Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 08:55, реферат

Краткое описание

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасы етудәң өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы / Қаржы полициясы академиясының ғылыми еңбектері. 12 жинақ / автолар ұжымы. – Астана, 2012.
Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару заңнамасы және сот сараптамасы бөлімінің ғылыми қызметкері
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Вложенные файлы: 1 файл

баяндама.doc

— 111.50 Кб (Скачать файл)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасы етудәң өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы / Қаржы полициясы академиясының ғылыми еңбектері. 12 жинақ / автолар ұжымы. – Астана, 2012.

Қонысбекова А.Т.,

Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару заңнамасы және сот сараптамасы бөлімінің ғылыми қызметкері

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ 

 

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.

Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесідей ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы,жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта ныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл проблемамен жан-жақты айналысып жүрген беделді халықаралық ұйым – Транспаренси Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008 жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 2009 жылы 120 орынға, ал былтырғы жылы 105 орынға дейін көтерілді. Бұл индекс кәсіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәліметтерін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өз ұсыныстарымды назарларыңызға салсам.

Елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру үшін бізде сыбайлас жемқорлықтың ауқымы жайлы толық мәлімет болуы керек. Ол үшін бірінші кезекте бұл қылмыстардың қатары нақты анықталуы тиіс. Бұл мәселеде ұлттық заңнамада бір олқылықтар бар сияқты. Мысалы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған 2003 жылғы 31 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 21-бабына сәйкес, әрбір оған қатысушы мемлекет экономикалық, қаржы немесе коммерциялық қызметтің барысында жасалатын мынадай әрекеттерді қылмыс деп тануы қажет:

1) жеке сектор ұйымында оның  жұмысына басшылық ететін немесе  кез келген салада осындай  ұйымда жұмыс істейтін кез-келген адамға өзі немесе делдалдар арқылы қандай да бір заңсыз басымдылыққа уәде беру, оны ұсыну немесе беру;

2) жеке сектор ұйымында басшылық  ететін немесе кез-келген салада  осындай ұйымда жұмыс істейтін  адам, өзі немесе басқа адам  үшін, өзінің міндеттерін бұза отырып, қандайда бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауы мақсатында тікелей өзі немесе делдалдар арқылы қандайда бір заңсыз басымдылықты қорқытып алу немесе қабылдау.

Қысқаша айтқанда, бұл нормаларда жеке сектор ұйымдарында пара беру және пара алу қылмыстары көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы алып қарасақ, Конвенцияда бекітілген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып табылмайды. Өйткені, жеке секторда пара алумен күресу үшін қабылданған Қылмыстық кодекстің 224 – «Заңсыз сыйақы алу» және 231 – «Коммерциялық сатып алу» баптары сыбайлас жемқорлық қыл мыстардың қатарында жоқ (307-бап ескертулерінің 5-тармағы). Осы қылмыстар санатын анық таған Қазақстан Республикасы Әділет министрі мен Бас прокурорының 1998 жылғы 16 қазандағы № 110 «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы» Бірлескен бұйрығында 224-бап, ал 2000 жылғы 5 маусымдағы № 27 осындай бұйрығында 224, 231- баптар бар еді. Бірақ соңынан Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 484-ІІ «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңымен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тізімі Қылмыстық кодексте беріліп, оған 224, 231-баптар енбеді. Сондықтан қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген Конвенцияның талаптары мен ұлттық заңнаманы сәйкес тендіру мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қатарын қайта қарау керек.

Әрине, бұл қылмыстармен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орын алған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн.

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді.

  • Байланыссыз  негізде  емтихан алу.
  • Барлық академиялық топтарда «Оқытушы  студенттер көзімен» атты  әлеуметтік  сауалнама  жүргізу, нақты  шаралар  қолдану және  талдау.
  • Әрбір жұмыс  орнында сенім  жәшіктерін орнату. 
  • «Сыбайлас жемқорлықпен қалай  күресу  керек» үгіт-насихат материалдары       (брошюралар, буклеттер, плакаттар,  күнтізбелер).
  • «Парасыз  емтихан» акциясы.
  • Міндетті  түрде жұмыс  орындары қабырғаларына «Біз  коррупцияға  қарсымыз» атты плакаттар конкурсын  өткізу.
  • Барлық  білім  ұйымдарында  құқық  органдарының   қатысуымен сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрес  жөніндегі  заңнамалар  нормаларын түсіндіру.
  • Оқу  үрдісіне  ықпалдастырылған  интерактивтік білім  порталын енгізу.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың  пайда  болуымен күресудің  бірнеше әдістері ұсынылды:

  • Заңды  қатайтып  және  оның орындалуын  қатаң  қадағалау, сол  арқылы  жазалау  қаупін күшейту.
  • Лауазымды  адамдарға  ережелер  мен  заңдарды  бұзбай  өздерінің  кірістерін көбейтуге  мүмкіндік беретін  экономикалық  механизмдерді  туғызу.
  • Нарық пен  бәсекелестіктің  рөлін  күшейту, сол  арқылы  сыбайлас  жемқорлықтан  түсетін  ықтимал  пайданың  көлемін азайту!

 

 

Ал, парақорлардың  санын  қысқарту  үшін:

  • Ар-намыс  кодексі  талаптарының  орындалуын  қадағалау.
  • Тәртіптік  комиссияның  орындалуын  қадағалау.
  • Қоғамдық  кеңестің,  және  т.б орындалуын  қадағалау!

 

 

Мемлекетімізде бірегейлі өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Сыбайлас жемқорлық тек қана Қазақстанды ғана емес, әлемнің басқа да елдерін толғантқан мәселелердің бірі.        

1979 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағытталуы» [1].

Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған тең орай шенеуніктіктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады.

  • Ø сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті;
  • Ø бірте-бірте болған сыбайлас жемқорлық, жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды;
  • Ø биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүгізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Шведцария, Жаңа Зеландия, Нидерландия, Сингапур, Канада, Австрия, Испания, Жапония елдерін жатқызуға болады.

Міне, осы аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру кейбір ерекшеліктерін осы елдердің үкімет сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сырттан төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады.

Мысалы, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді:

  • лауазымды тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындағаны үшін материалдық тұрғысынан да жағдай жасау;
  • сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру;

Әлемнің көптеген елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының бірі – Заң алдында барлық адамдардың теңдігі [2]. Жемқорлық қылмыс жасаған азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайына қарамастан Заң алдында жауапкершілікте бірдей тартылады. Кытайда мемлекеттік комитеті сыбайлас жемқорлық үшін жаза туралы Қағиданы 1952 жылы қабылдады. Онда сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы нормалардың қылмыстық-құқықтық және қылмыстық істер деп жеке тарау етіп бөлу жеткілікті негізделген. Мысалы, пара алғаны үшін мемлекеттік ұйым айыппұлмен жазаланады, тікелей орындаушы мен ұйымның басшысы жағдайдың ауырлығына байланысты – 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе тұтқындалады. Сыбайлас жемқорлық және парақорлық үшін жазалау мәселелері жеке нормамен реттелген. Егер сыбайлас жемқорлық немесе пара алу кірісінің сомасы 100 мың юаньнен асып кетсе, онда 10 жылға бас бостандығынан айырылады немесе дүние мүлкі тәркіленеді немесе онсыз өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады [3].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіде 13-тарау Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстарға арналған оның, 311-бабында мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына, жасаған іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекет (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе, мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал Францияны алар болсақ, параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады: 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. франк көлемінде айыппұл төлейді. Лауазымдық тұлғаларға лауазымнан босағаннан кейін 5 жылға дейін өзінің капиталымен жұмыс істеуге, жеке кәсіпорындарға кеңес беруге тиым салады.

Шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы заңнаманы күресудің барлық құқықтық құралдарын, яғни қылмыстық-құқықтық қана емес, қолдану жағына қарсы дамып жатқандығы көрініп тұр. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы әрі тиімді озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі.

Мысалы, Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің жетістіктерімен таңқалдырады. Сыбайлас жемқорлық — қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі — ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді.

Сингапур елі сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең «таза» мемлекеттердің қатарында. Сингапур билеушілері, шынымен де, жемқорлықпен күрестің қызмет етіп тұрған және нәтижесін беріп отырған тиімді механизмін жасай білді. Бұл елде жемқорлықпен күрес үздіксіз жүргізіліп отырады. Бұған 1952 жылы құрылған сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу Бюросы арнайы органының үздіксіз жұмысы дәлел.  Бюро мемлекеттік шенеуніктер арасында болған жемқорлыққа қатысты жағдайларды тексеріп, тиісті органдарға қажетті шараларды қолдану үшін хабарлап отырады. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жақын мемлекеттік органдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін басқару жүйесіндегі «әлсіз тұстарын» айқындау мақсатында зерттейді. Егер жемқорлық әрекеттерін тудыратын жағдайлар табылса, Бюро бұл органдардың басшыларына тиісті шараларды қолдануды ұсынады. 
Сингапур елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты идеясы «жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктерін, жағдайларын болдырмауға мейлінше тырысу» болып табылады. Бұл бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдардың негізінде жүзеге асырылады, мысалы:

Информация о работе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет