Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 21:59, курсовая работа

Краткое описание

Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен тығыз байланысты

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І Тарау. Өнімнің сапасын бағалаудағы жүйелік ................5
1.1 Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары....................................................................................................................5
1.2 Өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары....................................................................................................................8
1.3 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі........................................................12
ІІ.Тарау.Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары.......................................................................................................15
2.1 Нарық жағдайында өндірілетін өнімнің сапасының ұғымы, мағнасы.......15
2.2 Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы....................................................................................................................17
2.3 Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі.......21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................27

Вложенные файлы: 1 файл

өнімнің сапасы.doc

— 182.50 Кб (Скачать файл)

Мөлшерленуіне қарай натуралды бірліктермен (килограмм, метр, балл, көлемі шектеусіз), сондай-ақ бағалық бірліктермен сипатталалды.

Сапа деңгейінің бағалануына байланысты – базалық және қатысты көсеткіштер.

Анықталу стадиясына байланысты – болжамды, проектілі, өндірістік, эксплуатациялық көрсеткіштер.

Көрсеткіштер топтарын талдаған кезде олардың арасындағы белгілі бір корреляцияны байқауға болады. Мысалға, өнімнің энергия сиымдылығы сияқты, өндірістің технологиялық деңгейінің көрсеткіші экономикалық және экологиялық көрсеткіштер топтарымен өте тығыз байланысты.

Өнімнің сапасы, оның құрамын анықтаушылардың мөлшерін өлшеу негізінде бағаланады. Қазіргі заманда сапа көрсеткіштерінің сәйкес топтары арқылы өнімнің (тауардың) құрамын келесі топтар бойынша классификациялау өте кең тараған: пайдалану бағытының көрсеткіштері, сенімділік, технологиялық, стандарттау және унификациялау, эргономикалық, эстетикалық, тасымалдау, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері.

 Пайдалану бағытының көрсеткіштері  өнімнің қай салада, қай жағдайда қолданылатынын көрсетіп қана қоймай, осы өнімді пайдаланудан алынатын тиімді эффектті да айқындайды. Бұл көрсеткіш бағаланып отырған өнімнің көмегімен белгілі уақыт аралығында қандай көлемде өнім өндірілетінін немесе өндірістік қызмет көрсетілетінін айқындайды.

Пайдалану бағыты көрсеткіштері тобына келесі топшаларды жатқызуға болады: топтамалық, техникалық тиімділік, функционалдық, құрылымдық және де құрамы мен құрылымдық.

Сенімділік көрсеткіштері. Сенімділік өнеркәсіптік өнімнің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Әр түрлі құндылықтардың жұмыс интенсивтілігі мен күрделілік режимдері үздіксіз өсіп, атқарылатын функцияларға жауапкершілік жоғарылайды. Жауапкершілік деңгейінің жоғарылауына байланысты сенімділікке деген талаптар да өседі. Машиналар мен басқа да құрал жабдықтардың сенімділік деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты, олардың жөнделуі мен эксплуатациясындағы жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру шығындарымен қатар өндіріс шығындары да артады. Құндылық сенімділігі көбінесе эксплуатациядағы температура, ылғалдылық, қысым, радиация, механикалық ауыртпалық және де басқа жағдайларға тәуелді.

Технологиялылықтың  көрсеткіштері еңбек өнімділігін жоғарылату үшін қабылданған құрастырушылық-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды, өнімді дайындауда немесе жөндеуде нақ осы технологиялылық арқылы өнім өндіру қарқыны, материал шығындарды, өндірістің технологиялық дайындығы, өнімді дайындау мен пайдалану кезінде кезінде еңбек құралдары мен уақытты рационалды бөлу деңгейі анықталады.

Унификациялау және стандарттау көрсеткіштері - өнімнің стандартты, унифицирленген және нақты құрамдас бөлшектермен қаныққандығы, сонымен бірге, басқа өнімдермен салыстырғанда унификациялану деңгейі. өнімнің барлық бөліктері стандартты, унифицирленген және нақты бөліктерге бөлінеді. Стандартты және унифицирленген бөлшектер пайызы қаншалықты жоғары болған сайын өнім өндірушіге де өнімді тұтынушыға да соншалықты тиімді. Стандарттау және унификациялау көрсеткіштеріне келесілерді жатқызуға болады:

- обьектінің стандартталу коэффициенті

- обьект бөлшектерінің жоба  аралық унификациясы

- обьектінің құрамдас бөліктерінің  қайталанымдылық коэффициенті.

Өнімнің эргономикалық көрсеткіштері тұтынушының осы құндылықпен өзара қатнасын, оның құндылықты пайдаланған кездегі адамның гигиеналық, физиологиялық, антропометрлік және психологиялық талаптарына сәйкестігін көрсетеді. Мұндай көрсеткіштерге мысалы: адамның тракторды жүргізуге қажетті күш қуаты, велосипед рулінің орналасуы, жарықтылық, жылулылық, ылғалдылық, шу, діріл, шаң-тозаң, жанатын заттардағы түтін мен будың концентрациясын кіргізуге болады.

Сапаның эргономикалық көрсеткіштері обьектінің қойылатын эргономикалық талаптарға сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады. Мысалға: формасына, өнімнің түсі мен оның құрастырылған элементтеріне және т.б.

Өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері жұмыс істеген адам мен қолданылатын затқа әсер ететін факторлардың барлығын қамтиды.

Өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері келесі түрлерге жіктеледі:

- Гигиеналық көрсеткіштер - адамның  осы бұйымды қолдануда, өмірлік және жұмыс қабілеттілігіндегі гигиеналық жағдайлармен сәйкестігін анықтағанда пайдаланылады.

- Антропометрлік көрсеткіштер  – адам денесі және де басқа  бөліктер көлемі мен формасына  сәйкестігін анықтағанда пайдаланылады.

- Физиологиялық және психофизиологиялық көрсеткіштер – адамның физиологиялық талаптарына және оның сезім мүшелерінің жұмыс қабілетінің ерекшеліктеріне (адамның жылдамдығы мен әл-қуаты, сонымен бірге есту, көру, тактильді сезуіне) сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады.

- Психологиялық көрсеткіштер – өнеркәсіптік бұйымдарға қойылатын инженерлік-психологиялық талаптарында, еңбек психологиясы және жалпы психология талаптарында көрініс табатын адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады.

Эргономикалық көрсеткіштер деңгейі, арнайы дайындалып баллмен өлшенетін өнеркәсіптің арнайы саласына мамандандырылған - эксперттермен анықталады.

Транспортабелділік көрсеткіштері - өнімді пайдаланбай немесе тұтынбай тасымалдауға қолайлылығын сипаттайды. Транспортабелділік көрсеткіштеріне мыналарды жатқызуға болады:

- өнімді тасымалдауға орташа  дайындау уақыты;

- өнімді тасымалдауға дайындауда  орташа еңбексиымдылық;

- өнімді белгілі бір тасымалдау  құралына орташа орналастыру  уақыты;

- тасымалдау құралының көлемін  пайдалану коэффициенті;

- өнімді белгілі бір тасымалдау  құралынан орташа түсіру уақыты;

Транспортабелділік көрсеткіштерін бағалау үшін өнім бірлігінің массасы және көлемі, физико-механикалық құрамының көрсеткіштері, бұйымның габариттік көлемі, өнімнің сақталу көрсеткіштері, тасымалдау режимдерінің шекті рұқсат етілетін мәндері (транспорт шекті жылдамдығы, инерциялық ауыртпалықтар және т.б.), тиеу-түсіру жұмыстарының нормасы, аталып отырған өнімді тасымалдауда транспорт құралының жүк көтергіштігін немесе сиымдылығын мүмкіндігінше максималды пайдалану, тасылатын жүктің сыртқы жылулық және механикалық әсерлерге төзімділігі және т.б.сияқты тасымалдау үрдісін сипаттайтын алғашқы мәліметтер болуы керек. 

Материалдық және еңбек шығындарын бір мезгілде, тасымалдау жұмыстарындағы адам саны мен біліктілік деңгейін және де уақыт факторын есептеуге мүмкіндік беретін бағалық көрсеткіштер транспортабелділікті неғұрлым толық және жан-жақты бағалауға көмектеседі.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патенттік қорғалғандығын және патенттік тазалығын сипаттай отырып, бәсекелік қабілетті анықтауда маңызды фактор болып табылады. Патенттік-құқықтық көрсеткіштерді анықтағанда бұйымдағы жаңа техникалық және елдегі патентпен қорғалған шешімдерді, өндіруші және эспортталатын елдердегі бұйымның тауарлық белгісінің және өнеркәсіптік үлгісінің тіркеуден өтуін есепке алған жөн.

Өнеркәсіптік бұйымның патенттік-құқықтық деңгейі 2 көрсеткіштермен бағаланады, олар: патентпен қорғалғандық (патент қабілеттілік) көрсеткіші және патенттік тазалық көрсеткіші.

Патенттік қорғалғандық көрсеткіші – бұйымды жасап шығаруда, оның құрамына қатысатын, шетелдерде де өндіруші елде де патентпен және авторлық құқықтармен қорғалған отандық өнертапқыштар жаңалықтары мен идеяларының саны мен алатын орнын сипаттайды.

Патенттік тазалық көрсеткіші – бұйымның ішкі және сыртқы нарықтарды еш кедергісіз өткізілуін сипаттайды.

Экологиялық көрсеткіштері - қоршаған ортаға  өнімді тұтынғанда немесе пайдаланғанда пайда болатын зияны әсерлер деңгейін сипаттайды. Өнімнің экологиялылық көрсеткіштері оның сапа деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Өнімнің экологиялық көрсеткіштерін анықтауда, өнімді эксплуатациялау немесе тұтыну үрдістеріне, оның құрамының қоршаған ортаға химиялық,  механикалық, сәулелік, дыбыстық, биологиялық, радиациялық және де басқа әсерін анықтау үшін талдау жасалады. Аталған факторлардың қоршаған ортаға зиянды әсері анықталған жағдайда экологиялық көрсеткіштер тобын өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер номенклатурасына енгізу қажет. Экологиялық көрсеткіштерге келесілерді жатқызамыз:

- энергия көздері (жанар май, көмір, газ) ретінде пайдаланылатын өнімдердің  құрамындағы зиянды заттар (элементтер, қышқылдар, металдар және т.б.) мөлшері;

- өнімді тұтынғанда немесе эксплуатациялағанда, тасымалдағанда, сақтағанда зиянды сәулелердің, газдардың, бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі;

- атом энергиясын игеріп, пайдалану  үшін зерттеулер жүргізетін атом  электростациялары мен басқа  да обьектілер қызметінің радиоактивтілігі;

- түрлі саладағы транспорт құралдары мен басқа да машиналар, агрегаттардың дыбыс, діріл, энергетикалық әсер ету деңгейі;

Әртүрлі обьектілер бойынша барлық экологиялық көрсеткіштер сәйкес нормативтік құжаттар мен актілерде (заңдар, стандарттар, құрылыс норамлары мен инструкциялар) жарияланады.   

Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді жөндеуде, сақтауда, тасымалдауда тұтынушы немесе эксплуатациялаушы адамды механикалық, электрлік, температуралық, улы және жарылғыштардан, акустикалық шудан, радиоактивтік сәулеленуден қауіпсіздендіретін өнімнің артықшылығын сипаттайды.

Әр кәсіпорында өндірілетін өнім сапасына ішкі және сыртқы сияқты түрлі факторлар әсер етеді.

Ішкі факторларға кәсіпорынның аталған сапаға сәйкес өнім өндіру қабілетімен, яғни кәсіпорынның қызметімен тікелей байланысты факторлар жатады. Оларды келесі топтарға бөлуге болады:

- техникалық;

- ұйымдастырушылық;

- экономикалық;

- әлеуметтік-психологиялық;

Техникалық факторлар - өнім сапасына тікелей әсер етеді, өйткені жаңа технологияны, жаңа материалдарды, неғұрлым сапалы шикізатты пайдалану бәсеке қабілетті өнім өндірудің материалдық негізі.

Ұйымдастырушылық факторлар – еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен,  өнім сапасына жаупкершілікті және өндірістік тәртіпті күшейтумен, өндіріс мәдениетін қалыптастыру және персоналдың біліктілік деңгейін сәйкестендірумен байланысты.

Экономикалық факторлар - өнімді өндіру және өткізу шығындарымен, баға саясаты және персоналды жоғары сапалы өнім өндіруге экономикалық ынталандыру.

Әлеуметтік-психологиялық факторлар – салауатты жұмыс жағдайын қалыптастыруға, өз кәсіпорынының тауарлық маркасына берілгендік, оны мақтан ету, жұмыскерлерді моральдік ынталандыруға айтарлықтай әсер етеді, осының барлығы бәсеке қабілетті өнім өндірудің маңызды құрамдас бөліктері.

Нарықтық қатынас жағдайында сыртқы факторлар өнім сапасының қалыптасуына әсер етеді. Сыртқы немесе қоршаған орта қай кәсіпорынның болмасын қызмет етуінің маңызды бөлігі болып табылады. Сыртқы ортаның барлық әсерлерін жеке-жеке мынадай: экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, бәсекелестік, халықаралық және әлеуметтік факторларға бөліп көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысты жалпы қорыта айтқанда, тауар сапасын арттыру стратегиясын дайындауда қозғалыстағы сапа көрсеткіштерінің тұрақты болмайтындығын ескерген жөн. Тауардың сапасын көтеру стратегиясы элементтерінің бірі болып сериясы ИСО 9000 халықаралық стандарттарының негізінде құрылуы қажет сапаны басқару жүйесі табылады.

Тауардың сапасын көтеру стратегиясын жүзеге асырудағы кері байланысының маңызды элементі болып олардың сертификациялануы табылады. Мұнда жаңа отандық тексеру және сертификациялау орталықтарын құру, сертификациялау орталықтарын жарнамалау жұмыстарын жандандыру қажеттілігі туындайды.

-         өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне септесуі;

  • қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістіктерін және халық шаруашылығы саласындағы техникалық ілгерілеудің негізгі бағыттарын ескеруі;
  • тұрақты болуы;
  • өнімнің жарамдылығын көрсететін барлық ерекшеліктерін сипаттауы;
  • бағытталуына қарай белгілі бір сұранысты қанағаттандыруы;

Кәсіпкерлік стратегиясына жаңаша көзқарас -  сапаның тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын сонымен қатар өндіріс шығындарын төмендетудің ең тиімді құралы екендігін түсіндіреді.

БСҰ-на мүше болу қарсаңында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен олардың нәтижелері де назардан тыс қалған жоқ. Өнімнің сапасын арттыру жолында бір-бірімен сабақтас әр сала кәсіпорындарының тізбектелген жүйесін құру мен осы шараларды ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар туғызу үшін қай саланың қай жағынан қолдауды қажет ететіндігі анықталып, ұсыныстар жасалды.Ауыл шаруашылығындағы өндірілетін өнімнің сапасын арттыруда басты рөлге ие болатын өндірістің қызметін әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру жұмыстары мен өндіріске қазіргі заман талабына сай инновациялық жетістіктерді енгізу екенін ескеру қажет. Өйткені ауыл шаруашылығы өндірісінде жоғары білікті мамандардың жетіспейтіндігі, мұндағы жұмыскерлер жалақысының қала жұмыскерлерімен салыстырғанда 3 есеге дейін төмендігі, сондықтан білікті мамандар түгілі университет қабырғасынан жаңа түлеп ұшқан жас мамандардың ауыл шаруашылығына аса қызығушылық танытпайтындығы, кәсіпорын қызметін шығынға ұшыратпай, экономикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі техника, құрал-жабдықтарының 70 пайызға жуығы бәсеке қабілетті өнім өндіруге жарамсыз кешегі күн құралдары екенін, ал жоғары сапалы өнім өндіруге заман талабына сай жаңа құрал-жабдық қана емес сәйкес материалдар мен сапалы шикізаттың болуы шарт екені баршамызға белгілі.

Информация о работе Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары