Шығындар баптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 22:12, курсовая работа

Краткое описание

Бірінші бағыты - өндірістік есеп, негізгі мақсаты өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын анықтау үшін өндірісті шығындар және оны сатудан күтілетін табыс туралы есеп мәліметтерін алу болып табылады. Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі, материалдардың қозғалысы мен олардың өндірісте қолдануының есебін ұйымдастыру, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі өндірістік үстеме шығындар есебі және олардың жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына жатқызу тәртібі, сонымен қатар шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялаудың жеке әдістерін қолдану - тапсырыстық, үрдіспе-үрдіс, қайта бөлу т.с.с - сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, кешенді өндірістің жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау және кысқартылған (тұрақты шығындарсыз), және шығындарды толық тарату калькуляциясын қарастырады.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой шыгындар.doc

— 317.50 Кб (Скачать файл)

Үстеме шыгындардың есебі. Үстеме   шығындардың   түсінігі   және   олардың   түрлері. Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлеріне (бірлік), өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды. Бұл сөзбен айтқанда, үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтардағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі құралдардың тозуы   және   материалдық   емес   активтердің   амортизациясы; үйлерді, ғимараттрды және жалпы өндірістік (цехтық) бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндірістік (иехтық) сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірибе жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетумен байланысты басқа да цехтық шығындар.

Нақты үстеме шығындардың құрамына ішкі себептср бойынша тұрып қалудан болған жоғалтулар, цехтарда (бөлімшелерде) материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі жоғалтулар.

Үстеме шығындар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады кешенді сипаттағы шығыстар құрамында шығынның барлық экономикалық элементтері көрсетіледі: екі және одан да көп бұйымдар шығаруда, бұл шығыстарды тікелей бұйымдарға апару мүмкін емес, сондықтан олар бір жағынан дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістердің арасында таратылады, екінші жағынан бұйымдардың арасында жанама тәртіппен таратылады.

Үстеме шығындарды өнімдердің құнына екі сатылы процедураны қолдану арқылы апаруға болады. Бірінші сатынын мақсаты барлық өндірістік шығындарды өндірістік шығын орталықтары бойынша тарату. Бұл алғашқы саты екі мақсатты көздейді. Біріншіден, шығын орталықтары бойынша жазылған шығындар, шығын дәрежесін бақылау және қызмет нәтижесін бағалау үшін пайдаланылады. Екіншіден, өндірістік шығын орталығымен шоғырландырылған шығыстар, қаржылық есеп талаптарына сай, босалқыларды бағалау бойынша өмімдерге таратылады.

Екінші сатыда өнімдерге үстеме өндірістік шығыстарды тарату үшін негіз таңдалады. Бұл негіз шығындарды тарату базасы деп аталады.

Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінін көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:

- өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;

- өндіріс жұмысшыларының  еңбекақысына   пропорциональды;

- тікелей материалдар шығыстарына пропорционалды:

- цех құнына пропорционалды немесе шикізат құны шегерілген;

- цехтың өзіндік құнына пропорционалды;

- белігіленген шығындарды таратудың тұрақты коээфиценті бойынша;

- басқа да тарату базалары бойынша.

Үстеме шығындарды төлеу ставкасы. Әрбір өндірістік шығын орталықтары үшін үстеме шығыстар ставкасы орталыққа бөлінген жалпы шығындарды тарату базасының жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Өнімдерге үстеме шығындар, әрбір өнімге қажетті, үстеме шығыстарды тарату базасының екінші сатысында алынған, әрбір орталықтағы үстеме шығыстар ставкаларына көбейту жолымен таратылады.

Кейбір компанияларда үстеме шығыстарды таратудың бірінші сатысынан бас тартады, олар шығын орталықтары бойынша таратылмайды. Оның орнына тұтас кәсіоорын үшін, барлық өнімдерге таратылатын (қандай цехта, бөлімшеде өндірісіне байланысты) бірыңғай ставка енгізіледі. Бұл әдісті барлық бөлімшелердегі өндірілетін шығын орталықтарының үстеме шығыстары болса пайдаланған жөн. Егер кәсіпорын өнімдердің көп ассортиментін шығаратын болса, оның үстіне кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелеріндегі әрбір өнімге әр түрлі сағат жұмсалатын болса, онда оның орталықтары үшін үстеме шығыстарды таратудың жеке ставкалары белгіленуі қажет.

Өндірістегі ақаулардың есебі. Өндірістегі ақауларға – өзінің сапасы бойынша белгіленген стандарттарға немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылмайтын не болмаса, ондағы бар ақауларды қалпына келтіру үшін қосымша шығындар жұмсағаннан кейін ғана қолдануға болатын өнімдер (бұйымдар, шалафабрикаттар, бөлшектер және конструкторлар) жатады.

Ақау байқалған орнына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Өнімдерді тұтынушыларға (тапсырыс берушілердің жұмысын тапсырғанға дейін) жеткізгенге дейінгі өндірістін кез-келген бөлімшесінде анықталған ақау ішкі ақау деп аталады. Ал, сыртқы ақау тұтынушылардың тапқан ақауы.

Ақаудың анықталу сипатына байланысты түзетілетін және түзетілмейтін   (түпкілікті)  болып  бөлінеді. Түзетілетін   ақауға жөндегеннен кейін техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты болатын және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін болатын бөлшектер, жалғауыштар (узлы), бұйымдар және жұмыстар жатады.

Түзетілмейтін ақауларға техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты түзету мүмкін болмайтын өзінін тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін емес бөлшектер, шалафабрикаттар, бұйымдар және жұмыстар жатады.

Өндірістегі ақаулар, ақау пайда болған өнімдердің аты, оның техникалык нөмірі, операцияның аты және нөмірі, ақау түрінің коды және ақауға көнілінің себептері жазылған, ақау жөніндегі актіде (хабарламада) көрсетіледі.

Егер жұмысшының кінәсінен ақау анықталатын болса, онда оны жұмысшы түзетеді, актіде «Түзетілді» деген белгі қойылады.

Бұл акті бухгалтерияға бағытталмайды, ол тіркеліп, техникалык бақылау бөлімінде (ТББ) сақталады. Жұмысшыға еңбекақы наряды жазылмайды. Егер бұл ақауға жұмысшы кінәлі болмаса, онда бұл жұмыстарға «Ақауды қайта түзеу» деген белгімен наряд толтырылып, ұйымның бухгалтериясы беріледі.

Жабдықтаушылардың кінәсінен материалдар мен бұйымдардың ақауы анықталған жағдайда ақау жөніндегі актіге қосымша жабдықтаушы жақтың қатысуымен екі жақты арнайы актісі жасалады. Бұл акт сапасыз тауарларды жеткізгені үшін, зиянның орнын толтыруда жабдықтаушыларға шағым айтудың негізі болып табылады.

Ақауды көрсететін құжаттар олардың ТББ-нін жедел есебінен кейін, кінәлілер, өнімнің түрлері және олардың пайда болу орны бойынша ақаулық шығындар есебі жүзеге асырылатын бухгалгерияға беріледі.

Ақау жөніндегі актіде өзіндік құнның тікелей баптары бойынша шығындар көрсетіледі. Сонан соң актілер бұйымдар топтарының калькуляциясы, ал онын ішінде цехтар және учаскілер бойынша, сонымен бірге ақауға нақты кінәлілер бойынша топтастырылады. Ары қарай бухгалтерия жұмысшылары ақаудың құнын пайдаланудың мүмкін болатын бағасымен және ақаудан болған жоғалтуларды  анықтайды, ал  кәсіпорынның басшысы нақты кінәлілермен ақаудан болған зиян жөніндегі сұрақтарды шешеді.

Бастапқы құжаттардың негізінде ай басынан бастап өспелі жиынтықпен тәуліктік ақау жөніндегі жедел есеп жасалады. Ол ақауды болдырған бөлімшелерге, сонымен бірге жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде шарттар қолдану үшін мүдделі ұйымдарға беріледі. Одан ары цехтар бойынша жиынтық есептің негізінде тұтас ұйым бойынша есеп жасалады.

Түзетілмейтін ақаудың өзіндік құны өнімдердің (орындалған жұмыстардың) өзіндік құны калькуляциясының барлық баптары бойынша нақты шығындар негізінде есептеледі. Олар: «Материалдар», «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы», «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар», «Үстеме шығыстар» баптары.

Көп номенклатуралы бұйымдары (бөлшектер) және шалафабрикаттары бар ұйымдарда ақауларды жоспарлы (нормативтік) өзіндік құнымен бағалайды.

Ішкі түзетілетін ақаудың өзіндік құны ақаулы өнімдерді түзетуге жұмсалған материалдар және шалафабрикаттар, жұмысшылардың еңбекақысы, еңбекақыдан аударылатын аударымдар, сонымен бірге үстеме шығыстардың сәйкес үлесінің қосындысынан тұрады. Түзетілген ақау болып табылатын, бұйымдардың (бөлшектердің) және шалафабрикаттардың өзінің өзіндік құның ақаудан болған шығындар енгізілмейді.

Ақаудан болған шығындарды азайтатын сомаға жататындар: пайдалану мүмкін болатын баға бойынша жарамсыз деп танылған өнімдердің құны, ақаудың пайда болуына кінәлі жұмысшылардан ұсталған нақтылы сомалар, сапасыз материалдарды және шалафабрикаттарды жеткізудің нәтижесінде ақаудың пайда болуына байланысты жабдықтаушылармен соттасу немесе оларды жазалауға кеткен нақты сомалар.

Ақаудан болған шығындар ай сайын өндірістің сәйкес түрінің шығындарына жазылады және ақау табылған бұйымның немесе жұмыстын өзіндік құнына енгізіледі.

Ақаудан болған шығындар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жақтайды. Тек қана жеке және сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық аяқталмаған белгілі бір тапсырысқа қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістін өзіндік құнына жатқызылады.

 

2.3 Аяқталмаған өндіріс есебі, оларды түгендеу және бағалау

 

Аяқталмаған өндіріс – технологиялық процестермен қарастырылған, барлық өңдеу сатыларынан өтпеген өнімдер, сонымен бірге техникалық қабылдаудан және сынақтан өтпеген, жинақталмаған бұйымдар деп түсіндіріледі.

