Халықаралық Валюта Қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2014 в 09:38, лекция

Краткое описание

Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.

Вложенные файлы: 1 файл

Халықаралық.docx

— 16.45 Кб (Скачать файл)

Халықаралық Валюта Қоры  

 

Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.

Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вуде (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ қызметкерлері 110  елден шамамен 2600 адам болады. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқарушы кеңес басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді. Есеп айырысу бірлігі – Арнайы қарыз алу құқығы (АҚҚ). Қаржылық қолдауға ХВҚ реттеу саясатын және реформаларды қолдау үшін төлем балансының проблемалары бар мүше елдерге берген кредиттер мен заемдар кіреді.            

Қазақстан Республикасы және Халықаралық Валюта Қоры арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:            

1. Макроэкономикалық тұрақтандыру  және жүйелік қайта құрулар  үшін Қазақстан Республикасына  ресурстар беру бағдарламасы (STF).             

2. Резервтік кредит туралы  келісім (Stand-by 1).            

3. EFF келісімі, Қазақстан  оған сәйкес EFF келісімінің бүкіл  қолданылу кезеңі бойы Үкімет  және ҚҰБ қандай да болмасын  валюталық шектеулерді енгізу  немесе күшейту, көптеген валюта  бағамдарын қолданудың қандай  да болмасын практикасын енгізу  немесе түрлендіру, Келісім баптарының VIII бабына қайшы келетін кез  келген екіжақты төлем келісімін  жасау немесе төлем балансына  байланысты себептер бойынша  импортқа шектеулер енгізу және  күшейту ниеті жоқ екені жөнінде  міндеттеме алады.            

4. Мақсаты мемлекеттік  бюджет дефицитін қысқарту және  халықаралық резервтерді жинақтау  болып табылатын  EFF-2 келісімі.            

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2000 жылғы 24 мамырда ХВҚ кредиттік желілері бойынша 295,8 млн. СДР мөлшеріндегі міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеді.

Ұлттық Банк  ХВҚ-ға апта сайынғы және ай сайынғы негізде монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады. Статистикалық деректер сондай-ақ ХВҚ-ның АКС-ға қатысты жыл сайынғы (сәуір) миссиясы үшін, сондай-ақ  қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша (сұрақтар бойынша) ұсынылады.

ХВҚ Статистика Департаментінің сарапшылары ақша-кредит статистикасын жасау жөнінде әдіснамалық сұрақтар туындаған кезде консультативтік көмек көрсетеді.

Халықаралық Валюта Қоры Қазақстан 2003 жылы қосылған  ДТАС («Деректер таратудың арнайы стандарттары») сәйкес үш жылда 1 рет макроэкономикалық статистиканы, оның ішінде ақша-кредит статистиканы бағалауды жүргізеді. Бағалау негізінде «Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.

ХВҚ-ның стандарттар мен кодекстердің сақталуын тексеру жөніндегі миссиясы соңғы ретте Алматы қаласында 2006 жылғы қараша-желтоқсанда жұмыс істеді.

2004 жылы  ХВҚ миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру мәселелері бойынша техникалық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да ХВҚ институтында, РФ оқу орталығының базасында ақша-кредит статистикасын жасаудың әдіснамалық негіздерін оқытады.

ХВҚ миссиясы ХВҚ Келісім баптарының IV бабына сәйкес жыл сайынғы консультациялар жүргізу үшін Қазақстанға жыл сайын келеді.

Ұлттық Банктің басшылығы жыл сайынғы негізде көктемде және күзде Дүниежүзілік Банктің және Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің Жыл сайынғы Қарама-қарсы Кездесулеріне қатысады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 377 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық Валюта Қоры Басқарушыларының Кеңесінде Басқарушы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің шағын топтарына қатысуы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасын Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Бельгия шағын тобынан Швейцария шағын тобына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының Швейцария шағын тобына кіруінің алғашқы қадамдарының бірі 2010 жылғы қыркүйекте Астана қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясы Үкіметі арасындағы Бреттон – Вуд мекемелеріндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болып табылады. Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Швейцария шағын тобына кіруінің аяқталу кезеңі Швейцария Конфедерациясының өкілін Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Швейцария, Польша, Сербия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатысатын шағын тобындағы Атқарушы Директор ретінде таңдау үшін дауыс беру болып табылды. 

 

 


Информация о работе Халықаралық Валюта Қоры