Әлеуметтiк философия. Қоғам бiртұтас жүйе ретiнде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2014 в 21:10, реферат

Краткое описание

«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды.

Содержание

I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) Қоғам философиялық таным объектiсi ретiнде
2) Қоғамның негiзгi типтерi, олардың даму жолдары
3) Қоғамдық сана және қоғамдық болмыс диалектикасы
III.Қорытынды бөлім
1) Әлеуметтік философияның функциялары.

Вложенные файлы: 1 файл

Әлеуметтiк философия.docx

— 39.35 Кб (Скачать файл)

Бiрақ бұл екi категорияның арақатынасында келесi үрдiс байқалады: қоғамдық сана материалдық өндiрiстiн, еңбек қызметiнiң негiзiнде,(қоғамдық болмыс) қажеттi түрде шығады. Адамның табиғатқа мақсатты түрде әсер етуi, табиғатты өз қажеттiлiктерiне бейiмдеу, яғни еңбек процесiнде өндiруге тиiстi заттар мен құбылыстардың қасиеттерi жайындағы бiлiм деңгейi өседi.

Маркс пен Энгельс өз философияларында бұл категориялардың арақатынасы жайында келесi тұжырым жасап- қоғамдық болмыс бiрiншi, ал қоғамдық сана оған тәуелдi, оның туындысы екенiне келесi дәлел келтiрдi: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналасу үшiн алдымен сусын iшуi, тамақ жеуi, киiнуii баспанасы болуы тиiс, ал бұлар болу үшiн оларды өндiру қажет. Осы қарапайым ақиқаттың астарында қандай мән жатыр? Адамның бүкiл өмiрi, тiршiлiгi сайып келгенде материалдық игiлiктер өндiру тәсiлiне тәуелдi. Олай болса, бүкiл қоғам өмiрiнiң негiзi-еңбек. Өндiрiстiк еңбексiз қоғам өмiр сүре алмайды, тiптi пайда болмаған да болар. Сонымен, не алғашқы деген сұрақтан, келесi жауап туады: көғамдық сана қоғамдық болмыстан туады, соның бейнесi болып табылады, қ/б өзгергеннен кейiн сана да өзгередi. Бiрақ, адамның санасы әрекетшiл, белсендi қоғамдық күш болып табылады және тарихи дамудың жетекшiсi; ал тарихи дамудың негiзiн қоғамдық практика құрады. Адамның еңбек қызметiнiң практикалық iс-әрекетiнiң белсендiлiгi, сананың жасампаздығын, активтiлiгiн тудырады (К.Маркс «Фейербах туралы тезистерi»).

Сондықтан, қ/с және қ/б арақатынасы бiркелкi емес, қ/б бiлеушi, шешушi болғанымен кейбiр жағдайларда қ/с өз дербестiгiн, өз даму заңдылықтары бар екенiн байқатады:

1)қоғамның көптеген мүшелерiнiң санамы болмысқа сәйкес келмеуi, яғни артта қалып қоюы мүмкiн (Қазақстанда социализмнiң құлағанына ондаған жылдар өткенiмен, көптеген адамдар ескi сана қалдықтарынан әлi арыла алға алмады, зейнеткерлер)

2)қ/с қ/б озып кетуi де ықтимал. Бұл процесс қ/с қ/болмысты өзгерту қажеттiгiн алдын ала бейнелендiрiп, оның өзгеруiне көмектесу керек болған жағдайларда болады. (көрнектi қоғам қайраткерлерi, ғалымдар, өнер қайраткерлерi т.б. қоғамдық дамудың болашақ бағытын алдын ала болжап, құбылыстардың сырт көрiнiсiнiң iшкi мәнiң ашқанда; Ж.Ж.Руссо «Қоғамдық шарт» еңбегiнде буржуазиялық қоғамды дәрiптеп, алдын ала болжады.)

3) қ/с мен қ/б сабақтастық байланыста болады: әрбiр жаңа тарихи дәуiрдiң қ-қ идеялары мен теориялары жоқтан пайда болмайды, өткен дәуiрлердiң идеяларымен сабақтастық байланыстың негiзiнде туады. (социалистiк утопистiк идеялар)

Өткен дәурлердiң озат ф-қ қ-қ теорияларында, өнерi мен моралiнде жалпы адамдық мазмұны бар. Қ/с батлық формаларының өзгеруi мен дамуы сайып келгенде ғана материалдық өндiрiстiң дамуымен, экономикалық базиспен айқындалатының көрсетедi. Экономика қоғамдық сананың даму бағытын айқындап бередi.

4.Әлеуметтiк философияның көпқырлы, көпөлшемдi «түпкiлiктi формуласын» тауып және тегi жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда оның немен айналасатынын бiле аламыз.

Бұл «формуладан» шығатыны- әлеуметтiк философия функцияларын тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкiл әлеуметтiк- гуманитарлық бiлiм жүйесiнде де жеткiлiктi түрде айқын жеткiзуге болатындығы. Әлеуметтiк философияның атқаратың қызыметтерi:

1. Дүниетанымдық-әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк әлемнiң тек «картинасы», бейнесi ғана емес. Ол, сонымен қатар, әлеуметтiк идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмiрмен байланысын анықтай отырып, осы әлемдi жаратады да. Жалпы адамзаттқа  деген маңызында алсақ, әлеуметтiк ф-я социум (әлеумет) жайында ең жалпы түсiнiктер бередi деген тұжырымға келемiз.

2. Методологиялық - әлеуметтiк ф-я мұны пәндiк және теориялық форма ретiнде қызмет ете отырып және әлеуметтiк құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы ф-қ принциптердi пайдаланудың үлгiсi бола отырып жүзеге асырады. Мысалы, диалектика принципi (тарихилық принципi, абстрактылыктылыдан нақтыға өту принципi т.б.) мен синергетика принципi (бүтiн, органикалық, өзiн-өзi басқарушы және өзiн-өзi ұйымдастырушы жүйелердiң жүйелiк-құрылымдық ұйымының жалпы теориясы) жатады. әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк гуманитарлық бiлiмдердi пәндiк тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегi ретiнде көрiнедi (мысалы, кешегi күндерде ол «тарихи материализм» ролiмен көзге түстi).

Әлеуметтiк танымның методологиялық бағдарында герменевтиканың да ұғыну мен түсiндiру ф-сы ретiндегi маңызы зор. әлеуметтiк ф-я мен «әлеуметтiк философтардың» қазiргi жағдайы еске түсiредi: бiрiншiсi өз Құдайына сыйынып, оны үнемi мадақтап отырса, екiншiсi оған үнемi сұрақ жаудырумен өтедi.  Әлеуметтiк ф-да  да сол сияқты: бiрiншiлерi өзiнiң «құдайы»- қоғамды мадақтай отырып, оның ақыл-ойынан, жетiстiгiнен және прогресiнен үмiт күтсе, екiншiлерi- «Бiз кiмбiз? Қайдан шықтық? Қайда барамыз? Әлемдегi болмысымыздың мәнi неде?»- деген сұрақтармен, қалыптасқан ахуалдың шешiмiн iздейдi. Бұлардың екеуiнiң арасындағы ұқсастық, олар ең алдымен түсiнуге ұмтылып, сонан кейiн ғана «түсiндiруге» тырысады (ал Құдай болса өзiн түсiнудi емес, өзiне сенудi қалайды, бiрақ қоғам Құдай емес қой!).

Әлеуметтiк ф-я методологиялық негiз ретiнде әлеуметтiк құбылыстардың және олардың даму болашағына әмбебап принциптер мен, заңдарды және оларды танудың әдiс-тәсiлдерiн қолданады деген түйiнге келемiз.

3.Танымдық- ол танымдық мәдениеттiң элементi ретiнде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен принциптерiн қалыптастыра отырып, бiр нәрсенi ашуға қабiлетi бар, белгiлi бiр эвристикалық ерекшелiктерiмен айрықшаланады.

4. Аксиология- әлеуметтiк ф-я әлеуметтiк болмыстың құндылық негiздерiн пайымдай отырып, оның iшiнде белгiлi дәрежеде тәрбиелеушi функциясын да атқарады: әлеуметтiк ф-я, бiрiншiден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгiлi бiр мәдениетiн тәрбиелейдi; екiншiден, адамдардың және бүтiндей қоғамның белгiлi бiр құндылық бағдарларын тәрбиелей қалыптастырады.

5.Болжамдық-әлеуметтiк ф-я кейбiр философиялық концепциялардағы әлеуметтiк болжау жасап, ғылыми негiз iздеп қызмет атқарады.

Сонымен, әлеуметтiк ф-я ең алдымен, Тарихтағы қоғамдық болмыстың онтологиялық негiздерiн зерттеумен айналысатын философиялық бiлiм бөлiгi. Өйткенi, адамдардың қоғамдық өмiрi де, яғни экономикалық, саяси, мемлекеттiк-құқықтық және әлеуметтiк-мәдени өмiрi де, ең алдымен, Таррих ағымында өтедi. Ол бiздiң әлеуметтiк болмысымыздың ерекше “үйi”. Қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен логикасы, оның әуел бастағы мәнi мен мақсаты туралы барлық сұрақтар- бұл бiздiң тарихи болмысымыздың мәнi, заңдылықтары, логикасы туралы сұрақтар. Гегельдiн  “Философия- оймен ұсталып қалаған дәуiр”  деген пiкiрi әлеуметтiк философияға өте сәйкес келедi.                                                        

 

III. Қорытынды бөлім

1. Әлеуметтік философия функцияларын тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен, әлеуметтік философия бойынша оқулық және арнайы әдебиет авторларымен толық келісе отырып, оның дүниетанымдық қызмет атқаратынын тиянақтауға болады, өйткені ол “әлеуметтік әлемді” бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде “оны жаратады да”. Әлеуметтік философия әлеуметтік әлемнің тек картинасы, бейнесі ғана емес. Ол сонымен қатар, әлеуметтік идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен байланысын анықтай отырып, осы әлемді жаратады да.

Екіншіден атқаратыны – методологиялық функция. Әлеуметтік философия мұны пәндік және теориялық форма ретінде қызмет ете отырып және әлеуметтік құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы философиялық принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып жүзеге асырады. Олардың қатарында диалектика принципі мен синергетика принципі жатады. Әлеуметтік философия әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді пәндік тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегі ретінде көрінеді.

Әлеуметтік философияның үшінші функциясы оның танымдық, эвристикалық қызметі болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып, бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады.

Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың құндылық негіздерін пайымдай отырып, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішінде белгілі бір дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді: әлеуметтік функция, біріншіден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгілі бір мәдениетін тәрбиелейді; екіншіден, адамдардың және бүтіндей қоғамның белгілі бір құндылық бағдарларын тәрбиелейді.

Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы әлеуметтік болжау сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады.

Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқада қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып табылады. Коғам мағналы ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды.

Қоғамға деген көзқарастардың тарихи эволюциясы нарутиализм, идеализм, материализм деген сияқты теориялық үлгілерде көрініс береді. Қоғам мәнін дұрыс түсіну үшін «материалдық», «руханилық», «практикалық»  ұғымдарының ара қатынасы ең маңызды болып табылады. Қоғамдық дамудың негізінде қоғамның жүйелілігін құрайтын қоғамдық қатынастар жатыр, өйткені мұнда қызметтің экономикалық, саяси және т.б. формалары көрініс береді.

Қоғамның дамуы революциялық немесе эволюциялық сипатқа ие. Философия қоғамның дамуын әлемдік тарихтың бірлігімен алуан түрлі принципі арқылы қарастырылады, өйткені мұнда жалпылықпен жекеліктің бір-бірімен өзара байланысының жалпы диалектикалық заңы көрініс береді. Қоғамдық дамудың басты мәселесіне қоғамдық прогресс ұғымы мен оның өлшемдері жатады.

Қоғам дамитын жүйе ретінде өзінің қозғаушы болады. Тарихи процестің субъектісі және қозғаушы күші әр түрлі философиялық бағыттарда қоғамды рухани және материалдық тұрғыдан негіздеуде көрініс береді. Қоғам дегеніміз мүдделері, құндылықтары және мақсаттары әр түрлі адамдар қауымдастығымен әр түрлі әлеуметтік топтардың жиынтығы болып табылады.   Осыған орай тарихи процесс күрделі және ықтималды сипатқа ие. Сондықтан тарихтағы жекелеген тұлғалардың, сонымен бірге әлеуметтік топтардың ролін зерттеу өте маңызды. Осы диалетиканың арқасында тарихи процесс стихиялық пен саналылықтың бірлігінде жүреді.

Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлер шырмауынынан шығып, адамның қоғамдық және индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы қандай да бір нағыз сөзге ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз санасы көмегі арқылы ие болу формасы ретінде, өзін «жинақтауға» деген саналы рухани жігер ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап іздеу негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болар теориялық-методологиялық конструкцияларды, терминдерді, категорияларды іздейді және табады.

 

 

 

 

Пайдаланылған адебиеттер:

1.«Философия тарихы»     Г.Ж.Нұрышева                    Алматы 2005

2.Оқулық «Философия»      Ғ.Т.Ғафизұлы                     Алматы Атамұра

3.Оқулық «Философия»      Серік Мырзалы                   Алматы  2001                                                                                                       4.Оқулық «Философия»     Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов    Алматы 2000

5. «ФИЛОСОВСКОЕ НАСЛЕДИЕ » Иммануил Кант Т – 1; e-history.kz

 


Информация о работе Әлеуметтiк философия. Қоғам бiртұтас жүйе ретiнде