Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 23:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3 - 9
І-тарау. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары............... 10 - 14
1.2.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы............................................ 15 - 18
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.
2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері......19 - 28
2.2.Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері …………………………………………………...................... 29 - 72
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 73 -75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………..… 76 - 78

Вложенные файлы: 1 файл

УМУТКУЛОВА диплом 11.04.14.doc

— 385.50 Кб (Скачать файл)

       Ертеңгілік гимнастикаға енгізілген жаттығуларды балалар дене тәрбиесі сабақтарында алдын ала үйренеді. Алайда олар қимылдың қай түрін болса да дәлме-дәл қайталамайды, бірақ онымен ортақ негізге ие. Мысалы, ертеңгілік жаттығудағы «таяқты бастан жоғары тұрған қалыпта тізеден бүгілген аяққа тигізу» жаттығуы сабақтар кезінде дайындалады, балалар қолдарын жан-жаққа созған, жоғары көтерген қалыпта немесе сол сияқты жаттығуды жалаушамен, құрсаумен, с. с. орындаған кезде аяқтарын тізеден бүгіп тұрып, екі қолын шапалақтайды. Мұндай бір типтегі жаттығуларды арнайы үйренуді талап етпей, ертеңгілік жаттығуға дайындайды, сонымен бірге сан алуан заттарды пайдалану жолымен дағдылануға жүйелі түрде жаттықтырады. Нұсқалар қаншалықты көп пайдаланылса, қимыл дағдысы соншалықты жақсы қалыптасады, жаттығу дәлірек орындалады және сауықтыру тиімділігі елеулі болады. Ертеңгілік жаттығудың әрбір кешенін пайдалану ұзақтығы 7-10 күн (немесе 1 апта). Осы мерзім ішінде кешенде жаттығудың міндеті жөнінен осы сияқты нұсқа енгізілуі мүмкін. Ертеңгілік жаттығуда жаттығулар үйретілмейді, сондықтан тәрбиеші жаттығуды алдын ала түсіндіруді, көрсетуді пайдаланбайды. Кішкентайлар тобында және жылдың бірінші жартысында естиярлар тобында тәрбиеші ойын тәсілдерін қолдана отырып, балаларға өзімен бірге жаттығу жасауды ұсынады. Болашақта естиярлар (жылдың екінші жартысында), ересектер, дайындық топтарында ол жаттығуды қысқаша айтады, бастапқы қалыпты ұстауға команда береді (мысалы: «Hегізгі тұру қалпын ұстаңдар!»). Бұдан кейін балалар жаттығуды тәрбиешімен бірге орындайды. Ертеңгілік гимнастиканы бұлай ұйымдастыру тиімді: балалар мінсіз үлгіні тікелей қабылдайды, оны дұрыс қайталап жасайды. Алайда тәрбиеші барлық жаттығуды үнемі жасай бермейді. Егер, мысалы, алдына қарай еңкейіп, басты төмен түсіру немесе кеудені айналдыру орындалса, бұл жағдайда тәрбиеші балаларды көрмейді, мұндайда оған балалардың жаттығуды орындауын бақылау, олардың қарқынын реттеу, қажет болған жағдайда қысқаша нұсқаулармен көмектесу тиімдірек болады. Тәрбиеші дем шығаруды сөзбен немесе дыбыспен естіртуді талап етіп, балалардың тыныс алуын бақылайды. Бұл тәсіл жаттығуды музыкамен орындаған кезде де сақталады. Әрбір жаттығудың аяқталуы музыкалық фразаның аяқталуымен дәл келеді, осыған сәйкес балалар бәсең дауыспен: «төмен», «отырыңдар» және басқа сөздерді айтады. Жаттығулар басталғанға дейін және олар аяқталысымен ересектер тобының балалары негізгі қалыпты ұстап (өкшелерін қосып, аяқтарының ұшын ажыратып) тік тұрады. Аяқтары осындай қалыпта тұрғанда олар тәрбиешінің нұсқауымен келесі жаттығуды орындау үшін тұрған қалпын өзгертеді, сондай-ақ жүруді бастайды. Жүру аяқталысымен олар қайтадан негізгі тұру қалпын қабылдайды. Бұл баланы денесін (мүсінін) дұрыс ұстауға үйретуге, жинақтылығын, ұйымшылдығын қалыптастыруға көмектеседі. Кішкентайлар мен естиярлар топтарының балалары тік қалыпта тұрады. Иықтың кеңдігіндей етіп аяқтарды бір-біріне параллель ұстайды, мұның өзі табанның формасы өзгеруін болдырмайды. Ертеңгілік гимнастиканың соңында жүрістің қарқыны біртіндеп төмендеп, аяқты онша биік көтермей орнында тұрып аяқ басумен аяқталады. Бұл баланың тамыр соғуын нормаға келтіреді. Ертеңгілік гимнастикадан кейін балалар өздеріне дәрігер белгіленген қандайда бір сумен шынықтыру процедурасына (сумен сүртіну, құю, душ) ауысады. Әр түрлі жастағы балалар топтарындағы негізгі талап жасына байланысты шағын топтарды ескеру болып табылады. Осыған байланысты ертеңгілік гимнастиканың жаттығуы әрбір шағын топқа арнап бағдарламаға және балалардың мүмкіндіктеріне сай жеке іріктеліп алынады. Әрбір шағын топпен гимнастика өткізудің жүйелілігі тұтастай тәртіппен анықталады. Әр түрлі жастағы балаларды бәріне ортақ жаттығуларды орындауға біріктіруге болмайды: мұндай жағдайда жасы кішкентай балалар неғұрлым ересек балаларға есептелген шамасы жетпейтін жаттығуларды орындайды да шаршап-шалдығады, ал ересектер кішкентайларға арналған жаттығуларды орындап қызығушылығын жоғалтады және олардың денесіне қажетті дене күші ауыртпалығы түспейді. Көрсетілгендердің бәрі де организмді сауықтыру міндетін, ертеңгілік гимнастикаға тән көңіл көтерілуін бұзады.

          Ертеңгілік жаттығу өткізу үшін жағдайлар. Ертеңгілік гимнастика фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде, таза шөпті, ашық алаңда өткізіледі. Стационарлық топтың балалары ертеңгілік гимнастикаға труси, тапочка киіп шығады. Yйінен келген балалар да киімдерін ауыстырады. Мұндай тәртіп бүкіл жыл бойы біртіндеп организмді салқын температураға үйретеді, ертеңгілік гимнастикаға шынықтыру процедурасының - ауа ваннасының маңызын береді. Егер ертеңгілік гимнастика таза ауада өткізілсе, балалар күзгі-қысқы маусымда арнаулы костюмдар киеді, ал гимнастикадан қайтып келген соң су процедурасын қабылдайды. Терезелері ашық залдағы (күзде және қыста) немесе таза ауаға шыққан кездегі гимнастика арты жүгіруге ұласатын ұзаққа созылмаған, организмде жылылықты қалыптастыратын және жүректің, өкпенің күшті жұмыс істеуін туғызатын, вегетативтік жүйке жүйесінің функциясын жандандыратын тез жүріспен басталады. Жүгіру біртіндеп белсенді, шапшаң қарқынды, артынша баяулайтын жүріске және балаларды шеңберге немесе тізбекті сапқа тұрғызуға ауысады. Оттегіні көп талап ететін бұлшық еттер жұмысы процесінде тыныс алу тереңдейді, организмде күшті жылу пайда болады және салқындау қаупі жойылады. Жүйелі түрде қайталаған жағдайда жылылықты реттеу процесі жетіледі, салқын температураға үйрену қалыптасады. Олар тоңбайтын, салқыннан қорықпайтын болады, жүйке жүйелері нығаяды, таза ауада жаттығуға құлшынатын болады. Эмоциялық-жағымды қатынастарды тәрбиелеудің зор маңызы бар. «Біз спортшылармыз!» - дейді балалар. Төмен температура кешеніне кіретін барлық жаттығулар неғұрлым ширақ қарқында беріледі. Бұл организмді тезірек жылыту үшін және балалардың бойында жылылықты реттеудің физиологиялық процесіне әсер ететін, терінің температурасын қалпына келтіруге көмектесетін жағымды эмоциялардың пайда болуы үшін қажет.

Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей 
байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық 
адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. 
Сондықтан адам денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әуес болып табылады.Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайына  басты  назар  аударуда.  [10] 
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді: 
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау; 
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру; 
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана 
сүйену; 
- Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының 
әсерін білу; 
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты 
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу; 
- Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз 
қалыптастырып үнемі пайдалану; 
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін 
дайындау. 
Мұғалім мектептегі басты тұлға.Қай мектептің болсын нәтижелі,жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне,көзқарасына тікелей байланысты.Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол бола-шаққа барар жол үстіндегі талапкерлер. 
Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы. 
Адамның материалдық қажеттілігінің бірі - дене мүшесінің саулығы. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе - салауатты өмір салтын қалыптастыру. Яғни, адамның денесінің саулығы, бірқалыпта сақталуы,нығаюы,ширауы, сергуі еңбекке қабілеттілігі, құлшынысы, құштарлығы, ниеттілігі,ынталығы биологиялық үрдісте  мәлім.[10] 
Ұлттық теле арнада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан жаңашыл әдістегі бағдарламалардың желісінде «Намыс дода», «Дарабоз», «Толағай» атты спорттық,ұлттық ойындар сайысын сыныбымда және сынып аралық топтық сайыс түрінде өткізіледі. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін әрқашан сергек сезінеді.Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт қайратты қажет етіп,өмірге құштарлықты арттырады.Яғни,өмірді сүйіп өмірді қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі өзекті мәселелер бүгінгі келеңсіз тенденциялармен анықталады.Оларға біздің Республикамыздағы балалар ауруларының көбеюі,балалар және жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен бұқаралық дене шынықтыру жұмысын қаржыландырудың азаюы,дене тәрбиесінен оқушылар дайындығы деңгейлері нашарлауы,т.б.жатады.[№10,12бет] 
Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың өтілу нәтижесінде оқушының: 
-        Салт - дәстүрді  құрметтеуі; 
-  Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы; 
-  Намысқойлығы; 
-  Жүйке  жүйесінің  шынығуы; 
-  Ойлау  қабілетінің  дамуы; 
-         Білім алуға құштарлығы;

  • Денсаулығының  ширақ  шынығуы; (шапшаңдығы,төзімділігі,ептілігі,т.б.)

Әрқашан алға ұмтылып,жеңіске жетуге құштарлық қабілеттері арта түсті; 
Бәсекеге қабілетті елдің болашағы тек жалаң адамдар тобынан ғана емес,сонымен бірге денсаулығы мықты,рухани дүниесі бай,жаны мен тәні таза,танымдық белсенділігі мен өзіндік білім алуға деген ынтасы және шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс. Салауатты өмір салты - келеңсіз жағдайлардың алдын алу,адамдардың денсаулығын күшейтумен олардың жан-жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді. 
Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады.Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан,балабақшадан бастап,одан кейін мектептерде жалғастыруымыз керек. 
Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады. 
Ал, ауру - адамның мүмкіндігін шектейді,көңіл күйі жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап,алдына айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлардың әсеріне байланысты.Мысалы:ата-ананың денсаулығы,үйдегі жалпы жағдай,білім алу мүмкіншілігі,әлеуметтік жағдай,т.б. 
ҚОРЫТЫНДЫ. 
«Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме», - деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын,тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға,теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған.Дене тәрбиесі мен салауатты өмірді,денсаулықты,салауаттылықты және табиғи факторларды пайдалану жолдарын халық педагогикасымен тығыз байланыстыра отырып, батыл да,жүректі, елжанды, парасатты дені сау,бақытты азамат тәрбиелеуде жетістіктерге қол жеткізіп келеміз

Мектеп жасындағы балалардың қозғалыс сапаларын жетілдіру, олардың өсуі мен даму ерекшелігіне байланысты жүргізіледі. Себебі сапалық қасиетті дамыту екінші бір сапаның дамуына әсерін тигізеді. Оқушылар организімінің өсу жолында дененің кейбір сапалық қасиеттерін жетілдіру жоғары қарқында тәрбиеленеді. Әсіресе 8-жастан 12 жас аралығында қозғалыс сапалары мен іскерлік дағдысын қалыптастыру өте жеңіл игертіледі. Іс жүзінде қолданылып жүрген дене дамыту жаттығуларының бірнеше түрлері бар. Олар көлемі мен мазмұны жағынан әр түрлі болуына байланысты бір біріне ұқсамайды.

Дене дамыту жаттығуларын психологиялық, физиологиялық, биомеханикалық тұрғыдан қарауға болады.

Психологиялық көзқараспен қарағанда дене дамыту жаттығулары еркін қозғалыс болып саналады. И.М. Сеченев айтуы бойынша бұл құбылысты «Адамның санасымен жігері басқарады» делінген. Дененің жаттықтыру мүмкіндіктерінен қорытынды нәтиже алуда сананың көмегі өте зор. Бұл үрдісті жүзеге асыру белсенді түрде ойлау жүйесінің қызметіне байланысты. Өйткені жаттығу үрдісінде қимыл-қозғалыс басқарылады, бағдарлама жасалынады, күш-жігер көрсетіліп, сезіну мен психикалық дайындық шаралары іске асырылады.

Адам физиологиясы тұрғысынан қарағанда дене дамыту жаттығулары организмнің функционалды қызметі мен жұмыс істеу қабілетін арттырады. П.К.Анохин дене дамытудағы қозғалыс ерекшеліктерін түсіндіре келіп, «функционалдық жүйе» тұғырнамасын ұсынады. Бұл тұғырнама шартты рефлекстің негізінде пайда болып, сонан соң өз қабілетінің бағдарлауын реттейді десе, ал Н.А.Бернштейннің айтуынша «физиологиядағы еркін қозғалыс деп аталатын қозғалыстың мәнінде рефлективтік қозғалыс» деп тұжырымдайды (рефлективті қозғалыс сыртқы әсер арқылы пайда болатын қозғалыс).

Дене дамыту жаттығулары педагогикалық тұрғыдан адамның мүмкіншіліктерін дамытуы мен қозғалысты білу, жаттығу әдістерінің қалыптасуын құрайды. Дене дамыту жаттығуын бұл көзқараспен қарай отырып, тек қана биологиялық аймақта емес, сонымен қатар адамның мінез-құлқына, санасына тағыда басқа үрдісіне әсер ететінін ескереді.

Дене дамыту жаттығуларының көлемі мен мазмұны бір-бірімен органикалық байланыста болады. Бірақта дене дамыту жаттығуларының мазмұны көлеміне қарағанда маңызды орын алады. Мазмұнының элементтері өзгерген уақытта дене дамыту жаттығуларының көлемі де өзгереді, ал көлемі өз жағынан мазмұнға үлкен әсер етеді. [ 14 ]

«Дене мәдениеті» деген ұғым жалпы мәдениеттің жеке бір бөлігі. Тұжырымдап айтқанда дене мәдениеті жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға  қызмет  етуі  тиіс. 
Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене сапаларын жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-қозғалыс қабілеттерін, дене сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштерімен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы, яғни дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі қолданылады. Дене тәрбиесінің міндеті әрбір адам өзінің мүмкіндігі жететін дене мәдениетінің мазмұнын игеруден тұрады. Сонымен, адам дене тәрбиесі арқылы дене мәдениетінің жетістіктерін өзінің жеке игілігіне айландырады (денсаулығын жақсартады, дене салаларын дамытады, спорттық шеберлігін жетілдіреді).  
Дене мәдениеті- қоғамдық өмірдің өзге салаларымен байланысты, әртүрлі функциялар атқаратын күрделі қоғамдық құбылыс болып табылады. Сондықтан, адамның жан-жақты жарасымды жетілуіне негіз болып табылатын дене мәдениеті жөнінде айтқанда біздің назарымызды оның спицификалық маңызы - дене тәрбиесі, жеке адамды қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын денені шынықтыруға ғана аударып қоймайды. Бұл дене тәрбиесін зерттеуші ғалымдар айтатындай, адамның дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық қызмет аясын ғана емес, сонымен бірге жеке адамның еңбек, мінез, ақыл, ой, эстетикалық, отан сүйгіштік, интернационалдық, саяси тәрбиесін де қамтуы тиіс. Ол мәдениеттің бір түрі ретінде қандайда бір дене көріністеріне жатқызылмауы керек, оның элементтерін тұтас күйінде білдіруі тиіс. Бұл, біз жоғарыда жасаған зерттеу феноменінің сан қырлылығы жөнінде жасаған қорытындылардың дұрыстығын дәлелдейді. 
Білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің негізгі мақсаты ретінде мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі көрсетілуде. Бұл мақсат үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; онда мәдениет аясында жеке толыққанды өмірдің субъектісі сапасында өзін-өзі анықтауға бағытталған перспективамен оқыту идеясы да айтылған. Осындай интегративтік мақсатпен осы мәдениеттің индивидте, оның жалпы мәдениетінің бөлшегі ретінде дамытудың шикізаты болып мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру алынады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1.    Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000ж.
  2.   Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. – Алматы, 2004ж. 113- 117 б.
  3.    ҚР Білім беру туралы заңы. – Астана, 2000ж. 67- 77б.
  4.     К. Б. Сейдалиев. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж. 88- 97 б.
  5.    Ақшораев. Тоғыз құмалақ . – Алматы, 1979ж. 125- 128 б.
  6.     А. Асарбаев. Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш мектеп тәрбие жұмыстарына пайдалану. – Алматы, 1993ж. 226- 231 б.
  7.      Е.Сағындықұлы. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1992ж. 18- 23 б.
  8.      Е. Уаңбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. –Алматы, 2000ж. 57- 63 б.
  9.      Т. Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 1996ж. 28- 29 б.
  10. Под. ред. Б. А. Ашмарина Теория и методика физического воспитания.

– Москва, 1979г. 66- 68 б.

  1. Р.Р. Аманбаев Дене тәрбиелеу мәдениеті ілімін оқып үйрену жөніндегі әдістік нұсқаулар. – Алматы, 1992ж. 120- 125 б.
  2. Б.А.Ашмарин Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – Москва, 1990г. 75- 77 б.
  3. М.Х.Болғанбаев. Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінен мамандарды дайындаудағы кейбір проблемалар. – Алматы, 1991г, 44- 48 б.
  4. Б.К.Қаражанов Р.Р.Аманбаев. М.К.Қалдыбаев. Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт ілімі мен әдістемесінің түсініктері. – Алматы, 1992ж. 91- 95 б.
  5. Т.И.Осокина. Балалар бақшасындағы дене шынықтыру. – Алматы 1992ж.115- 118 б.
  6. В.В.Беорусова, Н.И.Решетень Педагогика. Дене тәрбиесі институттарына арналған оқулық – Москва, 1978. 66- 71 б.
  7. Б.Төтенаев Дене тәрбиесі – Алматы, 1988ж. 14- 25 б.
  8. М.Г.Таникеев Қазақстанның дене тәрбиесі жөніндегі тарихы – Алматы 1977ж. 61- 64 б.
  9. Ж.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі – Алматы 2004ж. 35- 39 б.
  10. Дүйсембин Қ., Алиакберова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003ж.
  11. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. – Астана, 1998ж. 26-29 б.
  12. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы  мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006ж. – 270 б.
  13. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. - Өскемен: БАЙ баспасы, 2006ж. – 225 б.
  14. Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания. – М., 1990ж.- 234 с.
  15. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру