Торапты газ құбырларының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2015 в 12:21, реферат

Краткое описание

Компанияның құрамына 3 жер асты газ қоймасы (ЖАГҚ) кіреді. Олардың ең ірісі Ақтөбе облысында орналасқан Бозой ЖАГҚ. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Полторацкое ЖАГҚ, Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖАГҚ жұмыс істейді. Жер асты газ қоймалары қысқы маусымдарда, сондай-ақ газ жеткізу көлемдері азайған кезеңдерде тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
1 УМГ Бейнеу кен орнында газ тасымалдау жүйесі............................................4
2 Интергаз Орталық Азия.......................................................................................5
3 Торапты газ құбырларының жалпы сипаттамасы.............................................9
3.1 Компрессорлық станциялардың тағайындалуы...........................................10
3.2 Газ турбиналы жетегі бар ГТА пен компрессорлық станцияның бірігуі...12
3.3 Торапты газ құбырларындағы газ турбиналы жетегі бар компрессорлық станцияның технологиялық сұлбасы...................................................................13
4 Автоматтандырудың техникалық құралдарын таңдау...................................19
5 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.....................................................20
6 Шама бірлік Эталоны........................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................27

Вложенные файлы: 1 файл

Практика.docx

— 329.18 Кб (Скачать файл)

Маймен жабдықтау жүйесі агрегаттың мойынтіректеріне, айдағыштардың гидравликалық тығындағыштарына, аппараттар мен аспаптарға майды жіберіп ГТҚ қорғау және реттеу үшін арналған. Тағайындалуына байланысты май агрегатқа әр тірлі қысыммен беріледі. КС-ң май шаруашылығы тұзды және турбиналы майды сақтауға арналған бактардан, турбиналы майдың регенерациясына арналған қондырғылардан, насостардан, май сепараторларынан және тағы басқа құрылғылардын тұрады. 

Сумен және маймен салқындату жүйесі. Агрегаттарды пайдалану ережелеріне сәйкес ГТА турбиналы майы 35—50 °С температураларға ие болуы керек. КС-да турбиналы май май салқындатқыштарында сумен немесе ауамен салқындату аппараттарында (АСА) ауамен салқындатылады. Айналымдық су градирняларда (тұзын алу үшін тұзды судың суын құрғататын орын) немесе ауамен салқындату аппараттарында салқындатылады. Жүйе градирнядан немесе ауамен салқындату аппаратынан, айналымдық насостардан, құбырлар жүйесінен, бітегіш және сақтаушы арматурадан, сүзгілер мен басқа да элементтерден тұрады. Компрессорлық станцияларда жасанды желдетуі бар ашық тамшылы және тамшылы керітоктық, бі секциялы және көп секциялы градирнялар қолданылады. Градирняларда май салқындатқыштардан келетін суды ауамен салқындату, сонымен қатар технологиялық газды сумен салқындату жүзеге асады. Май салқындатқыштарында қыздырылған су насостың көмегімен градирняның жоғарғы бөлігіне беріледі, онда ол қоршаған ауамен жақындасу кезінде салқындатылып шашыратылады және төмен қарай ағылады.  Градирняның жоғарғы бөлігінде салқындатуды жақсарту үшін ауаның төменнен жоғары қозғалысын қамтамасыз ететін желдеткіштер орнатылады. Газ салқындатқыштары градирняның төменгі бөлігінде орнатылған. Олар шашыратқыш және жоғарыдан ағып келетін сумен салқындатылады. Градирняға келіп түскен су тегенде (поддона) және су алабында (бассейнде) жиналады да одан айналымдық насоспен алынып шығарылады. 

КС-да ауамен салқындату аппараттары турбиналы майды тура салқындатуымен қатар ағымдық жылу тасымалдатқышты – айналымдық суды да салқындату үшін арналған. АСА ағымдық контурының қоршаған ортасында төменгі температураларда судың орнына антифризді қолданады. АСА құбырларында май,су немесе антифриз циркуляцияланатын жылу алмастырғыштардан, элект жетегі бар желдеткіштерден тұрады. Электр қозғалтқыштар желдеткіштермен редукторлар немесе белдікті тасымалдаулар арқылы байланысқан. Желдеткіш қалақтары бұрмалы болуы мүмкін. Оған қоса АСА кірісі немес шығысында ауаның шығынын реттеуге арналған жалюзді торлар орнатылған. Ауамен салқындату аппараттары ашық ауада немесе компрессорлық цех ғимаратының жанында арнайы бөлімшелерде орналастырылады.

Компрессорлық цехтың өрттен қорғау жүйесі тұтану ошақтарының пайда болуы жағдайында дабылдау және өрт ошақтарын автоматты немесе су, көбік немесе комірқышқыл газын беру арқылы жою үшін арналған.  Өрттен қорғау жүйесіне: құрамына тұтануды анықтау құрылғылары және әрбір агрегаттың жеке өрт сөндіру жүйесі  кіретін көбікті өрт сөндірудің жалпы цехты жүйесі; өртке қарсы қажеттіліктер үшін жылдың кез келген уақытында судың берілуін қамтамасыз ететін өрт кезінде сумен жабдықтау жүйесі; өрттен қорғану ережелері мен нормаларына сәйкес өртке қарсы инвентарь жинағы орнатылған щиттер, оқпандары бар өт сөндіру крандары, көбікті және көмірқышқылды өрт сөндіргіштер, құмы бар қораптар және т.с.с.; өрт сөндіргіштер тобын шақыру мен ерікті өрт сөндіру жасағын жинау үшін арналған дабылдау және байланысу құралдары. Өрт сөндіру құралдары мен өрт дабылы цехтың ауысымды қызметкерлерімен орындалатын тұрақты қадағалауда болады.

Электрмен жабдықтау жүйесі компрессорлық цехтың негізгі және қосалқы құрылғыларын электр энергиямен қамтамасыз ету үшін арналған. Бұл жүйе келесі бөлімдерден тұрады: электр қозғалтқыштардың жетегі үшін бақылағыш өлшеу аспаптарын қоректендіру және агрегаттарды автоматты басқару қызметін атқаратын айнымалы ток жүйесі; турбинаның май насостарының жетегі үшін релелі қорғаныштағы және электравтоматиканың тізбектерін қоректендіру үшін арналған тұрақты ток жүйесі. Электрмен жабдықтау жүйесінің техникалық қызмет көрсетілуі электр энегиясын тұтынушы электр қондығыларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес  электрмен жабдықтау қызметінің қызметкерлерімен жүзеге асады.

Желдету, кондиционирлеу және жылыту жүйесі компрессорлық цехтың бөлмелерінде ауа ортасының параметрлерін қолданыстағы санитарлы және технологиялық нормаларға сәйкес қанағаттандыру үшін арналған. Жүйенің құрамына: компрессорлық станцияның барлық бөлмелерін аккумуляторлықтан өзге табиғи желдету; аккумляторлық және химиялық зертханаларда құйылу – тарту желдетуі; машиналы залда және айдағыштар галереясында құйылу – жылыту желдетуі; айдағыштар галереясындағы апаттық – тартылу желдетуі;  ауаны конционирлеу қондырғысы; жылыту-рециркуляциялық агрегаттар; жылулық желісі бар жылыту батареялары. Желдету қондырғыларының қолданылуына энергиямен жабдықтау қызметінің жұмыскерлері жауапты болып табылады. Компрессорлық цехты жылыту жүйесін жылумен қамтамасыз ету ГТА газ турбиналы қондырғыларының газ шығысында орнатылған сумен жылытушыны, бу қазандығын, қайталап пайдаға асырылатын жылу алмастырғыштарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 

Қысылған ауа жүйесі компрессорлық цехтың құрылғыларының қызмет көрсетуі, реттеу жүйесін баптау, ГТА салқындату жүйесін тексеруге, жөндеу жұмыстары мен пневмоқұрылғылар мен бақылағыш өлшеу аспаптарына ауаның беілуі үшін қажетті ауаның қысымы мен шығынын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе меншікті қажеттіліктер мен әрбір ГТА осьтік компрессоры үшін ауаны таңдау компрессорларынан, қысылған ауаның құбырлары мен коллекторынан, бітегіш және сақтаушы арматуралардан тұрады.  Жүйеде әрбір турбоагрегат аймағындағы байланыстар үшін таңдаулар ескеріледі. Компрессорлардан ауаны таңдау сызықтарында кері клапандар орнатылады. Меншікті қажеттіліктердегі компрессордың қызмет көрсетілуі өндіруші зауыттың нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.

Компрессорлық цехтың технологиялық сұлбасының ерекшеліктері. Типтік құрамдағы толық қысымдалмаған ГТА екі жұмыс тобын құрайтын бес агрегаттан тұрады. Бір агрегат – резервті. Мұндай сұлбалардың ерекшелігі – II, III, IV ГТА технологиялық орамында орнатылған 1 режимдік кран тобының қолданылуы. Бұл кандар әдетте келесідей нөмірленеді: № 51 - № 56. Цех жұмысының есептік сұлбасы келесідей: агрегаты I және II агрегаттары бірінші топты, IV және V агрегаттары екінші топты құрайды.  Бұл екі топ параллельді жұмыс істейді. Әрбір топ сорғыш және айдағыш крандарға ие. Станциялық сақинаға агрегаттардың шығуы өз тобының алтыншы крандары арқылы жүзеге асады. Бұл кезде III агрегат резервті және технологиялық сұлба бойынша режимдік крандардың көмегімен бірінші немесе екінші топта қолданылуы мүмкін.

Толық қысымдағы ОТА бар типтік цех жетекті қозғалтқыштың қуаты мен типіне байланысты өзінің құрамында үштен алтыға дейінгі ГТА ие болуы мүмкін. Цехтың технологиялық сұлбасы толық қысымдалмаған ОТА бар ГТА екі тобының сұлбасын қайталайды десек те болады. Айырмашылық тек цехта параллельді орнатылған ГТА санымен сонымен қатар сорғыш және айдағыш шлейфтардың санында болады. Айырмашылық тек цехта параллельді орнатылған ГТА санымен сонымен қатар сорғыш және айдағыш шлейфтардың санында болады.

 

4 Автоматтандырудың техникалық құралдарын таңдау

 

ТҮ АБЖ құруға арналған заманауи есептеу жинақтарына қойылатын қажетті талаптар келесідей:

1. қажетті сенімділікті қамтамасыз  ету;

2. бақылау мен басқарудың қазіргі  заманға сай модульдерін қосу  мүмкіндіктері;

3. келіп түсетін ақпаратты қажетті  дәлдікте алуды және басқарылатын  сигналдарды таңдауды қамтамасыз  ету;

4. жылдам бағдарламалау мүмкіндігі;

5. әр түрлі кіріс ақпараттарды  өңдеу мен әр түрлі басқарылатын  сигналдарды өңдеу мүмкіндігі;

6. қызмет көрсетушілерге арналған  ақпаратты тікелей енгізу жүйесінің  бар болуы;

7. жергілікті байланыс жүйелерін  өзара жобалық жинақтау мүмкіндігі.

Осы талаптарды әлдеқайда қанағаттандыратын берілген техникалық құралдар жинағын құраушы бөлік ретінде басқа күрделі жүйеге (мысалы бір басқару жүйесінің көмегімен бірнеше цехтарды біріктіру) жеңіл интегралдайтын Siemens фирмасының құрылғылары болы табылады.

Қарастырылып отырған жүйені өңдеуді «кірпіштік қалауға» келтіруге болады, мұндағы «цемент»  болып қолданылатын технологиялар пайдаланылады. Ал жүйе болса келесі «кірпіштерден» құралады.

  1. «Төменгі деңгейде» (енгізу/шығару) Allen Bradley SLC-500 фирмасының бақылағыштары қолданылады.

Негізгі сипаттамалары: Allen Bradley SLC-500 бақылағыштары модульдік құрылымға ие және оның құрамына келесілер кіреді:

Орталық процессорлардың модульдері (CPU). Шешілетін есептің күрделілігіне байланысты бақылағыштың құрамында өнімділігімен, жадының көлемімен, өзіндік кіріс-шығыстар мен арнайы функциялардың бар немесе жоқ болуымен, байланыс интерфейстерінің бар немесе жоқ болуымен ерекшеленетін орталық процессорлардың әр түрлі типтері қолданылуы мүмкін.

Дискретті және аналогты сигналдарды енгізу-шығару үшін арналған сигналдық модульдер (SM). Желіге қосылу немесе (PPI) «нүктеден нүктеге» деген интерфейсті ұйымдастыру үшін арналған (CP) байланыс процессорлары. 

Автоматтық реттеу, орналастыру, сигналды өңдеу есептерін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар функционалдық модульдер (FM). Функционалдық модульдер интеллектуалдық модуль болып табылады. Олар алдын ала орнатылған микропроцессормен жабдықталған және БЛК орталық процессорының істен шығуы кезінде де оларға орнатылған функцияларды орындай алады.

2. Барлық бақылағыштар STEP 7 бағдарламалық  пакетінің көмегімен бағдарламаланылған.

3. Өнеркәсіптік желі ретінде ProfiBus-DP желісі (қарқынды дамитын желілердің  бірі) қолданылды.

4. «Жоғарғы» диспетчерлік деңгейде  IBM – WINDOWS ортасында жұмыс істейтін  үйлесімді дербес компьютерлері  немесе Pentium орнатылған.

5. Диспетчердің автоматтандырылған  жұмыс орындарының (АЖО) қолданбалы  бағдарламаларын құру үшін қуатты  және икемді SCADA  пакеттерінің  бірі – Wonderware фирмасының InTouch  пакеті  қолданылды.

6. АЖО-ң ауысымды инженерінің ProfiBus-DP өнеркәсіптік желісіне тікелей  шығу мүмкіндігі үшін SIEMENS фирма  өндірісінің адаптері қолданылды.

7. Жергілікті есептегіш желісі  ретінде Ethernet желісі таңдалынды.

8. Ethernet бойымен жүйенің цехты  түйіндерінің арасында деректермен  алмасу OS-9 және WINDOWS операциялық жүйелері  арасындағы DDE интерфейсі жүзеге  асыратын PCLink бағларламалық пакетінің  көмегімен орындалды.

 

 

5 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

     Өндірістік көрсеткіштерге қарағанда адам өмірі мен денсаулығының басым болуы "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тың газ тасымалдау жүйесі объектілерін пайдалану кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі қағидасы болады.

    КомпанияҚазақстан Республикасы заңнамасына, халықаралық интеграцияланған менеджмент жүйесі стандарттарына сәйкес еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің бірегей тәртібін белгілейтін, "Интергаз Орталық Азия" АҚ Еңбекті қорғауды басқарудың бірегей жүйесін (ЕҚББЖ) әзірлеп, енгізді.

    Компанияның өндірістік объектілеріеңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының қауіпсіздігі нормаларына оқтын-оқтын аттестатталып отырады.

   Зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлердің денсаулығына әсер етуін анықтау және кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында жыл сайынмедициналық тексерулер өткізіледі. Медициналық тексеру қорытындылары жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерімен бірге талданып,зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту шаралары әзірленеді. Сонымен бірге,әлеуетті қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ауысым алдындағы медициналық куәландырулар өткізіледі. Кәсіби аурулардың алдын алу мақсатындақызметкерлергеарнайы тамақтар, жуу құралдары, арнайы киім және арнайы аяқ киім, жеке қорғаныс құралдары беріледі, сондай-ақ барлық қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынады, өндірістік объектілерде үнемізарарсыздандыру жұмыстары өткізіледі.

   Компанияның әрбір желілік-өндірістік басқармасында жеке компьютерлермен, бейне техникасымен, көрнекі насихаттаумен, техникалыққұжаттамамен, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына машықтануға арналған фант-жүйелеріменжабдықталған еңбекті қорғау бойынша оқу кластары жұмыс істейді.Бөлімшелердежұмысты қауіпсіз орындау,еңбектің қауіпсіз әдістерін қолдану және дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек көрсету ережелері бойынша жыл сайынбейне материалдарынкөрсетіп, жұмысшыларды техникалық оқыту сабақтары өткізіледі.Жыл сайынтехникалық оқу қорытындылары бойынша жұмыс персоналының білімдері тексеріледі. Нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес комиссиялардаеңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен инженерлік-техникалық қызметкерлердің3 жылда 1 рет білімі тексеріледі.

   "Интергаз Орталық Азия" АҚ-та қауіпсіздік талаптарының және жабдықтың техникалық пайдаланылуын сақтауды әкімшілік-өндірістік бақылаудың бес деңгейлік жүйесі қолданылады. Компанияқызметкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Республикамыздың және алыс әрі жақын шетел мемлекеттеріндегі оқу орындарына оқуға жіберіледі. Газ тасымалдау жүйесі объектілерін қауіпсіз және апатсыз пайдаланылуын және пайдаланушылық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Компания ескірген жабдықты ауыстырады, өндірістік қуаттарды жаңартады, өндірістік процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерін, газ ағуын анықтау жүйелерін және басқа да қауіпсіздік жүйелерін ауыстырады.

   Халықаралық талаптарға сәйкес болу үшін 2007 жылы Компания OHSAS 18001:1999 «Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджментіжүйесі» талаптары бойынша сертификатталды.


 

       6  Шама бірлік Эталоны

 

Өлшеудің ерекше құралы болып эталон табылады.

Халықаралық метр эталон, 1889 -1960 жылдар

Эталон (фр. etalon) - мөлшерлерін өлшемнің басқа құралдарына беру мақсатында шама бірлігін жаңғырту және сақтау үшін пайдаланылатын аса дәл өлшем. Эталоннан шама бірлігі разрядты эталондарға беріледі, ал олардан - өлшеудің жұмысшы құралдарына беріледі.

Эталондар алғашқы, екінші ретті және жұмысшы болып жіктеледі.

Алғашқы эталон - ғылыми-техникалық жетістіктердің қазіргі деңгейінде өлшеулердің осы саласында мүмкін болатын ең жоғарғы дәлдікпен физикалық шама бірлігін сақтайтын эталон. Алғашқы эталон ұлттық (мемлекеттік) және халықаралық болуы мүмкін.

Арнайы эталон - алғашқы эталоннан бірлік мөлшерін тікелей беру қажетті дәлдікте жүзеге асырылуы мүмкін емес ерекше жағдайларда бірлікті жаңғыртуды қамтамасыз етеді және осы жағдайларда алғашқы эталон қызметін атқарады. Ұлттың эталонды ел үшін метрология бойынша ұлттық орган өлшемнің бастапқы құралы ретінде бекітеді. Қазақстанда ұлттық эталондарды ҚР Мемстандарты бекітеді. Халықаралық эталонды өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросы (ӨСХБ) жасайды және қолдап отырады. ӨСХБқызметінің маңызды міндеті әр түрлі елдердің ірі метрологиялық лабораторияларының ұлттық эталондарын халықаралық эталондармен салыстыру, сондай-ақ оларды өзара салыстыру болып табылады. СИ жүйесінің негізгі шамалары да, туынды шамалары да салыстырылады. Салыстырудың белгілі бір мерзімдері анықталған. Мысалы, метр және килограмм эталондары әрбір 25 жыл сайын, ал электрлік және жарықтық эталондар - 3 жылда бір рет салыстырылады.

Алғашқы эталонға екінші және жұмысшы (разрядты) эталондар бағынады.

  • Екінші эталондардың бейнелейтін бірліктерінің өлшемдері мемлекеттік эталонмен келісіледі. Екінші эталондарды ҚР Мемстандарты, немесе мемлекеттік ғылымиметрологиялық орталықтар бекітуі мүмкін.

  • Жұмысшы әталондар бірліктің өлшемдерін екінші эталондардан қабылдайды және өз кезегінде өлшемнің жұмысшы құралдарына өлшемді беру үшін қолданылады.

  • Екінші ретті эталон сәйкес физикалық шаманы алғашңы эталонмен салыстыру жолымен алынатын бірлік мөлшерін сақтайды. Екінші ретті эталон салыстырып тексеру жұмыстарына қажет болған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік эталонның тез тозуға ұшырамауы үшін жасалады және бекітіледі.

Метрологиялық арнаулылығы бойынша екінші ретті эталондардың түрлері:

Информация о работе Торапты газ құбырларының жалпы сипаттамасы