Туристік индустрия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 13:57, лекция

Краткое описание

Туристік индустрия — туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы.Турисік индустрияда міндетті түрде туристік ресурстар (қорлар) қарастырылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар арнайы заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.

Вложенные файлы: 1 файл

реф тур.docx

— 18.59 Кб (Скачать файл)

Туризм әлемдік экономикада  басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы  табысы жоғары және серпінді дамып  келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық  сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілердің  жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің  әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.

Қазіргі туризм — бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сейтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1.Шетел валютасының құйылуын  қамтамасыз етеді және төлем  теңгерімі мен жиынтық экспорт  сияқты экономикалық көрсеткіштерге  оң ықпал жасайды.

2.Халықтың жұмыспен қамтылуын  көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен  Дүниежүзілік туризм және саяхат  кеңесінің бағалауы бойынша туризм  өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3.Елдің инфрақұрылымын  дамытуға жәрдемдеседі.

Туристік индустрия —  туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы.Турисік  индустрияда  міндетті  түрде  туристік  ресурстар (қорлар) қарастырылады.  Осыған орай  Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен    туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар арнайы  заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.

Туристік фирмаларда  қызмет көрсету нарығы басқа нарықтардан негізінен  екі себеппен ерекшеленеді:

1. Қызмет көрсетуді өткізгенге  дейін оның барлығы білінбейді. Бұл жағдай қызмет көрсетуді   өткізгенге дейін оның салыстырылуы  мен бағалануына мүмкіндік бермейді. Сол себепті, тек күтілетін   және алынған пайданы бағалауға  болады. 

2. Қызмет көрсетуге белгісіздік  тән болады, бұл клиентті тиімсіз  жағдайға қояды да, сатушыларға көрсететін қызметтерін нарыққа жылжытуын қиындатады. Туристік  фирмаларда  қызмет көрсету нарығының  бұл ерекшеліктері және қызмет түрлерінің өзгешеліктері, атап айтқанда, олардың көзге түспейтіндігі, сақтауға жарамсыздығы, сапасының өзгергіштігі, жасалынуы мен пайдаланылуының ажырамастығы қызмет көрсету маркетингінің өзгешелігін айқындай түседі.

 

 

Қонақ үй туристік кешендер менеджменті

Қонақ үй бизнесі Қазақстанда  нарықтық қатынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып  отыр. Экономикалық қызметтің сферасы  ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда.Қонақ үй каәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет.

Қонақ үй менеджменті –  қазіргі кездегі нарықтық экономика  жағдайында қонақ үй мекен жайларын тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.

  Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін қонақ үй кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

  Қонақ үй менеджменттегі басты нәрсе — әр бір қызметші қонақ үй кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі қонақ үй кәсіпорын басшылығынан қазіргі қонақ үй менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.

 Менеджменттің тағы  бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны – қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.

  Қонақ үй кәсіпорынның ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан орындарды ұсына алуы не бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

 Қонақ үй шаруашылығында  – ең алдымен қызметшілер.  Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент – бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.

  Қонақ үй кәсіпорындағы адамдар қызмет көрсету процесінің маңызды элементі болып табылады. Жаңа қонақ үй шаруашылығын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.

Қонақ үй қызметін ұйымдастыру  формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының қонақ үй секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық рыноктағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған – ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар - қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық. Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады. Қазақстандағы қонақ үй қызметі шетелдік мейманханалар тізбегінің ықпалымен дамып келетінін ескерсек, кішігірім елді-мекендердегі қызмет сапасын басқару стратегиясы ойдағыдай орындалмай отыр.


Информация о работе Туристік индустрия