«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:46, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

Содержание

Кіріспе
3
1
Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы
5
1.1
Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
5
1.2
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
15
1.3
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
21
1.4
Банктің тартылған қаражаттары
37
1.4.1
Банктің депозиттік операциялары

1.4.2
Банктің депозиттік емес ресурстары

2
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау

2.1
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау

2.2
«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама

2.4

3
3.1
«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Банк ресурстарын жетілдіру..doc

— 819.00 Кб (Скачать файл)

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын каражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

- депозиттік қаражаттар;

- депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарың сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту бастамасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

 

1.4.1 Банктің депозиттік операциялары

 

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етілетін депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салымдары;

- бағалы қағаздар түріндегі (депозитік және жинақ сертификаттары) депозиттер.

Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

- мерзімдеріне қарай;

- салым иелерінің категорияларына қарай;

- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;

- пайыз төлеу тәсіліне қарай;

- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;

- басқа.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

- жеке тұлғалардың шоттарына;

- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;

- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;

- қаржылық мекемелердің шоттарына;

- шетелдік азаматтарының шоттарына.

Талап етілетін депозиттер — бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әртүрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады:

- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

- әртүрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

- есеп айырысудағы қаражаттар;

- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал, кемшілігі — бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері калыптасады:

- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

- банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

- талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Қазақстандық көптеген коммерциялық банктерде талап етілетін депозиттердің үлесі тартылған қаражаттар құрылымында өте жоғары болып келеді. Бұл өте арзан ресурс болғанымен банктерде оларды ұзақ мерзімге орналастыруға байланысты қиындықтар туындайды. Халықаралық банктік тәжірибеде оларды ұзақ мерзімді активтерге айналдыруда депозиттік базаны сандық талдау әдісі колданылады. Мұнда депозиттік базаны сипаттайтын көрсеткіштер есептелінеді:

1. Талданатын мерзім ішінде  ресурстық, базаның өсімін көрсететін қаражаттардың (талап етілетін депозиттердің) шоғырлану деңгейі. Оны пайыздық қатынаста мынадай формуламен есептейді:

 

Шд=(Қс-Қб)/Т                                                                    (2)

мұндағы, Шд— каражаттың шоғырлану деңгейі;

Қс— мерзімнің соңындағы қаражат қалдығы;

Қб— мерзімнің басындағы қаражат қалдығы;

Т — мерзім ішіндегі қаражат түсімдері.

2.  Орташа сақталу мерзімі. Талап етілетін депозиттерде сақталатын қаражаттардың орта күнінің санын көрсетін көрсеткіш, сол арқылы тартылған қаражаттарды мерзімді активтерге айналдыру мерзімін мынадай формуламен анықтауға болады:

 

М = Қо х К / А                                                                 (3)

мұндағы, М — орташа сақталу мерзімі;

Қо — мерзім ішіндегі орташа қаражат қалдығы;

К — қарастырылатын мерзім ішіндегі күндер саны.

А — мерзім ішіндегі алынатын немесе аударылатын қаражаттар сомасы.

3. Талап етілетін депозиттердің  азаймайтын (тұрақты) қалдығы немесе олардың табысты активтерге орналастыруға болатын қаражаттарының бір бөлігі:

 

Ак=Қо/Т                                                                                 (4)

мұндағы, Ак— азаймайтын қаражат қалдығы;

Қо— мерзімі ішіндегі орташа қаражат қалдығы;

Т — мерзім ішіндегі қаражат түсімдері.

Сонымен қатар, депозиттік қоржынның сапасын бағалауда депозиттердің орташа мөлшері көрсеткішін пайдалану қажет. Оның формуласы мынадай:

 

О = Жд/К                                                                              (5)

мұндағы О - депозиттің орташа мөлшері;

Жд - депозиттің жалпы сомасы

К — жасалған депозиттік келісімшарттардың саны.

Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі — талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

- меншікті-мерзімді депазиттер;

- алдын ала алуы ескерілетін мерзімді депозиттер. Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

- 30 күнге дейінгі;

- 30-90 күнге дейінгі;

- 90-180 күнге дейінгі;

- 180 күннен 360 күнге дейінгі;

- 360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады: есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды; шоттағы қаражат баяу айналады; тұрақты пайыз төленеді; пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық Банкі тарапынан реттеліп отырады; ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі; бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі — жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге карағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жеке түлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

- мерзімді жинақ салымдары;

- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

- ұтыс салымдары;

- ақшалай-заттай ұтыс салымдары

- мақсатты және ағымдық салымдар;

- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

- валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ, салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Қосымша жарна қосатын салымдар — бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар негізінен жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік сертификат - заңды тұлғаның банкке салған каражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне карай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы кағаз.

Жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы кағаз.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

- атаулы сертификаттар;

- мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

- аударылатын;

Информация о работе «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар