Қазақстандағы тікелей инвестициялар олардың эканомикадағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 20:23, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылыардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын,халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................3 1КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ.
1.1Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері...................................4
1.2Қаржы инвеститциялары ...................................................................6
1.3Инвестициялардың тиімділігін бағалау...............................................8
2ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ.
2.1Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау...................................................................................................11
2.2Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері......................................................................12
3РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ
БАСҚАРУ
3.1Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.........................14
3.2Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі......................................................................................15
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері.........................................................................17
ҚОРТЫНДЫ.......................................................................................21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................22

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстандағы тікелей инвестициялар олардың эканомикадағы рөлі.doc

— 156.00 Кб (Скачать файл)

Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады.Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер,таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.

Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы өндірістік запастар, аяқталмаған  өндіріс,келешек кезеңдер шығындары ж.б, айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б) айналым қорларынан тұрады.

Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельдік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі, және ол төмендегі формула бойынща жүргізіледі:

                  ;

бұл жерде: -дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;

         mt –ақшаның  келешектегі құны;

          а-пайданың  талапты нормасы немесе ақшаның  уақытша құны;

          n –ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.

          Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельдік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.

     Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау жәнет жүзеге асыру, осы іс -әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.

     Біздің ойымызша, кәсіпорындардың  инвестициялық қызметінің жалпы  қабылданған моделінің логикасын  макроэкономикалық (мемлекеттік )деңгейде де қолдануға болады.

 

 

 

                                   Стартегиялық жоспарлау 

 

Идеяны

іздестіру 

Жобаларды анықтау және алғашқы таңдау

Қаржылық талдау және шешім қабылдау

Жобаны жүзеге асыру

Мониторинг және инвестициялық бақылау

                                         Бақылау

                                  Еңбек ресурсатры.



 

 

3РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ  БАСҚАРУ 

3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері

 

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамассыз етілуі қажет.Себебі,қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді.Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай,қатаң орталықтандырылған қайнар көзге КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса,ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі,ең алдымен меншік көздерге бағдарланады.

        Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжрибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны,оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты,потенциялды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді.

      Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады.Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды.Қоғамдық еңдек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды.Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-ы ғана сәйкес келді,ал материалдардың,энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамаме 2-3 және одан да көп есе артық болды.

     Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі,олардың соңғыға емес,аралық өнімге бағдарлануы болды.Инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталынды.Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар құрады,яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды,бұл әрине қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы сәйкессіздікке әкелді.Бұл қоғамның әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

     Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді.Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді,ал инвестициялық экономикалық механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады.Республикада құрылысты өз күшімен 50-ден артық әр түрлі министрліктер жүргізді

 

 

     3.2Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік

      басқару жүйесі

      Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады.Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады.Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру,сондай-ақ республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсаты мен инвестицияларды басқарудың заң шағаратын негізі мен органдары құрылды.Осы мәселе бойынша шаралардың бір тұтас кешені қабылдануда.Соның ішінде, «Шетел инвестициялары туралы»заң (1991ж), «Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже»(1993ж).

     «Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж) «Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі» ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж) «ҚР-дағы инвестициялық қорлар туралы» ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж)және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданады.Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады;жұмыс орындарын құру,инфрақұрылымды дамыту,елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциялын дамытудың өсу қарқыны мен әр тараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін,олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.

       Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикадағы инвестицияларды тарту бойынша басқару тиімділігінің төмендігінің бір қатар негізгі кемшіліктерін анықтады.Олар мына төмендегіге салды:Шетел инвесторларымен жұмыс тәжрибесінің жоқтығы;несиелер бөлу,әсіресе,алғашқы кезеңде,оларды бөлудің мақсаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамассыз етудің сарапшылық бағалауының жеткіліксіздігінсіз несие бөлу;Қазақстанда тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің жетіспеушілігі; Шетел несиелерін беру мен олардың масатты қолдануын бақылау механизмі қатысында нақты құрылған стратегияның жоқтығы; әлеуметтік, өндірістік, нарықтық, инфрақұрылымының жетілімегендігі,нарықтық жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман қызметкерлерінің жетіспеушілігі.

       Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамассыз ету кіреді.Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін  әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды.Ынталандыру құрамына кемсілер кіру қажет: шетел мен отандық инвестролар үшін қолайлы климат жасау;жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестициялық жобаны  әлеуметтік –экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын –ала міндетті сарапшылаудан кейін, жарыс (конкурстық) негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халық –аралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік –коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейтті.

      Инфрақұрылымға салынған капиталдығы инвестицияның экономикалық өсуі мен өндіріс көлемін қалпына келтіре алған елдің мысалын тарих әлі білмейді.

      Сондықтан республикада жақын болашақта шамамен мемлекеттік инвестициялық ресурстардың 70% -ы өндірістік инфрақұрылымының кәсіпорындары мен объектілерін қолдауға бағытталынды. Бұл қаражаттар көбінесе әрекеттегі кәсіпорындар мен импортты алмастырушы өндірістерді реформалаумен байланысты жобаларды қаржыландыруға бағытталынды.

     2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнер кәсіптік, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының,машина жасаудың,құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай,химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңбрінде жүзеге асыру қарастырылады.

    Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1.Жоспарлау

2.Бағдарламалау

3.Бюджетті дайындау

4.Орындау

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде,сондай –ақ,әр бір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі.Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таңдау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады.Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет,жуықтағы бірнеше жылға арналған.Инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

     Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту.Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңдаудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынадай факторларды ескеруі қажет.(Қаражат)

-Бюджет орындалатын,макорэкономикалық  жағдай.

-Инвестициялар бойынша ұсыныстардың  нақты аспектілері,соның ішінде  экономикалық аспектілер;

      Егер инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бюджеттік мекемелердің міндеті болып табылса,инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса,әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерді аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.Қазақстанға ең алдымен,мемлекеттік инвестицияларды басқарудың тиісті институтционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау,бағдарламалау,бюджетті дайындау және оны орындау) ұймдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.

 

 

 

   3.3Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын

     қалыптастыру негіздері

       Ең алдымен  аса маңызды екі мәселеге ерекше  көңіл бөлу керек:біріншіден,халық  шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне  нарықтық механизм әсер ете  алмайды,сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;екіншіден,өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес.Сондай-ақ,болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі-әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

     Экономикадағы құрылымдық өндірістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты.Басқаша айтқанда,жалпы мемлекеттік экономикалық саясат-макроэкономикалық,салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізі болып табылады.

    Макроэкономикалық тұрғыдан  алғанда  құрылымдық саясатты  қалыптастыру негізіне өзара  тиімді қатынастарды қамтамассыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады.Олар:қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы,аралық және дайын  өнім,өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі(«А» өнімі),ұлттық  табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау,өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары  мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау аралығындағы қатынастар.Олардың негізінде тиімділікке  қол жеткізу дегеніміз-қоғамның         табиғи-шикізат,материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларын қолдана отырып,халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін,жақсы тұрмыс жағдайын қамтамассыз ету.Мұнда аталған мәселені  шешуді тездетудің негізі әрдайым аз шығын  жұмсап көп нәтижеге қол жеткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің  нарықтық модулі.

Информация о работе Қазақстандағы тікелей инвестициялар олардың эканомикадағы рөлі