Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:52, доклад

Краткое описание

Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Ари-стотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін ке-нейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.

Вложенные файлы: 1 файл

Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі.docx

— 16.47 Кб (Скачать файл)

Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Ари-стотель  грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін ке-нейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.

Ежелгі Греция философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. 
Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық – зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!» қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель -Г.Н.) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты. 
Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды. 
Философия тарихында Сократ метод мәселесінің негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен. олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика. 
Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді. 
Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. 
«Идея» – Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу – ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек. 
Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады. 
Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызы жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі.Солардың алғашқыларының бірі Платон болды. Оның «Мемлекет», «Заңдар» және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мылекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанының бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды үш тапқа бөледі. 
Аристотель – біздің дәуірімізге дейінгі 384 жыл шамасында Стагирде дүннеге келген. Платонның Академиясында философ ретінде қалыптасу шеңінен өтті, ұстазының философиялық ілімін жалғастырды. Аристотель зерттеген мәселелер аумағы өте кең. 
Философияны Аристотель «бірінші философия» және екінші философия» немесе метафизика және физика деп боледі. Оның пікірінше, мета-физика – барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді: 
1) Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп «Неден?» деген сұраққа жауап береді. 
2) Форма – заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді. 
3) Қозгалтушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, «Қозғалыс қайдан басталады?» деген сұраққа жауап береді. 
4) Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, «Не үшін?» деген сұраққа жауап береді. 
Фитканың зерттеу объектісі – денесі бар және қозгалушы нәрсе. Ари-стотель- қозғалыс деп кез-келген өзгерісті, мүмкіндіктің жүзеге асуын түсінеді және оның төрт түрін атап көрсетеді: 
1) субстанционалдық қозгалыс – пайда болу және жойылу; 
2) сандық қозгалыс – өсу және азаю; 
1) сапалық қозгалыс – айналу, альтерация (заттың басқаға айналуы); 4) кеңістіктік қозгалыс – орын ауыстыру, трансляция. 
Адам қызметінің жалпы мақсаты, Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену- Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік – өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің жетілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат – асыл қасиетке жетуде. 
Аржттепъдің мемлекет туралы ілімі де асыл қасиет ұғымына негіздел-ген. Мемлекетті араласудың ең жетілген түрі деп түсіндірген Аристотель оның басты мақсаты – өз азаматтарын асыл қасиетке тәрбиелеу дейді. 
Александр Македонский билік құрған кезең – біздің дәуірімізге дейінгі 334 жылдардан бастап оның универсалдық құдайы монархия идеясы жүзеге аса бастады, ол өзінің қол астына әр түрлі қалаларды ғана емес, тұтас елдерді, халықтарды біріктіре бастады. Грек полисмемлекеті дағдарысқа ұшырады, өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, құлдырады. Сократ, Платон, Аристотель дамытқан еркін философиялық ойлардың орнын полистен жаттанған, өмірдің мәнін жоғалтқан, болашаққа сенімсіздікпен қарайтын, пессимистік пайымдауларға көбірек берілген философтардың экзистенциалдық және практикалық пікірлері басты.


Информация о работе Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі