Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:49, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылды:
кәсіпкерліктің теориялық-әдістемелік негізіхн талдау.
Орта және шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауға баға беру.
Қазақстан Республикасындағы орта және шағын кәсіпкерліктің қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1-Тарау.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тұжырымдамасының теориялық негіздері
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориясы...........................6
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі..................................................................................................................12
2-Тарау. Қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
21. Қ. Р. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қазіргі жағдайына әлеуметтік талдау (соңғы бес жыл 2003-2007 жж. немесе 2002-2006 жж.).........22
2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс шараларының барысына әлеуметтік талдау жасау........................................................................30
3-Тарау.Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау тұжырымдамасын аймақтарда жүзеге асыру механизмі
3.1. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мемлекеттік қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау. ........................................................................................................................38
3.2.ОҚО әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы атты социологиялық зерттеу..........54
Қорытынды......................................................................................................68
Пйдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................70

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 774.35 Кб (Скачать файл)

Й.Шумпетер жасаған куәсіпкерліктің-«шығармашыл  кәсіпкер» моделі біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпкерлік әрекет модельдерінің  танымалдарының бірі болыа табылады. Осы орайда «бизнес капиталға  деген меншікпен не байланысты не байланыссыз, еңбек белсенділігімен  қатар жүруші немес қатар жүрмеуші болуы мүмкін».

Осылайша, қазіргі заманғы кәсіпкерлік  әрекеттің мақсатты теориясы әлі  қалыптасқан жоқ. Алайда кәсіпкерлік  әрекеттің мазмұнын ашатын көптеген теориялар жасалған, және осы теориялар  бізге осы салада ары қарай  зерттеуді жалғастыруға мүмкіндік  береді.

А.Хоскингтің айтуынша, дербес кәсіпкер өз ісін өз есебінен жүргізетін, бизнесті басқаруменн жеке айналысушы,  қажеттік құралдармен  қамтамасыз етуге жауапкершілікті  өз мойнына алатын, дербес шешімс қабылдайтын  тұлға. Оның сыйақысы сол әрекеттің  нәтижесінде алынған табыс пен  екркін кәсіпкерлікпен айналысудан  алатын рахаты болып табылады. Сондай-ақ осылармен қатар ол  өзінің кәсіпорыны құрдымға кеткен жағдайда шығын тәуекелін  өзіне алу керек. Осы факторлармен қатар бизнесте кәсіпкерлік жағдайдың  профилдері мен модельдері болады. Кәсіпкер өзі жеке шешім қабылдағанды  жөн көреді.  Жаңалықтарды жылдам қабылдағыш, әр  нәрседен нәтиже алуды мақсат тұтады. Тәуекел еткенді жақсы көреді. Өз әрекетінің нәтижесін көргенді қалайды. Іске белсенді қатысқанды жақсы көреді. Сын мен мадаққа ашық қарайды, жылдам даму мен жаңаруды жақсы көреді. Бизнесті қарастыру барысында іскерлік ортада өзін жақсы сезінеді. Өзіне жіне серіктесінің қабілетіне өте талапшыл.

ХХ ғасырдың  батыс зерттеушілері, атап айтар  болсақ, «Мак бер энд Компани» халықаралық  даму бойынша Американдық агенттікті қолдау барысында  кәсіпшіл адамдардың тұлғасы мен әлеуметтік сипатын  зерттеуге көп көңіл бөлді  «кәсіпкер профилін»  анықтау  бойынша жүргізілген зерттеулер анықтағандай, табысты кәсіпкерді ұдайы  көрсетіп отыратын отыз бір тұлғалық мінездемені анықтады. Олардың ішінде біршама маңызды деген он мінездемені  төменде келтіреміз.

1. Мүмкіндікті  іздестіру және бастамашылдық  (жаңа немесе өзгеше іскерлік  мүмкіндіктерді көреді және пайдаланады,  жағдайға байланысты әрекет етеді)

2. Нық  және табантірегіштік (қарсылықты  жою үшін ұдайы күш салуға  дайыналға қойған мақсаттарына  жету үшін стратегияны өзгертеді).

3. Тәуекелге  бел бууға дайындық (тәуекел етушілік  жағдайларды жөн көреді тәуекелді  азайту үшін шара қолданады,  немесе нәтижені бақылауға алады.)

4. Тиімділік  пен сапаға бағыт ұстау (жүзеге  асыру жолын жылдамырақ, арзанырақ,  жақсырақ реттеу, жетістікке жетуге  ұмтылу, тиімділік стандпрттарын  жақсарту).

5. Жұмыстық  байланыстарға берілу  (барлық  жауапкершілікті өзіне алады,  жұмысты орындау үшін жеке  құрбандықтарға барады, іске бағыныштыларымен  бірге немесе олар үшін кіріседі).

6. Мақсатқа  ұмтылу және ұзақ уақытқа көру (қысқа мерзімдік міндеттерді  ұдайы қойып толықтырып отыру).

7. Хабардар  болуға ұмтылу (клиенттер, жеткізушілер, бәсекелестер туралы ақпаратты  өзі жинайжы, осы мақсат үшін  жеке және іскерлік байланыстарды  пайдаланады).

Жүйелі  түрде жоспарлау және бақылау (ірі  міндеттерді кіші міндеттерге бөле отырып жоспарлайды, қаржылық көрсеткіштерді бақылап отырады және шешім қабылдау барысында осы көрсеткіштерді  пайдаланады,  жұмыстың орындалуын бақылайтын жеке процедураны жасайды).

9. Сендіре  білу және байланыс орната  білу қабілеттілігі  (адамдарға  ықпал етіп сендіре білу үшін  мұқият стратегияларды  пайдаланады).

10. Тәуелсіздік  және өзіне сенушілік (басқа  адамдардың ережесе мен бақылауынан  тәуелсіз болуға ұмтылады,  сәттілік  жоқ болған жағдайда өзінің  қиын міндеттерді орындау қабілетіне  сенеді, тек өзіне ғана үміт артады)/2/

Осылайша, коммерциялық әрекет қалдықты табысқа, нарықтың агенттерінің қол жетімсіз стандартарына бағыт ұстаған  инновациялық модель ретінде болады. Кәсіпкер инновациялық өзгерістердің  процуденті ретінде капиталист немесе корпорация менеджері болып табылуы  мүмкін.

Төртінші  кезең кәсіпкерлік әрекетті талдау кезінде назарды басқарушылық акцентке аударумен байланысты. Алдыңғы қатарлы  батыс  елдерінің экономикасында кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән  беріледі. Өйткені ол  үлкен капитал  салмай ақ жаңа өндірістік күштерді құруға мүмкіндік береді.

Экономистердің  көқзқарасына сәйкес кіші және орта бизнес ұлттық байлықты еселеп, жаңа жұмыс  орындарын  ашады, ресурстарды жақсырақ пайдалану тәсілдерін табады, қаржылық шығындардың азаю жолын іздестіреді. Тұтынушылар үшін материалдық және рухани игілікпен қатар ыңғайлылық іздестіреді. Кәсіпкерлікті зерттеу  пәнаралық спатқа ие.

1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау жүйесі мен         қажеттілігі.

  • Кіші  және орта кәсіпорын  өнім  түрлерін  жылдам  өзгерте  алуы  мен  өндіру тәсілі,  қызмет  ету  саласында  жаңалыққа бейімділігімен  ерекшелінеді. Кіші  кәсіпорындардың  еңбек  ұжымында  бейресми  қатынастары  қалыптастырып  жұмсалады  басқаруға,  табыстарды  бөлуге  қатыса  алуы  кіші  кәсіпорын  нысандарының  басты  ерекшелігі болып  табылады.
  • Бір  еңбек  ұжымымен,  бригадамен  жұмыс  істеуге  ұмтылуы,  жұмыстың  нәтижесінің  жоғары  болуына  жалпы  қызығушылық  пен  жұмыс  орнының  сақталуын қалаудың  сапалы   болуын  қамтамасыз  етеді. 

    Кішігірім  кәсіпорындардың  көптеген  жұмыссыздық  мәселесін  шешуге,  бәсекелес  ортаны  қалыптастыруға,  қаржы  рыногын  жандандыруға,  түрғындардың  сатып  алушылық  қабілетін жоғарлатуға,  ірі  кәсіпкершіліктің  дамуына  үлкен  әсерін  тигізеді.

    Кіші  кәсіпорын  нысандарының  құрылуының  бірнеше  ыңғайлары  бар:  жаңа  кәсіпорынды  ашу; бар, бизнес  нысанын  сатып  алу,  франчайзинг  және  отбасылық  бизнес  көбінесе  кәсіпкерлер  өзінің  ісін  жаңа  өніммен  қызмет  түрін  өндіру  идеясы пайда  болған  жағдайда  бастаса,  ал кейбіреулері  өз  ісін  ашу  арқылы  жағдайын  жақсартуды  көздейді. 

    Осы  саладағы  мамандар  мемлекеттік  алдында   тұрған  негізгі  міндеттер  мыналар;          

    • негізгі инфрақұрылымдық; штаттық, ақша-қаржылық және  инвестициялық  механизімді  жаңа  принциптерді  жаңарту  жолымен  басқарылатын  рынок  концепциясына  көшу;
    • экономикалық  өзгерістердің  қарқыны  мен  құрылымын  рынок  күштерімен келісіп  алу  және  халық  шаруашылығы  салаларының  ұйымдық-технологиялық  кешенін  іріктемелі  мемлекеттік  және  құрылымдық-технологиялық  кешенін  іріктемелі  мемлекеттік  және  құрылымдық-инвестициялық  саясат  есебінен  сақтау;
    • институционалдық  жаңғыртуларды  жалғастыру,  соның  ішінде  жекешелендіруді  дәйекті  түрде  одан  әрі  жалғастыру,  бәсекелестікті,  жеке  кәсіпкерлікті  дамыту,  экономиканы  монополиясыздандыру  және  т.т.

    Мұның  өзі  шағын  кәсіпкерлікке  мемлекеттік  қолдау  көрсету  және  жаңа  тиімді  жұмыс  орындарын  ашу  мүмкіндіктері  мен  бағыттарын  белгілейді.

    Осы  саладағы  мемлекеттік  шаралар  арасында  шағын  нарықтық  инфрақұрылмды  дамыту  басты  орын  алады.  Нарықтық  экономикасы дамыған  елдердің  тәжирбесі  шағын  кәсіпкершіліктің  ұлттық  экономикада  аса  маңызды  функцияларын  орындайтын  сұраныс  пен  ұсынысты  теңдестіру  арқылы  нарықтық  қатынастарды  үдетудің  ерекше  миханизімін  қамтамасыз  ететін  жалпыұлттық  өнімінің  тең  жартысынан  астамын  өндіретін  жаңа  жұмыс  ұсыныс  орындарының  70  пайызға  жуығын  ашатын,  адам  ресурыстарының   жандандырылуына  және  инновациялық  потенциалға   елеулі  ықпал  жасайтынын  дәлелдейді /3/.

    Елде  шағын  және орта кәсіпкерлікті  кең  көлемде  дамыту  нарықтық  қатынастар  қалыптасуының  көптеген  проблемаларын  неғұрлым  тиімді  шешуге; реформалардың әлеуметтік базасын  ұлғайтуға, олардың  тиянақтылығының  кепілдіктерін  қамтамасыз  етуге,  бәсекелестікті  дамытуға,  өндірістің  құрылымын  кеңейтіп,  тиімді  етуге,  адам  ресурыстарын  мен  ұйымды-технологиялық  ресурстарды  жұмылдыруға  мүмкіндік  береді.

    Осыған  байланысты  Ресей  Федерациясында  шағын  бизнесті  дамыту  тәжірибесін  зерттеу  біздің  еліміз  үшін  пайдалы  болады, онда шағын  кәсіпкерлікке  мемлекеттік қолдау көрсетудің 1996-97 жылдарға арналған  федералдық бағдарламасы бар. Сол бағдарламаға сәйкес шағын  кәсіпорындардың  саны  көбейтуге,  кәсіпкерлік  қызметке  жалпы  қолайлы  жағдайлар жасау арқылы шағын кәсіпкерліктің  инновациялық  және  өндірістік  саласының  алға  жылжу  бағытында  сапалы  құрылымдылық  өзгерістерге  жетуге,  шағын  кәсіпкерлікке  мемлекеттік  қолдау  көрсетудің  кәсіпкерлер  үшін қолайлы  жүйесін дамытуға, экономиканың   бұл  секторына  инвестциялар  тартуға  бағытталған  шаралар  кешенін  жүзеге  асыру  көзделіп  отыр. 

    Федералдық  бағдарламада  шағын  кәсіпкерлікке  мемлекеттік  қолдау  көрсетудің  мынадай  аса  маңызды  бағыттары  бөліп  көрсетілген;                 

    -Шағын  және орта кәсіпкерлікті қолдау  мен дамыту саласында  мемлекеттік   саясаттың   нормативтік  құқықтық  негізін  жетілдіру;

    -Шағын   және орта кәсіпорындар  қызметкерлерінің  әлеуметтік  қорғаны мен қауіпсіздігі;                                                                                                  

    -аймақтарда  шағын  және орта кәсіпкерлік   инфрақұралымын  дамыту;    

    -кадрлар   даярлау;

    -ақпаратпен  қамтамасыз  ету;

    -Шағын   және орта кәсіпорындардың   өндірістен  және  инновациялық  қызметі;

    -салық   саясатын  жетілдіру;

    -Шағын  және орта кәсіпкерлікте және  меншік және  басқа  инвестициялар   үшін  жеңілдіктер  жүйесін   жасау;

    -мемлекеттік  федералдық және  аймақтық инвестициялық   бағдарламалар.

