құқық жүйесі және заң жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 16:56, реферат

Краткое описание

Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп-басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.

Содержание

I.Кіріспе
1.Құқық жүйесінің түсінігі және мәні.
1.1.Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктелуі.
1.2.Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатнасы
II.Негізгі бөлім
2.Әлемнің құқықтық жүйелері және Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе.
2.1. Әлемнің құқықтық жүйелері
2.2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 58.77 Кб (Скачать файл)

2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т.б.

3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы: шаруашылық, транспорттық т.б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.

4.  Қорғаныс – әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.

Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т.б.

Сонымен, заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп дамытып отырады. Құқықтың дамып қалыптасу кезеңдері:

1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.

2.  Қатынастарды реттеп-басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.

3.  Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік шегілердің орындалуын жақсарту.

Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.

Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары — құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары:

  1. Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құкық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы; 2) Құқық жүйесінің дамуы; 3) Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.

Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа айналады [10, 100-112 б.].

Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп-басқаруды бірте-бірте коғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.

Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі міндетті түрде заң шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік территориясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп-басқаруға көшуі мүмкін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  I Бөлім

 
 
      

1  ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЬІЛЫМЫ

 
 
   

1.1 Құқық  жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны................5-12

 
 
   

1.2 Құқықтық реттеудін пәні және адістемелері...............................13

 
 
 

II Бөлім

 
 
      

2  Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы..............................14

 
 
   

2.1  Заң шығару жүйесінің негізгі салалары...............................15-16

 
 
   

2.2  Құқық  және заң жүйелерінің даму бағыттары....................16-17

 
 

Қорытынды........................................................................................18-19

 
 

Пайдаланған әдебиеттер........................................................................20

 

Кіріспе        

Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардын субъсктивтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдін тарихи даму барысымең, оның ұлтгық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқык нормалары бір-бірінен келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі құқықтық принциптердің бірлігімен камтамасыз етіледі және атқаратын функцияларымен құқықтық мақсаттарға сай болады.    

Құқық жүйесінің өзі, шын мәніңдегі қоғамдық қатынастардың сипатына қарай, оларға мақсатты ықпал жасайды. Онын тиімді болуынын өзі, қоғамдық дамудын қажеттілігін калай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге қосқан ұлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты- құқық жүйесінін жағдайына карау, оны жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құкық ережелерінің тұрақтьшығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым толықтыру кажет, себебі коғамдык тәжірибе әр уакытта бір орында тұрмайтыны анық.   

Құқык жүйесі, өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар, өзін құрайтын шартты бөліктерден тұрады - құқық салалары және институттары, олар коғамдык катынастардың жекелеген топтаръш реттейді. Жекелеген құкық нормалары, басқа біржақты, нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа құқык институттарына жатады.  Сондай қызметтеріне байланысты құқық нормаларының реттеу рөлі көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді.      

Құқықтық институттар бірігіп, сол қоғамнын кұқық жүйесін құрайтын кұқык саласына айналады.     

Құқық жүйесі — құқыктың ішкі құрылымы, барлық кұкык нормаларының бірлігімен, келісімділігімен, олардың салапарға қосымша салаға, құқықтық институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді.   

Қоғамдағы құрылған құқық жүйесі осы елдіңтарихи дамуындағы заңдышық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен және қажеттілікпен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды.     

Жүйе, философиялык түсінік ретіңде - бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болады. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды орындай алмайды. Құкық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді.   

Құқық - жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады: біріншіден, құқық - жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс. Құқық нормалары, объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол жүйенің қатынастарыи көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік ықпалын тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады.   

Былайша айтқанда, заңдар немесе нормалар, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білмесе, ол - өз мәнінде жүргізілмеген кұқықтың шығармашылық нәтижесі.    

Құқықтық жүйе - біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым қатынастығымен сипатталады. Олардың ретгеу күші, жалпылама алға қойған мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде.  

Құрамның әрбір бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік  қызмет әрекетіиен және әлеуметтік маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, кұкык жүйесі - көп салалы өзіне мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да өзгеше, кұрамдық бөліктерін косып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан, кұкык жүйесі құқық нормаларына, құқық институтына, әр түрлі салаларға және сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай бөліну, кұкык жүйесінің көрсететін және реттейтін коғамдық катынастардың жан-жақтығына байланысты.    

Құқык нормалары - кейіптік қоғамдык катынастарды реттейді, соған сай, алғашкы құқық жүйесінің бөлігін құрайды, ал әр түрлі құқық нормаларынын жиынтығы оның басқа бөліктерін (элементтерін) кұрайды: кұқық институты, құқықтық сала бәліктері және құқық салалары, одан да қиын қоғамдық қатынастар құрамының бөліктерін реттейді.

 


Информация о работе құқық жүйесі және заң жүйесі