Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 11:23, реферат

Краткое описание

Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Вложенные файлы: 1 файл

ermek.docx

— 73.47 Кб (Скачать файл)

 

Заңды тұлға ұғымы

 

Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. 
Заңды тұлға дербес балансы немес сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. 
Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. 
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін –– құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін –– жарғы болып табылады. 
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады. 
Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғалар – азамттық құқық субьектілері ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға бірден –бір салық төлеуші субьект.. 

 

 

 

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

 

 

1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты  ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай  мақсат ретiнде пайда келтiре  алмайтын және алынған таза  табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым  заңды тұлға бола алады.

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы).

5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының  әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.

 

 

 

Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. 
Заңды тұлғалар мекемелерінің көп түрлі болуы кез келген мемлекеттің экономикасының тиімді қызмет істеу негізін құрайды. Жарғылық капиталының құқықтық реттелуі заңды тұлғалардың тиімді қызмет етуінің негізін құрайды 
АК бойынша заңды тұлғалар үш негізгі құқылық нысанға бөлінеді: 
- заңды тұлғалар немесе оның мүліктеріне құрылтайшылардың (қатынасушылардың) құқығы негізінде; 
- заңды тұлғалардың экономикалық қызметке құқылығы; 
- ұйымдастыру құқылық негізде. 
Құрылтайшылардың заңды тұлғаларға немесе оның мүлкіне қандай құқық сақталатындығына байланысты заңды тұлғалар үш топқа бөлінеді: 
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшыларының міндеттемелік құқығымен оларға: шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері; 
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары мүлікке меншіктік құқылығыменмен, яғни басқаша, заттық құқылығымен: мемлекеттік және муниципаиалды унитарлық кәсіпорын; 
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары ешқандай мүліктік құқылары жоқ (міндеттемелік те, мүліктік те). Оларға қоғамдық, діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және басқа да қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі (ассоциациялар, одақтар) кіреді.Заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серіктестіктің қоғамдағы орны ерекше. Сонымен заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серіктестік мемлекеттің экономикалық дамуына зор үлес қосады. Шаруашылық серіктестіктің ішінде көп таралған, танымал түрі жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. 
Бір немесе бірнеше адам құраған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты заңдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. 
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл соамлар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. 
ЖШС коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және ҚР-ңзаңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. 
ЖШС өзі орналасқан жерден тыс жерлерде ҚР азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдктер ашуға құқылы. 
Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уәкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауға тиіс. 
ЖШС құру үшін оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасауымен басталып, серіктестіктікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс. 
Серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат ЖШС-ның жарғысы болып табылады. Жарғыда серіктестіктің қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін. Серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 
Қазақстан Республикасының 50 озық елдің қатарына шығар жолында заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген. 
Заңды тұлғаны, соның ішінде шаруашылық серіктестікті зерттеу, қолданыстағы заңнаманың ережелеріне және оларды қолдану тәжірибесіне талдау жасау барысында нақты бір теориялық және тәжірибелік қорытындылар жасауға болады. 
Аталған тақырыптағы диплом жұмысын зерттеу мақсатының орындалғандығына келетін болсам, заңды тұлға туралы, аруашылық серіктестік және оның түрлерінің ерекшеліктері нақты зерттеліп, бұл тұрғыда төменде аталған міндеттер шешілді: диплом жұмысының зерттеу пәні болып табылатын шаруашылық серіктестікті құру, қайта құру, тіркеу, таратуға байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастардың элементтеріне толықтай сипаттама берілді. 
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер орындалды: 
1. Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізі зерттелді; 
2. Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізілді. 
Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге шаруашылық серіктестікке деген сұраныс артуда.

 


Информация о работе Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу