Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Азаматтық апеллациялық іс жүргізу.docx

— 62.19 Кб (Скачать файл)

«Сот туралы» № 1 декрет революцияға дейінгі сот институттарын, соның ішінде апелляцияны да жоюмен қатар жаңа сот жүйесІн бекітті. Ол жергілікті соттар және революциялық трибуналдардан қүралды.

1918 жылдың 7 наурызында жарияланған «Сот туралы» №2 декретте 
аппеляциялық өндіріске рұксат етілмейтіндігі және сот шешімдерін қайта 
қараудың жалғыз нысаны кассация екендігі нақтылана түсіп, бірінші рет 
үкімнің күшін жоюға негіз болатын жайт-таратып көрсетілді.

1918 жылдың 20 шілдесінде қабылданған  «Сот туралы» №3 декрет негізінен  «Сот туралы» № 1 және №2 декреттердің ережелерін толықтырып, кассациялық өндіріске қатысты нормаларды нактылап берді. Осы декретке сәйкес сот шешімінде 500 рубльге дейін ақшалай өтем алуға және 7 күнге дейін бостандығынан айыруға жаза тағайындалған істер бойынша кассацияға рұқсат етілмеді.[10]

1922  жылы   сот реформасын  жүргізудің нәтижесінде «РСФСР-дың  сот құрылысы туралы ереже»  қабылданды. Осы ережеге байланысты  РСФСР аумағындағы екі тармақты  сот жүйесі (халық соттары және  революциялық трибуналдар) қолданылуын  тоқтатты. Кассациялық инстанция  ретіндегі алты халық судьясы  қатыстырылатын халык соттары, губерниялық  революциялық трибуналдар. Халық  судьяларының кеңесі таратылып, олардың уәкілеттігі губерниялық  сотқа берілді. Ол бірінші инстанциядағы  сот ретінде аса маңызды кылмыстык  және азаматгык істерді қарады  және халық соттары қарайтын  істер үшін кассациялық соттың  міндетін атқарды.

Сонымен, 1959 жылғы сот қүрылысы туралы заң бойынша Қазақ КСР-інде сот әділдігі республиканың Жогареы соты,  облыстық соттары, аудандық (қалалық) халық соттары арқылы жүзсге асырылды.

Міне. сол уақыттан бастап,  біздің  мемлекетіміздің  азаматтық іс жүргізуінде сот шешімдерін қайта қарау институтының мүлдем жаңа тарихы басталды.

3. Кассациялық  өндірістен апелляциялық өндіріске  өту'

 Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мемлекеттің ең  тиімді құрылысы билікті үш  тармаққа бөлу қағидасын бекітті. Олар - заң шығарушылық атқарушылық  және сот билігі. Осылардың ішіндегі  сот билігін жүргізу тек бірыңғай  соттарға жүктелген.

Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандықтан, апелляциялық  өндіріс  туралы  ережелердің   іс  жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеуді ең алдымен апелляциялық өндіріс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.

 

 

1.2. Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудыц түсінігі, мәні және маңызы.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, аткарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін кұрайды.

Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң болып табылады. Бұл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде кайта қарайтын сот.

Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң  жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады.4

Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден корғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта карау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі соттық тексеруге жатқызылады.[12]

Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау көне римдік құқықтан бастау алады. Ол заңды күшіне енбеген сот шешімдерін айта қарау сатысы ретінде жақсы таныс.5 С.И. Ожегов орыс тілді сөздігінде бұл терминге мынадай анықтама береді: Аппеляция  - істі қайта қарау максатымен жоғары сатыдағы сотқа сот шешімі жөнінде шағымдану"6 деп түсіндіріледі. И.Фойницкий өзінің “Азаматтық сот өндірісінің курсы" деген енбегінде аппеляцияны толық күшіне енбеген төменгі сатыдағы соттың шағым түскен шешімнің нақты және заңдық негізде (арызда көрсетілген көлемде) жоғары инстанцияның қайта қарауы деп түсіндіреді (Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. (533-бет). Аппеляция сот өндірісінің басқа да нысандары сиякты әр уақытга дұрыс көзқараспен қабылданып, түрлі жолдармен дамытылып отырған.

Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз - басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды камтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгіліктІ және демократиялы жүргізілуіне кепілдІк туғызу болып табылатын азаматтық процестің ерекше сатысы.7

Іс жүргізу әрекеттеріне,  сот шешіміне,  сот өндірісіне  шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану,   наразылық  білдіру   үшін   бірдей   құқық  береді.   Тараптар жасалынған  шағымдарға,  наразылықтарға  қатысты  өз ойларын  айтуға, өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.

Апелляциялық инстанция — тараптар үкІм  туралы,  оның негізіне алынған  дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот.

 

 

 

 

 

    1. 3. Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және       тәртібі.

 

Еліміздің ұлттық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. Тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін.  Шешімге шағымдану құқығы жауапкерге, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және онын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.

Аппеляциялық шағымның немесе наразылықтың болмауы, заңды күшіне енбеген сот каулыларың, үкімдерін қарайтын алпелядиялық өндірістің жоқ болуына  әкеп соғады.8

Шағымдау  және   наразылық  келтіру  -  аппеляциялық  қайта  қарау сатысының   бастамасының    жалғыз    ғана    шарты    болып    табылады.

Аппеляциялық өндіріс соттың бастамасымен басталуына заңмен тыйым салынған. Тараптардың аппеляциялық өндірісті қозғау құқығын түсіндіру үкім шығарған сотқа жүктелген. Заңшығарушы I инстанциялы соттағы төрағалық етушіге сотталушыға және басқа да қатысушыларға мынаны түсіндіруді міндеттейді:

  • төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға), процестің басқа да . 
    қатысушыларына  үкімге  шағым  жасаудың  тәртібі  мен  мерзімІн, сот отыры 
    сының хаттмасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, 
    сондай-ақ істі аппеляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру кұкығын түсіндіреді;
  • ақталушыға оның заңсыз ұсталумен, айыпкер ретінде тартумен, 
    бұлтратпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген 
    зиянның орнын толтыруға деген қүқығы, сондай-ақ осы кұкықты жүзеге 
    асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс;

- егер сотталушы ерекше жаза турі - өлім жазасына кесілген болса 
төрағалық  етуші  оған  кешірім  жасау  туралы  өтініш  беру  куқығьн түсіндіреді.

Заң аппеляциялық шағымға, наразылыққа ерекше талаптар қояды. ҚР ҚІЖК-нің 407-бабына сәйкес, аппеляциялық шағымда:

  1. шағым. наразылық жолдап отырған согтың атауы;
  2. Іс жүргізілгендегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері 
    көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам 
    туралы деректер;

4) шағым жасалып, наразылық  келтіріліп отырған үкім немесе  қаулы және осы шешімді шығарған  соттың атауы;

5) үкімге, қаулыға толық  немесе оның бір бөлігіне шағым  жасалып, наразылық келтіріліп отырғанын  көрсету;

6) шағым,  наразылық  келтірген  адамның  пікірінше сот     үкімнің, қаулысының дұрыс емесгігі  неде екендігі жөнінде дәлелдері  және оның өтінішінің мәні;

7) арыз беруші  өз талаптарына  негіз ететін,  соның  ішінде  бірінші сатыдағы сот зерттемеген  дәлелдемелер;

8) шағымға, наразылыкқа қоса  тіркеліп отырған материалдардың  тізбесі;

9) шағым, наразылық келтірген  күн және шағым, наразылық келтірген

адамның қолы болуға тиіс.

Жасалған   шағым,   келтірілген   наразылық   осы   талаптарға   сәйкес келмеген жағдайда,  олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін рәсімдеу үшІн мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін аппеляциялық  шағым,   наразылық  аталған   мерзім   ішінде  сотқа  табыс етілмесе олар берілмеген болып есептеледі.

Аппеляциялық шағымды, оның нысаны мен мазмұны ерекше құқыктық табиғатына  байланысты   қисындалған  арнайы   шағым   ретінде  түсінуге  болады. Аппеляциялык шағым мазмұнының құрылымы бұлай регламенттелуі, бұл  құжатта  ең  маңызды   кұжаттардың  бірі  -  мемлекет  атынан шығарылған сот үкімінің күмандандырылуымен түсіндіріледі. Шағым  арқылы  заң  негізінде  қабылданған  сот  төрелігінің  актісі дауланады және сотталушыға, жәбірленушіге, қоғамға тиісті салдар әкеледі. Сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге бағытталған әрекеттер тек заңда  бекітілген  жағдайда және тәртіпте, тиісті  құқықтары  мен шағымдануға жеткілікті заңдық және фактілік негіздері бар субъектілермен берілуі тиІс.[2]

Сот үкімдерін және шешімдерін қайта қарау тек қана моральдық және құкықтық жағынан ғана емес, материалдық жағынан да шығынды болып табылады. Істі аппеляциялық қайта қарау істің материалдарын жаңадан (толық немесе ішінара) зерттеумен, куәларды шақырумен, дәлелдемелерді қайта зерттеумен және басқа да күрделі әрекеттерді орындаумен байланысты болады. Осыған байланысты, заңшығарушы аппеляциялық шағым мәнінің талаптарын нақтылай отырып, сот қателерін және онын салдарын тиімді, рационалды және толық жоюға мүмкіндіктер беретін кажетті кепілдіктер туғызады. Шағымданушыны өзінің позициясын нақты және аргументті түрде көрсетуге,   оның   берген қорытындыларының дұрыстығын дәлелдейтін материалдар  беруге міндеттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II - тарау. Аппеляциялық  шағымдар және наразылықтар бойынша  істерді карау.

 

2.1.   Аппеляциялық  өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні       және шектері.

 

Аппеляциялық өндіріс - басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі зан нормаларының бұзылуын аныктау, жою, заңдылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекеттІ қылмыстык іс бойынша өндірістің қатысушыларының құкыққа кайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын азамтық іс жүргізудің жеке сатысы

Аппеляциялық өндірістің негізгі белгілері:

  1. шағымдану бостандығы - сотталушы, ақталушы, сотталушының және 
    ақталушының корғаушысы, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілдері, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматгық жауапкер немесе олардың 
    өкілдері азаматтық талапқа қатысты бөлігінде заңды күшіне енбеген сот 
    үкіміне шектеусіз заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық шағым беруге 
    құкылы;
  2. істің фактілік және заңдық жағы да аппеляциялық өндірістің пәні 
    болып табылады;
  3. аппеляциялық сатыда істі қарау аппеляциялық шағымның немесе 
    наразылықтың шегімен шектелген;
  4. аппеляциялық өндіріс барысында істі жаңадан қарау болмайды, 
    соттың жаңа дәлелдемелер жинау мүмкіндігі шектелген;
  5. аппеляциялық саты алғашқы үкімді жақсы жағына да, ауырлататын 
    жағына да өзгертуі мүмкін;

6) аппеляциялық сатының шешімдері жоғарғы тұрған инстанцияға 
шағымдалуы (наразылық білдірілуі) мүмкін.

Аппеляциялық шағым немесе наразылық білдірудің фактілік негізі ретінде мына жағдайларды санауға болады: бас сот талқылауында сот тергеуінің бір бағытты және толық емес болуы; бірінші инстанциялы соттың үкімдегі қортындылары істің мән-жайларына сәйкес келмеуі; өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы орын алса; қылмыстық заң дұрыс қолданылмаса; сотталушыға тағайындалған жаза қылмыстың ауырлығына және сотталушының тұлғасына сәйкес келмеуі.

Аппеляциялық  өндірісті   қозғаудың  құқыктық  негізі  аппеляциялық шағым немесе наразылық болып табылады.  Осыған сәйкес, өндірістің басталу уақыты шағым берген уақыт деп санауға болады.

Информация о работе Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары