Бюджет жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 15:11, реферат

Краткое описание

Бюджет жүйесі – мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен бюджет тұрғысынан дербес мекемелер бюджеттерінің жиынтығы. Қ. Р. б. ж. елдің түрлі деңгейлердегі бюджеттерінің экон. қатынастар мен заңды нормативтеріне негізделген. Оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесін біріктіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік жіктелімді (кіріс пен шығыстың міндетті топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистик. және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Қ. Р. б. ж-нің құрылымы екі деңгейлі – респ. бюджет пен жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі

Содержание

1. Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
3. Бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары
4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
5. Бюджеттік тапшылық және оны жабудың әдістері
6. ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру

Вложенные файлы: 1 файл

бюджет жүйесі.docx

— 34.97 Кб (Скачать файл)

Жоспар

1. Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны

2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері

3. Бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары

4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы

5. Бюджеттік тапшылық және оны жабудың әдістері

6. ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Бюджет жүйесі –  мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық бірліктер  мен бюджет тұрғысынан дербес  мекемелер бюджеттерінің жиынтығы. Қ. Р. б. ж. елдің түрлі деңгейлердегі  бюджеттерінің экон. қатынастар  мен заңды нормативтеріне негізделген. Оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару  және атқарылуын бақылау процесін  біріктіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі  бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай  бюджеттік жіктелімді (кіріс пен  шығыстың міндетті топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен  келесі деңгейіне қажетті статистик. және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы  қамтамасыз етіледі. Қ. Р. б. ж-нің  құрылымы екі деңгейлі – респ. бюджет пен жергілікті бюджеттерден  құралады. Бюджеттердің дербестігі  меншікті кіріс көздерінің болуы  және оның пайдаланылуын айқындау  құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттердің  теңдестірілуі бюджет, қаржы саясатының  қажетті шарты болып табылады. ҚР-нда әрбір деңгейдегі бюджеттердің  кірістері оның салық, жергілікті  шаруашылық, өзін-өзі басқару, бюджет  жүйесі туралы заңдарға сәйкес  құралады. Респ. бюджет пен жергілікті  бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау  тәртібі “Бюджет жүйесі туралы”  ҚР Заңымен (1.4.1999) және оған кейіннен  енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар  туралы заңдармен айқындалады.

  Жергілікті бюджеттер жергілікті басқару органдарының қаржы базасы, қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатты қалыптастырудың негізгі жоспары. Оларға обл., қалалық (респ. және обл. мәні бар қалалар), ауд. бюджеттер және арнайы экон. аймақтардың бюджеттері жатады. Жергілікті бюджеттерде жергілікті басқару органдары жүзеге асыратын, жергілікті және аймақ аралық мәні бар экон., әлеум., мәдени және басқа бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру жоспарланады. Жергілікті басқару органдары өздеріне жоғары деңгейдегі бюджеттен – респ. бюджеттен берілген қаражаттан және мақсатты ақша ресурстарынан басқа бюджет қаражатының пайдаланылу бағытын айқындайды (қ. Жергілікті бюджет).

  Республикалық бюджет – жалпы респ. мәні бар шараларды қаржыландыруға қажетті қаражатты құраудың негізгі жоспары. Оның кірісі: жергілікті бюджеттерге аударылатын бөлігі шегерілген жалпы респ. салықтар мен кірістер (қосылған құн салығы, акциздер, заңда көзделген басқа да кірістер); кәсіпорындардың бірлестіктер мен ұйымдардың пайдасына салынатын салық.

 

 

1.  Мемлекеттік бюджеттің  мәні мен мазмұны

Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер  арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.

Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы  өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың  жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік сипаты бар,  және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет.      Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін  қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің  қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.

Мемлекеттік бюджеттің  келесідей ерекше белгілері бар:

- қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  қоғамдық  өнімнің бір бөлігін бөлістіру  қатынастарын жүзеге асыратын  экономикалық нысан болып табылады;

- құнды жасау және оны  тұтыну процесін  жүзеге асыратын  матениалдық өндіріс қаржысынан  және құнды тұтынуға қызмет  ететін  өндірістік емес сфера  қаржысынан  мемлекеттік бюджеттің  айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың  салалары, аумақтар, экономиканың секторлары , қоғамдық қызметтің сфералары  арасында құнды қайта бөлуге  арналған;

- қоғадық өнімнің тауар  нысанындағы қозғалысымен тікелей  байланысты емес құндық бөліністің  кезеңін білдіреді.

Бюджет сонымен қатар  мемлекеттің экономикаға араласуының құралы ретінде пайдаланылады және ол көп жағдайда мемлекеттік несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні  бүгінгі уақытта  мемлекеттік бюджетті монополиялық өнімінің бағасын реттеуде айқын білінеді және ол  мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді.

Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына  негізделіп қалыптасады.

Бюджеттің бірлігі қағидасы   бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай –ақ  бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын   сипаттайды.

Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді.

Нақтылық немесе реалистік қағидасы  жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде –бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады.

Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы  мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді.

Осыған орай, мемлекеттік бюджет   мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.

  Бюджеттің рөлі, мәні  және процедуралық аспектілері  экономикада нарықтық қатынастардың  белсеңді өзгеруі жағдайында  түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің  саясатын жүзеге асыру бойынша  негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық  тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық  сақтау және білім сферасын  дамыту, әлеуметтік көмек және  әлеуметтік қамтамасыздандыруды  көрсету  және де экономиканың  нақты секторының дамуын қолдау, сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің  институционалды негізінің элементі  болып бюджет табылады. Бюджеттің  бағытын анықтаған кезде бюджеттік  саясаттың барлық аспектілерімен  тығыз байланыстағы мемлекеттің  экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін  ескеру керек.

 

2. Бюджеттік саясаттың  негізгі міндеттері

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде қаржының – бөлістірушілік және бақылаушылық категорияларына сәйкес алдына міндетті талаптар қояды. Бұл қызметтердің әрекетке келуі қарастырылып отырған бюджеттік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқыры ықпал етеді. Осының нәтижесінде бюджеттің экономикаға әсер ету құралы ретіндегі ролі айқындалады.

Бюджет механизмі (тетіктері) – мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері.    Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің -20%, жалпы қоғамдық өнімнің-10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының  арасында бөлістіреді.

  Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» үғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады. Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеггің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті орғандардың бюджеттері туралы мэслихаттар шешімдерінің қолданылуы токтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы токтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі. Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

 

3.Бюджет жүйесін қалыптастыру  қағидалары

Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік қатынастардыңқалыптасуныңда негізгі нысаны болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты- негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлы қызметінің -өнімі болып табылады; онда мемлекеттің еркі мен қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады.

Мемлекеттік бюджет матеиалдық өндіріс аясында да үлкен ролді атқарады.

  Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаражаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.

Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т.б. сұрақтарын шешедi.

 

4. Бюджет жүйесінің құрамы  мен құрылымы

Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік –экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады.

1996 жылдан бастап мемлкеттік  бюджеттің құрылымы 5 бөлімнен тұратын  жаңа сыныпталу (жіктелу) негізінде  қалыптасады.

Бірінші бөлім «Кірістер мен арнайы алынған транферттерге» кірістердің 4 категориясы кіреді:

1.    Салықтық түсімдер ( 75% жуық)

2.    Салықтық емес  түсімдер ( 11 % жуық)

3.    Капитал мен  жүргізілетін операциялардын түсетін  түсім ( 13%)

4.    Сырты және  ішкі көздерден алынған арнайы трансферттер (гранттар) из внешних и внутренних источников ( 1%)

Информация о работе Бюджет жүйесі