Түзетуге келмейтін шалафабрикаттар (бұйымдар), сонымен бірге өңдеуге берілмеген шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар және жинақтайтын дайын бұйымдар аяқталмаған өндіріске жатпайды.

Толық күшін жойған тапсырысқа жататын, бөлшектер және басқа шалафабрикаттар да аяқталмаған өндіріс құрамында қалмайды.

Аяқталмаған өндіріс қалдығының саны және көлемі технологиялық процестің ұзақтығына және сипатына, өнімдердің ерекшелігіне және оның шығарылу көлеміне тәуелді. Мысалы, электроэнергетика және қазба жұмыстарымен айналысатын салалардың көбінде аяқталмаған өндіріс мүлдем болмайды. Көлік жасауда, ұзақ кезеңде күрделі өнім жасалады, онда аяқталмаған өндіріс қалдығы елеулі болады.

Өндірісте шалафабрикаттардың қозғалыс есебін ұйымдастыру тәртібі, өндірістің технологиялық және ұйымдастырылу ерекшелігіне, дайындалатын шалафабрикаттардың тізімдемесінде, орындалған жұмыстарды жұмысшылардан қабылдау және босалқыларды аралық сақтау тәртібіне тәуелді.

Аяқталмаған өндіріс есебі жедел және бухгалтерлік болып бөлінеді. Жедел есеп бухгалтерияның бақылауымен цехтық жоспарлы-диспечерлік қызметтің жұмысшыларымен жүргізіледі.

Көлік жасауда, металл өңдеуде және де басқа өнеркәсіп салаларында өндірістегі шалафабрикаттар қозғалысының жедел есебі негізгі екі түрге бөлінеді: бөлшектік-операциялық және бөлшектік.

Бөлшектік-операциялық есеп сериялы өндірістерде маршурттық қағаздармен жүргізіледі.

Бөлшектік есеп жаппай өндіріс жағдайында пайдаланылады. Сондықтан дайындау цехтарында дайындалған бөлшектердің саны өңдеу есебі бойынша құжаттардың негізінде анықталады.

Бөлшектерді өңдеуге беру накладнойлармен, лимитті-жинақтау карталарымен, жинақтаушы ведомостармен жүзеге асырылады.

Шалафабрикаттар мен бөлшектердің қозғалыс есебін жеңідету және шалафабрикаттарды беруде құжат айналымын азайту үшін және бөлшектерді бір цехтан екіншісіне беруді айлық картамен жүзеге асыруға болады.

Аяқталмаған өндіріс қалдығы жөніндегі көрсеткіштердің дұрыстығына тексеру жүргізу мақсатымен оларға кезеңдік түгендеу жүргізілуі керек.

Аяқталмаған өндірісті тексергенде мыналар керек:

  • бөлшектердің нақтылы барын және өндірістегі аяқталмаған, дайындалудағы және жинақталудағы бұйымдарды, сонымен бірге толығымен жинақталмаған және қоймаға өткізілмеген дайын бұйымдарды анықтау.
  • ескерілмеген дайын бұйымдарды анықтау;
  • аяқталмаған өндірістің нақты жинақтылығын анықтау және бөлшектермен қамтамасыз ету;
  • күшін жойған тапсырыстың қалдығын анықтау;
  • нақтылы өндірісте бар бөлшектерді және бұйымдардың дайындалуы аяқталмағанын анықтау.

Жұмыс орнындағы, өңдеуге апарылмайтын тауарлы-материалдық босалқылар аяқталмаған өндіріске енгізілмейді, олар жеке көрсетіледі.

Түгендеу кезінде аяқталмаған өндірістің нақты барының бухгалтерлік есептің көрсеткіштерінен алшақтығы: артығы – табыс болады, ол кіріске алынады, ал жетіспеушілігі – шығыс болады.

Тәуелсіз өндірістегі жетіспеушілік және шығындар кінәлі адамдар табылса, солардың мойнына ілінеді.

Аяқталмаған өндіріс қалдығы шығындар баптарының калькуляциялық қиындысында ақшалай бағалауға (негізінен нақтылы өндірістік өзіндік құн бойынша) жатады. Шығарылатындарды құрайтындар ақаудан болған шығындар (жеке және ұсақ сериялы өндірістерден басқа, егер шығын нақты бір тапсырысқа қатысты болса), өндірісті дайындау және меңгеру шығыстары, басқа да арнайы шығыстар.

Бөлшектерді дайындауға  және өнімдерді өндіруге жұмсалған шикізаттар және материалдар құны, егер өндіріс аяқталмай қалса, онда толығымен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енгізіледі. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы екі жолмен есептелінеді: өңдеудің сәйкес операциясы бойынша есептеудің жинақталған жиынтығынан, болмаса, сол цехтағы бөлшектерді өңдеуге есептелгеннен 50 пайыз көлемінде және оған алдыңғы цехтардағы бөлшектерді өңдеу үшін есептелген еңбекақы қосылады.

Информация о работе Шығындар баптары