Шағын және орта бизнесті несиелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 21:21, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты, ол шағын және орта бизнесті несиелендірудің негізін ашу, олардың ұғымын атап өту.
Сонымен қатар бұл курстық жұмыста мынадай сұрақтар қарастырылады:
─ қатысатын субъектілер;
─ шағын және орта бизнестің бәсекелестері;
─ шағын және орта бизнесті несиелендірудің нәтижесі;
─ шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері соны өткізетін құжаттары;

Содержание

Кіріспе 2
I-бөлім. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшелігі 4
1.1 Шағын және орта бизнеске қатысатын субъектілер 4
1.2 Шағын бизнестің жалпы экономикалық орта процесіндегі ролі 7
1.3 Қазақстанда бәсекелік ортаны қалыптастырудағы шағын және орта бизнес 8
1.4 Шағын бизнестің несиелік тиімділінің кестесі мен бағасы 12
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 26

Вложенные файлы: 1 файл

bank_kurs_142.doc

— 164.50 Кб (Скачать файл)

Технологиялық тиімділігінің төмендеуі – экономикалық потенциалының өсуі шапшаңдығының жоғарлығымен сәйкес келеді. Әрбір нақты технологияның табиғи шегі және жаңа ашылулардың «жетілу» деңгейіне  байланысты  осы шектеуге біркелкі жақындау жылдамдығы  болатындықтан корпорация берілген технологиялық траекториядан  шығып, басқа жаңа технологиялық траектория жолы мен жүруге болады. Осылайша, ерте кезден жаңа технологияға өту, қазіргі қызмет етіп тұрған және пайда алып  отырған технологиямен салыстырғанда сөзсіз шығынды. Сондықтан, оның орнын толтыруға және экономикалық пайда табуға бағытталған қазіргі кезеңгі корпорация артықшылықтарын  қолданудың  қарама-қайшылығының мәні осында.

   Бәсекенің сыртқы корпоративтік  факторы - жаңа ауылшаруашылығы қабілеттілік, жаңа технологияларды ерте кезеңдерде пайдалану және оларды  қолдануда объективті шектеулерге қарсы тұрады. Сондықтан постиндустриалды дәуірдің корпоративті тұлғасына бәсекенің  экономикалық көрсеткіштері болып, ең алдымен, қалыпты пайда алуға көмектесетін жалпы орташа шығындар мен бағаны өлшеп салыстыру пәні болады. Берілген қайшылықтар қаржылық инвестициялар орталығы болып табылатын  фирманың ішкі  бөлімшелеріне де және сәйкесінше, жаңа ашуларды дайындау, өңдеу және қолдануға да болады. Жаңа технологиялардың ішкі бөлімшелерінде уақытында және көп түрлілік пайдалануына корпорация табысты төмендетуден  сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір тепе-теңдікке жетеді. Ішкі фирмалық  құрылым жеке технологиялық және экономикалық тиімділіктерді салыстыра отырып, оларға өздерінің жеке қызметін жүзеге асыратын салыстырмалы өндірістік автономиялыққа иелігі қосымша мүмкіндік болып саналады.

Инновациялық механизм процесін өңдеу  адамның творчествалық потенциалын  енгізудің әртүрлі әдістерін, ғылыми-техникалық прогресс саласында  қызмет ететін адамдар коллективінің әдістері  мне қағидаларын  қарастырады.

Зерттеушілер мне өңдеуші новаторлардың нақты нәтиже шығаруы - ірі корпорациялардың әкімшілік бақылаудан босап, өздерінің ұйымдық құрылымының ішінен (ішкі венчурлық деп аталатын) тәуелсіз зерттеу бөлімшелерді (лабораториялар, институттармен филиалдар) құрылуына себеп болады. Мұндай бөлімшелер көбінесе еншілес компания мәртебесіне ие, оларды өңдеу – болашағы бар инициаторлы – мамандармен, ғылыми-техникалық ойлар авторларымен басқарылады. Жеке таңдаулары бойынша  зерттеушілер ұжымын тексере отырып, зерттеу бағытын жұмысты ұйымдастыруда, қаржы ресурстарын  жұмсауда толық жекелікке, яғни,  тәуелсіздікке ие болады. Осылайша, корпорация ішкі венчурды  ұйымдастыру кезінде новаторлық идеяның коммерциялық табысына сене отырып, тәуекелге болады.

Кәсіпкердің тәуекелді  формасы (ішкі венчурлармен қатар сыртқы  венчурлар да) табысты өңдеу мен пайда алған жағдайда өңдеушінің пайдадан үлес алған ескереді. Іздеушілердің творчествосы мен тәуекелді едәуір ақшалай (материалды) сый алуына көмектеседі. Кәсіпкерліктің берілген формасы шаруашылық тәсілі ретінде жеке кәсіпкерлікке өте үлкен әсер етеді,  нарықтық тұлғалардың өзара қызметінің бәсекелестік механизміне қолдау жасайды. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік шешімдерді орталықтан қабылдау жүйесіде артта қалуда. Жаңа өнімдердің көбейту мен олардың жаңартылу жылдамдығының артуы, сонымен қатар нарықтық жағдайдың өзгерісіне деген жылдамдықтың қажеттілігі өндірісті басқару әдіс-тәсілдері мен стилін өзгертеді. Американдық экономист Питер Друкер  венчурлық бизнестің дамуы мен кең қолданылуы - экономикалық тарихтағы сынық нүктесі, экономика өсу фазасына енуінің куәсі ретінде бағалаған. Осылайша, корпорация жаңа ашылулар дамуының қаржылық  қызметін атқара отырып, фирма ішінде ғана емес, сонымен қатар  сыртында да бәсекелестік ортаның құрылуына септігін тигізеді. Жеке бизнестің корпоративті формасы инновацияларды  қаржылық қолдаудың негізгі ауыртпалығын өзіне жіктейді. Америка Құрама Штатта мысалы, ҒЗТКЖ-ға арналған құралдардың 95% -і  жеке фирмалар  мен ұйымдар арасында бөлінеді. Бірақ, ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру таза трансферттік бағытқа ие болмайды. Бәсекелік инновациялық процестің тек қана түрлі экономикалық микросубъектілері арасында ғана болмайтын енушілік қызметтің (таратушылық) мотиві де болып табылады .

Бәсекенің күшті нарықтық реттеуші механизмі ретінде  пайда болуы макродеңгейге ғана емес, микродеңгейде де өте қажетті және  маңызды деп  айттық. Бәсекелестік күрестің мәнін корпорацияның ішкі ұйымдастырылуының іргелі негізі ретінде тәжірибе жүзінде жоғары  тиімділігін көрсеткен «Дженерал Моторс» компаниясы алғаш рет қолданып бағалаған И.Шумпетер бәсекені «жоюшы процесс» ретінде сипаттап ол үздіксіз «экономикалық құрылымды ішінен төңкеріс жасайтынына» мән берген. Бәсекелес жүйе бөлімшелері ретінде фирманың нарықтық архитектоникасын құру қажеттілігі бүгінгі күні Ресей экономикасы үшін макро және микро нарықтық процестер мен  шартталған. Микродеңгейдегі нарықтық принциптер белсенділігінің деңгейі  тұтастай нарықтық тиімді қызмет етуінің «айқын» көрінісі болуы қажет. Ішкі бәсекелестікті ұйымдастыру – кәсіпкерлік рухының үздіксіз белсенділігіне, қабілеттігіне  қарайды.

 

 

1.4   Шағын бизнестің несиелік  тиімділінің кестесі мен бағасы

 

Қазіргі кезде Қазақстанда шағын бизнесті қаржылық қолдау жүйесін дамыту мәселелері  әдістемелік зерттеулері жоқ деп те айтуға  болады.

Бұған себеп біріншіден – банктер бұл процестерді  дамытуға  қызығушылық  танытпайды, екіншіден – кәсіпкерлердің ақыл-кеңесін ешкім тыңдамайды.  

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Шағын кәсіпорынды несиелендіру бойынша тәуекелшіліктер мен шығындарды төмендетуді  қамтамасыз ететін несиелендірудің принциптері

 

Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қорын басқарған А.Умбетовтың пікірінше қайта қаржыландыру мен  несиелік кепіл тәуекелін бөлу арқылы несиелік схемаларды пайдалану керек. Мұндай схемалар банктің несиелік қаржыларын шағын бизнеске орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда тәуекелшілікті бөлу пропорциясын анықтау керек: оның жоғарғы шегі – бюджет үшін мүмкін шығындарды қамту керек, ал төменгі шегі қаржылық тетік пен банк қызығушылықтарын сақтауы қажет сонымен қатар серіктестік негізінде несиелендірудің шетелдік тәжірибелері бар. Ол шағын несиелерді ұсыну үшін  қолданылады.

 

 

2-сурет. Қайта қаржыландыру мен несиелік кепіл тәуекелін бөлу

 

Салық бюджеттік саясатты жүргізуде және шағын бизнесті дамытудың  нормативті құқықтық негізін қалыптастырудағы  мемлекеттің ерекше ролі. Жағымды салықтық режимді қалыптастыру шағын бизнес субъектілерінің кірісті қызмет етуіне ғана емес  банктік жүйеге де жағымды әсер етеді. Банктің шағын бизнеске  деген қызығушылықтарын шоғырландыру үшін олардың табыс салық ставкаларын  төмендету керек  сонымен қатар банктер үшін салық салу режимін енгізу қажет. Бір жағынан мұның барлығы шағын бизнес үшін маңызды болып табылатын несие бойынша  пайыздық ставкалардың төмендеуін әкелуі мүмкін. Нормативті құқықтық қамту шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасын  құрастырумен қатар оларға заңды және нормативті қолдау жасалуы керек.

Банк тәуекелін негізді  бағалау үшін шағын бизнес жағынан да үстеме қадамдар жасалуы керек. Атап айтқанда: шағын бизнес субъектілерінің  бизнес жобасын несиелендіру бойынша негіз болып табылатын өз тәуекеліктеріне бағалау жүргізу. Шағын бизнес субъектілерінің қаржы-шаруашылық нәтижелерінің дұрыстылығы қаржылық және басқа да көрсеткіштің дәлелдігін қамту және қызметінің қорытынды нәтижелерін болжау.

─ кепіл үшінші тұлға  кепілі немесе мүлік кепілін зерттеу  негізінде кепілдік мүмкіндіктерді бағалау үшін негіздеу жиынтығын  өткізу.

3. Шағын бизнесті қаржылық қолдану түрлері ретінде қаржылық лизинг, ипотекалық несиелеу (әсіресе ауылшаруашылығы үшін) франчайзинг кепілдік схемасы жеңілдетілген микронесиелендіру жүйесін қолдану мүмкіндіктері пайда болып жатыр. Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін несиелендіру құралдарымен объектілері елімізде әлі кең көлемде қолданылмайды. Меншікті капиталы шектеулі мөлшерде болса да негізгі қорларды иемденуге және мүлікті тездетіп амортизациялауға мүмкіндік беретін лизингтік несиелендіру шағын бизнес үшін тиімді болып табылады. Батыста жай қаржылық лизингті белгілі салықтық, кедендік және валюталық жеңілдіктер қолдайды. Бұл арнайы жеңілдіктер лизингтік операциялар қатысушыларына ғана қолданылады.

Ипотекалық несиелендіру ─ ауылшаруашылық кәсіпкерлері үшін айналым және негізгі құралдарын қаржыландырудың ыңғайлы құралы болып табылады.

Өтімділік нарығын қамту  мен кәсіпкерлік тәуекелшілікті төмендетуге мүмкіндік туғызатын  бизнесті ұйымдастыру әдісі ретінде  франчайзинг шағын және жеке кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді формасының бірі ретінде қарастырылуы мүмкін және тиімді болып табылады. Осы кезде жергілікті бизнесі жасы дамыған бинесімен-сатушы оның бизнесін сатыи алушыға банк несие алу кезінде кепіл беруші бола алады.

Несиелендіру процесінің тиімді жалпылама көрсеткіші ретінде  нақты экономиканың банктік несиедегі жалпы көлемі шағын бизнеске берілетін несиенің салыстырмалы мөлшері болып табылады. Ол факторлар жиынтығының әсерін жалпылайды және оның төмендеуі немесе өсуі шағын бизнесті несиелендіру жүйесіндегі жағымды немесе жағымсыз жағдайы болып табылады.

Осы тұрғысынан келесі модельді ұсынуға болады:

Кр=Ф( Х1, Х2, Х3, Х4, Х5)

Мұндағы Кр - банктің жалпы нақты экономика секторын несиелендірудегі шағын бизнеске берілген несиенің салыстырмалы мөлшері;

   Х1-банк жүйесіндегі  депозит деңгейінің индексі;

   Х2-несие бойынша пайыздық ставка деңгейінің индексі;

   Х3- банк тәуекелділігі деңгейінің индексі;

   Х4-банк жүйесіне  салынатын салықтың индексі;

   Х5- шағын бизнесті  несиелендіруге таратылатын қаржыландырудың  альтернативті формаларының индексі;

   Ф-эконометриялық функция.

    Бұл модель  шағын бизнесті қаржылық қолдау  бойынша бағалау мүмкіндігін  береді.

