параллельді титрлеу әдісімен комплексонометрлік анықтау