Вентиляция и пневмотранспорт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 20:10, курсовая работа

Краткое описание

Желдетуге қойылатын талаптар:
1. Санитарлы гигиеналы талап;
2. Технологиялық талап;
Желдету жүйесінің санитарлы-гигиеналық тағайындалуы бұл өндірістік ғимарат бөлмелерінде санитарлық норма талаптарына сай қажетті ауа жағдайын туғызу және оны лас, әрі құрамында әртүрлі газдары бар ауаны шығару арқылы жүзеге асыру.

Вложенные файлы: 1 файл

zheldetu.docx

— 1.01 Мб (Скачать файл)

Жұмыс жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыс нүктесінің орны өзгерді. Желдеткіштің жаңа жұмыс көрсеткіштері: . Таңдау жұмысы дұрыс орындалды.

Желдеткіш білігінің қуаттылығын анықтау   Nв , кВт:

 

 

 

 

 

 Желдеткіштің  жетектегі электрқозғалтқыштың  қуаттылығы Nэ, кВт анықталады:

 

 

 

мұндағы   k - қуаттылық қорының коэффициент

  1 - желдеткіштің мойынтірегіның ПӘК, 1 = 0,97÷0,98

  2 - клиноремендік берілістің ПӘК 2 = 0,96÷0,98

 

 

 

Табылған  есептік параметрлер бойынша  АИР112М4 электрқозғалтқышы таңдалды. Электрқозғалтқыштың параметрлері:

      өнімділігі  2,7 – 7,2 м3/сағ;

 

 

2.7 сурет. Желіге соңғы желдеткіш таңдау барысында таңдалған ВР-120-45-5 желдеткішінің жұмысы

 

Беріліс саны есептеледі:

 

 

 

мұнда     nв= желдеткіштің жұмыс дөңгелегінің айналу жиілігі, айн/мин;

       nэ= электрқозғалтқыш білігінің айналу жиілігі, айн/мин;

 

 

 

Желдеткіштегі жетектегі шкив диаметрі стандартты диаметрлер қатарынан таңдалады dж.ш. мм. Желдеткіштегі жетекші шкивтің диаметрі dэ.ш. есептеледі

 

 

 

 

 

Стандартты  диаметр қатарынан жетекші шкив таңдалады:

 

dэ.ш. = 200мм. [6]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Желдеткіш қондырғыларын пайдалану  кезіндегі техника  қауіпсіздігі

Осы желдеткіштердің жүйесіне, құрастырылуына және пайдалануға қойылатын  өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі – Талап) Қазақстан  Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»  заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және жарылыстан қорғалған  желдеткіштерді жобалауға, құрылысына, пайдалануға, қайта салуға, техникалық қайта жабдықталуға, консервациялау мен таратуға пайдаланылады.

Жарылыс қауіпті өндірістер үшін желдеткіштердің  түрі мен орындалуын таңдауды тасымалданатын жарылыс қауіпті қоспа санаты мен тобына байланысты жобалық ұйым анықтайды.

Белгіленген санаттар мен топтардың жарылыс  қауіпті қоспаларын тасымалдауға арналған желдеткіштерді басқа да төмен санат  пен топқа жататын жарылыс  қауіпті қоспаларды тасымалдау үшін қолдануға болады.

Желдеткіштерді  пайдалану осы Талапқа, дайындаушының  пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.

Желдеткіштермен тасымалданатын жарылыс қауіпті  қоспалар концентрациясы жарылыстың төменгі  концентрациялық шамасының 50 % аспайды. Бақылау операторға және қажеттілігіне қарай АҚАҚ жүйесіне дыбыстық сигнал берумен үздіксіз әрекет аспабымен жүзеге асырылады.

Авариялық жағдайларда жарылыс қауіпті  қоспа концентрациясының пайда  болуымен технологиялық жабдықтың  толық тоқтағанына және үй-жайдан жарылыс қауіпті қоспа шығарылғанға дейін желдеткіштердің жұмысына рұқсат беріледі.

Желдеткіштерді  пайдалану басталғанға дейін  оларды қауіпсіз пайдалануға белгіленген  тәртіпте оқудан және білімді тексеруден өткен жауапты тұлға тағайындалады.

Технологиялық регламент – өндіріс тәсілдерін, технологиялық нормативтерді, техикалық  құралдарды, шарттарды және технологиялық  процессті жүргізу тәртібін орнататын, стандарттардың талаптарына жауап беретін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуін орнататын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.

Желдеткіштердің ақаусыздығы мен жұмысын пайдалану  персоналы ауысымына кемінде  бір рет нәтижесін ауысым журналына  жазумен жүргізеді. Желдеткіштерді жарылыс қауіптілік шарттарын бұзумен  пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгіленген нормадан жоғары жарылыс қауіпті  шаңы бар ортаны желдеткішпен тасымалдар алдында ол тазалануға жатады. Желдеткіштің өтетін бөліктерін шаңнан тазалау ұйымның  техникалық жетекшісі бекіткен кестеге  сәйкес кезеңді жүргізіледі.

Кезеңді тазалау тасымалданатын шаңауалық  қоспа өлшемдері мен тұндырылған  өнімдердің физика-механикалық қасиетіне  байланысты желдеткіштерді пайдалану  тәжірибесі негізінде белгіленеді.

Жарылыс қауіпті агрессиялы ортаны тасымалдайтын  желдеткіштерді пайдалану процесінде желдеткіштердің ағынды бөлігінің  тоттану тереңдігін кезеңді тексеру  жүргізіледі. Тоттану тозуының тереңдігін тексеру кезеңділігі мен тәсілін  орта агерессиялығы деңгейіне байланысты пайдаланушы ұйым белгілейді.

Жылытудың барынша көп температурасы техникалық сипаттамада көрсетілген және жарылыс  қауіпті қоспаның осы тобына рұқсат берілген температурадан жоғары болмайтын, барынша шекті рұқсат берілетін  температурадан аспайды.

Қадағау кезеңділігі мен тәсілі желдеткіштерді пайдалану бойынша нұсқаулықта  көрсетіледі.

Желдеткіштерді  пайдалану кезіндегі ұзақ үзіліс кезінде мойынтіректерде тоттануды  болдырмау бойынша шаралар қабылданады.

Резервті  желдеткіштер әрбір 3-4 аптада сайын  қысқа мерзімге іске қосылады.

Пайдалану процесінде қозғалтқыш иінін қосу жалғастырғышы  мен жұмыс дөңгелегі иінінің  немесе шкив пен электр қозғалтқыш иініндегі қайыс пен жұмыс  дөңгелегінің жағдайы көзбен шолып  қарау қажет. Жалғастырғыш тегістіктері бір-біріне тимейді. Қайыстардың техникалық қарау процесінде тексерілетін біркелкі тартулары болады.

Желдеткіштерді  пайдалану кезінде дірілді оқшаулағыштар  тоттануға ұшырамауы және барлық бекіту бөлшектері тартылған болуы  қадағаланады.

Желдеткіштерді  пайдалану процесінде жұмыс дөңгелегінен статикалық электрді қорғау үшін жетек  иініне щеткалардың толық жанасуын қадағалау жүзеге асырылады.

Қадағалау кезеңділі мен тәсілі желдеткіштерді пайдалану бойынша нұсқаулықта  көрсетіледі.

Желдеткіш бірден тоқтатылады, егер:

желдеткіште, қозғалтқышта немесе қосу жалғастырғышында тарсыл, соғылу және діріл пайда  болса;

желдеткіш пен қозғалтқыш түйінде температура  рұқсат берілгеннен артса;

іргетасты сызат болса;

желдеткіштен  немесе ауа өткізгіштен газдың не будың ағуы болса.

Жұмыс дөңгелегінің қайтадан теңгерілу салдарынан желдеткіш  тоқтаған жағдайда ол қосылар алдында  теңгерілім жағдайы тексеріледі.

Жабдықпен құрылымды байланысты немесе технологиялық  схемаға қоса салынған барлық желдеткіштерді, жарылыс қауіпті үй-жайда орнатылған басқа желдеткіштерді бір уақытта  тоқтату жағдайында ғимараттан және басқару үй-жайынан тыс орнатылған құрал көзделеді. [7]

  

4. Астық өңдеу кәсіпорнындағы қоршаған ортаны қорғау

 

Атмосфералық  ауаны қорғау туралы заң қабылданған. Бұл заңмен атмосфераға ластағыш заттардың жіберілетін шекті  нормасын бекіту туралы талаптар қарастырылған. Ластанудың әрбір қайнар көзіне нормаларды бекітеді. Атмосфераға зарарлы заттектердің шығарылуы жіберілетін шекті  концентрациядан аспауы тиіс.

Заң бойынша  стационарлы қайнар көзбен атмосфераға  зарарлы заттектердің шығарылуы  атмосфералық ауаның қорғалуын қамтамасыз ететін нормалар мен басқа талаптарды сақтау барысында жіберілуі мүмкін.

Егер  өнеркәсіп ауаға зарарлы заттардың  және физикалық ластаушы заттардың  ықпалын төмендете алмаса, онда бұл  кәсіпорындар жабылады немесе өнеркәсіптік профильге өзгерістер енгізеді.

Атмосфералық  ластануды төмендету үшін зарарлы  заттардың құрамындағы шаңның жоғары қосындысын аздату қажет.

Атмосфераға шаңның шығарылуын төмендетудің келесі негізгі жұмыстары: атмосфераға  ауаның шығарылуын төмендету; оның шаңдық құрамын төмендету.

Ауаның  шығарылуын төмендету. Бұл жабдықтан  сорып алынатын ауаның санын төмендету  барысында; жабдықтан сорып алынатын ауаның бекітулі циклін қолдану барысында; ауаның бекітулі циклі бар жабдықты қолдану барысында; периодты жұмыс  істейтін жабдықтарда ауаны шығаратын  қондырғыларды орнату барысында; ауаның рециркуляциясы барысында мүмкін.

Ауаның  бекітілу циклі бар жабдықты қолдану. Бұл жабдыққа мыналарды жатқызады, мысалы, ауалық сепараторлар, бұл жабдықтарда  ауа жабдықтың ішінде айналып, өнімді аэродинамикалық қасиеттермен ерекшелетін  қоспалардан тазалайды.

Ауаның  рециркуляциясы. Аспирационды қондырғылардан шығатын ауаның жартысын цехтерді жылыту негізінде бөлмелерге қайтадан  оралту болар еді. Бірақ бұл үшін ауаның құрамындағы шаң 30%-дан жоғары болмайтындай ауа шаңнан тазалануы  керек. Өрт пен жарылыстардан  қорғалу үшін шаңның жіберілетін  шекті концентрациясын қадағалау  қажет.

Шығарылатын ауаның шаңдық құрамын төмендету. Бұл  шара келесі жағдайда мүмкін:

  • Жабдықтан алынып тасталынатын ауамен бірге шаңның мөлшерін төмендету;
  • Шаңнан ауаны тазартудың рационалды сұлбасын қолдану;
  • Шаңды ұстайтын жабдықтардың сапасын және жұмыс істеуін жоғарылату. [8]

 

Қорытынды

 

Курстық жобада ұн зауытының майдалау бөліміндегі жабдықтардың аспирациясы үшін желдеткіш қондырғылардың негізгі есебі және астық өңдеу мекемелері үшін олардың маңызы қарастырылған. Курстық жұмыстың түсіндірме бөлімі 32 беттен, графикалық бөлімі А1 форматына сызылған 2 суреттен тұрада. жұмыста 1 кесте, 15 сурет бар.

Жобалау сұрақтары және желдеткіш қондырғыларды  құрастыру технологиялық бөлімінде  қарастырылған.

Ұн зауытының  майдалау бөлімінің аспирациясы үшін қабылданған желдеткіш қондырғылар туралы мәліметтер берілген, бұл бөлімде 3 машина орнатылады, олар: 4БЦШ-350 типті батареялы циклон, РЦИЭ 10,4-16 типті фильтр – циклон және ВР-120-45-5 типті желдеткіш.

Желдеткіш желінің есебі қарастырылған, магистральді бағыты анықталған, желдеткіш, шаңсорғыш және электроқозғалтқыш таңдалып алынған.

Сонымен қатар желдеткіш қондырғыларға  жүргізілетін қызметке қауіпсіздік  техникасы және қоршаған ортаны қорғау қарастырылған 

Қолданылған әдебиеттер көздерінің тізімі:

 

  1. Атагельдиева Л.Ж., Курманова Ш.К., Есембаева У.Б., Абдрешев Ш.А. «Өндірістік желдету» - Алматы: ҚазККА, 2008,- 76 бет.
  2. Оңғаров С.Т. «Желдету» оқу құралы, -Алматы, ҚазМСҚА, 1998, -150 бет
  3. Веселов С.А., Веденов В.Ф. «Вентиляционные и аспирационные установки предприятий хлебопродуктов» -М. КолосС, 2004, -240с.
  4. Вайсман М.Р., Грубиян И.Я. «Вентиляционные и пневмотранспортные установки» - М. КолосС, 1984,-367с.
  5. МЕСТ 31350 – 2007. Вибрация. Вентиляторы промышленные. Требования к производимой вибрации и качеству балансировки.
  6. Зарницына Э.Г., Терехова О.Н. «Вентиляционные установки и пневмотранспорт» - Барнаул, АлтГУ, 2011 - 230с
  7. Желдеткіштердің құрылғысына, құрастырылуына және пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар.  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2011 жылғы «12» қыркүйектегі № 380 бұйрығы.
  8. Могучева Э. П., Устинова Л.В. «Проектирование мукомольных заводов. Ч. 1 Проектирование подготовительного отделения: учебное пособие» - Барнаул, АлтГУ, 2009 – 178 с.

 


Информация о работе Вентиляция и пневмотранспорт