Қазақстандағы шағын  және орта бизнестің жай-күйін анықтау  жөніндегі кешенді зерттеудің нәтижелері

 15 Ақпан 2010, 15:20

 2009 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры жүзеге асырған « Бизнес- Кеңесші » бағдарламасы аясында “ BISAM Central Asia ” Бизнес- ақпарат, әлеуметтік және маркетин гтік зерттеулер орталығы Қазақстандағы шағын және орта бизнес ахуалы мен проблемаларын бағалау мақсатымен к ешенді зерттеу жүргізді. Қазақстанның барлық әкімшілік аудандарын қамтыған зерттеуге «Кәсіпкерліктің жедел-курсы» атты оқыту тренингтерінің 10 мыңнан астам тыңдаушысы қатыстырылды және шағын бизнестің әртүрлі деңгейдегі өкілдерімен жүргізілген фокус-топтар мен терең сұхбаттар кірді. Респонденттер ретінде жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен кәсіп ашуға ынталы тұрғындар және түрлі себептермен жеке кәсіппен айналысуды доғарған жандар да тартылды.

Қазақстандағы кәсіпкерлік  бүгінде жаппай деңгейге көтеріліп отыр. Мұны 2001 - 2009 жж. аралығында заңды тұлғалардың шағын және орта бизнестің ұйымдық-құқықтық құрылымындағы үлесінің 1,8 есеге дейін қысқарғаны, ал жеке кәсіпкерлер үлесінің 1,4 есеге өскені жөніндегі мәліметтер растайды. Ал шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнім көлемі 4 есе дерлік өскен. Сонымен қатар, кәсіпкердің беделі мен бет-бейнесі де бұқара халық арасында түбегейлі өзгерген. Сауалнама жүргізілген кәсіпкерлердің 75% астамы қоғамның бизнеске деген қатынасының едәуір жақсарғанына кәміл сеніп отыр. Көпшілік санасында «кәсіпкер дегеніміз – бұл алып-сатар», «бизнес әділ болмайды» деген сияқты стереотип жойылып барады.

Кәсіпкерлік қазақстандық қоғамның әлеуметтік өмірімен тығыз  ұштасып кеткені көрініп тұр. Бұл дегеніміз, қазақстандық шағын бизнестің әлеуметтік-демографиялық портретінен - халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымының да көрінісін айқындауға болатынын білдіреді.

Шағын бизнестің кәсіпкерлік  субъектілерінің жалпы санындағы  үлесі бойынша Қазақстан дамыған  елдермен теңесті, алайда шағын кәсіпкерліктің тиімділігі көрсеткіштері бойынша әлі де болса артта қалып отыр. Бұл, өз кезегінде, тарихи, геосаяси, макроэкономикалық сипаттағы объективті себептерге, сонымен қатар заңнама, мемлекет саясаты, құқыққолдану практикасы, жергілікті басқару факторларына да негізделген. Бұл жерде, жүргізілген зерттеулер барысында терең назар аударылған, бұқара санасындағы қалыптасып қалған стереотиптердің де рөлі басым екенін айту керек.

Бүгінде, шағын бизнес ортасында нақты негізі бар стереотип үсем болып отыр, оған сәйкес, мемлекет саясатының қағидаттары мен нұсқаулары бұрмаланып отырады, ал жергілікті деңгейде кей жағдайда еленбей де қалады.

Әсіресе шағын қалалардағы  және ауылдардағы кәсіпкерлер жергілікті шенеуніктердің қысымын, «белден басу»  әрекеттерін әлі де болса көріп келеді. Осы тұста, өз бизнесін тоқтатуға мәжбүр болған немесе кәсібін доғаруға бет бұрған кәсіпкерлер санатын арнайы зерттеуде анықталған көрсеткіштерге тоқтала кеткен жөн. Мұндай жайттардың басты себебі, бәсекелес орта және бизнестің ішкі даму факторлары болып отыр. Алайда, өз ісін жапқысы келетіндердің 18% жергілікті бақылау және реттеу органдары тарапынан көрсетілген қысым мен бопсалаушылық негізгі себеп болғанын айтады.

Кәсіпкерлер жүргізілген  салық реформасына жоғары баға беріп отыр, алайда, өзгерістер салық әкімшілігі практикасына айтарлықтай әсер етпегенін алға тартады. Терең сұхбат пен фокус-топтарының көптеген қатысушылары айыппұл салу ретінің қатайғанын айтады, олардың ойынша мемлекет салық жүктемесінің босаңсыған орнын осылайша толтыратынын айтады.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелендіру