Қаржылық бақылау түсініг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 14:05, реферат

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
І Бөлім. Қаржылық бақылау түсінігі……………………………………………4
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы………………………………4
ІІ Бөлім. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері…………………7
2.1.Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.………………………………… 7
2.2.Қаржылық бақылаудың әдістері……………………………………… 13
ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру.………………………………16
3.1. Аудиторлық бақылау……………………………………………………16
3.2. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі.…………………………24
Қорытынды ……………………………………………………………………26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………………27

Вложенные файлы: 1 файл

51__-_.doc

— 197.00 Кб (Скачать файл)

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:

  • тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру);
  • инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру);
  • қадағалау (кәсіпорынның қаржы – қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу),
  • тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру);
  • қарап шығу;
  • қаржы жоспарларының жобалары;
  • өтінімдері;
  • қаржы – шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау;
  • баяндамаларды тыңдау;
  • лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары.

Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.

Аталған жалпы әдістер  түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары  өзінің жұмысын жоспарлап бойынша  жүргізді. Жоспарлар тексерулер мен  тексерістердің белгіленген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудит органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.

Тексерулердің тікелей  предметі табыс, қосылған құнға салынатын  салық, пайдалылық, өзіндік құн, айналыс  шығындары, әр түрлі мақсаттар мен  қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып  табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы – кредит өзара байланыстарының механизмін қамтиды.

Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (баспа-бас айырбас мәмілелері, т.б.) жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.

Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.

Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше  әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары:

  • тексеру
  • экономикалық талдау
  • тексеріс ревизия.

Шоттық тексеру –  бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын  тексеру.

Тақырыптық тексеру  – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық – қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.

Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық –  қаржы қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.

Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізіледі.

Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша  немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің  жеке жағымен учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.

Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс –  кейінгі келесі бақылаудың кешенді  әдісі және өткен белгілі бір  кезендегі шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық  жақтары мен учаскелерін мұқиат зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық  қарап шығу. Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі ішінара  тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық  белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешенді болуы  мүмкін.

Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.

Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді.

Толық тексеріс деп белгілі бір  кезендегі шаруашылық жүргізуші  субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді  айтады.

Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы шығындар мен шығыстарды тексеру) бағытталады.

Тақырыптық тексерістер бір  үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде  немесе бірнеше министрліктер мен  ведомстволарда қаржы-шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы, нормативтік және ыңғайласпа тексерулер.

Әрбір тексеріс пен тексеру мұқиат әзірленуі тиіс, өйткені олардың  сапасы осыған байланысты болады. Бұл  үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижиелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.

Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.

Тексеріс немесе тексеруді  жүргізудің бүкіл процесі бірнеше  кезендерден тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты  қызметкерлерімен  ұйымдық кеңес  өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.

Тексеріс немесе тексеруді  жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі анықтамасы – бұл қаржы-шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

3.1. Аудиторлық  бақылау

 

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бұл түрін Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.

Құқықтық мемлекет құрылысының  тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі. Сондықтан  бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі – парламенттік депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объектісі:

  • мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі;
  • бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезіндегі;
  • бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды  жүзеге асырады:

  • бюджет ресурстарының түсу көздеріне, оларды үкіметтің де, заңнамалық органның да үнемді пайдалануына;
  • ақша қаражаттарының ысырапқорлығын кесіп тастауға;
  • мемлекеттік меншікті пайдаланудың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және жекешелендіруге;
  • арнаулы қорлар қаражаттарының пайдалануына;
  • әр түрлі партияларды қоса, қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға.

Парламенттің алдын  ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады. Бюджеттің жаалуына тексеріс сметаларға кіріктірілген цифрлардың дұрыстығын белгілі бір тұрғыдан қарай отырып жүргізіледі. Сонымен бірге парламент ағымдағы бақылауды және Республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі келесі бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл орайда парламенттік бақылаудыңнегізгі нысаны алдын ала бақылау болуы тиіс. Қазақстан республикасының парламентінде екі Палатада – Сенат пен Мәжілісте арнаулы жұмыс органдары – экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер бар. Бұл органдар заң – жоба жұмыстарын, палаталардың құзырына қатысты мәселерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы – бюджет қызметінің сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді. Қаржы – бюджет мәселелері бойынша сараптамалық бағалаулар мен қырытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға – министрліктерге, ведомстволарға, сондай-ақ Республика үкіметіне жібереді.

Ел басының жарғылықтарының, қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын бақылауды ұйымдастыру, талған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың атқармағаны  үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында президент аппаратында жұмыс істейтін ұйымдық – бақылау бөліімі бар. Жалпы президент аппараты министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстар жасайды; президент актілерінің атқарылмауына немесе тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды, себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке, әкімшілік басшыларына,  мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақпараттарды алуға тиісті өкілеттік берілген.

Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан республикасының президенті тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

Республикалық бюджеттің  атқарылуына бақылау жасау жөніндегі  есеп комитетінің негізгі міндеттері мен функцияларына мыналар жатады:

  • республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі заңдар мен басқа нормативтік актілердің атқарылуына бақылау жасау;
  • республикалық бюджеттің атқарылуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау;
  • мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық бюджеттің түсімдері мен оның шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептемесі мен тиімділігін бақылау;
  • респукбликалық бюджеттік  бағдарламалардың орындалуына және мемлекеттік қажеттіліктерін қаржыландыруға бөлінетін республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылау;
  • бюджеттік инвестицияларды бақылауды жүзеге асрыу;
  • Қазақстан  Республикасының парламентіне қарауға республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті тапсрыу және т.б.

Қазақстан Республикасының  үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттіліктер берілген. Үкімет республика дамуының индикативтік жоспарын, экономиканың сфералары мен секторларының, салалардың, аймақтардың даму бағдарламаларын, инвестициялық қызметтің маңызды бағыттарын жасап, қарау процессінде алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілген іс-қимылдарды орындау барысында Үкімет олардың жүзеге асырылуының, сондай-ақ ауқымды, мезгілдігі, атқарушылар бойынша мақсатты қаржыландырудың толымдылығына ағымдағы бақылау жасайды. Республика Үкімет ммлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.

Информация о работе Қаржылық бақылау түсініг