Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері, субъективті заңды құқығы мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2014 в 16:12, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады, егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса. Ал, оймен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтып та қажеті жоқ.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................5
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы...............................8
Құқықтық норманың негізгі сипаттары............................................................. 9
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері..............................10
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері......................................................................................................................13
2.2 Қоғамдық қатынастар.........................................................................................19
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері....................................................................20
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік.........................................................23
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі................................................................26
3.3 Субъективтік құқық және заңды міндеттілік ................................................ 28
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және
оқиғалы себептер .......................................................................................29
Қорытынды............................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................62

Вложенные файлы: 1 файл

құқықтық қатынастары.doc

— 479.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Қорытынды.

 

Қорыта айтқанда, құқықтық қатынастар  адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғам-дағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде мақсаттары түрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым қатынастарға шектеу қойылды.

Құқықтық қатынастардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективтік кұқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады. Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:  Реттейтін құқықтық қатынастар субьектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек т.б. құқықтық қатынастар.

Қорғайтын құқықтық қатынастар  субьектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндеттітарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

 Салыстырмалы құқықтық  қатынастарда барлық оған қатысушылар  белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс қатынастар моральдық, әдет-ғүрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр,  діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Құқықтық қатынас мемлекеттік кепіддіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан белгілері:

Құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің кұқықтары мен міндеттері, дүрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады. Субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды. Егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер 
қүқықтың жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: 
мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық  процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

   Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, саудасату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

  Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын кұқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның қүқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар  арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.  Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде иайда болады. Құқықтық қатынас бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптерді жақсартуға мүмкіншілік жасайды. Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, занды міндеттер.

Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге занды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дүрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады. Жекелеген субъектілермен ұйымның құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігінің айырмашылығы  мақсаттары мен міндеттеріне байланысты тежеледі, себебі сол үшін құрылып қызмет істейді. Әр түрлі ұйымдардың қызметі заңдармен не болмаса олардың меншік ережелерімен белгіленеді. Ережелер мемлекеттік билік органдармен рұқсат етілген және оның құқықтық негіздеріне қайшы болмауы қажет. Әржақты осындай қызметтеріне  қарамай ол жалпы не болмаса жекелеген адамдардың мүдделерін құқықтық қатынас субъектілері ретінде қанағаттандыруға бағытталған. Ұйымдардың құқығы және міндеттері қатаң түрде олардың атқаратын қызметтеріне қарай анық белгіленген. Сол қалыпта ұйымдардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі  іске асырылады. Ұйымның әрекеттілігі тікелей ұйымның атынан шыққан өкілдер лауазымды адамдардың белгілі қимылдарынан көрінеді.

Құқықтық қабілеті бар субъектінің жасына байланысты. Барлық мемлекеттердің заңдары азаматтың кәмелеттік жасын анықтайды, себебі сол жасқа толғаннан кейін жеке адам әрекеттілік жағдайда болады, яғни өзінің қимылымен толық көлемде азаматтық құқыққа  ие болады және өзі үшін азаматтық міндеттерді белгілейді (азаматтық әрекеттілік). Тең жағдайда адамның заңмен саяси есейгендік жасы белгіленеді, сол арқылы азамат саяси құқыққа ие болып, соған сай міндеттерді атқарады (мысалға, мемлекеттік органдарға сайлауға және құқығы бар, депутат болса халықтың алдыңда есеп беруге міндетті). Барлық елдерде тұрмыс құру жасы белгіленген. Субъектінің жасына байланысты оның әрекеттілігі толық не болмаса тежеулі болады. Мысалы, кәмелетке толмағандар келісімді тек ата – аналарының рұқсатымен жасайды.   Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушыларының субьективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық  нормаларымен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

  Құқықтық қатынастардың  құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық  субьектісінен, субьективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас обьектісінен (затынан) тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

Құқықтық қатынас

 

Құқықтық-қатнас мемлекеттік кепілді құқықтық норма арқылы басталатын екі жақты құқығы мен  міндеті бар қоғамдық қатынас


 

 

Құқықтық қатынастың  басталу себептері




Құқықтық

норма

 

 

Құқықтық қабілет және әрекеттілік

 

Заңды шарттар себептері


 

 

Қоғамдық қатынастың тек  құқықтық нормамен реттелуі

 

 

Құқықтық қатынастың  белгілері

 

Қоғамдық қатынастың субъектілерінің екі жақты құқығы мен міндетінің болуы

   

 


 

 

 

Субъектілер қоғамдық қатынасты өз еріктерімен бастауы

 

Қоғамдық қатынастың мемлекеттің бақылауында болуы және ерікті орындалмаса, еріксіз орындатылуы


 

 

 

 

 

 

Құқықтық қатынастың құрлымы

 

Құқықтық қатынастың құрымы төрт элементтен тұрады


 


Субъект

 

Объект

 

Субъективтік құқық


 

 

Заңды тұлға; мемлекеттік органдар, заңды  тіркелген бірлестіктер, одақтар, ұжымдар , ұйымдар

 

Адамдар, азаматтар жеке тұлғалар

 

Заңды міндет


 

 

 

Құқықтық қабілет-адамның туған күннен бастап құқығы мен міндеті болуы

 

Әрекеттілік-адамның қолынан іс келетін, қоғамдық қатынастың субъектісі  болып, құқығы мен міндетіне өзі жауапты болуы


 

 

Діншілдік

 

Жалпылама әрекеттілік

 

Арнаулы әрекеттілік



 

 

Әрекеттіліктің шектеулері

 


 

 

                   Кәмелеттік жасқа толмаса

 

Денсаулығы нашар болса

 

Туысқандық қандас болса


 

 

 

 

Құқықтық қатынастың субъектілерінің құқығы мен міндеттері

 

Құқықтық қатынастың субъектілерінің

Құқықтары


 

 

Қатынасты өз еркімен бастау құқығы

 

Екінші субъектіден міндетін дұрыс орындауды талап етуге құқылы

 

Құқықтық қатынас дұрыс орындалмаса мемлекеттік органнан жәрдем сұрауға құқылы


 

 

 

Құқықтық қатынас субъектілерінің міндеттері


 

 

 

 

Белсенді міндеттер:

Құқықтық қатынасты, нораьивтік актіде көрсетілгендей, бұлжытпай орындау

 

Сылбыр міндеттер:

нормативтік актіде көрсетілген шектеу-тыйымдарды болдырмауға тырысу


                   

                                                                                                                                       

 

 

Құқықтық қатынастың субъектілері өздерінің құқығын және мідеттері  орындау барысында басқа азаматтардың құқығымен бостандығына  нышан-зиян келтірмеуге міндетті


 

 

 

 

 

 

 

 

Құқықтық қатынастың обьектілері

 

 

Құқықтық қатынастың объектісі

 

Қоғамдық қатынаста субъектілердің өздерінің құқығы мен міндеттерін орындау барысындағы іс-әрекеттері


 

 

 

 

Затпен байланысты қарым-қатынас

 

Затсыз құқықтық қатынас

Субъектілердің өз  мүддесін материалдық мақсатын орындау барысындағы іс-әреті, жұмыстары т.б.

Басқару органдардың, бірлестіктердің, адамдардың т.б. қоғавмдық қатынаста өздерінің құқығы мен міндеттерін орындау бағытында іс-әркеттері.

Информация о работе Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері, субъективті заңды құқығы мен міндеттері