Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 19:41, курсовая работа

Краткое описание

Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗІМІ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................5
1.1 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері...................................................................................................................5
1.2 Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары...................................................................................................................8

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНА СӘЙКЕС ҚЫЗМЕТ ЕТУІ............................................................................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы..........................14
2.2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары............................16
2.3 Қазақстан Республикасының сот билігі...........................................................19

ҚОРТЫНДЫ..............................................................................................................25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

memleket_mekhanizmi.docx

— 105.20 Кб (Скачать файл)

7) аудандық сот төрағасы  қызметінің бос орнына кандидатураларды  қарайды және оның нәтижелері  бойынша тиісті қорытындылар жасайды;

8) уәкілетті органға облыс  соттары әкімшісін қызметтен  босату туралы ұсыныс енгізеді;

9) судья қызметіне кандидаттардың  тағылымдамадан өту қорытындыларын  қарайды және Әділет біліктілік  алқасына тиісті қорытынды береді;

10) заңда көзделген басқада  өкілеттіктерді жүзеге асырады;

2. Жалпы отырыс облыстық  сот судьяларды жалпы санының  кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.

3. Облыстық соттың жалпы  отырысының жұиыс тәртібі ол  бекіткен регламентпен анықталады. [18, 86-б]

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Курстық жұмысты қорыта келсек: алдында қойған мақсат пен міндетке жеттім. Яғни, Курстық жұмыстың ең алғаш мақсаты: мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органның жүйесін зерттеу болды. Оны мен толығымен аштым және әр түрлі әдебиеттерінен алып зерттедім.

Мемлекет қоғамның саяси ұйымының бір түрі ретінде мемлекеттік биліктің арнайы органы көмегімен қоғамды басқаруға құрылған. Мемлекет органдарымен мемлекеттің жүйесі арқылы мемлекет құрылымы мен мақсаттарын жүзеге асыратын бірден-бір орган мемлекет аппараты болып табылады.

Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтеріне  келетін болсақ - мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Олардың комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік билікті, оның қызметі мен міндеттерін іске асыру үшін белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері іске асырылатын органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз.Мемлекет механизмі мынадай бөліктерден тұрады: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік ұйым, мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, ақша – қаржы қоры.

Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидаларына келетін болсақ – мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны. Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің "алғашқы клеткаларының" бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты қамту) мемлекеттік органдардың сипаты өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықытары болса да, құзыреті басқа құрылымдардың құзыретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.

Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органдарына келетін болсақ – заң шығарушы биліктің тармағы – бұл Қазақстан Республикасының өкілді органы: Парламент.

Парламент – заң шығарушы функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық – мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуінің қамтамасыз ету қажеттігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Презинденті тағайындайды.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутатының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарына келетін болсақ – Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына ҚР Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

 

 

1.Ашитов З.О. "Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері". Алматы "Жеті Жарғы" 2003 жыл., 66 бет.

2.Ашитов З.О. "Егемен Қазақстанның құқығы". Алматы "Жеті Жарғы" 2003 жыл., 54 бет

3.Абдулаев.М.И. Теория государства и право. Питер 2003., 123 бет

4.Булгакова Д.А. Теория государства и право. Учеб.пособие Алматы 2007., 132 бет

5.Баянов Е. "Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері". Алматы 2003 жыл, 125 бет

6. «ҚР Үкіметі туралы». Алматы 2010 жыл, 1-бап

7.«ҚР Конституциясы». Алматы 2010, 34 бап

8.«РФ Конституциясы». Москва 2010, 15 бап

9.М.Ш. Байтин "Мемлекет және құқық теориясы". Алматы 2009, 78 бет

10.Радько Т.Н. Теория государства и права: Учебник для вузов. М.: Академический Проект, 2005, 220-221 бет.

11.«РФ Конституциясы». Москва 2010, 15 бап

12.Венгеров А.Б. Теория государства и право. Москва., 2000., 111 бет

13.Жоламанов К.Д. "Мемлекет және құқық теориясы". Алматы "Эверо" 2004., 32 бет

14.Курс теории государства и права. Под. ред. И. П. Марова., Тюмень 2004., 227 бет

15.Матузов.Н.И.,А.В.Малько "Теория государства и право .Москва. Юристь 2005., 156 бет

16.Нерсесянц В.С. Теория государства и права. Москва., 2001., 148 бет

17.Общая теория государства и права. Курс лекций .Под.ред. Б.К.Бабаева.,Новгород 2007., 185 бет

18.Общая теория права и государства. Под.ред. В.В.Лазарева., Москва 2005., 86 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


Информация о работе Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы