Волейболдағы доп беру классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 14:20, реферат

Краткое описание

Өзектілігі : Менің ойымша, бұл тақырып жеткілікті түрде зерттелмеген және әртүрлі адамдардың қызығушылығын тудырады. Жалпы алғанда волейболды «миллиондардың ойыны» деп атайды. Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол тәрізді 100 жылдай уақыт болған. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тараған. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрінің бірі болып есептеледі.

Содержание

I тарау Волейболдағы доп беру классификациясы
1.1.Доп беруді талдау, олардың алуан түрлілігі мен қолданылуы
1.2.Доп беру алдындағы психологиялық күйі
1.3.Доп беруді үйреті әдістемесі
1.4. Доп беруді орындау тактикасы
ІІ Тарау Доп беру тактикасын жетілдіруге арналған жаттығулар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Волейбол.doc

— 141.50 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

I тарау Волейболдағы доп беру классификациясы

1.1.Доп беруді талдау, олардың алуан түрлілігі мен қолданылуы

1.2.Доп беру алдындағы психологиялық күйі

1.3.Доп беруді үйреті әдістемесі

1.4. Доп беруді орындау тактикасы

ІІ Тарау Доп беру тактикасын жетілдіруге арналған жаттығулар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Өзектілігі : Менің ойымша, бұл тақырып жеткілікті түрде зерттелмеген және әртүрлі адамдардың қызығушылығын тудырады. Жалпы алғанда волейболды «миллиондардың ойыны» деп атайды. Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол тәрізді 100 жылдай уақыт болған. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тараған. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрінің бірі болып есептеледі.Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдылығы, орындалатын қимыл қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез-келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болып отыр. Ойын бұлшық еттердің барлық топтарының секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігің үйлесімді дамуына көмектеседі. (12) Осы ойында доп беруге аса назар аудару қажет, өйткені қазіргі күні доп беру – допты ойынға енгізу құралы ғана емес, сонымен қатар белсенді тойтарыс беру құралы болып есептелінеді. (2) Ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау арқылы төмен деңгейлі волейболистердің жаттығу процесінде орнында және секіріп берілген жоғары тура доп беру нәтижелігін көтеру үшін әртүрлі жағдайлардың жеткіліксіз қолданылғанын куәландырады.  Менің жұмысым осы бағытты зерттеуге байланысты, осыған байланысты оның өзектілігін анықтайды.

Ғылыми жаңалық жұмыс доп берудің орындалуын жетілдіру және үйрету кезіндегі дене шынықтыру жаттығуларының жаңа түрлерін қолданумен қорытындыланады.

Зерттеу мәні  ойындар мен жаттығу сабақтарында әртүрлі ойындық нұсқаларда доп беруді орындаудың заңдылығын орнату болып саналады.

Осы жұмыстың мақсаты: доп беру техникасы мен тактикасын, сондай-ақ оны оқыту әдістемесін көтеру және жетілдіру.

 

 

 

1 тарау. Волейболдағы доп беру классификациясы

1.1 Доп беруді талдау, оның әртүрлілігі мен қолданылуы.

Доп беру – техникалық әдіс, оның көмегімен допты ойынға кіргізеді және сонымен қатар қарсыласының өзара қимылын қиындатуға тырысады. Бастапқы кезде допты беру допты ойынға кіргізуге әкелетін. Көптеген авторлардың пікірі бойынша ол біртіндеп  командамен қолданылатын маңызды емес шабуыл жасайтын әдіске айналды және жарыстың  нәтижесіне айрықша әсер етеді. (14) Доп беру ойын қимылының тізбесіндегі бірінші звено болып есептелінеді. Доп беру қанша нәтижелі болса, доп беру құқығын және осымен бастама алған команда үшін ойын барысында оң нәтиже танытады.  Іс-әрекет доп беруден басталады. Бірдей деңгейлі екі команда кездескен кезде олардың жеңіске жетуі  немесе жеңілуі доп беруге байланысты болады. Доп беруді орындау кезінде ойыншы ең бірінші тура оң ұпайларды алуға және допты орынды емес бағытта қолдану әдісі кезінде тактикалық нәтижеге жетуге тырысуы қажет. Ойланып жасалған, нақты доп беру қарсыласының әдістерін қиындатады, оның шабуылдық қимылын бұзады. Кейбір кезде допты дұрыс беру командаға ұпай әкеледі. Бұл доп берудің нақтылығымен, күшімен  және әртүрлілігімен ерекшелінеді.  (1)

Доп беру шабуыл жасайтын соққылар сияқты стандартты болмауы керек, өйткені қарсыласы бұл әдіске жылдам бейімделіп алады. (12) Ойыншы қарсыласын қорқытып, доп беру түрлерімен оған психологиялық қысым көрсетуі мүмкін.

Осыған байланысты доп беретін ойыншы допты әртүрлі әдістермен беру шеберлігіне ие болуы қажет, әсіресе ең болмаса бар күшімен және нақты беретін екі әдісті білуі тиіс. Бір ойыншыдай жарысқа қатысатын команда жеңіс ұпайларын алу үшін  мүмкіндік туғызатын доптың траекториясын өзгертумен жоспарланған және алыс қашықтыққа арналған кез келген доп берулерді қолдана алады.(11)

Бар күшімен беру – бұл секіріп беріледі, яғни жоғарғы тура және жоғарғы қырынан доп берулер. Ойыншының жеке ерекшеліктеріне байланысты осы доп берулердің түрлері таңдап алынады.

Доп беру ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда ойыншы артқы оң сызықтың алаңында тұрады, допты лақтырады және бір қолының соққысымен допты қарсыласына бағыттайды.(б)

Ойыншыға кез келген доп берулерді орындау кезінде төмендегі ережелерді сақтауы керек:

1) тұрақты жағдайда қабылдау;

2)допты бір қалыпты лақтыру;

3) қолмен, аяқпен және денемен жұмыс істеген кезде бәрі бірдей қимылдауы керек;

4) допты мұқият қадағалау  және допты нақты лақтыруға тырысу керек.

Лақтыруға қажетті бағытталған қарсы жағымен орналасқан доптың басқа бөлігі бойынша лақтыру қажет.

Допты кез келген әдіспен беру кезінде соққыны қолдың алақанымен жасайды, осы ретте қолдың буыны білек буынында ширыққан. Допты лақтыру кезінде қол түзу болуы керек. Допты лақтырғаннан кейін қол сол бағытта алға қозғалыс жасайды. Допты жоғары лақтыру көбінесе бір қолмен орындалады.

Бір қолмен допты лақтырған кезде допты лақтыратын қол алдын ала тура қалыпты алуы керек, сонда ғана доп беру неғұрлым нақтырақ болады, бірақ сондай күшті болмайды.

Допты лақтыру жоғары тік жүргізіледі. Доптың жоғары ұшуы және ойыншының денесінен оның ара қашықтығы доп беру әдісіне байланысты болады.

Доп берудің және оны қолданудың алуан түрлілігі. Кейбір авторлар соққыларды орындау әдістері бойынша және беруде допты айналдыру мынадай түрлерге бөлінеді деп ойлайды.(8)

Соққыны орындау әдісі бойынша.

1. Допты жоғарғы жақтан соғу ( жоғарғы түзу).

2. Допты төменнен беру ( төменгі түзу соққы).

3. Теннистік түрде беру.

4. Оң иықпен берілген соққы.

Допты беру кезіндегі дене қимылының сипаты  және оның жағдайы бойынша торларға қатысты келесі доп берулерді көруге болады:

1. Төменгі тура доп беру.

2. Допты төменгі қырынан беру.

3. Жоғарғы тура доп беру.

4. Допты жоғарғы қырынан беру.

А.Г.Фурмоновтың (1983г.) айтуы бойынша доптың жоғарғы тура берілуінің алуан түрлілігі секіруде жоспарланып бағытталған доп беру болып табылады. Жоғарғы бүйірлік доп берудің әртүрлілігі жоспарланған және бар күшімен берілген  доп беру болып саналады. Үлкен разрядтағы командалар төменгі тура доп беруді мүлдем қолданбайды, яғни бұл әдіспен «бар күшімен» не «нақтылыққа» доп беруді орындай алмайды, өйткені доп беру кезінде ойыншы алаңды көрмейді және сонымен қатар үлкен қозғалыс амплитудасы есепті қиындатады.(ІЗ)

Төменнен беру орындау техникасы бойынша аса жеңіл болып саналатынымен доп ұшуының үлкен траекториясының және азғантай жылдамдығы түрінде қабылдау мақсатында қиын емес. Осы доп берулердің қиындатылған нұсқалары кей кезде метеорологиялық жағдайларды ұтымды пайдалану үшін қолданылады.

Допты жоғары тура беру. Аяғы аздап бүгілген ойыншы торға алдымен қарап тұрады. Бірақ бір аяғы аздап алға қарай қойылған.Доп кеуде деңгейінде тұрған қолда орналасқан. Бүгілген шынтақпен соққы беретін қол жоғары көтеріледі, шынтақ басқа жаққа қарайды.

Доп айрықша жоғары ұшу позициясына жетеді, ойыншының соққы беретін қолы алға қараған дене қозғалысымен допты аса жоғары нүктеге лақтырады Соққыдан кейінгі жағдай: ойыншының дене бітімі алға еңкейген, қолы алға қарай еркін қозғалады.

Доп берудің осы әдісі көптеген авторлардың айтуы бойынша оны ерекше нақтылықпен орындау мүмкіндігін береді. Ол доптың жылдам ұшуын пайдалану үшін ауқымды мүмкіндік туғызады. (9)

Секіріп берілген доп. Бұл беру екпінмен секіруден кейін орындалады. Жүгіру торға перпендикуляр, тура орындалады. Ол негізі ең кем дегенде екі қадамнан тұрады. Бірінші қадам ойыншыны допқа жақындатады, екінші қадам соққы үшін, ол жылдам, шексіз және өте ауқымды. Бұл қадам ойыншыны секіруге әкеледі. Бірінші қадамды орындау кезінде спортшы созылған екі қолын қатты жұлқу арқылы артқа қарай апарады; екінші қадам кезінде қолдарын ілгері жібереді. Секіру кезінде допты лақтыратын қол ілгері жоғары қарай қимылын жалғастырады; Әбден тік ілгері созылған соққы бермейтін қол дененің ауадағы тепе теңдігін қамтамасыз етеді. Кейін допты лақтыру іске асырылады. Допты осылай лақтыру көбінесе шеберлер командасында қолданылады.(2)

Допты жоғары қырынан беру. Ойыншы торға қырынан тұр. Аяқтары иық деңгейінде және сәл бүгілген. Аятарының табандары алаңның оң сызығына паралелді орналасқан. Доп ұстаған қол шынтаққа еңкейіңкі және оны бел деңгейінде немесе төменірек ұстап тұр. Дене аздап ілгері қарай орналасқан. Допты метрден жоғары лақтырумен дене допты лақтыратын қолға қарай еңкейеді, осыған байланысты аяқтары бүгіледі. Қол тура қалыппен төменгі жаққа еркін түседі. Кері жүйелі қозғалыспен, яғни аяқтың, дененің бүгілуімен және қолдың тура соққысымен  допты лақтыру тік қалыпта жүзеге асырылады. Соңғы соққымен доп беруші доп ұшып бара жатқан жаққа қарайды.

Допты лақтыру биіктігі ақырындауы мүмкін, бұл дененің ілгері қарай еңкейуінің алдын ала орындалуын талап етеді. Допты лақтыру екі қолдың қимылымен жүзеге асырылады, яғни барлық қимылдар айрықша жылдам орындалуы қажет.

Допты жоғары қалыпта беру қиын болып саналады және жақсы физикалық дайындықты және ұзақ жетілдіруді талап етеді. (4)

(7) Допты айналдыру арқылы допты беру айрықша қызығушылық тудырады. Лақтырған кезде доптың айналуы доғаны, кері айналуды сипаттайды. Доптың ұшуының осы траекториясы қарсыласының допты қабылдануына қиындық тудырады. 

Доптың айналуы тік, горизанталды және көлбеу остері бойынша орындалады. Көлденең ос бойынша айналу доптың ұшу траекториясын қысқартады, яғни оның тор арқылы ауысуынан кейін допты төмен қысқан болады.

Тік осі бойынша айналдыру допты айналу бағытына байланысты допты ұшу кезінде оң немесе сол жаққа ауытқытады.

Көлбеу осі бойынша айналдыру көлденең және тік остері жөнінде айналдыру мүмкіндіктерін біріктіреді. Доптың ауада ұшу кезінде айналуын болдыру үшін қолдың буынын допты лақтыру кезінде біршама өзгерту керек.

Жоспарланған доп беруді зерттей келе еңбегі сіңген спорт шебері  В.Качаров (1983г.) осы беру кезінде допты айналдырудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Допқа қолы тиген беруші максималды кинетикалық энергияларды қамтумен үзікті лақтыру-дүмпуін жүргізе келе сол энергияны допқа бергісі келеді. Доп тура түскеннен кейін өзіне қажетті максималды күш алады және қарсыласының алаңына айналмай келіп түседі.  Аэродинамика заңы бойынша айналмай ұшатын дөңгелек дене (соның ішінде доп)  ауыр жылдамдық кезінде өзінің тұрақтылығын жояды және оқыс қимылдар шығара бастайды. Осындай допты қабылдау қиынға соғады. Атап айтқанда доп берудің жоспарланған нәтижесі осыған байлансты жасалған.

Доп берудің техникасын талдай келе С.Л.Фетисова қозғалатын міндеттерді шешудің үйлестіру қиындығы доптың ұшу бұрышы және белгіленген жылдамдығын берумен қорытындыланатынын айтты. Ойыншыға доп беруді табысты орындауы үшін қажетті:

1)Қолдың лақтыру алдындағы қозғалысының белгілі  кеңістік-уақыттық және динамикалық сипаттамаларымен;

2) Қолдың лақтыру алдындағы қозғалысының белгілі  кеңістік-уақыттық  сипаттамасымен;

3)Осы қозғалыстардың кеңістіктегі және уақыт кезеңіндегі келісімімен;

4)Қолдың допты лақтыратын байланысымен белгіленген динамикалық сипаттамалар.

Жоғары класты ойыншылар үшін тән «доп сезімі» және «қол сезімі» қамтуға ықпал жасайтын көрермендік және кинематикалық дифференциялды жетілдіруге қатысты жетекші қозғалыс сапаларын дамыту ұсынылады. (18)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Доп беру алдындағы психологиялық күй

Көптеген авторлар беруді орындау көңіл бөлудің айрықша концентрациясын талап етеді деп санайды.

(9) Ойыншы беру орнына жайбарақат баруы керек және доп айналып жатқан уақытта допты қалай және қайда жіберуіне шешім қабылдауы қажет. Допты беру орнында, қозғалыс жасамай тұрып ойыншы қарсы тұрған ойын алаңына тағы бір рет назар аударады.  Толқу басылғаннан кейінгі міндет допты нақты лақтыру болып табылады. Бірінші доп лақтырушысы қате жібермеуі керек.   Бұл жерде жаттығу кезінде игерілген барлық пайдалы әдістерді крсете білуі тиіс. Төрешінің ысқырығынан кейін допты лақтырушы ойыншы, әрине өзін қатты ұстайды, бірақ допты қабылдайтын ойыншы да өзін одан артық сезінбейді. Допты беру кезінде қателер жіберілсе, қарсыласында лезде «жолы болу» рефлексі туындайды, қимылдамай қалушылығы лезде тарайды және сол мезетте эмоционалдық күйде болады. Волейбол – бұл жарыс, онда ойын ырғағын қай жақ бірінші өзіне қаратып алса, сол жақ осы ойынды басынан бастап аяғына дейін дұрыс ойнауға тырысады. 

Осы ретте әртүрлі авторлардың айтуы бойынша доп беру ойын барысын небары бір доппен өзгерту мүмкіндігін беретін «театрда бір актердің» шығуы үшін қажетті өзіне деген сенімділік сезіндіретін ойын элементі болып саналады. (7) Бірінші қарағанда бәрі қарапайым болып көрінеді, бірақ доп берудің ойында өте қиын элемент екенін естен шығармау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Доп беруді үйрету әдістемесі

1.

Әңгіме, көрсетілімі;

2.

Бастапқы қалпы;

3.

Допты лақтыру (әрбір допты белгіленген  биіктікке);

4.

Доп лақтыруды үйлестіру, допты тура, перу арқылы лақтыру және допты қағып алу;

5.

Залдың ені бойынша екі адамның беруі;

6.

Екі адамның беруі. 3,5,7,9 метр аралығында тор арқылы доп беру;

7.

Доп беру ережесі;

8.

Доп беру;

9.

Аймақтар бойынша доп беру;


10. Нақтылыққа және күшіне доп беру;

11.Екі адамнан доп беру. Ойыншылар бір жақтан берілген допты қабылдайды, екінші жақтан допты береді. 20-30 доп беруден кейін орындары ауыстырылады;

Информация о работе Волейболдағы доп беру классификациясы