Ұлттық банкінің ақша несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 18:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1. мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2. төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3. валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4. қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
1.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫУ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
1.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2 АҚША – НЕСИЕЛІК САЯСАТ
2.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ
2.2 АҚША –НЕСИЕЛІК САЯСАТ
2.3 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ МЕН ЖҮРГІЗІЛУ МЕХАНИЗМІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

УЛТТЫК БАНК.doc

— 273.00 Кб (Скачать файл)

Ұлттық Банктің банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының тұрақтылығын ұстап тұруға, банктер кредиторларының, олардыңМ салымшыларының және клиенттерінің мүддесін қорғауға бағытталған.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;

- Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

-  банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

-  төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

- Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;

- қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады.

Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында

    • ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілейд
    • жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;
    • ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
    • инфляциялық процестердi ақша-кредиттiк реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жекелеген салаларды ынталандыру және олардың дамуын ұстап тұру мақсатында кредиттеудің лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын тоқтатып қою, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ең жоғарғы ставкаларды белгілеу және кредиттің нақты түрлерін тікелей реттеу арқылы операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тiкелей сандық шектеу қоюға құқылы,
    • ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге берілген заемдарды тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
    • депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банкте депозиттер берудің және өтеудің тәртібін, талаптарын, тартудың түрлерін, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
    • валюта нарығындағы басымдықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы жүзеге асырады;
    • мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар – Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;
    • жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

- ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта есепке алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді.

Ұлттық Банк 2002 жылдан бастап ақша-кредит саясатының бағдарларын жыл сайын нақтылай отырып үш жыл бұрын айқындайды, бұл экономикадағы және қаржы нарықтарындағы ахуалды ескере отырып неғұрлым ұзақ кезеңге арналған болжамдарды және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, елдегі салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге байланысты. Мақсаттық көрсеткіштер тұтыну бағаларының индексін пайдаланумен белгіленеді. Олармен қатар ішкі талдау үшін 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексі пайдаланылады, ол монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне күйрете әсер етуді жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдан бастап тоқсан сайынғы есеп – Инфляцияға шолу шығарылады.

2006 жылғы наурыз айында Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған Ақша-кредит  саясатының негізгі бағыттары  қабылданды. Ұлттық Банк баға  тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты ретінде айқындайды. Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс жалғасады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып ақша-кредит саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер 2006 жылы іске асыру белгіленген шараларды нақтылаумен үш жылға (2006-2008) ұсынылған, бұл осы құжаттың орта мерзімдік бағытын атап көрсетеді. Кейінгі жылдардың көрсеткіштері ағымдағы жылдың соңында нақтыланады.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

    • 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат
    • 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал — Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы
    • Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
    • 5 есеп беретін ұйым:
    • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
    • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
    • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
    • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
    • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қазыналық кәсіпорны)

Ұлттық Банк:

    • «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»
    • «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
    • «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры»
    • «Қазақстан Актуарлық орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.

 

 

 

 

 

1.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас органның ролiн атқара отырып, ерекшк орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және республикамыздағы  банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.

Ұлттық банк  - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

  1. мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
  2. төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  3. валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  4. қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

    • Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
    • Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
    • Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.   /1, 74 б./

Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
    • Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
    • Банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
    • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;

Банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтiк операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау.

Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлетті орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды.

Қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi; Банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы.

1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;

Информация о работе Ұлттық банкінің ақша несие саясаты