    Бағдарламада  шағын  және орта кәсіпкерлікті  қолдау  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың мақсатты  бастауларын  тереңдете  пысықтау, бегіленген  шаралардың  кезеңділігі, шағын  кәсіпкерлік  саласындағы  ұлттық  саясаттың  негізгі элементерін  Ресей эканомикасын сауықтырудың негізгі  проблемаларымен  неғұрлым  тығыз  ұштастыру, реформаларды  одан  әрі  тереңдету  көзделген.

    Аймақтарда  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  инфрақұрылымын  дамыту. Мемлекеттік  және тәуелсіз  ұйымдардың, соның  ішінде  шетелден  ұйымдардың  күш  жұмсауы  нәтижесінде  1994-1995  жылдарғы арналған федералдық  бағдарламаны жүзеге асыру барысында федералдық және аймақтық  деңгейлерде  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  инфрақұрылымның  элементтерін  қалыптастыру  басталады.                                                                                                                                                                                                              

    Сонымен  бірге  қызмет  жеткілікті  дәрежеде  жүйелі  емес  және  көптеген  аймақтарды  қамтымайды /4/.

    Шағын  және орта кәсіпкерлікке  қолдау  көрсету  құрылымы  деп  бұл  жағдайда шағын кәсіпкерлікті дамуын қамтамассыз ететін, шағын  кәсіпорындарға ақылы және басқа негізде білім, консалтинг, ақпарат, технология, техника, қаржы  салаларында,  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  саласында  қызмет  көрсететін  және қолданылып  отырған  заң  негізінде  кәсіпкерлермен,сондай-ақ   бір-бірімен  өзара  қимыл  жасайтын  мемлекеттік, қоғамдық  және  комерциялық  құрылымдар  жүйесі  айтылып  отыр.

    Қазіргі  кезеңнің  негізгі  міндеті-жинақталған  тәжірибені  зерделей  және  тұжырымдай  отырып, ең  тиімді  кәсіпорындарды  дамыта  отырып, қолдау  көрсетудің  кешенді  жүйесін  жасауға  жақындау, бар  тәжірибені  басқа  аймақтарға тарату және оны қалалар  мен  аудандардағы  түпкі  тұтынушыларға  жеткізу. 

    Инфрақұрылым  кәсіпорындарының шағын кәсіпкерлікке  қолдау  көрсетудің  елеулі  салаларын  қамтитын  тармақты  жүйесі  осы  бөлімде  көзделген  шараларды  орындаудың  нәтижесі  болмақ. Кәсіпкерлікті  дамыту  тұрғысынан  ең жайлы  аймақтар  облысқа  бағынатын  қалалар  мен  аудандар  деңгейінде  қолдау  көрсету инфрақұрылымының  элементерін  қалыптастыруға  көшеді. Жүздеген  мың  кәсіпкерлер кеңес  пен  билікті көмек  алатын  болады. Олардың  тәжірибесі  барлық  мүдделі  ұйымдардың игілігіне  айналады. Сонымен бірге федоралдық  және  аймақтық деңгейлердегі ғана  емес, сондай-ақ мемлекеттік емес құрылымдар бюджеттерінің және  техникалық көмек бағдарламаларының  қаражаты, кәсіпкерлердің  өз  қаражаты  іске  қосылады.

    Шағын және орта  кәсіпкерлікті ақпаратпен  қамтамасыз ету  жүйесін  одан  әрі  дамыту  мақсатында  мына  міндеттерді  шешу  көзделген;

    -Мемлекеттік   органдар  ақпараттың  кәсіпкерлер   үшін  ашық   болуын  қамтамасыз  ету.

    -Шағын  бизнес бойынша ақпараттың басқару  органдары, кәсіпкерлік  құрылымдар, шетелден және халықаралық ұйымдар  үшін ашық болуын  қамтамасыз  ету;

    -аймақтарда  ақпараттық-талдау  орталықтары   жүйесінің  құрылуын аяқтау.

    Шағын  және орта кәсіпкерлікті  ақпаратпен  қамтамассыз  ету  жүйесін  жасау  кезінде  бұрын  құрылған  ақпарат  ресурстарын  және  бағдарламалық-техникалық құралдарын барынша жүйеге келтіре  отырып пайдалану  белгіленген.

    Ақпараттық-талдау  орталықтарының  жүйесі  аймақтық  және   салалық  принцип  бойынша  қалыптасады /5/.

    Шағын және орта кәсіпорындардың өндірістік және инновациялық  қызметті. Қазіргі  кезеңде шағын бизнестің дамуы  ең алдымен шикізат  өңдеумен,  өлшем  мен  тауар  өндірумен  айналысатын  шағын  кәсіпорындар  жүйелерін  қолдаумен  байланысты,  мұның,  өзі  рынокта  тиісті  технология  мен  технологиялық  жабық  болуын  қажет  етеді.

    Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі