Беттік активті заттардың қолданылуы
Реферат, 10 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қанықтыратын флюидтары бар тау жынысы фазаларының бөліну бетінің ауданы жетілген болып келеді. Қабатқа сулы ерітінділер түрінде берілетін беттік активті заттардың әрекеті БАЗ-дың сол берілген беттерде адсорбциалануына негізделген. Бұл тау жынысының, қабат суы мен мұнайдың молекулярлық-беттік қасиеттерінің анағұрлым өзгеруіне алып келеді.
Вложенные файлы: 1 файл
ПАВ.doc
— 677.50 Кб (Скачать файл)0,04%-тік БАЗ ерітіндісі мен 0,04%-тік полимер ерітіндісінің тең көлемдерін араластырумен жасалған жұмысшы сұйықтықты қолдану, мұнай ығыстырудың толық коэффициентін қарапайым полимерлі ерітіндімен салыстырғанда 5%-ке және БАЗ ерітіндісімен салыстырғанда 16%-ке артуын қамтамасыз етеді. Араластырылған ерітінді концентрациясын 1,5 есе жоғарылату тиімділікті 11 және 22% арттырады.
1 – жұмысшы колонка; 2 – калибрлі айдау цилиндрі; 3, 7 – айдау желілері; 4, 5,6 – жұмысшы ерітінділерге арналған сыйымдылық; 8 – жинау желісі; 9 – аулағыш; р1 – р5 – манометрлер.
Сурет 8. Араластырылған БАЗ және полимерлер ерітіндісімен мұнай ығыстыруды зерттеу қондырғысы.
Vпол /VБАЗ қатынасының ығыстыру коэффициентіне әсер ету үшін жасалған бірнеше тәжірибелер тобы (мұндағы Vпол – 0,06%-тік полимер ерітіндісінің мөлшері; VБАЗ - 0,06%-тік БАЗ ерітіндісінің мөлшері ) келесіні көрсеткен: ОП-10 және РД-101В араластырылған сулы ерітінділері Vпол /VБАЗ=1,4-2,3 болғанда анағұрлым жоғары тиімділікті береді. Полимер – БАЗ нақты жұбы үшін оптималды қатынас тәжірибе жүзінде анықталады.