Спорттық жаттығуларды үйрету барысында балалардың қауіпсіздігін сақтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 18:24, лекция

Краткое описание

Мектепке дейінгі мекемеде спорттық жаттығулардын шаңғы, шана, коньки тебу, самокат, әткеншектер, жүзу сияқты түрлері қолданылады. Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік (сабақтан кейін) және кешкі (бесін мезгіліндегі тамақтан соң) мезгілде балалар таза ауада болып келгенннен кейін ұйымдастырылады. Бұл жаттығуларды үйрету барысында бірінші орынға сәбилердің қауіпсіздігі қойылады. Осы қауіпсіздікті сақтау үшін спорттық жаттығуларды үйрету әдістемесін білген жөн. Тәрбиеші әрбір жаттығудың нақты міндетін тұжырымдай отырып, жаттығуды үйретудің бүкіл кезенің жоспарлайды. Нақты үйрету алдында ол жаттығудың мазмұнын, мөлшерін, қарқынын, сондай ақ жаттығу өткізу әдістемесіне нұсқауды нақтылайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Дәріс дене дв 312.doc

— 45.50 Кб (Скачать файл)

Дәріс №1. Спорттық жаттығуларды үйрету барысында балалардың қауіпсіздігін сақтау

 

Мектепке дейінгі мекемеде  спорттық жаттығулардын шаңғы, шана, коньки тебу, самокат, әткеншектер, жүзу сияқты түрлері қолданылады. Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік (сабақтан кейін) және кешкі (бесін мезгіліндегі тамақтан соң) мезгілде балалар таза ауада болып келгенннен кейін ұйымдастырылады. Бұл жаттығуларды үйрету барысында бірінші орынға сәбилердің қауіпсіздігі қойылады.  Осы қауіпсіздікті сақтау үшін спорттық жаттығуларды үйрету әдістемесін білген жөн. Тәрбиеші әрбір жаттығудың нақты міндетін тұжырымдай отырып, жаттығуды үйретудің бүкіл кезенің жоспарлайды.  Нақты  үйрету алдында ол жаттығудың мазмұнын, мөлшерін, қарқынын, сондай ақ жаттығу өткізу әдістемесіне нұсқауды нақтылайды. Балаларды шаңғымен жүруге үйрету алдында әңгіме өткізілуі керек, әңгімелесу кезіңде жаттығудың маңызы, олар  үшін арнайы киім мен аяқ киім жайлы түсіндіру керек. Бұған қоса балаларға шаңғымен жүрудің бұрылу, өрлеу, төмен қарай жылжу әдістерінің қайсысына үйретілетіні, щаңғымен қай жаққа серуендеу ұйымдастырылатыны айтылуы қажет. Алғашқы сабақта тәрбиеші балаларға шаңғы мен таяқтын бойға қарай тандалатыны жайлы түсіндіреді: егер шаңғы тігінен қойылса, ол баланың жоғары көтерілген қолының ұшына, ал таяқ қолтыққы жетуі керек. Одан әрі тәрбиеші балаларды шаңғыны сақтау әдісімен таныстырады: серуенннен кейін шаңғы қардан тазартылады, олардын арасына таяныш қойылады, тігінен қойып жиналады.  Шаңғыны тебуге үйрету белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі.  Әуелі таяқсыз адымдап және сырғанап жүруге үйретеді.  Одан кейін бұрылуға, тежеуге, төбеге шығуға, одан төмен қарай сырғанауға үйретіледі. Одан әрі екі аяқты алма кезек адымдауға және бір мезгілде адымдай таяқтармен жылжуға үйретіледі.  Адымдап жүру- шаңғымен жүрудің ең қарапайым әдісі. Борпылдақ қарда және төбешікке көтерілген кезде қолданылады. Тәрбиеші қалай орындау керек екенін түсіндіреді және көрсетеді.  Балалрға үйрету барысында дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа кезек алмастыру, біртіндеп адымды ұзарту қажет екенін ескерту керек.  Алма кезек адымдап жүру – шаңғымен жүруде үйлесімі жөнінен күрделі жылжу. Бұл ороайда кәдімгі жүріс кезіндегідей қол мен аяқтын қозғалысы кезектеседі: оң аяқпен  сол аяқ.  Үйрету барысында балалардың серпіліс кезінде кеудемен алға қарай ширақ ұмтылуын бақылау керек.  Шаңғы тебуді үйрету кезінде көрсету және түсіндіру әдісі пайдаланылады. Бұған қоса жаңғымен жүру техникасы туралы түсінікті анықтауға  суреттерді көру, әңгіме өткізу көмектеседі.

Коньки тебуге үйрету әдістемесіне талдау жасаған Л.Н. Пустинникова.  Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды алғашқы тұру  қалпын дұрыс ұстай білуге, екпіндеп жүгіруге және екі аяқты кезек тіреп оң аяқпен және сол  аяқпен сырғанауға, оңға жіне солға бұрыла білуге, тежеуге және тоқтауға, конькиді киюге үйрету керек.  Коньки тебу 5-6 жастан басталады.  Конькимен жүруге үйрету кезінде әр түрлі : көрсету, түсіндіру, көмектесу әдістері қолданылады.  Кресло шананы,  арнаулы орындықты пайдалануға болады.

Шығыршықты конькимен балаларды бұрылуға, жүруге, тежеуге, тоқтауға үйретеді. Үйрету кезінде түсіндіру, тәрбиеші немесе жолдастарынын көмегі пайдаланылады.  Тапсырма бірте бірте күрделене түседі. 3-4 жастан бастап демалыс күндері, балалабақшадан тыс уақытта арнайы бағдарламасыз ересектер бақылауымен шығыршықты коньки тебуді үйретуге болады.  Оның екі, төрт дөңгелекті түрлері бар.

Шанамен сырғанауда алда кеткен бала сырғанақтын шетіне жеткенше асықпай күту, сырғанаққа шалқасынан жатпау, бір бірлерін итермеу сияқты қауіпсіздік ережесін балаларға түсіндңру керек. Сонымен қатар балалар шанамен сырғанау барысында олардан алыс кетпей үнемі бақылап тұруы қажет.

Балаларды 3 дөңгелекті велосипедті 2 жасынан, екі дөңгелектіні тебуге 5 жасынан үйретеді:оларды қалай отыруға, түсуге,  велоспедті әр түрлі жолдарда жүргізе білуге , тежеуге және тоқтауға үйретеді. Тәрбиеші велосипедтің баланың жас шамасына сай болуын және ереженін орындалуын қадағалайды.

 Жүзу  барысында баларға  суға түсу ережелерін  мұқият түсіндіру:  су ішінде бір бірлерін итермеу, астына қарай баспау, су шашпау, себепсіз секірмеу керек. мектепке дейінгі мекемеде балаларды жүзуге үйрету әдістемесін ұсынған Т.И. Осокина. Жүзудің түрлері: құлаштап, шалқалап, брасс, батерфляй, қырындап. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мектепке дейінгі мекемеде үйретілетін спорттық жаттығулар?
  2. Шаңғымен жүруге үйрету кезектілігі қандай?
  3. Балаларды жүзуге үйрету барынсында қандай қауіпсіздік ережелерімен таныстыру қажет?
  4. Конькимен сырғанау кезіндегі үйретілетін қауіпсіздік ережелері?
  5. Спорттық жаттығуларды үйрету әдістемесі?
  6. Велосипед тебуге үйрету?
  7. Мектепке дейінгі мекемеде үйретілетін спорттық жаттығулар?
  8. Шаңғымен жүруге үйрету кезектілігі қандай?
  9. Балаларды жүзуге үйрету барынсында қандай қауіпсіздік ережелерімен таныстыру қажет?
  10. Конькимен сырғанау кезіндегі үйретілетін қауіпсіздік ережелері?
  11. Спорттық жаттығуларды үйрету әдістемесі?
  12. Велосипед тебуге үйрету?
  13. Мектепке дейінгі мекемеде үйретілетін спорттық жаттығулар?
  14. Шаңғымен жүруге үйрету кезектілігі қандай?
  15. Балаларды жүзуге үйрету барынсында қандай қауіпсіздік ережелерімен таныстыру қажет?
  16. Конькимен сырғанау кезіндегі үйретілетін қауіпсіздік ережелері?
  17. Спорттық жаттығуларды үйрету әдістемесі?
  18. Велосипед тебуге үйрету?
    1. Мектепке дейінгі мекемеде үйретілетін спорттық жаттығулар?
    1. Шаңғымен жүруге үйрету кезектілігі қандай?
    2. Балаларды жүзуге үйрету барынсында қандай қауіпсіздік ережелерімен таныстыру қажет?
    3. Конькимен сырғанау кезіндегі үйретілетін қауіпсіздік ережелері?
    4. Спорттық жаттығуларды үйрету әдістемесі?
    5. Велосипед тебуге үйрету?

 

 

 

 

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған тест сұрақтары:

1.Спорттық жаттығулармен айналысу қай кезде жүргізіледі?

А) таңертеңгілік

Б) ұйықтар алдында

В) үйге қайтарда

Д) демалыс күндері

2. Баларды шаңғы тебуге  үйрету әдістемесін талдау жасаған:

А) Т.И. Осокина

Б) М.П. Голощекина

В) Е.А. Аркина

Д) К.Д. Ушинский

3.  Тегіс жердегі борпылдақ  қарда және төбеге көтерілу  кезінде қолданылатын шаңғымен  жүрудің қарапайым әдісі:

А) асыңыс адым

Б) кедергілі жүріс

В) адымдап жүру

Д) кезектесіп адымдау

4. Шаңғымен жүрудің неғұрлым  күрделі әдісі:

А) сырғанай адымдау

Б) секіртпелі жүріс

В) таяқсыз жүріс

Д) жайлы жүріс

5.  Қыста игерген дағдыларын нығайтуға көмектеседі:

А) әткеншек

Б) тербелме

В) сырғанақ

Д) шығыршықты коньки

6. Балаларды коньки тебуге  үйрету әдістемесіне талдау жасаған:

А) Л.Н. Пустинникова

Б) И.Г. Песталоцци

В) А.К. Меңжанова

Д)Ф.Н. Жұмабекова

7. Шаңғымен жүруде үйлесімі  жөнінен күрделі жылжу:

А) алма-кезек адымдап жүру

Б) алға жылжу

В) артқа сырғанау

Д) отырып сырғанау

8. Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге үйрету әдістемесін ұсынған:

А) Е.И. Радина

Б) Ғ.З.Таубаева

В) Г.Метербаева

Д) Т.И. Осокина

9. Жүзудің түрі:

А) ақырын жүзу

Б) батырып жүзу

В) құлаштап жүзу

Д) етпеттеп жүзу

10. спорттық жаттығуларға  жатпайды:

А) шашки

Б) жүзу

В) шаңғы тебу

Д) велосипед тебу

 

 

 

 


Информация о работе Спорттық жаттығуларды үйрету барысында балалардың қауіпсіздігін сақтау