Әлемдегі оқиғалы туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 19:38, реферат

Краткое описание

Туризмдегі орны мен ролі жағынан спорттық іс-шараларға қарағанда театрлық мерекелердің: карнавалдар, фестивальдар, ұлттық мерекелер, ән мен сән конкурстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Ертеректе Грецияда б.з.б 6 ғасырда Аполлон құдайының құрметіне бүкіл грек Ойкуменасындағы қатысушылар мен көрермендер қатысуымен өтетін музыкалық жарыс-Пифиялық ойындар өткізіліп отырған. Жеңімпаз лавр сыпырғышымен марапатталған.
Заманауи кең тараған мәдени оқиғаның қатарында Эдинбург фестивалі атап өтіледі. Эдинбургке (Ұлыбритания) әлемдегі үздік опералық, балет және театрлық ұжымдар, сондай-ақ әр түрлі фольклорлық ансамбльдер жиналады.

Вложенные файлы: 1 файл

событиный туризм в мире.docx

— 32.47 Кб (Скачать файл)

Әлемдегі оқиғалы туризм

  1. Ұлттық фестивальдар мен мерекелер.

Туризмдегі орны мен ролі жағынан спорттық іс-шараларға қарағанда театрлық мерекелердің: карнавалдар, фестивальдар, ұлттық мерекелер, ән мен сән конкурстарының өзіндік ерекшеліктері бар.  Ертеректе Грецияда б.з.б 6 ғасырда Аполлон құдайының құрметіне бүкіл грек Ойкуменасындағы қатысушылар мен көрермендер қатысуымен өтетін музыкалық жарыс-Пифиялық ойындар өткізіліп отырған. Жеңімпаз лавр сыпырғышымен марапатталған.

Заманауи кең тараған мәдени оқиғаның қатарында Эдинбург фестивалі атап өтіледі. Эдинбургке (Ұлыбритания) әлемдегі үздік опералық, балет және театрлық ұжымдар, сондай-ақ әр түрлі фольклорлық ансамбльдер жиналады. Мәңгілік өнердің жанкүйерлері үздіксіз келеді.  Сантандер ( Испанияда 50 жылдан бері өткізіліп келеді) мен Люцерндегі (Швейцария) халықаралық фестивальдар классикалық музыка сүюшілері арасында кең тараған. Классикалық өнер фестивальдары 55 мыңға дейін көрермен жинауы мүмкін. Шығармашылық әлемінде кино фестивальдары маңызды оқиғалардың біріне айналып отыр. Олар Каннда (Франция), Венецияда (әлемдегі бірінші халықаралық кинофестиваль 1932 жылы болып өтті), Берлинде, Токиода, Мәскеу мен Каирде (араб әлеміндегі ірі кинофестиваль) дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Әлемдік мәртебеде карнавалдардың алатын өзіндік орны бар. Карнавалдар ежелгі египеттік құдай – Осирис құрметіне өткізілетін мерекеден бастау алады. «Карнавал» (итальян тілінде carne vale – ет қош бол) сөзінің шығу тегі Пасха алдындағы ет жеп, вино ішіп көңіл көтеруге болатын 40 күндік христиандық ораза мерекесімен байланысты. Бұл дәстүр христиан халықтары арасында кең тараған. Ресейде-Масленица, Францияда-Майлы бейсенбі болып атап өтіледі. Ұлы ораза басталардан бұрын Латын Америкасы мен Европа  (Мальта, Германия) елдері арасында карнавалдар апта бойы өткізіледі. Карнавалдар тарихи түрде көңіл көтеру мен секске еркіндік береді. Осыдан карнавалдық маскарадтарда еркектер мен әйелдер тартымды және танымайтындай болуға ұмтылу мақсатымен әр түрлі костюмдер мен маскалар киюі кең тараған. Орта ғасырларда француздар би, махаббат ойындары бар жалпықоғамдық мереке секілді, ал саяси партиялар мерекені билікті қалжыңдап сынау үшін қолдану арқылы дәстүрлі карнавалдар орнатты. Италияда карнавалдар сапы Рим, Неаполь және басқа қалалар көшелері бойымен жүріп өтті.

Әзіл, күлкі, көңіл көтеру барлық көшелер мен үйлерде орын алды. Итальяндық маскарадты көру үшін көптеген елдерден қонақтар келіп жатты. Адам тағдырын суреттейтін қиын комедия және трагедияны карнавалдар мен маскарадтармен байланыстыру литературалық туындысының тақырыбына айналды.

 Жоғарғы эстетика мен  карнавал экзотикалығы көптеген  туристерді өзіне тартады. Олардың  көпшілігі белгілі бір уақытта  қалыпты түрде өткізіліп тұрады. Осындай карнавалдарға Бразилия мен Италия карнавалдары мен маскарадтары мысал бола алады.

Әлемдегі ең танымал фестивальдық іс-шара-Бразилиялық карнавал болып табылады. Бұл ұлттық мереке бірегей елдің ерекше рухы мен өмір сүру стилін суреттейді. Бразилия тұрғындары жүзіп келген үндіс халқы, Азия мен Европадан қоныс аударғандар  және африкан халқының ұрпағынан құралған. Әр түрлі мәдениет пен діннің бірігуі масштабы мен әрекет ету белсенділігіне, оны өткізуге финанстық шығыны мен қоғамдық өмірдегі маңыздылығына ұқсастығы болмайтын жаңа дәстүрдің бүкілхалықтық мереке-бразилиялық карнавалдар бастауына айналды. Бразилиялық карнавалдардың өмірге келуі 1641 жылы Рио-де-Жанейро губернаторы Португалия королінің тәж киюі құрметіне апта бойы бүкілхалықтық мереке өтетіндігін жариялаған сәттен басталады. Қазіргі уақытта карнавал ақпан айында ресми түрде 4 күн, ал факт бойынша 1 апта және одан да көп уақыт бойы өткізіледі. Қалалардағы көшелер мен алаңдар олардың ұлты мен жағдайына, жасы мен жынысына қатыссыз әр түрлі ашық түсті және фантастикалық костюмдер киген билеп көңіл көтеруші саптар мен салтанатты шерулерге толы болады. Карнавалдық шеруге қатысу – елдің кез келген тұрғыны үшін үлкен мәртебе. Мерекеге ерекше мінезді дене қимылымен билейтін ритмдік топтық би самба мектептері тартымдылық сыйлайды. Самба мектептері өздерінің номерлерін жыл бойы дайындайды, қымбат костюмдер тігеді. Өздерінің қалаларында олар карнавал орталығы болады. Конкурс жеңімпаздары өздерінің қалаларының атынан шығып, карнавалдық шеру үздіксіз 3 күнге созылатын Рио-де-Жанейродағы басты мерекеге жолдама алады. Одан шыққан жеңімпаз самбо мектебі жыл бойы елдің символына айналады.

 Рио-де-Жанейродағы басты шеру карнавалы арнайы самбадромда өткізіледі. Самбадром – екі жағы төрешілер мен көрермендерге арналған орындары бар түзу километрден ұзын көше. Басты карнавалдық шеруге 1,5 миллионға дейін қатысушылар мен көрермендер жиналады. Карнавал қарсаңында Рио-де-Жанейроға бару қиын әрі қымбат. Орынды брондау жылдан артық уақытты алады және бағалары қымбат болады. Жергілікті қазынаға түскен табыс 1995 жылы 100 миллион долларды құраған.

Мыңдаған туристерді тартатын фестивальдық мерекелер қатарына коррида (Испания, Португалия, Франция), гүлдер фестивалі мен шеруі (Голландия, Тайланд), Лондондағы Корольдық жылқы гвардиясы шеруі (Ұлыбритания), шарап (Франция, Швейцария) және сыра фестивальдары (Германия), сұлулық конкурсы (1951 жылы негізі қаланған жыл сайын ОАР-дағы Сан-Ситиде өтетін «Әлем Миссі») жатады. Сондай-ақ экзотикалық – буйволдар мен пілдер жарысы (Тайланд), кесірткелер жүгіру жарысы (АҚШ), «Алтын қайшы» қойларды қырқу халықаралық чемпионаты (Жаңа Зеландия) өткізіледі.

  1. Гастрономдық оқиғалар.

Кез келген ұлттық асхана өзіндік эксклюзивтік әзірлеу ерекшеліктеріне ие, дегенмен кейбір елдерде тамақ әзірлеу өнері табынумен байланысты болғандықтан онда астың ерекше мәдениеті дамыған. Қазір әлемде гастрономдық турлар кең тарауда. Планетамыздың әр бұрышынан көрермендер келетін, фестивальда қоғамға шаттық сыйлайтын және таңдандыратын гигант рестораны болатын гастрономдық фестивальдар жыл сайын әлемнің барлық елінде дерлік өткізілуде.

Гастрономдық саяхаттар әлемде кең тараған. Гастротурлардың ең дамыған жүйесі Францияға тән. Әлемнің барлық нүктесінен турист-гурмандар жергілікті асханадан дәм тату үшін келеді. Француздар тамақ әзірлеу мен тамақтану процесіне әрқашан жауапкершілікпен қарайды. Гастрономдық турлардың басты жерлерінің бірі – солтүстік-батыс Франциядағы Бретень. Мұнда керемет теңіз өнімдері, сүрленген теңіз балдыры, паштеттен жасалған блины мен ірімшіктен дәм татуға болады. Францияда тамақтануға ритуал секілді ерекше көңіл бөлінеді.

Гастрономдық саяхаттың тағы бір меккесі деп Италия саналады. Ломбардия мен Тоскан қалаларындағы түскі ас пен кешкі ас итальян асханасын жоғарғы класспен бағалауға мүмкіндік береді. Карпаччо, пицца немесе полента кез келген аштықты басады, ал спагеттиден итальяндық тамақ сүюшілердің ешқайсысы бас тартпайды.

Мысалы, Ломбардияда (Италия) «Мол тамақ» атты ерекше халықаралық кинофестивалі өтеді. Италияға Европа, Америка мен Азияның әр түрлі елдерінен келген тамақ, шарап жасау мен гастрономия тақырыбындағы 8 сурет зор мәртебеге ие болды. Шарап пен сыра өндірісі жайындағы фильмдер көрсетілімі кіші қалалар мен ауылдарда өтті.

Испанияда 2005 жылдан бері жыл сайын «Гастрономия және қайнатпа өнері жылы» акциясы өтеді. Испанияның Каталония бөлігі таңдаулы тағамдардың орталығы саналады. Орта ғасырда, шамамен 600 жыл бұрын Каталония аспаздары тағамдардың дайындалу жолын роман тілінде басып шығару құқығына бірінші ие болды. Қазір Барселона қаласы «Гурмандардың жаңа европалық астанасы» аталады. Осы қаладағы 9 мейрамхана «Мишлен» жұлдызымен марапатталған. Наурыз айынан бастап мұндағы үздік бас-аспаздар, көше жәрмеңкелері, асты әзірлеу көрсетілімдері, гастрономдық турлар, фиесталар, испан тағамдары көрмелері елге келген қонақтарға қызмет көрсетеді. Әр ай сайын жергілікті немесе жергілікті емес аймақтар тағамдарын: жерқұлақ саңырауқұлағы наурыз айында, ұлу тағамдары мамыр айында, саңырауқұлақ тағамдары қыркүйек айында және ащы соустардан жасалған тағамдарды қараша айында ұсынады. Жыл бойы туристер ескі қала бойынша жаяу гастрономдық турларға қатыса алады. Шулы қала базарларында омлет жасау сайысы, ал айдың бір бейсенбісінде танымал бас-аспаздардың тағам дайындау көрсетілімдері өткізіледі. Европаның танымал базарларының бірі саналатын кішігірім палаталар орнатылған La Boqueria базарында аймақтық асхана тағамдарын ұсынады. Бұл күні Пикассо қалалық музейіне келушілер санымен бірдей базарға 2500 келуші келеді.

Ирландияда устрица фестивалі қыркүйек айында өткізіледі (мұнда устрица, ысталған лосось пен гиннестен дәм татуға болады). Мюнхенде Октоберфест қыркүйек айының ортасынан бастап 3 аптаға созылады (сыра және неміс тісбасары, шұжық, үйректен дәм татуға болады). Бернкастель-Кустағы Мозельфест және Франциядағы  Божоле Нуво жас шарап пен тісбасар мерекесі,  Испаниядағы шілде айында өтетін Сан Фермин ұлттық испан тағамдары мен, Баэндағы зәйтүн мейрамы қарашаның алғашқы демалысында тойланады.

3. Аукциондар, көрмелер, жәрмеңкелер.

Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер қызмет көрсету облысында өзіне тән жетістіктерімен ерекшеленеді. Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелердің негізгі атқаратын функциясы – әлемдік мәдениеттің таралуы, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу, өнімдерді жарнамалау және ішкі сауда байланыстарын кеңейту.

Көрмелер мен жәрмеңкелердің басым бөлігі жүйелі түрде бір уақытта, кейде жылына екі рет өткізіледі. Іс-шаралар үшін ең қолайлы уақыт – туристердің келуіне мүмкіндік беретін көктем мен күз маусымы. Көрмелер мен жәрмеңкелердің ұзақтығы әдетте 2 аптаны құрайды. Осы уақыт аралығында келушілер саны 10 мыңнан бірнеше миллионды құрайды.

«Көрмелік» және «жәрмеңкелік» статусындағы қалалар өзіндік елушілер потенциалы бар және көптеген шетелдік туристер келетін астаналық немесе ірі қалалар болады. Мұндай іс-шаралар теңіз жағалаулық қалаларда жиі ұйымдастырылады. Мұндай бағдарламаларға круиздік туризм де кіреді. Көрмелік іс-шаралардың шамамен 80%-ы батыс Европа мен Солтүстік Америка елдерінде әсіресе, АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания секілді елдерде өткізіледі.

Амстердам, Барселона, Берлин, Брюссель, Ганновер, Вашингтон, Вена, Женева, Копенгаген, Лондон, Мадрид, Париж, Страсбур, Давос қалалары Европа мен Американың ірі көрме орталықтары болып табылады. Бұл қалаларда материалдық-техникалық базалар жоғары дәрежеде дамыған және шетелдік қонақтарға сапалы қызмет ұйымдастыру мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Көрмелер мен жәрмеңкелер көбінесе ғылыми және техникалық, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндіріс жетістіктерін көрсету үшін ұйымдастырылады. 19-шы ғасырдың соңынан бастап әр түрлі сферадағы адам жетістіктерін көрсететін бүкіләлемдік көрмелер өткізіліп келеді. Бүгінгі күні Біріккен Европаның символына айналған Эйфель мұнарасы француз инженері А. Г. Эйфель жобасы бойынша 1889 жылы Бүкіләлемдік көрмеге арнап салынған. Екінші мыңжылдықтың Бүкіләлемдік қорытынды көрмесі Германияның атақты көрме орталығы Ганновер қаласында «Экспо-2000» көрмесі өтті.

Дәстүрлі түрде өткізілетін көрмелер қатарына Францияның Буржа қаласындағы авиасалон (халықаралық ауада жүзу мен ракета құрау көрмесі), Германияның Франкфурте-на-Майне қаласындағы жыл сайынғы кітап және полиграфиялық құрал-саймандар көрмесі мысал бола алады.

Соңғы үш он жылдықта халықаралық туризмнің қарқынды дамуына байланысты барлық туристік көрмелер мен жәрмеңкелер туристік фирмалар өнімдерін таныстыру мен коммерциялық келісім-шарттар жасау, іскерлік қатынастар орнату, ақпарат алмасу және реклама мақсатында ұйымдастырылады.  Өткізілетін іс-шаралар саны жылдан-жылға өсуде. Тек Европаның өзінде ғана жылына 200-ден астам халықаралық туристік көрмелер мен биржалар ұйымдастырылады.

Әлемдегі ең ірі туристік жәрмеңке – туризм бойынша Халықаралық биржа (International Tourism Borse - ITB) 1966 жылдан бері Берлин қаласында туристік кәсіпкерлер мен ұлттық туристік ұйымдар, транспорттық және сақтандыру компанияларының өкілдерінің қатысуымен жыл сайын өткізілуде. 1998 жылы көрме жұмысы әлемнің 188 елінен 7 мыңнан астам экспоненттер қабылдаған. 5 күнде туристік индустрия мамандары мен саяхаттаушылар саны 55 мыңды құраған. Берлиндік биржа жұмысы әр қайсысы белгілі бір туристік индустрия даму бағытына байланысты тематикалық күндер тәртібі бойынша құрылады. Берлиндік биржа жұмысы шеңберінде халықаралық туристік фильмдер конкурсы бойынша «Алтын компас» марапаттауы болады.

1980 жылдан бері жыл  сайын қаңтардың соңы мен ақпан  айының басында Мадридте ФИТЮР  Халықаралық туристік көрме-биржасы (FITUR) өткізіледі. Бұл оқиға халықаралық  оқиғалар күнтізбесінде ерекше  орын алады. Мадридте жылдың басында  жаңа маусымдағы туристік нарыққа  баға және басқа да тенденциялар  анықталады. ФИТЮР – испан тілінде сөйлейтін елдердегі (Испания, Латын Америка елдері) туристік өнімдер көрсетілімі. Сонымен қатар, көрмеге Испанияда демалу сұранысқа ие солтүстік, орталық және Шығыс Европа, АҚШ, Канада елдерінің туристік фирмалары қатысады. 1998 жылы мадридтік көрмеге шамамен 300 мың келушілер, оның ішінде 40 мыңын мамандар құраған. Көрме жұмысына әлемнің 170 елінен шамамен  6 мың туристік фирма қатысқан.

Миландағы Халықаралық туристік биржа да мыңдаған қатысушылардың назарын аударады. Бұл биржаға бүкіл әлемнен туристік бизнес ұсынушылары келеді. Жыл сайын  көрме аясында әр түрлі тақырыптық бағдарламалар, жаңа жобалар, туризмдегі заманауи технологиялар көрсетілімдері ұсынылады.

1980 жылы Лондонда ұйымдастырылған  Бүкіләлемдік туристік жәрмеңке (World Travel Market -- WTM) кең сұранысқа ие. Жыл сайын қараша айының ортасында  әлемнің  150 елінен 60 мыңнан астам  ұсынушының қатысуымен өтетін  бұл көрме әр түрлі елдердегі  мамандар арасында тікелей қарым-қатынас  орнатуға мүмкіндік береді.

«Саяхат және туризм» (МИТТ) атты Мәскеулік халықаралық көрме ірі туристік жәрмеңкелер қатарына қосылды. 2002 жылы тоғызыншы рет өткізілді. Оқиғалы туризм түрі ретінде мұнда жақсы қамтамасыз етілген тұтынушылар қатысады, мұндағы табыс орташа туристтен түсетін табыспен салыстырғанда 2-3 есе көп және бүкіләлемдік табыстың 5-6 %-ын құрайды.

Мұндай іс-шаралар туризмдегі маусымдылыққа әсер етеді. Әлемдегі оқиғалы іс-шаралардың шамамен 1/5 бөлігі қыркүйек айында өтеді. Конференция жөніндегі ақпараттар бірнеше ай бұрын жіберілгендіктен, жалпы туризммен салыстырғанда туристік ағымды ұйымдастыру оңай болады. Заманауи электронды байланыс іс-шаралардың осындай түрлерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Интернетте көптеген халықаралық ұйымдар өздерінің сайттар бетін әр түрлі қызмет көрсету сферасы мен ғылыми білім облысындағы халықаралық конференциялар тізімімен үнемі жаңартып отырады.

Информация о работе Әлемдегі оқиғалы туризм