Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа

Краткое описание

Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37

3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

Вложенные файлы: 1 файл

ТУКИ КЕРЕК.doc

— 646.00 Кб (Скачать файл)

Аэровокзалды қонақ  үйлердегі номерлердің толтырылуы ірі әуежайлар арқылы өтетін жолаушылар есебінен толып отырады. Олардың  біріншілері онда кеш немесе ерте рейспен келгендіктен, ал екіншілері аялдау жасайтын болғандықтан тұрақтайды. Әдетте 200-600 номерден тұратын аэровокзалды қонақ үйлер толық сервисті отельге жатады. Олар қонақтарға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Ал, арзан қонақ үйлерде қонақтарға бұл функцияны сауда автоматтары көрсетеді.

Автострададағы қонақ үйлер мен мотельдер 1950 жылдары автостраданың айқын көрінісіне айналды. Американдықтар қызуқанды автокөлік айдаушыға айналып кеткен соң оларға арзан түнейтін орын керек болды. Олар бар болғаны тіркеуден өтіп, бөлме алып, терезелерінің қасына өз машиналарын қоятын орын қажет еді. Жыл өткен сайын ыңғайлылықтың кейбір түрлері қосыла бастады: демалыс бөлмесі, мейрамханалар, жүзу бассейні, суық сусын автоматтары, ойын бөлмелері, спутниктік телевизиялық антенна. Мотельдер үлкен және кіші қалалардың шетінде немесе қалалардан шыға берісте шоғырланады.

Отель қарамағындағы  казинолар 1991 жылы экономикада жаңа өрлеу басталған шақта демалыс пен көңіл көтеру өнеркәсібімен қатар тұтынушыларда ерекше сұранысқа ие болды. Бұл өнеркәсіптің қарқынды дамушы секторы болып ойын бизнесі саналды: 1993 жылы казиноның табысы 13 млн $ құрады, ал 2000 жылы ол екі есеге ұлғайды. Легализацияланған ойын бизнесі кең етекпен әр штатта жайыла бастайды. Ол 1989 жылы екі штатта ресми мойындауға санкция алса, 1993 жылы тағы 14 штатты бағындырады, 2000 жылы 30 штатта  ойын үйлерін ашуға ресми рұқсат беріледі. Алғашқыда казинолар Лас-Вегас, Рено (Невада штаты), Атлантик-Сити (Нью-Джерси штаты) қалаларында шоғырланған еді. Ал, қазіргі таңда Миссисипиде қалқымалы ойын үйлері салынған. Сонымен қатар, ойын бизнесі Чикаго мен Жаңа Орлеан секілді ірі мегаполистердің аудандарында қонақ үй қарамағында казиносы бар отельдер қызмет атқарады.

Атлантик-Ситидағы казино 1991 жылы 3,4 млрд $ таза табыс әкелді, оның есесіне ол өзге де салаларға көмек ретінде үлесін қосты. Мәселен, қалалық салық жинағына 570 млн $ пайда түсіп, 49 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Әдеттегі отельдермен салыстырғанда отель-казинолар табыстың жоғары деңгейін түсіруге бейім. Өзінің ерекшелігінің арқасында олар жоғары сыйымдылығымен сипатталады. Лас-Вегасқа 1992 жылы 21,8 млн адам келді, олардың әрқайсысы онда орташа мөлшермен есептегенде  3,3 тәулік болды. Осының нәтижесінде қалалық отельдердің орташа жылдық сыйымдылығы 83,9% құрады. Отель-казинолардың басты компаниялары Promus Group пен Hilton Hotels. Promus Companies, Inc Мемфисте (Теннеси штаты) Holiday Inn сатылған соң негізі қаланды. Өз иеліктерінде сансыз көп казинолар (қалқымалы және үнді резервацияларында) болғандықтан, олар бұл саланы Невада мен Атлантик-Ситиға бағыттады. Promus Embassy Suits, Hampton Inns пен Homewood Suites франшизасын иеленетін ірі компания. Сондай-ақ, аталмыш компанияның отель-казинолармен үлкен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Ол Лас-Вегас, Рено, Тахо көліндегі Harra's Casinos басқарады. Promus компаниясымен қатар, Hilton Hotels корпорациясы да ойын бизнесінен үлкен табыс түсіріп келеді. Конрад Хилтон 1970 жылдары казиноны қонақ үй бизнесіндегі ең табысты сегмент деп атап көрсетті. Ол қазіргі таңда Las Vegas Hilton ретінде танымал Flamingo and International Hotel акцияларының бақылау пакетін сатып алды. Сол жылдары ол ойын залдарының  жалпы ауданы 3716 кв.м болатын әлемдегі ең ірі отель-казино саналды. Бүгінгі таңда Hilton Hotels корпорациясы әлемдегі алдыңғы қатарлы қонақ үй компаниясы бола отырып, өзінің табысының үштен екі бөлігін казинолардан алады, олардың ішінде Лас-Вегастағы Flamingo Hiltons пен Las Vegas Hilton, Логлиндегі Flamingo Hotel, Ренодағы екі отель, Орталық Батыстағы екі қалқымалы казино бар. Өзінің бөлімшелері арқылы ол Квинсленд (Австралия), Индонезия, Египет, Гонконг, Грекия, Бельгия, Ұлыбритания, Малайзия, Уругвайдағы казиноларды басқарады.

Circus компаниясы Лас-Вегас,  Рено, Логлин қалаларының табысы  орташа адамдарын тартумен әйгілі. Excalibur отелінің 4 000 номері тұру мен мейрамханада тамақтануына арналған қарапайым бағаларының арқасында әрқашан 100% толы болады. Excalibur отеліне жақын орналасқан Luxor отелі 2526 номерден тұратын. Оның сырт келбеті пирамидаға ұқсас келген. Ондағы аттракциондар: «уақыт аралығындағы саяхат» - Ежелгі Египеттен бүгінгі күнге саяхат, «Хандар жазығы», «Ніл бойымен серуендеу». Лазерлік технология ғажайып құбылысты шынайылықпен ұштастырады.

Лас-Вегастағы көптеген жаңа отельдер өзінің сыртқы рәсімделуінде  белгілі бір тақырыпты ұстануға тырысады. Алғаш сондай отельдердің бірі 3000 бөлмелік номерден тұратын Mirage Hotel. Отельдің вестибюлінде ақ барыстары бар тор, ал тіркеу бөлмесінде тірі акулалары бар алып аквариум, жүзу бассейнінің жанында дельфиндер шомылатын екінші жүзу бассейні бар. Қазіргі таңда ойын бизнесінде жаңа бағыт танылды: біріккен кәсіпорындар мен стратегиялық серіктестік. Мысалы, MGM Grand пен Primadonna Resorts бірігіп, New York- New York, Mirage Resorts пен Gold бірігіп Strike Resorts Dunes Hotel аумағында Beau Rivage атты жаңа отель-казиносын құрмақшы. Азарттық ойындар – бұл 30 млрд $ индустрия, ол әр жыл сайын 11% өсіп отырады. Миллиардер Дональд Трамп екі қалқымалы ойын үйін салып, өзін осы бизнесте сынамақшы.

Толық қызмет көрсететін отельдер қызметтің, ыңғайлылықтың  толық жинағын ұсынады: ресми және бейресми кездесулерге қызмет жасайтын көптеген сауда нүктелері (мейрамхана, бар, демалыс бөлмесі), банкет залдары, конференц-залдар. Іскер адамдар үшін онда бизнес-орталықтар, факс, компьютерлік модем т.б. бар. АҚШ көптеген басты қалаларында танымал қонақ үй торларын ұсынатын отельдер бар: Doubletree, Four Seasons, Hilton, Holiday Inn, Hyatt, Marriott, Omni, Ramada, Radisson, Ritz Carlton, Loew's, Le Meridian, Sheraton, Westin. Бұл корпорациялардың кейбіреуі өздерін «қарапайым түрдегі толық қызмет көрсететін кәсіпорын» ретінде жарнамалайды. Мысалы, Marriott's Courtyard отельдерінде холдар кішігірім, ал мейрамханаларында мүмкіндіктер шектеулі болып келген. Осындай үнемдеудің нәтижесінде отель әкімшілігі номерлерде тұру бағасын төмендетеді. Сондықтан да, толық қызмет көрсететін отельдерді екі категорияға бөлуге болады: жартылай қызмет көрсететін және бірінші класты.

Эконом және бюджеттік  қонақ үйлерде Travelodge, Motel 6, Days Inn, La Quinta қонақ үй торлары танымалдыққа ие болған. Олар басты назарды қонақтардың тамақтануына емес, тұру орнына бөледі. Бұл әкімшілікке толық қызмет көрсететін отельдерге қарағанда бір төсек орнына бағаны 30% түсіруге мүмкіндік берді. Қонақ үй нарығының осы секторында маманданған Promus's Hampton Inns, Marriott's FairfieId пен Choice's Comfort Inns қонақтарға тамақтан тек континенталды ас қана ұсынады. Бюджеттік қонақ үйдің тұжырымдамасының мысалы ретінде Microtel бюджеттік қонақ үйін келтіруге болады. Кәсіпкерлер тобы 1989 жылы несие берудегі шектеулер мен экономикалық құлдырауға қарамастан осы тұжырымдаманы ойластырып шығарған еді. Басты идея мынадай болған: кәсіпкерлік тәуелділікті айтарлықтай төмендете отырып, нарықта жұмыс істеп жатқан эконом отельдермен бәсекелестікте бірқатар артықшылықтармен ерекшелену. Қуатты жұмыстың нәтижесінде бірнеше ай ішінде жаңа 99 номерлік отельдің жобасы құрылып, Рочестерде (Нью- Йорк штаты) қолданысқа енді. Бірінші Microtel құрылысына 2,798 млн $, яғни, бөлмеге 28263 $ кетті. Ол салынған жер учаскесі  266000 $, ал құрылыс, салықтар, құрал-жабдықтар, жиһаздар 2,164 млн $ тұрды. Номердің төменгі шектеу құны 29 $, эксплуатацияға берілген бірінші жылдың өзінде ондағы сыйымдылық 89,4% құрады. Бір жылдан кейін франшиза инвестициямен қайтарылымға 117% құрайтын соммаға сатылды. Бұл мысал іскер әрі әрекет етуші адамдар экономикалық дағдарыс кезінде де сәттілікке жете алатындықтарын көрсетеді.

Ұзақ мерзімді тұруға арналған отельдер қонақтардың ұзақ тұрақтауына арналған, алайда, егер оларда бос номерлер болса, қысқа  мерзімге келуші қонақтарды да қабылдайды. Қонақтар тұратын мерзімдеріне қарай бірқатар жеңілдіктер алады. Клиентураның құрамы – бизнесмендер, техникалық интеллигенция, тұрғылықты жерлерін жиі ауыстырып тұратын отбасылар. Қонақ үй қызметінің осы нарығындағы көшбасшылар - Residence lnns пен Homewood Suites. Мұндай қонақ үйлерде қонақтарға тамақ пісіретін пеші бар асхана, асхана құрал-жабдықтарының толық жинағы болды. Тегін континенталды таңғы ас пен кешкі коктейль холда беріледі. Осындай қонақ үйлердің кейбіреуінде бизнес-орталықтар, демалысқа арналған ғимараттар бар.

Ұзақ мерзімді тұруға арналған апартаментті отельдердегі номерлер бағасы бюджеттік отельдердегідей  болады, айырмашылығы оның тұрғын ауданы 25% үлкен. Қосымша аудан әдетте ыңғайлы  креслосы бар қонақ бөлмесі мен  азық-түліктерді салып қоятын қоймаға және кішігірім асханаға кетеді. Қонақ үй қызметінің осы нарығындағы көшбасшылар Embassy Suites (Promus Corporation компаниясының иелігінде және басшылығында) және Residence Inns (Marriott компаниясы). Кейбір танымал қонақ үй торлары ұзақ мерзімді тұруға арналған апартаментті отельдердің қыздық тізбек компаниясын иеленеді. Олардың қатарынан Radisson мен Choice Hotels құрамына кіретін Comfort және Quality Suites, ITT Sheraton Suites пен Hilton қонақ үйлері. Бұл қонақ үйлер тұтынушыларына тұрудың үй жағдайын ұсынады, ол тұтынушылар қалаға отбасымен жаңадан көшіп келуі, семинарларға қатысуға, тәжірибені жоғарылатуға, ұзақ мерзімді жұмыс бабымен іс-сапарға келуі мүмкін.

Қонақ үй қызметінің әлемдік  тәжірибеде жекелеген қонақ үй типтері  ұсынылады. Бұл типтер жекелеген қонақ үйлердің географиялық жағдайына, қалыптасқан сұраныс ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Типологияда қонақ үйдің сипаттамасы, комфорт деңгейі, сыйымдылығы, функционалдық тағайындалуы, орналасқан орны, жұмыстың ұзақтығы, тамақпен қамтамасыз етілуі, клиенттің келу ұзақтығы, басқару формасы сияқты факторларды біріктіреді.

Қазіргі таңда әлем бойынша 30 астам қонақ үй жіктемесі бар  және әрбір елдің өзіндік стандарты  тағайындалған. Кеңінен таралған жіктеме  жүйелері келесідей:

Жұлдыз жүйесі – француз ұлттық жіктеме жүйесіне негізделген еуропалық жіктеме жүйесі, 1-5* аралығында. Франция, Австрия, Венгрия, Египет, Қытай, Ресей, Бразилия тағы басқа елдерге тән.

Әріп жүйесі – Грецияда қолданылады, қонақ үйлер 4 категориядан тұрады және олар әріппен белгіленеді: A, B, C, D. Қонақ үй сапасының ең жоғары категориясы de luxe деп белгіленеді. Егер бұл жүйені әріптік жүйеге аударсақ келесідей болады: 5* - de luxe, 4* - A, 3* - B, 2* - C, 1* - D.

Тәж немесе кілт жүйесі –  Ұлыбританияда тараған. Оны әдеттегі жұлдыз жүйесіне ауыстыратын кезде жалпы тәжден біреуін алып тастаймыз, яғни, жұлдызбен салыстырғанда тәж бір бірлікке жоғары болып келеді.

Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген. Бес жұлдыздык  категорияға сай бес категория  белгілері енгізілген.

"Т"- туристік класс - ол екі жұлдыздык қонақ үй болып есептелінеді.

"Ғ"- бірінші класс  - бұл үш жұлдызды қонақ үй  деп есептейміз.

"ҒS"- супер класс  - төрт жұлдызды конақ үйге  сай келеді.

"L" - люкс, "DL"- өте  жайлы ең жоғарғы қонақ үй  категориясы, бес жұлдызбен тең.

Мальдив аралдары қонақ  үйлері өте жайлы, жоғарғы сапалы қызмет көрсете алады. Ең жоғарғысы "Стандарт" ауқатты демалушыларға  арналған. "DL" қонақ үйлер орта ауқатты адамдарға арналса, "Балалар  кешені" жанұялык топтарға арналған арнайы тұрақтар. Мальдив жері туристік рекреациялық аймақ болғандықтан лауазымды адамдарға арналған "Президенттік кешен" деп аталатын қонақ үйлерді де кездестіруге болады.

Америка Құрама Штаттарының  қонақ үй және мотельдер ассоциациясының  ақпараттары бойынша АҚШ-та 46 000 қонақ үй және мотель, жалпы бөлме сандары 3,3 млн . Жылдық табыс көлемі 65 млрд доллар. АҚШ- та басқа мемлекеттерде сияқты нақты өкімет органдары тарабынан бекітілген қонақ үйлердің жіктемесі жоқ. Бірақ тәжірибе жүзінде қонақ үйлер түрлері көп. Америка автомобильдер ұйымы қонақ үйлерді “бриллиант” бірлігімен сипаттайды. Ал Mobile Travel Guide ұйымы болса қонақ үйлерді “жұлдыз” жүйелігімен сипаттауға бейім. АҚШ Автомобильдер Қоғамына кіретін 24000 қонақ үй мынадай қызмет түрлерімен және  категориялармен сипатталады:

Категориясы бір бриллиант  қонақ үй - негізгі жол торабы жағынан жай ғана көрініске ие және де мұнда туристер үшін ең керекті шарттар қарастырылған.

Категориясы екі бриллиант  қонақ үй - сапасы орта дәрежедегі қызмет және жиһаз түрімен әбзелденген. Қонақ үйдің сыртқы көрінісі аса көрнекті.

Категориясы үш бриллиант  қонақ үй - сапасы жағынан жоғарыда айтылған екі категорияға қарағанда айтарлықтай көптеген мүмкіншіліктерге ие.

Категориясы төрт бриллиант  қонақ үй – қонақ үйге келген қонақтардың сұранысынан бұрын оларға арнайы қызмет түрлері көрсетіледі. Негізгі жол торабынан күрделі көрініске ие.

Категориясы бес бриллиант  қонақ үй - келген қонақтарға максималды түрде қызмет көрсетеді және бөлме  ішіндегі жиһаздар, қонақ үй сыртының көрінісі архитектуралық сапасы жағынан керемет.

Қонақ үй кәсіпорындарының сыйымдылығы бойынша жіктемесіне  тоқталар болсақ, ол номерлер немесе орындар  санымен анықталады. Номерлік қордың сыйымдылығы бойынша қонақ үй кәсіпорындары 4 категорияға бөлінеді:

    • шағын (100-150 дейін);
    • орташа (100-400 дейін);
    • үлкен (300-1000 дейін);
    • алып (1000 дейін)

Функционалдық тағайындалуы бойынша қонақ үйлердің жіктелуі:

Мақсатты қонақ үй – оның өзі іскерлік негізіндегі  және демалыс үшін қонақ үй деп  бөлінеді:

Іскерлік негізіндегі  қонақ үй – конференция, форум, съезге келген адамдар үшін арналады. Іскер адамдарға қызмет көрсету үшін келесідей талаптар жағдайын жасау керек: номерде демалыс зонасымен қатар міндетті түрде жұмыс зонасы ұсынылуы керек, іскерлік шаралар жүргізу үшін арнайы орындардың бөлінуі, арнайы техникалық құрал-жабдықтардың болуы.

Демалыс үшін қонақ үй – демалу және емделу мақсатында келген туристерге арналады. Оған курорттық  қонақ үй, пансионаттар мен демалыс  үйлері, туристік-экскурсиялық қонақ  үйлер мен казино-отельдері жатады.

Транзиттік қонақ үй – қысқа мерзім уақытындағы қызмет көрсететін қонақ үй. Негізінен олар үлкен қозғалысты магистраль маңында  орналасады, шектеулі қолайлылық деңгейімен ерекшеленеді. Транзиттік қонақ үйлер  тобында кең тарағаны – мотельдер. Алғашқы мотельдер АҚШ-та пайда болды.

 

 

1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау

 

 

Қазақстан қонақжайлығының  қалыптасуының көне тамыры тереңде  жатыр. Оның пайда болуы алғашқы  қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардын ашылуын біздің заманымыздың алғашқы ғасырларына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек Жолы бойындағы аймақтардың зерттелу нәтижесінде көне көпестер мен саяхатшылар үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтын болған. Олар керуен жолының бойындағы қалалардан немесе елді-мекендерден шатыр құрып түнейтін. Бірақ кейде ерте қонақ үй келені болып табылатын керуен-сарайларда аялдаған. Керуен-сарайлар керуеннің тұрғылықты және сату ауласы болды. Сол ғасырларда қолайлы қызмет көрсету ұғымы Азияда Еуропаға қарағанда әлдеқайда ілгері болғанымен де, шығыстағы керуен-сарайлар ақша табу мақсатында емес, саяхатшының демалысы мен саудасын дамыту мақсатында салынған болатын.

Бірақ XIII ғасырдың басы болашақ  Алматы мен жалпы Жетісу аймағына қай салада болсын үлкен төңкеріс әкелді. Моңғол шапқыншылығы елдің экономикасына ғана емес, қала мәдениетіне де кері ықпалын тигізді. Ұлы Жібек Жолы маңындағы қалалардың күйреуі сауда және керуен жолдарының әлсіреуіне әкелсе, ол өз алдына сол кезеңдегі енді өркендеп келе жатқан керуен-сарайларының еріксіз өз жұмысын тоқтатуына әкеп соқты. Алайда, сауда мен көлік жолдарының қайта өркендеп дамуы Ақсақ Темірдің билеу кезеңінде басталады. Соғыс қимылдары алаңының өркендеуіне байланысты елде жаңа жолдар салынып, жаңа калалардың ашылуы халықаралык қатынасты дамыта түсті. Мұның өзі жаңа қонақжайларын ашуды міндеттеді.

Информация о работе Әлемдік қонақ үй шаруашылығы