Тік тісті цилиндрлі бірсатылы редуктор және тік белдік беріліс негізіндегі жетек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 11:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта біз ғылым мен техниканың мейлінше күшті қарқынмен дамып, өмірге кеңінен тарағанынан куә болып отырмыз.
Механика ғылымы машина мен механизмдер бөлшектерінің,құрылыс конструкцияларының және де басқа қатты заттар мен үздіксіз ортаның,газдардың қозғалысын,күш әсерінен болатын кернеулік жағдайын қарастырады.Олар үш бөлімнен құралады.Жалпы механикаға материалдық нүктелер мен денелер және олардың жүйелері,үздіксіз және дискретті орталар механикасы,механикалық жүйелердің тербелісі,машина мен механизмдер теориясы және т.б. жатады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК............................................4
Берілістер, тағайындалуы, құрылғысы, жұмыс істеу принципі........4
Белдікті беріліс. Жалпы түсінік.........................................................4
Белдікті берілістің түрлері.................................................................5

ЖАЛПАҚ БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР.........................................................8
Белдікті берілістердің кейбір артықшылықтары мен кемшіліктері...8
Белдікті берілістердің негізгі сипаттамалары.....................................8
Белдіктің жұмыс істеу қабілеттілігі және оларды есептеу..................9
Белдікті берілістердің кинематикасы................................................10
Жалпақ белдікті берілісті тарту қабілеттігіне байланысты есептеу..11

ТҮЗУ ТІСТІ ЦИЛИНДРЛІ ДӨҢГЕЛЕК..............................................15
Тісті дөңгелектің материалдары, оларды химиялық әдістермен
және қыздырып өңдеу..............................................................................15
3.2.Тістердің істен шығуы және олардың жұмыс істеу қабілеттіг..........16
3.3.Түзу тісті цилиндрлі дөңгелектерді есептеу......................................17

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................22

Вложенные файлы: 1 файл

механика курсовая.docx

— 169.26 Кб (Скачать файл)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

 ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Тауартану және сертификаттау кафедрасы

 

 

 

Пән бойынша: Теориялық және қолданбалы механика

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

Тақырыбы №12: Тік тісті цилиндрлі бірсатылы редуктор және тік белдік беріліс негізіндегі жетек.

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ТПП- 21к тобы студенті

                                                                                      Хайдарова А.

                                                       Ғылыми жетекші: аға оқытушы

                                                                                    Көкенова Г.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРАҒАНДЫ 2011 
МАЗМҰНЫ:

 

 

    КІРІСПЕ...........................................................................................................3

  1. БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК............................................4
    1. Берілістер, тағайындалуы, құрылғысы, жұмыс істеу принципі........4
    2. Белдікті беріліс. Жалпы түсінік.........................................................4
    3. Белдікті берілістің түрлері.................................................................5

 

  1. ЖАЛПАҚ БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР.........................................................8
    1. Белдікті берілістердің кейбір артықшылықтары мен кемшіліктері...8
    2. Белдікті берілістердің негізгі сипаттамалары.....................................8
    3. Белдіктің жұмыс істеу қабілеттілігі және оларды есептеу..................9
    4. Белдікті берілістердің кинематикасы................................................10
    5. Жалпақ белдікті берілісті тарту қабілеттігіне байланысты есептеу..11

 

  1. ТҮЗУ ТІСТІ ЦИЛИНДРЛІ ДӨҢГЕЛЕК..............................................15
    1. Тісті дөңгелектің материалдары, оларды химиялық әдістермен

   және қыздырып өңдеу..............................................................................15

3.2.Тістердің істен шығуы және олардың жұмыс істеу қабілеттіг..........16

3.3.Түзу тісті цилиндрлі дөңгелектерді есептеу......................................17

 

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................21

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

       Қазіргі уақытта біз ғылым мен техниканың мейлінше күшті қарқынмен дамып, өмірге кеңінен тарағанынан куә болып отырмыз.

       Механика ғылымы машина мен механизмдер бөлшектерінің,құрылыс конструкцияларының және де басқа қатты заттар мен үздіксіз ортаның,газдардың қозғалысын,күш әсерінен болатын кернеулік жағдайын қарастырады.Олар үш бөлімнен құралады.Жалпы механикаға материалдық нүктелер мен денелер және олардың жүйелері,үздіксіз және дискретті орталар механикасы,механикалық жүйелердің тербелісі,машина мен механизмдер теориясы және т.б. жатады.

       Машина жасау өнеркәсібі халықтың,мемлекеттің қандай даму сатысында тұрғаның анықтайды. Мемлекеттің энергетикасы, тау-кен, ауыл-шаруашылық,химиялық,тамақ өндіру,мата тоқу,жеңіл және т.б. өнеркәсіптері машина жасау өндірісіне тікелей байланысты. Осыған орай, барлық елдерде машина жасау өндірісіне өте көп көңіл бөлінеді және ол барлық халық шаруашылығының өзегі,бастамасы болып саналады.

       Машина бөлшектері курсында тек түзу біліктердің конструкциясы мен олардың есептеу жолы қарастырылады.

       Қазіргі кезде адам тіршілігі машинаға байланысты. Тікелей өндірісте қызмет етсек, әр қилы машиналарды көреміз. Олардың бәрі біздің істейтін қызметімізді жеңілдетеді, еңбек қарқынын және өнімділігін арттырады.

       Курстық жұмыстың мақсаты:берілістерді және оның түрлерін;артықшылықтары мен кемшілктерін, жалпы пайдалануын зерттеп, мағыналарын және түсінігін ашу.

       Курстық жұмыстың актуалдығы: Түзу тісті дөңгелектер мен белдікті берілістер негізіндегі біліктер пайдалы айналдырушы момент беруі үшін қолданылуы, жалпақ белдікті берілістер қозғалысты біршама қашықтыққа  беру үшін және де беріліс санының дәлдігін қажет етпейтін жерлерде қолданылуы, сондай-ақ олардың қуаты өте аз, ал қуатты белдікті берілістердің шкивтерінің өлшемдері өте үлкен,әрі ыңғайсыз келетіндіктен, олардың жоғарғы бетінде саңылау қалдырылады және айналу моменті, біліктен күпшекке берілістің бүйір қабырғасында жаншылу кернеуі мен дөңгелектің қимасында қиылу кернеуі пайда болуы қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БЕЛДІКТІ  БЕРІЛІСТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

    1. Берілістер, тағайындалуы, құрылғысы, жұмыс істеу принципі.

 

 

       Машинаның атқарушы органдарын механизмдердің қозғалысқа келтіруін берілістер деп атайды. Берілістер айналымсайын, айналу сәттері кейде қозғалыстың заңы мен түрін өзгерту үшін қызмет етеді.Берілістер электрлік, гидравликалық, механикалық және пневматикалық болуы мүмкін. Механикалық берілістерден ең көп тарағаны – айналмалы қозғалыс.

Двигатель мен машина арасында берілісті енгізудің қажеттігі көптеген себептермен түсіндіріледі:

  1.  Энергия көздері мен двигательдер  неғұрлым күшті қуатты, ПӘК өлшемді  аз көлемін қамтамасыз етуші  жоғары бұрыштық жылдамдық режимінде  жұмыс істейді; өндірістік машина  біліктерінің бұрыштық жылдамдық  режимінде жұмыс двигательдердің  біліктері бұрыштық жылдамдықтарынан  айырмашылығы бар;
  2. Өндірістік машинаның жылдамдығын өзгерту,яғни, двигатель білігінің бұрыштық жылдамдығын өзгерту жолымен емес, біліктің көм егімен жүзеге асырғанда пайдалы, өйткені, двигатель білігінің бұрыштық жылдамдығын азайтқанда оның қуаттылығы мен ПӘК-і төмендейді.
  3. Двигатель, әдетте, айналмалы қозғалысты береді, ол машинаның жұмыстық органдары кейде қайтармалы – жүрістік, тербелмелі, винттік және қозғалыстың басқа да түрін талап етеді.
  4. Иінді біліктердің бұрыштық жылдамдықтары әр түрлі айналатын бірнеше өндірістік машинаға, бір двигатеьден энергия берудің қажеттілігі жиі туындайды.

 

 

    1. Белдікті беріліс. Жалпы түсінік

 

 

       Белдік беріліс деп қозғалыс және қуат бір біліктен екінші білікке белдік пен шкив арасындағы үйкеліс күші арқылы берілетін берілісті айтады. Белдіктер динамикалық күштерді азайтады және тісті берілістерге қарағанда арзанға түсуіне байланысты техникада кеңінен қолданылады. Белдіктер көлденең қимасына қарай жалпақ, сына тәрізді және жұмыр болып бөлінеді (1.1-сурет).  Техникада жалпақ және сына тәрізді белдіктер жұмыр белдікке қарағанда кеңінен пайдаланылады. Ал жұмыр белдіктер шкивпен жанасқанда жанасу ауданының аздығынан меншікті қысымы шкив пен белдіктің арасында көп болады да, тез тозады. Ал жалпақ және сына тәрізді белдіктер шкивпен жанасқанда жанасу ауданының көптігінен меншікті қысым аз болады, сондықтан оларды жұмыс істеу қабілеттілігі жоғары келеді.

 

                 1.1-сурет. Белдікті берілістің схемасы.

           а)   жалпақ  б) сыналы    в) жұмыр

 

 

    1. Белдікті берілістің түрлері

 

 

       Белдікті берілістер конструкциясына байланысты мындай түрге бөлінеді:

  1. Керетін роликсіз, бір бағытта айналатын белдікті беріліс (1.2,а-сурет).
  2. Керетін роликті, бір бағытта айналатын белдікті беріліс (осьаралық қашықтығы тұрақты  1.2,б-сурет).
  3. Айналатыс бағыты өзгеретін белдікті беріліс (1.2,в-сурет).
  4. Қозғалысты бірнеше білікке беретін белдікті беріліс (1.2,г-сурет).

Белдікті берілістің бірінші түрі ашық беріліс ретінде көп жағдайда қолданылады. Мұндағы шкивтің біліктері бір-бірімен параллель орналасқан. Белдікті берілістің екінші түрі осьаралық қашықтығы шамалы және үлкен беріліс санын керек ететін жерлерде қолданылады. Мұндағы керетін ролик белдіктің автоматты түрде керіліп тұруын қамтамасыз етеді. осы берілістің негізгі кемшілігі – берілісте орналасқан керетін роликтің әсерінен белдікте пайда болатын қосымша иілу нәтижесінде жұмыс істеу мерзімінің азаюы. Сына тәрізді белдіктің пайда болуына байланысты, белдіктің бұл түрі аз пайдаланылады.

Белдікті берілістің үшінші түрінде шкивтердің біліктері бір-бірімен параллель орналасады, бірақ белдіктің тармақтары бір-бірімен қиылысады, ал шкивтер қарама-қарсы бағытта айналады.

Белдікті берілістің төртінші түрінде берілістегі аралық шкивтер арқылы беріліс бірнеше білікке беріледі.

Жасалатын материалына байланысты белдіктер бірнеше түрге бөлінеді.

  1. Қайыстан жасалған белдік неғұрлым берік келеді, соққы және айнымалы күштерге жақсы жұмыс істейді. қайыстан жасалған белдіктер иілгіш келетіндіктен, олармен кіші диаметрлі шкивтерде жұмыс істеуге болады (қалыңдығы δ=3..6мм; ені b=20...300мм; беріктік шекарасының ұзарымдығы 10%, σ=22...25МПа). белдіктің бұл түрімен үлкен жылдамдықта жұмыс істеуге де болады(υ=40...45м/с). қайыс белдіктердің бағасы қымбат болады, сондықтан техникада олар өте қажетті жағдайларға ғана қолданылады.
  2. Резина араластырылған белдік біренше қабат мақтадан жасалған матадан тұрады. Ол қабаттар бір-бірімен вулканизацияланып жапсырылады. Матаның серпімділік модулі жоғары болады, сондықтан негізгі күш соларға түседі. Резина белдіктің бүлінбей жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және сыртқы ортаның әсерінен қорғайды.

         Белдіктің бұл түрінің негізіг  механикалық қасиеттері: беріктік  шегі

      σ=37МПа, қалыңдығы δ=2,5...12мм; 15...144мм; ені b=20...1200мм, ал

      ұзындығы 8,20,30м болып стандартталған.

  1. Мақта-матадан жасалған белдіктер иілгіш, жеңіл келеді және үлкен жылдамдықпен кіші диаметрлі шкивтерде жұмыс істей алады. Олар бірнеше қабат арқау жіптерден біртұтас етіп химиялық заттармен (битум,озокерит) жапсырылып жасалады.





 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  1.2-сурет, Белдікті берілістің түрлері

 

           Белдіктің бұл түрі теріден жасалған белдікке қарағанда созылғыш келеді.

          Мақта-матадан істелінген белдіктердің негізіг механикалық қасиеттері

         мынадай: b=15...25мм,  δ=1,75мм, σ=50МПа, σ=10%, v=25м/с болады.

  1. Жүн араластырылып жасалған белдіктер. Бірнеше қабат жүннен иірілген жіп пен мақта-матадан иірілген жіпті химиялық арнаулы заттармен (олифтелген сурик) жапсырып істейді. Олардың серімді болуына байланысты айнымалы күштерде және кіші диаметрлі шкивтерде үлкен жылдамдықпен жұмыс ісчтей алады. Белдіктің бұл түрінің негізгі механикалық қасиеттері: b=50...500мм, z=3…5, d=6…11, s=35МПа,  s=60% болады.

Бұл белдік те мақта-матадан жасалған белдік сияқты кіші диаметрлі шкивтермен жұмыс істей алады.

  1. Жаңа материалдардан жасалған жалпақ белдіктер. Қазіргі кезде полиамидтен жасалған белдіктер ьерілістерде жиі қолданыла бастады. Олардың беріктік шегі өте жоғары. s=200МПа, яғни резинадан жасалған белдіктерге қарағанда 8...10есе мықты.

Белдіктің бұл түрінің жұмыс істеу мерзімі басқа белдіктерге, айталық резинадан, теріден жасалған белдіктерге қарағанда анғұрлым ұзақ және оның серпімділік модулі Е=550МПа.

Бұл белдіктердің жылдамдығы 80...100 м/с-қа дейінгі берілістерде де қолдануға болады.

  1. Жұмыр және сына тәрізді белдіктер. Жұмыр белдіктер теріден, мақта-матадан және капроннан жасалады. Оларды диаметрі 3…12мм аралығында болады.

Кіші шкив диаметрінің белдіктің диаметріне қатынасы болу керек. Белдік тұратын жердің ойпаң пішінінің радиусын белдіктің радиусына тең немесе бұрышының 40ͦº-қа тең трапецияға ұқсас етіп алады.

Сына тәрізді белдіктің көлденең қимасы тең бүйірлі трапецияға ұқсас. Белдіктің  жұмыс істейтін бүйір жақтары ойпаңға кигізіледі.(1.3-сурет).

Сына тәрізді белдіктер мына бөлшектерден тұрады:

1)резина  салыстырылып тоқылған арқаннан  тұрады; ол шамамен белдіктің  центрінде орналасып, оны жетектеуші, тартушы негізгі қабат болып  саналады;

2)арқанның  үстіңгі жағы созылатын мата  резина қабаттан тұрады.

3)арқанның  астыңғы бөлігі созылатын резина  қабаттан немесе сығылатын мата  резина қабаттан тұрады;

4)диагональ  бойымен бірнеше қабат етіп  араластырылған резиналық тыстан  тұрады.

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЖАЛПАҚ БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР

Информация о работе Тік тісті цилиндрлі бірсатылы редуктор және тік белдік беріліс негізіндегі жетек