АЭС-дағы авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радияциялық қауіп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 14:26, реферат

Краткое описание

1.Атом электр станциясының жұмысы.
2.АЭС-дағы авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радияциялық қауіп.
3.Атом бомбасы және оның құрылысы.
4.Радиaция, Радиацияның адамға әсері,Радиоактивті заттардан қорғану.

Вложенные файлы: 1 файл

физика.docx

— 64.54 Кб (Скачать файл)

Бақылаушы дозиметрден басқа арнайы дозиметр құралы бар. Ол радиоактивтік заттардың ұнтақтарының еденге шашылғанын адамның үстіндегі киіміне  ілінісіп кеткенін көрсетеді.

Әр жұмыскердің өзіндегі дозиметр атом өндірісіне сәулелену деңгейінің мөлшерін анықтайды. Шамадан тыс болған жағдайда сәулелену әсерінен сақтану үшін жедел шаралар қолданылады.

Сәулелену әсерінен сақтану үшін ядролық реактордың және т.б. атомдық құрылыстардың маңайына биологиялық қорғаныс бетоннан жасалған қалыңдығы шамамен 3 метр немесе шамамен жарты метрдей қорғасыннан жасалған қабырғамен қоршайды.

Реакторде өз энергиясын берген уран элементінің қалдығын алып, оның орнына жаңа элементті салу арнайы механизм қолдану арқылы жүргізіледі. Телевизор экраны арқылы заводтың немесе тағы басқа құрылыстың ішінде болып жатқан өзгерісті бақылап отырып, сәулеленуден қорықпайтын өте қолайлы механизм қалың қабырғаның сыртында, қауіпсіз жерде отырған адамның жұмысын орындайды.

Бұл көбінесе автоматты түрде, механизмнің басқаруымен өтеді.

Жоғарыда айтқандай, уран өзінің энергиясын бергеннен соң, онда басқа өте бағалы материалдар жиналады, яғни жаңа ядролық отын металл плутоний және көп, әр түрлі радиоактивтік изотоптар. Бұларды бір – бірінен ажыратып, бөліп, алу және оларды пайдалану үлкен шеберлікті қажет етеді. Бірақ бұлардың біразы өмірде қолданылмауынан, радиоактивтік өндірістің керексіз заттары болып саналуынан суға, топыраққа төгіледі.

Бұл қалдықтардың ең аз мөлшерін заласыздандырмай тікелей топыраққа  немесе суға тастау өте қауіпті. Олардың ішінде көпшілік заттардың радиоактивтік изотоптары бар. Бұлар өсімдік өміріне өте қажетті заттар. Оларды өсімдіктер өздеріне сіңіріп, жинақтауынан радиоактивтілік жоғарылап, қауіпті деңгейге жетуі мүмкін. Мұндай өсімдіктермен, шөппен қоректенген сиырлардың сүтінде радиоактивтілік табылған.

Атом өндірісінің қалдығын суға тастағанда радиоактивтік заттарды сіңіріп, жинақтайтын балдырлар болады. Балдырлардан бұл заттар балықтарға, ал балықтардан адамдарға өтіп, адам денсаулығына қатерлі әсерін тигізеді.

 

 

Чернобыль апаты.

Күні кеше Киевте Ядролық энергияны қауіпсіз пайдалану жөніндегі саммит өтті. Оған еліміздің Президенті Н.Назарбаев арнайы барып қатысып қайтты. Жалпы, бұл жиында әртүрлі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 67 делегация бой көрсетті. Осының өзінен-ақ саммиттің салмағын бағамдай беруге болар. ЧАЭС-те болған 1986 жылғы жарылыстың салдарына байланысты проблемалардан басқа, саммитке қатысушылар ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, елдердегі АЭС-тердегі оқиғалар туралы ақпарат таратушы халықаралық желіні жолға қою мәселелерін талқылады. Киевтегі саммит Чернобыль АЭС-дегі апаттың – ХХ ғасырдағы ірі техногендік апаттың 25 жылдығына орайластырылды. Жапониядағы қасіреттен кейін әлем халқын атом электр стансаларының ахуалы алаңдатқандай... 
1986 жылы 25 сәуiрден 26-сына қараған түнi адамдардың өздерiне деген сенiмдiлiгiнiң, немқұрайдылығының салдарынан бейбiт мақсатта жұмыс iстеп тұрған атом электр стансасы бақылаудан шығып, өзiнiң дүлей күшiн көрсеттi. Чернобыль АЭС-iнде болған апат мемлекет басына келген жаңа билiк үшiн қатаң сынақ болды. Орталық және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары апатты жағдайды барынша құпия ұстады. Оқиға орын алған екi күннен кейiн орталық «Правда» газетi Чернобыль апатын қатардағы жағдай ретiнде көрсетiп, екi адамның қаза тапқанын жазды. Әлемнiң көптеген елдерiнiң қысымымен Кремль билiгi қалыптасқан жағдайды там-тұмдап жариялап, апатты аймақтан тұрғындарды көшiрудi 2 мамырдан бастап қолға алды. Киев қаласында қызмет iстейтiн шетелдiк мамандар мен студенттер қаланы тастап кетiп жатты.  
Сол күндерi әртүрлi ақпараттар бойынша қаладан 500 мың адамнан 1 миллионға жуық тұрғындар жансауғалап, көшiп кетуге мәжбүр болған. Көз көргендердiң айтуы бойынша, қалаға келетiн пойыздар бос келiп, толып, қайта кететiн болған. Темiр жол басшылығы сол күндерi қалаға келу үшiн қосымша 30 пойыз шығарса да жетiспеушiлiктер орын алған. 
Апаттан кейiнгi 8 минутта 4 реактордан сыртқа шыққан 140 тонна радиоактивтi отын ауаға тарап, халық АҚШ-тың Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастаған атом бомбасына тең сәулеге шалдыққан. Радиоактивтi сәулеге Белоруссияның Гомель, Могилев облыстары, Украинаның Киев, Житомир облыстары мен Ресейдiң Брянск облыстарының тұрғындары түгелiмен шалдыққан. 1995 жылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының арнайы есебi бойынша Чернобыль апатынан 9 миллион адам зардап шеккен. Оның 4 миллионы – 14 жасқа дейiнгi жас балаларды қамтыған. Бүгiнгi таңда апат зардабынан қаза тапқандардың саны 320 мың адамды құрап отыр. Бұл бiр ғана Украинадағы жағдай. 
Чернобыль АЭС-iнде болған апаттың зардаптарын жоюға КСРО-ның барлық аймақтарынан ерiктiлермен қатар арнайы қызмет орындарының қызметкерлерi де барды. Алматы қаласынан бұл апатты аймаққа 16 мың адам қатысты. Олардың 90 пайызы – әскери қызметкерлер. Денсаулық сақтау, Қорғаныс министрлiктерi келтiрген мәлiметтер бойынша, бұл адамдардың бүгiнде тек 323-i ғана тiрi көрiнедi. Демек, 15 мың 577 адам апат зардабынан қайтыс болған. 
Жалпы, Чернобыль АЭС-i 1970 жылы салына бастаған. Стансаға графиттi – уран реакторы қойылып, оның қуаты 3200 Мвт. құраған. Орасан зор қуатқа ие реакторды салушылар әу баста оның қауiпсiздiгiн айтып, автоматты түрде апатты болдырмайтын жүйенi жобалауды ескермеген. Станса жобасын Мемлекеттiк комиссия қабылдап, МАГАТЭ халықаралық ұйымы бекiткен. 1977 жылы стансаның 1-ші, 2-ші блогы iске қосылған. Араға алты жыл салып, реактордың 3-ші, 4-ші блогы салынған. АЭС алғашқы электр энергиясын берiп үлгермей жатып, апат орын алған. 1983–1985 жылдары АЭС-те бес бiрдей апат орын алып, 63 рет негiзгi құрылғы iстен шыққан. Мұның өзi ерте ме, кеш пе, АЭС-те орасан зор апаттың болатынын ескерткен. Алайда өздерiне сенiмдi мамандар мұндай әрекеттiң болуы мүмкiн емес деген үстiртiн ойдан шыға алмаған. Ядролық реактордың жалыны 300 метрге көтерiлген. Жарылыс кезiнде салмағы 1 тоннаға жететiн темiр жабулар әуеге ұшқан. Атом отыны жалғанған 1661 канал ашық аспан астында қалып, атмосфераға араласып, жел бағытымен үдере көшкен. Жарылыс кезiнде кешенде 4500 адам жұмыс iстеген. 4 реактордағы өрттi ауыздықтау 8 күнге созылған. 
Апаттың алғашқы күнi бiрден 80 адам қаза болған. Ауруханаға апара жатқан жолда 2 мың адам көз жұмған. Кеңестiк идеология оны жасырып, 2-ақ адамның өлгенiн хабарлаған. Радиоактивтi элементтiң құрамында адам организмiнде рак ауруларын тудыратын цезий – 143, йод – 131 химиялық түзiлiмдерi болған. 
1986 жылы 14-мамырда СОКП Орталық комитетiнiң Бас хатшысы Михаил Горбачев Орталық теледидар арқылы сөз сөйлеп, апаттың орын алғанын ресми түрде мәлiмдедi. Ол өз сөзiнде апатты жағдайдың орын алуына Батыс елдерiнiң ықпалы болғанын, оның түпкi мақсатында кеңестiк жүйеге қарсы озбырлық тудыру ниетiнiң жатқанын түсiндiрдi. 
2000 жылы 5 маусымда Украина президентi Чернобыль АЭС-iнiң ресми жабылғанын жариялады. 1986 жылы қараша айында тұншықтырылған 4-блоктағы саркофаг ғайыптан саңылау берсе, оның зардабы орасан зор шығын әкелетiнi анық. Оны мәңгiлiкке жою үшiн 4 млрд.-қа жуық (доллар есебiмен) қаржы қажет. Әзiрше, 4-блоктағы реактор уақытша ұйқы құшағында көрiнедi. 
Чернобыль апатының куәсi ретiнде станса маңында күнi бүгiнге дейiн 500 тонна залалды ет тиелген 40 вагон-рефрижератор тұрған көрiнедi. Апатты күндерi Киев су қоймасынан су пайдаланған 150 мың адамның түрлi сырқаттармен ауыратыны анықталған. Олардың 60 мыңдайы – жасөспiрiмдер. 
Белоруссияның ауыл шаруашылығына жарамды 20 пайыз жерi апаттан кейiн пайдалануға жарамсыз болып, есептен алынған. Қазiргi уақытта 160 мың шаршы шақырым аумақтағы халықтың 45 пайызы түрлi аурулармен ауырады екен. 
Жапонияда орын алған қайғылы уақиғадан кейін цунами мен жер сілкінісі салдарынан болған атом электр стансаларындағы жағдайға орай әлемдік қауымдастық ең алдымен атом энергетикасының қауіпсіздігіне аса алаңдаушылық білдіріп отыр.  
  Бүгінгі таңда әлемдегі электр энергиясының 17 пайызы атом стансаларымен өндіріліп отыр. Сонымен қоса, жекелеген мемлекеттерде атом энергетикасының үлесі энергобаланстың 50 пайызынан асады. Мәселен, Францияда мұның үлесі 77 пайызға жеткен. Сондай-ақ бүгінгі күні дүние жүзінде 439 ядролық реактор жұмыс істеп тұрса, 136-сының құрылысы жобаланған. Атом стансасының ең үлкен паркі АҚШ-та. Алдағы уақытта әлемнің 50-ден астам мемлекеті атом стансаларын иеленеді деп болжанады. Қазіргі күні Қытай, Үндістан, Жапония елдерінде АЭС құрылысы бойынша ауқымды бағдарламалар қабылданған. Қазақстанға келер болсақ, былтыр елімізден 17700 тонна уран экспортталған. Биылғы жылы аталған көрсеткішті 20 мың тоннаға, ал 2020 жылға қарай оны 25 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Бұл жоба бұдан әрі дамытылу үстінде. Соңғы уақыттары біздің елімізде де АЭС салу мәселесі жан-жақты әңгіме арқауына айналуда. Жаңа АЭС-ке Ресейдің атом сүңгуір қайықтарының реакторын әкеп қоймақшы көрінеді. Бұл әрекет атом энергиясын пайдалануға қарсылық күшті болып отырған кезде орын алып отыр. Егер бұл мәселе шындыққа айналса, Айленд (АҚШ), Чернобыль және Фукусима АЭС-терінде болған жарылыстар сабағы ескерілуі тиіс. Жалпы, жоғарыдағы апаттардың зардабынан адамзат баласы әлі де айығар емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.[1]

 

Ядролық қару орталығы

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

 

                                                    Ядролық қару

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелірадиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.

Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.

                         Атом бомбасын сынау

Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж. Кеңес үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 1952 ж. 1 қарашада АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық қондырғы жарылды. Авиациялық бомба түріндегі термоядролық қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді. 50-жылдардың ортасында АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге арналған әр түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж. КСРО-да Қарулы Күштердің ерекше түрі – стратегиялық мақсаттағы ракеттік әскер құрылды. АҚШ пен КСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж. 30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық қаруғаҮндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық қару шығаруға дайын. АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен астам ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе, әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22 мыңдай тактикалық түрі). Ядролық қаруды межеге жеткізу үшін әр түрлі алыпұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери дайындыққа келтірілді. 1976 жылдың қарсаңында АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы күштерінің құрамында 1054 құрлықаралық баллистикалық зымырандар (“Титан-2”, “Минитмен-2”, “Минитмен-3”), 400-ден астам ұшақтар (В-52 және В-111) болды, 41 атомдық сүңгуір қайық “Поларис А-3” және “Посейдон” зымырандарымен жарақтандырылды. Осы тектес атомдық қару түрлері басқа атомдық державаларда да жеткілікті дәрежеде. Сондықтан ядролық қару бүкіл адамзат үшін орасан қауіп болып есептеледі. Мысалы, Америка мамандарының есептеулері бойынша қуаттылығы 20 мт термоядролық қару 24 км радиустағы барлық тұрғын үйлерді жермен жексен етіп, оның эпицентрінен 140 км-ге дейінгі аралықтағы тіршілік иелерін жоя алады. Атом қуатын әскери мақсаттарға қолдануға байланысты қауіп халықтардыңядролық қаруға тыйым салу жолындағы қуатты қозғалысын тудырады. Ядролық қаруға халықаралық тыйым салу жолындағы маңызды кезең ауада, кеңістікте, су астында, аспанда Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы шарт (1963); мемлекеттердің Айды және т.б. аспан денелерін қоса алғанда аспан кеңістігін зерттеу және оны пайдалану бойынша іс-әрекет қағидалары туралы шарт (1967), Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (1968); теңіздер және мұхиттер түбінде, олардың қойнауларында ядролық қарумен басқа да жаппай қырып-жоятын қаруларды орналастыруға тыйым салу туралы шарт (1971) болып табылады. БҰҰ-ның “Халықаралыққатынастарда күш қолданбау және ядролық қаруды қолдануға түпкілікті тыйым салу туралы” резолюциясы аса маңызды қадам болды. Кезінде КСРО мен АҚШарасында жасалған “ядролық соғыстың туу қаупін азайтудың шаралары туралы келісім” (1971) де үлкен маңызға ие. Ол бойынша кездейсоқ немесе рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануға ескерту қарастырылған. Ракетаға қарсы қозғалыс жүйесін шектеу және стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу саласында кейбір шаралар туралы Уақытша келісім (1972); ядролық соғыстың алдың алу туралы келісім (1973), сонымен қатар ядролық қаруды жер астында сынауға шек қою туралы шарт (1974), т.б. келісімдер бар. 1976 ж. 31 наурызда КСРО мен АҚШ мемлекеттері ядролық қаруды жер астында сынауды жүргізбеуге міндеттеме қабылдады. Осы жылы КСРО мен Франция кездейсоқ және рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануды ескерту туралы шарт, ал 1977 ж. Ұлыбритания мен Кеңес Одағыкездейсоқ ядролық соғыс туындағанда бетін қайтару туралы келісім жасасты. КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізінен Семей полигонында өтті. Ол Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аудандарына орасан зор экологиялық апат әкелді. Сондықтан КСРО-ның ыдырауы қарсаңында тәуелсіз Қазақстанүшін ең басты мәселе ел аумағындағы ядролық қарудың тағдыры болды. КСРО-ның ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 “РС-20” ракетасы (НАТОклассификациясы бойынша – “СС-18”) болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалық ракета (әрқайсысының қуаттылығы 550 кт-дан тұратын 10 ядролық оқтұмсық) Державинка (қазіргі Ақмола облысы) мен Жаңғызтөбедегі (Шығыс Қазақстан) екі базада орналасты. Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты ядролықракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ орналасты. Қазақстанда қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешен құрылып, жұмыс істеді. Елімізде КСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді. 1994 ж. Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Осы жылы Будапештте (Венгрия) АҚШ, Ұлыбритания және Ресеймемлекеттері басшылары Қазақстанның тұтастығына, шекарасының өзгермеуіне, ел экономикасына қысым көрсетілмеуіне кепілдік берген құжатқа қол қойды. Олар, егер Қазақстанға қарсы агрессия туындаған жағдайда осы жағдайды талқылау үшін дереу БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақыруға міндеттенді. 
Ядролық қаруға қажетті зарядты жасауға Қазақстан азаматтары үлес қосқан. 1959 ж. Қазақ тау-кен институтының (қазіргі ҚазҰТУ) МЦ-54 “Түсті, сирек және асыл металдар металлургиясы” мамандығы бойынша бітірген түлектері: Н.Ф. Болонев, Г.Н. Бунин, А. И. Галактионов, Е.В. Космачев, А.К. Кузнецов, Э.П. Куликов, Б.В. Макаренко, С.С. Макаренко, В.М. Розманов, В.П. Статкун, С.В. Стовярский, И.В. Токмачев, Ю.П. Штефан Ресейдің Томск-7 қаласындағы п/ж ғ153 құпия мекемесіне (қазіргі СХК – Сібір химия комбинаты) жолдама алды. СХК-да жоғары байытылған уран мен плутонийдің негізінде жасалған ядролық материалдармен жұмыс жүргізілді.Қазақстандық мамандар ядролық зарядты жасау технологияларын жолға қою ісіне өз үлестерін қосып, атом өнімдерін жасауға қатысты.

 


                                                        Қорытынды

Жыл өткен сайын адамдардың радииоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтірді десеңізші. Сондықтан адамзат баласын  радиациядан қорғау осы кезде кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.

Табиғатта адамзат баласы, жан – жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивтік сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады, яғни табиғи радиоактивтік фон деп аталатын жағдайда болады. Бұл жер бетіндегі тіршілік өмірдің табиғи қажеттілігі. Бірақ адамзат баласы өзін табиғи зат алмасу процестерінің ауқымынан шығарып, глобалды бірігей қызмет ететін жүйе ретіндегі биосферада өзінің тәртібіндегі шекті нормаларды бұзуда. Осыларды белгілі бір жүйеге келтіру кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр.

Космостан келетін космостық сәулелердің практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралады. Космонавттарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретіндепайдаланып жатыр. Дерттерде диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле терапиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады.

Адамдарды радияциядан қорғау – Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса қүрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінуде. Әсіресе экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Неше түрлі экологиялық проблеммалар, әсіресе радиациялық экология өз  тұрғысынан шешімдерін тапқан жоқ.

Сайып келгенде, біз – қазіргі жас мамандар, келер ұрпағымыздың өмірінің жарқын да мәнді болуы үшін қоршаған ортамызды, яғни Табиғат – Анамызды  аялай білуіміз қажет. Ол үшін меніңше, әр адам баласы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін бір-бірімен сабақтастырғаны жөн.


Информация о работе АЭС-дағы авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радияциялық қауіп