Тарау. Қылмыстық ізге түсу түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:51, реферат

Краткое описание

Еліміз жаппай аяусыз күрес жариялап отырған қылмыс дамуының да түрі сан алуан. Сондықтан да, әр сала бойынша жасалынатын қылмыс түріне бейімделіп алған қылмыскерлер дер кезінде құрықтап жауапқа тартуда оңайға түспесі анық. Алайда бұл мақсатта қылмысқа ізге түсуді жүзеге асыратын органның қызметін күшейту қажет.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7 – бабының 14-тармағына сәйкес “қылмыстық ізге түсу оргындарына” прокурор /мемлекеттік айыптаушы/, анықтау органы, анықтаушы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………
I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Жеке, жеке жариялы және жариялы ізге түсу мен айыптау істері……………………………………………………..
2. Қылмыстық ізге түсуді жеке түрде жүзеге асыру. Жеке айыптау…………………………………………………………….
1.3.Қылмыстық ізге түсуді жеке жариялы түрде жүзеге асыру.Жариялы айыптау………………………………………..
1.4.Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері…………………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………….

Вложенные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 89.05 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ……………………………………………………………………

I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ТҮРЛЕРІ.

1.1. Жеке,   жеке  жариялы   және  жариялы   ізге   түсу мен айыптау істері……………………………………………………..

2. Қылмыстық ізге  түсуді жеке түрде жүзеге асыру. Жеке айыптау…………………………………………………………….

1.3.Қылмыстық ізге түсуді жеке жариялы түрде жүзеге асыру.Жариялы айыптау………………………………………..

1.4.Жеке айыптау істері бойынша  іс жүргізу ерекшеліктері…………………………………………………..

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Еліміз   жаппай  аяусыз  күрес  жариялап  отырған  қылмыс  дамуының да  түрі  сан  алуан.  Сондықтан  да,  әр  сала  бойынша  жасалынатын  қылмыс   түріне   бейімделіп  алған  қылмыскерлер  дер  кезінде  құрықтап  жауапқа  тартуда  оңайға   түспесі анық. Алайда  бұл  мақсатта  қылмысқа  ізге түсуді  жүзеге  асыратын  органның  қызметін  күшейту қажет.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу  кодексінің  7 – бабының    14-тармағына сәйкес “қылмыстық  ізге  түсу  оргындарына” прокурор /мемлекеттік  айыптаушы/,  анықтау  органы,  анықтаушы болып табылады.

“Анықтау”-анықтау  органдарының  заңмен  белгіленген  өкілеттік шегінде  істің  мән  – жайының  жиынтығын  анықтау, белгілеу, бекіту  және  қылмыс    жасаған  адамдарды  қылмыстық  жауапқа  тарту  жөніндегі  сотқа  дейінгі  қызметінің іс жүргізу  нысаны. Ал, прокурор, өз құзіреті  шегінде  жедел-іздестіру  қызметінің,  анықтаудың,  тергеудің  және  соттың  шешімдерінің  заңдылығын  қадағалауды,  сонымен  қатар, қылмыстық  процестің  барлық  сатыларында  қылмыстық  ізге  түсуді  өз  құзіреті  шегінде  жүзеге  асырушы  лауазымды  тұлға  болып  табылады.

Қылмыстық ізге түсуді жүзеге  асыратын орган ретінде -  анықтау  органының  қызметіне: заңмен  белгіленген  құзіретіне  сәйкес  қылмыстың  белгілері  мен  оларды   жасаған   адамдарды  табу,  қылмыстардың  алдын  алу  және  қылмыстың  жолын  кесу  мақсатында  қажетті  қылмыстық  іс-жүргізу  және  жедел-іздестір  шараларын  жүзеге  асыру; алдын  ала  тергеу  жүргізу  міндетті  істер  бойынша  заңда көзделген  тәртіппен  қылмыстық  іс  жүргізу  және  жедел-іздестіру  әрекеттерін  жүзеге  асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Жеке,   жеке  жариялы   және  жариялы   ізге   түсу мен айыптау істері.

Қазақстан   Республикасының   жаңа  Қылмыстық кодексінде  қылмысты   санаттау туралы  арнаулы норма   енгізіліп,  онда  қылмыстар сипатына  және   қоғамға қауіптілік  дәрежесіне  және  кінәнің түріне  байланысты  онша  ауыр  емес,  ауырлығы  орташа,  ауыр  және  аса ауыр  деген санаттарға  бөлінген.  Қылмыстық ізге  түсу  мен сотта айыптау жеке,    жеке-жариялы және  жариялы түрде жүзеге  асырылуы   жасалған  қылмыстың сипаты мен   жоғарыда  аталған қылмыс  санаттарына қарай жүзеге  асырылады.

Жеке жариялы айыптау  істері  жәбірленушінің шағымы  бойынша  ғана  қозғалады  және  айыпталушы бірінші рет  кішігірім  немесе   ауырлығы  орташа   қылмыс жасаса,  сондай-ақ егер,  ол  жәбірленушімен  татуласса  және  жәбірленушіге  келтірген  зиянның  есесін толтырып  берген  жағдайда  қысқартылуы  мүмкін.  Прокурор жәбірленушінің  шағымы болмаған жағдайда   қылмыстық  іс қозғауға құқылы.  Ал, айыптау  істері  жәбірленушінің  шағымы  бойынша    ғана  қозғалады  және  жәбірленуші мен айыпталушының    бітісуімен  қысқартылады.  Жариялы  айыптау  ісі бойынша  қылмыстық  іс  жәбірленушінің  шағымы  болу немесе  болмауына  қарамастан  қылмыстық  ізге  түсу  жүзеге асырылады.

Сонымен,  қылмыстық  ізге  түсу сотта  айыптау  істері  жеке,  жеке-жариялы,  жариялы  тәртіпте  жүргізіледі.

Жеке  айыптау  істеріне Қылмыстық  кодексте  көрсетілген  мына    қылмыстар  жатқызылады:  денсаулыққа  қасақана  жеңіл  зиян  келтіру; денсаулыққа  абайсызда  зиян  келтіру; қорқыту; жыныстық қатынас     жасауға,  еркек пен  еркектің,  әйел мен  әйелдің   жыныстық  қатынас  жасауына  немесе  нәпсіқұмарлық  сипаттағы  өзге  де  іс әрекеттерге  мәжбүр ету; жала жабу; қорлау;  балаларын  немесе еңбекке  жарамсыз  ата- анасын асырауға  арналған  қаражатты  төлеуден  әдейі  жалтару;  еңбекке  жарамсыз  жұбайын   немесе зайыбын  асыраудан  әдейі  жалтару;  жеке өмірге қол  сұғылмаушылықты  бұзу; бөтен  адамның  мүлкін  абайсызда  жою  немесе  бүлдіру; көліктің  қауіпсіз  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ететін  ережелерді  бұзу.  Бұл  аталған  қылмыстық  істер  бойынша  іс  қозғауға жәбірленушінің  арызы  немесе  прокурордың  шағымы  қажет.

Егер  әрекет  дәрменсіз  немесе  басқаға  тәуелді  жағдайдағы немесе  басқа да себептер  бойынша  өзіне  тиесілі құқықтарды  өз бетінше  пайдалануға  қабілетсіз  адамдардың  мүдделерін  қозғайтын  болса,  прокурор  жеке  айыптау  ісі  бойынша  жәбірленушінің  шағымы  болмаған кезде де іс  қозғауға  құқылы.

Ал,  жеке – жариялы  айыптау  істеріне Қылмыстық  кодекстің  мына  баптары  жатқызылады:денсаулыққа  қасақана   ауыр  зиян  келтіру;   заңсыз  аборт  жасау; зорлау;  нәпсіқұмарлық  сипатындағы  күш  қолдану;  бала асырап  алу  құпиясын  жария   ету; қамқоршы  немесе  қорғаншы  құқықтарын  теріс  пайдалану;  сеніп  тапсырған  бөтен  мүлікті  иеленіп  алу  немесе  ысырап  ету; интеллектуалдық  меншік  құқықтарын  бұзу;  заңды  кәсіпкерлік  қызметке  кедергі  жасау;  мәміле  жасауға  және  оны  жасаудан  бас  тартуға  мәжбүр  ету; компьютерлік  ақпаратқа  заңсыз  кіру;ЭЕМ  үшін  зиянды  бағдарламаларды  жасау,   пайдалану  және  тарату;  өкілеттіктерді  теріс  пайдалану т.б. қылмыстар  кіреді.  Аталған  қылмыстар  бойынша  қылмыстық  іс  жәбірленушінің  шағымы  болмаса  қозғалмайды.

Прокурор,  егер  әрекетке  дәрменсіз  немесе  басқаға  тәуелді  жағдайдағы немесе  басқа да себептер  бойынша  өзіне  тиесілі  құқықтарды  жүзеге  асыра  алмайтын  немесе  өз  бетінше  пайдалануға  қабілетсіз  адамдардың мүдделерін қозғайтын  не  басқа  адамдардың, қоғамның  немесе мемлекеттің  елеулі мүдделерін  қозғайтын  болса  жеке- жариялы  айыптау  ісі  бойынша  жәбірленушінің  шағымы  болмаған  жағдайда  да қылмыстық іс қозғауға  құқылы.

Қылмыстық ізге түсу дегеніміз – қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, оны жасаудағы кінәлілігін анықтау, осы мақсатта мұндай  адамдарға жаза немесе  өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз  ету шараларын айтамыз.1


Қылмыстық ізге түсуді ұйыдастыру


/айыптау/


 


Жариялы айыптау.


қ.і.ж.к.32 бабының 4 бөлімі

Жеке жариялы айыптау


Қ.і.ж.к. 32 бабының 3-ші бөлімі, 34 бабы

Жеке  айыптау


Қ.і.ж.к. 32бабының 2-ші бөлімі, 33 бабы


 


Жәб-нің шағымынсыз қ.ізге түсі жүз.асырылады

Жәб-нің шағымы б/ша қозғ.

айыптал.тат.мен қысқ. егер,

Жәбірленушінің шағымы бойынша  қозғалады және айыпталушымен татуласуына  байланысты іс қысқартылады.


Е г е р


Егер,адам 1-ші рет ауырлығы орташа қылм.жасаса,жәб-ге келтірген зиянды толтырса



 


                 Е г е р



Прокурор жәбірленушінің шағымынсыз іс қозғайды




өзіне тиесілі құқ-ды өз бетінше  пайд-ға қабілетсіз адамдардың мүддесін қорғап;


Басқа да адам-ң,қоғамның немесе мемлекеттің  елеулі мүдделерін қозғап;



 


Дәрменсіз небасқаға тәуелді адамдардардың  мүддесі  қорғап;



 

 

 

 

 

Қылмыстық ізге түсуді жүзеге  асыру  формалары



айыптау

сезіктену



Айыпталушыны  сотқа беру

Қылмыстық істі алдын ала тергеу сатысы

Қылмыстық істі қозғау сатысы


 

Басты  сот  талқылау  сатысы

Басты сот талқылауының істі алдын  ала тыңдау сатысы

Қылмыстық істі алдын ала  тергеу сатысы



Аппеляциялық және қадағалау сатысы


Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау сатысы



 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытып келгенде,  бұл  жұмыста  қылмыстық  ізге  түсу  түрлері:

жеке  айыптау  және  жеке – жариялы  айыптау  түрлеріне,  қылмыстық  заң бойынша  қандай  қылмыстардың  жоғарыда  аталған  қылтыстық ізге түсу  түрлеріне  жататындығы,  жеке  айыптау  істері  бойынша  сотта  іс  жүргізу  ерекшеліктеріне, қылмыстық ізге  түсуді  жүзеге  асыратын  мемлекеттік   органдар  мен  лауазымды  адамдардың  қызметі, құзіреті,  құқықтары  мен  міндеттеріне  тоқталып  өттік. Сот  практикасында,  қылмыстық  ізге  түсуден   иммунитеттері  бар  адамдардың істері  бойынша  іс  жүргізудің  ерекшеліктері  болады  және  қылмыстық  ізге  түсу  органдарының  иммунитеттері  бар  адамдарға  қатысты іс қозғаудың  тәртіптері  бекітілген. Иммуниттері  бар  адамдарға: Қазақстан Республикасы Парламентінің  депутаттары; - мұндай  адамдарға қатысты қылмыстық  ізге түсу органдары Қазақстан Республикасының  Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының  Парламентінің  Сенаты мен Мәжілісіне бұл туралы  мәселе қояды және бұл  мәселе  оң  нәтиже  берген  жағдайда ғана  жүзеге  асырады.

Қылмыстық ізге  түсуден  иммунитеттері бар  адамдарға  – Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және оның  мүшелері жатады.  Бұл  адамдарға қатысты  Қазақстан  Республикасының анықтау  мен  алдын  ала  тергеуді  жүргізетін  органның  басшысы  ғана қылмыстық  іс қозғай алады және бұл  туралы дереу Қазақстан Республикасының  Бас Прокурорына  хабарланады.

-шет мемлекеттің  дипломатиялық  өкілдіктерінің басшылары, осы  өкілдіктің дипломатиялық  қызметкерлері,бірге   тұраты отбасы мүшелері.

-дипломатиялық өкілдіктің  әкімшілі қызметкерлері;

-дипломатиялық курьерлер   және т.б. жатады.

Сондай-ақ, прокурордың  алдын  ала тергеу  барысындағы  өкілеттіктері,  қылмыстық  ізге  түсу  барысында   және  қылмыстық  істерді  тергеу  кезінде  заңдылықты қадағалаудағы  өкілеттіктері қарастырылған.  Бұл  туралы Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексінің  197 бабында көрсетілген. Прокурор қылмыстық  ізге  түсу  органдарын  тексеру  үшін  барлық қылмыстық  істерді,  қаралып  жатқан  материалдарды  және  жасалған  қылмыстар  туралы,  жедел-іздестіру  қызметінің  жұмыстарын,  анықтау мен тергеу  барысы  туралы тексеруге  құқылы.

Ал, тергеуші қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру  үшін адамның  жасаған  қылмыстық әрекетінде жоғарыда қарастырғандай қылмыстың құрам  белгілері, қылмыстың оқиғасы, қылмыстың  орны мен  зардаптары болған  жағдайда  істі өзіне қабылдауы және қылмыстық  іс қозғау туралы қаулысын шығарады. Тергеуші өзі қозғаған ісі бойынша істі тергеуге дереу кірісу қажет. Прокурор, тергеушінің тергеу амалдарын жүргізудегі 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2.Қылымыстық іс жүргізу кодексі 12.05.2012ж

3.1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының 4.Қылмыстық іс жүргізу кодексі;

 5.1994 жылғы 15 қыркүйектегі №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

 6.Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясы. – 7.Қазақстан Республикасы Президентінің  20 қыркүйек 2002 жылы қабылданған №949  Жарлығымен // Ресми газет  №40 (93), 5.10. 2002 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Тарау. Қылмыстық ізге түсу түрлері