Қазақша күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 12:55, реферат

Краткое описание

Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады. Кеңес тұсында да ол кеудесінен басылып тұрды. Бұл ретте оның ашылмай тұрған тағы бір тынысы бардай сезілетін. Содан еліміз егемендік алып, ел еңсесін көтере бастаған тұста, Штаттағы ұлттық командалар дирекциясын басқарып тұрған маған қазақ күресінің басы-қасында жүрген ағаларымыз қолқа салды.

Содержание

1. Қазақша курес және оның даму тарихы
2. Қазақша күрестің техникасы және әдіс тәсәлдері

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақша курес.doc

— 104.00 Кб (Скачать файл)

Тепе-теңдікті сақтау өнері  мынаған саяды: тіреу алаңын тез  өзгертіп, «қауіпті бағытта» орнықтылық бұрышын арттыратын қимылдар жасау; қарсыластың жұмсаған күшін бейтараптау немесе кері серпу үшін тиісті бұлшық еттерін қатайту немесе босату.

Осындай қимылдар жасау  үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай: аяқтары иығына сәл алшақтау, бір аяғы ( сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген,бұлшықеттері бос,кез-келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, Іал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған. Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасында) болуы тиіс.

Орнықтылық бүрышын  «қауіпті бағытта» арттағы аяқты  палуан өзінің тұрған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп тағы да кейін қою арқылы арттыруға болады.  

 

 

Қазақша күресті үйретуді жаңа әдістері

 

Күрес тәсілдерін квалификациялау  барлық белгілі әдістерді ортақ  белгілеріне қарай топқа бөлуге болады.

Жүйелеу - Тәсілдердің әртүрлі топтардың арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді тауып, оларды қиындық дәрежесіне, құрылымының күрделілігіне, тағы сол сияқты белгілеріне қарай бірінен бірін орналастыру (жүйе).

Терминология - педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайдаланылатын қазақша күреске тән атаулар.

Жүйелеу   классификациялау      негізінде      жүргізіледі.       Ол жаттықтырушының күрес техникасы, топтар мен амалдар арасындағы өзара байланыс жөніндегі жаттығушыларға түсінік беруіне көмектеседі. Бұл палуандарды дәйекті түрде және дұрыс оқытуға мүмкіндік береді.

Қазақша күресті классификациялау негізіне қарсыласпен күрескен кезде  қолданылатын және жарыс ережелерінде рұқсат етілген амалдар алынған.

Қазақша күрес техникасындағы кейбір түсініктерді анықтау.

Күрес техникасы дегеніміз палуанның жеңіске жетуі үшін қолданатын және әрекет ету ережелерінде рұқсат етілген амалдар жиынтығы.

Түрегеліп күресу техникасы - тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.

Ұстасу - қолмен орындалатын әрекеттер, палуан шхабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.          

Бір жақты ұстау - оң қолымен қарсыласының оң қолының (сол қолын сол қолынан) ұстау.

Әр жақты ұстау — оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан) ұстау.

Ырғақ - білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, құлыптап, бір-бірімен ұстастырады.

Шалу - аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.

Ілу - аяқпен жасалатын қимыл. Бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрьш жіліншікпен немесе табанмен орындалады.

Орау - аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншілігімен және табанымен аяғынан іледі.

Қағу - аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.

Көтере қағу — аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі аяғынан бірдей артқа көтере қағады.

Тізеден қағу - аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.

Көтере итеру - аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.

Адымын айқастыру - қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен палуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.

Еңкею - денені тік тұрған күйінен горизонталь күйге қозғалту.

Тікею - денені горизонталь күйден тік күйге келтіріп қозғалу.

Шалқаю - денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.

Айналу - артқа қараи құлаған кездеп дененің қозғалысы: палуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетіндей болып айналады.

Жұлқу - палуан қарсыласын қатты тартып қалады ( жұлқиды ).

Итеру - палуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.

Әдіс - палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе оны жеңу амалы.

Қорғану     - қарсыласының     шабуылын     палуанның     тойтаруына мүмкіндік беретін әрекеттері.

Қарсы әдіс ( амал ) - қарсыласының әдісіне қолданылатын әдіс (амал)

Лақтыру - қарсыласын кілемнен көтеріп алып, жауырынымен немесе

кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдістер.

Жығу - түрегеліп тұрған қарсыласты көтеріп алмай — ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер.

Арқадан асыра лақтыру - қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкею немесе алға қарай қүлау арқьшы орындалады.Айнала берген кезде еңкейе қалу бұл әдістің негізгі әлементі болып табылады.

Шалқайып (төспен ) лақтыру - шалқаю арқылы орындалады. Бұл әдістің негізгі әлементі - денені артқа қарай доғаша иіп шалқайту.

Еңкейіп лақтыру — кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге түсіру жолымен орындалады.

Ілу - түрегеліп тұрғанда орындалаты әдіс. Қарсыласының аяғын палуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады немесе лақтырады.

Сүріндіру — лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғынан қарсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады.

Иықтан асырып лақтыру - палуан арқасын берік денесін айналдырып барып қарсыласын иығынан асырып лақтырады.

Орау - түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан өз аяғымен (жіліншілігімен және табанымен бір мезгілде) орап алып жығады немесе лақтырады.

Тактикалық даярлық амалдары - палуан шабуылдау немесе қарсы шабуылдау жасау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттері.

Барлау - палуаннның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін такктикалық әрекеттері.

Бүркемелеу — палуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекеттері.

Қауіп төндіру — палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.

Жалған әрекеттер — ақырына жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететтін амалдар: ұстау, жұлқу, итеру және басқа да әрекеттер.

Алдау - ол да жалған әрекеттер.

Қайталап алдау - палуанның өзінің шын амалын қарсыласына жалған амал етіп көрсетуге бағытталған тактикалықәрекеттері.

Шақыру - палуаннның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.

Тұқырту — палуанның қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекеттері.

Тепе — теңдіктен шығару - палуанның өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласын тепе — теңдігін сақтай алмай, қолайсыз күйге түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.

Шабуыл - тактикалық әрекет, оның мақсаты - басым түсу немесе жеңіске жету.

Қайталап шабуылдау - бірдей қимылдар қатар орындалатын тактикалық әрекеттер, ол қимылдардың тек соңғысы ғана шешуші, ал қалғандары жалған болып табылады.

Комбинация - белгілі бір нәтижеге жету үшін орынадалатын әрекеттерді тактиаклық жағынан ұшттастыру немесе олардың бірінен-бірі орындалуы.

Ұстау (әдіс) комбинациясы - қарсыласы ұстаудың (әдістің) бір түрінен қорғана жүріп, келесілерін орындауға қолайлы сәтін туғызатындай етіп ұстау түрлерін (әдістерді) ұштастыру.

Алдын алу — палуанның қарсыласының шабуылы мен бір мезгілде жүргізетін шабуылдау әрекеттері. БІрақ палуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаңырақ орындайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақ энциклопедиясы, 5 том  
  2. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан», 1991.—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

 

 

 


Информация о работе Қазақша күрес