Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 13:38, доклад

Краткое описание

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі, өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарына барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып,оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да толық құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық жан-жақты көрініс табуы болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

доклад.docx

— 53.39 Кб (Скачать файл)

Азаматтардың Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтары-қылмыстық қол сұғудың объектісі. Демек, мұндай қылмыстық құқықтық нормаларға жауаптылық түгелдй Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің 3 тарауында болуы керек еді. Бірақта жаңа қылмыстық Кодексте бұл мәселе басқаша көрсетілген. Қылмыстық Кодекстегі азаматтардың заңды кәспкерлік қызметіне кедергі жасағаны үшін жауаптылық объектісі азаматтардың конституциялық құқығына қол сұғуға бағытталғанына қарамастан ол құрам экономикалық қызмет саласындағы тарауынан орын алған. Адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (268б.)объектісі азаматтардың конституциялық құқығы Бұл құрамда Қылмыстық Кодекстің 10 тарауындағы халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қарсы қылмыстар деген тауарға көшірілген. Осы жоғарыда көрсетілген заңдағы қайшылықтарды жою және қылмыстық құқықтық нормалармен қорғалатын азаматтардың конституциялық құқықтарымен бостандықтарына қылмыс объектісіне сәйкес келетін қылмыстық жаза белгілеу адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық стандартын жүзеге асырудың кепілі болмақ.

 

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы 
Кез-келген қылмыстық істі тергеу кезінде ең алдыменен қылмыстың объективтік 
Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз: белгілі жағдайларда  
орында және уақытта өтіп жатқан, 
объектіге зиян келтіретін нақты  
Кодексінің Ерекше бөлімі бабының диспозициясында көрсетіледі.  
Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабының 1-бөлігінің дизпозициясына 
а) денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қоғамдық 
б) денсаулыққа келтірілген ауыр зиян түріндегі 
в) әрекет пен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық қасақана ауыр зиян келтірудің көрсеткіштері:

Еліміз бойынша қылмыс саны жыл сайын өсіп келеді, ол мына көрсеткіштерден көрінеді: 2008 жылы ҚР-да 165401 қылмыс тіркелді, 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 104, 2009 жылы 142100; 2010 жылы 139431, 2011 жылы 150790 көрсеткіште жетті. Ал денеге қасақана ауыр зиян келтірудің саны да өрістеу үстінде. Ол соңғы 5 жылда мынадай көрсеткіштермен бейнеленеді: 2008-3700; 2009-3811, 2010-4123;2011-5176 қылмыс. Сонымен денеге қасақана ауыр зиян келтірудің саны да жыл сайын  өрістеу үстінде. 2010 жылы 4123 қылмыс денсаулыққа қасақана ауыр  зиян жарақат салу ретінде тіркелсі, 2011 жылы ол көрсеткіш 5176-ге жеткен, яғни бұл тұрғыдағы қылмыстың өсуі  бір жылдың 4,3 пайызға жеткен. 2010 жылмен салыстырғанда қылмыстың бұл түрі Қызылорда облысында 48, Оңтүстік Қазақстан облысында 42, Атырау облысында , Ақтөбе облысында 20,8 пайызға жеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2010 жылмен салыстырғанда қылмыстың бұл түрі Қызылорда облысында 48, Оңтүстік Қазақстан облысында 42, Атырау облысында , Ақтөбе облысында 20,8 пайызға жеткен.

 

 

 

 

 

 

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің құқықтық тарихи сипаттамасы

 

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге байланысты көптеген теориялық даулы пікірлер бір арнаға келтірілмеген, осыған орай осы құрамды қылмыстық саралау, оны ұқсас қылмсы құрамдарын ажырату көп қиындықтар туғызуда. Қылмыстық құқықтық теориядағы  әлі күнге даулы мәселелердің бірі келтірілген дене жарақатының  дәрежесін анықтайтын белгілердің бір жолға қойылмауы. Мұндай  кемшіліктерге жол бермеу үшін сот, тергеу материалдарына терең талдау жүргізіп, осы тұрғыдағы әртүрлі теориялық пікірлерге толық, жан жақты ғылыми талдау жасап, осы қылмыстан сақтандыруда негіз болатын ғылыми ұсыныстар жасау қажет. Біздің мемлекетімізде адам өмірін, денсаулығын қорғауға барынша мән беріледі. Ел басы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауында қоғамдағы ең игілік-адам, оның денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп, мұндай асыл қазынаға құқықтық қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолданылуы қажеттілігін бірнеше рет айтқан еді.

 

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстарды зерттеген ғалымдардың туындыларында көрініс тапқан. Денеге жарақат келтіру мәселелеріне өткен ғасырларда Н.С: Таганцев, С.В: Познышев, И.Л. Фойницкийлер ерекше мәне берген.  Денеге жарақат келтірудің түсінігі, оларды жүйелеу осы құрамды басқа құрамдардан ажырату мәселелеріне осы ғалымдар тиісінше көңіл бөлген. Қазан төңкерісінен кейін 1922 жылғы РСФССР Қылмыстық Кодексінде денеге жарақат келтіру үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері А:А: Жижиленконың, З.А. Вышинскийдің, М:Д. Шаргородскийдің, А.С. Никифоровтың, П.А. Дубовецтың ғылыми еңбектерінде зерттелді. Сонымен қатар, осы құрамның қылмыстық құқықтық қырлары А.П. Филиповтың (1964 ж.), В.К. Жуковтың, И.А. Исмаиловтың (1966) жұмыстарында арқау болды. ҚР-да денеге жарақат келтіруге байланысты аздаған зерттеулерді А.Н. Ағыбаев, Ғ.Ы. баймурзин, Г.Р. Рустемова, С.Х. Жатбаев сынды ғалымдардың еңбегінен көруге болады. Бірақ бұл проблема Қазақстан Республикасында арнайы зерттеу объектісі болған емес. Соңғы ширек ғасырдан астам уақыт арасында денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келітру құрамы төңірегінде арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар жоқтың қасы.

Қылмыстық-құқықтық ғаылымда денеге жарақат салу түсінігіне тек қана Қеңес уақытында емес, сол сияқты революциядан бұрынғы уақыттарда да, қазір де біртекті пайым орын алған жоқ. Пікірлердің әртүрлілігі негізінен денеге жарақат салудың объектісі денсаулық немесе одан денесіне қол тигізбеу ме, сонымен қатар ұру, соққылау және басқа да күштеу әрекеттері адамның денесін жарақаттау объектісіне жата ма, жатпай ма деген мәселе төңіререгінде болуда. Денеге жарақат салу түсінігін кейбір автолар кең мағынада түсінді. Мысалы: Н. С№ Таганцев «Адам денесін ауыртатын немесе қасірет әкелетін брлық жағдайларды денеге жарақат келтіргендік деп қарау кғерек» десе 5,б.139 ,С.В. Познышев «Денеге жарақат салуға басқа бір адамға ұзақ мерзімді кеселкелтіру ғана емес, сонымен қатар қатар қысқа ізсіз келетін мерзімге әкелетін денсаулығын бұзұға бағытталған жан сырқатын салу да жатады», - дейді. Сол сияқты И. Л. Фойницкий дене жарақатын салуды жеке адам құқығына күш көрсетумен бірге, адам денесінің тұтастығына қол сүғу, адамға дене ауруын әкелетін кез келген әрекеттер жатады дейді.

А. А. Жижиленко денеге жарақат келтірудің түсінігін адам денесінің бейтараптылығы мен адамға қарсы кез – келген тұрғыда күш қолданудың жиынтығы қарау деген тоқтамға келеген.

Теориялық көзқарас бойынша,денеге жарақат салудың мұндай кең анықтамаларын бірегей дүрыс днп табу ақылға симайды.Мұндай анықтамалар іс жүзінде өзін ақтаған да жоқ. Қазіргі заң әдебииеттерінде денеге жарақат салудыңосыншалықты кең түсінігіне назар аударылып отырганын да айта кетуіміз керек . Мысалы:, А№С№ Никифоров, А.А. Жижиленконың пікірін сынай келеп «Мәні және қоғамға қауіптілік дәрежесі әртүрлі жәбірленуші денесін ауыртатын іс әрекеттердің бір түрлі қылмыс қатарына жатқызылуға болмайды» деп жазған.

Сол сияқты әдебиеттерде бір біріне қарама қарсы пікірлерде айтылған, П:А. Дубовец былай деп пайымдайды: «соққы және ұрып соғу, т.б. күш қолдану әрекеттері денеге жарақат әкелетін болғандықтан, басқа да әр түрлі дене жарақатына әкеліп соқтыратындықтан адам денсаулығына залал келтіреді».Осылай дей отырып ол «Мұндай қасірет адамның денесінің қалыпты денсаулығына, функционалдық қызмет атқару  мүмкіндігіне тосқауыл қояды, өзгеріске түсіреді. Сондықтан да,медициналық әдебиеттердегі сілтемелерді бағаланымыз жөн деп тұжырымдайды». Ұру, ұрып соғу, т.б. күш көрсету әрекеттерінің бәрі дене жарақатына әкеліп соқтыратынын басқа авторларда ұсынған.

Дене жарақатының осыншалықты көлемде ұғындырылуына келіс қою дұрыс емес секілді. Адамның жанын ауыртудың жолдары көп қой, мысалы, қолды қатты қысып сәлемдесудің салдарынан адамның қолының қан айналымы белгілі бір шамада бұзылу мүмкін. Тіпті қолдың ауырғанын да сезінуге болады. Солай бола тұрса да қолды осылай қысуды денеге жарақат салу үшін істелді деп үзілді кесілді айтуға болама? Міне, осы себепті бұл жағдайды соттық-медициналық сараптама актісінде тіркеуге алуға болмайды. Бұл мәселелер, дене жарақатын салу жөніндегі бірсыпыра елдердің Ережелерінде айтылған. Тап бұл жерде оған қосып алатын еш нәрсе жоқ. Тек қана П.А. Дубовец, мұндай іс әрекеттер орын алса қолды қатты қысуды айтып отыр, басқа да дәлелдемелердің көмегімен анықтау қажет деген пікірге келген. Бұл пікір жаңсақ. Өйткені, ҚІК сәйкес денеге жарақат келтіру сот медециналық сарапшының қорытындысы негізінде ғана анықталады.

А.А. Пионтковский былай дейді: адамға дене ауыртпалығын әкелетін ұру, ұрып соғу және басқа да күш көрсету, басқа да дене жарақатын алудан немесе ағзалық зақымданудан былайша ерекшеленеді:мұндай жағдайда адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне залал келтірілмейді. Міне, осы себепті, А.А. Пионтковскийдің пікірі бойынша адам денсаулығына елеулі түрде, зиян келтірілмеген жағдайда, әлгі айтқандарды ескере отырып, дұрыс шешім жасалынуға тиіс деген пікірге тоқтайды. Енді А:А. Пиотковскийдің екінші бір сөзіне тағы назар аударуға тура келеді. А.А. Пиотковский: ұру, ұрып соғу, күш көрсету әрекеттері адам денесінің тұтастығына нұқсан келтірмегеннің өзінде оны денсаулыққа келтірген зияны бойынша, денеге жарақат салудеп бағалағанды дұрыс деп ұсынады.

Көптеген авторлар жарақат келтіруге денсаулыққа зиян келтіруді ғана жатқызады да, жәй ұруды, соққы беруді, басқа да зорлық әрекеттерін дене жарақатына жатқызбайды. Мұндай көзқарас біздіңше дұрыс та сияқты.

Ұру, ұрып соғу тағы да күш көрсету әрекеттері нәтижесінде денсаулыққа белгілі бір дәрежеде зиян келтіріле тұрғанымен, ол оншалықты елеусіз болғандықтан оны сот сараптамасы және сот басшылыққа алуға тиісті емес. Сонымен, мұны заң назарға алмайды. «дене жарақатының мәні дегеніміз,дейді –В.К. жукова, - жарақат салудың кез келгеніне емес белгілі бір дәрежеде елеуге тұрарлығына, яғни айтқанда, денсаулықты елеулі түрде нашарлатуға әкеліп соқтыратынына назар аударған жөн», деп санайды.

Осы заманның да М.М. Гродзинский «...денсаулықты бұзуға байланыссыз болатын денеге жарақат салу дененнің өзінің бар екеніне күман келтірмеске амал жоқ...барлық түрлі денеге жарақат салу әрекеті қалай болғанда да денсаулықты белгілі бір дәрежеде бұзбай қоймайды», -деп жазған еді.

 

Қылмыстың құқықтық сипаттамасын басқа елдермен салыстыру Қазіргі қылмыстық құқықтық әдебиеттерде дене жарақатын салу деген ұғымға бір адамның құқыққа қарсы әкеліп, екінші адамның еркінен тыс оның денесінің анатомиялық тұтастығын бұзуын, тәнімен органдарының физиологиялық функциясына сырттай әсер ету факторлары арқылы, денсаулығына зиян келтіру деп есептеп жүр. Міне, осы айтылған жағдайлардан келіп мынадай қорытынды шығаруға болады Ұру, ұрып соғу тағы да күш көрсету әрекеттері айналып келгенде адам денесіне ауыртпалық әкелумен байланысып тұрса да, бірақ денсаулықтың бұзылуына, ағзалардың физиолгиялық қызметінің шайқалуына әкеліп соқтырмайтын болса да, онда сол денеге жарақат салуға жатқызылмайды. Мұндай іс әрекеттер істеу жеке қылмыс құрамын түзуі мүмкін. Міне осы көзқарастарда келіп денеге жарақат салудың ауырлығын анықтау жөніндегі ереже, ұрып соғудың дөнеш ерекше  түріне жатпайтынын кесіп айтты.

Солай бола тұрса да бірсыпыра елдердің қылмыс кодекстерінде (РФ, Беларусь) «қасақана денеге жарақат салу немесе ұрып соғу нәтижесінде адам денсаулығына қысқа мерзімді қалыптан ауытқушылық әкелетін немесе еңбегіне жарамдылықты тұрақты түрде емес бірақ елеусіз зиян келтіретін...» деген сөздер бар. Міне, осы сөздерде бір баптың өзінде қылмыс болмысы бойынша екі түрлі жағдай әңгіме болып отыр. Мұның өзі мәселенің дұрыс шешілуіне және оларды практикада дұрыс қолдануға мүмкіндік бермейді. Қылмыстық Кодексте «денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтыратын ұрып соғу» деген бөлек бөлек құрамды білмейтінін, қабылдамайтынын да айта кетуіміз қажет бұл жерде. Егер ұрып соғудың нәтижесінде денсаулық бұзылатын болса, немесе еңбекке жарамдылық қысқа мерзімге жоғалатын болса, онда дене жарақатын салу өзінен өзі көзге көрініп тұрған жоқ па? Бұл жерде ұрып соғу дене жарақатын салудың құралы ретінде айқын көрініс береді. Денеге жарақат салудыңқұралдары (механизмдер әрекеті, химиялық заттар және т.б.) көп. Сондықтанда қылмыстық заң диспозицияларға тек қана ұрып соғуды денеге жарақат салудың бірғана құралы деп түсіндіруді негізделген деп айта алмаймыз.

Әрі қарай бір баптың санкциясы шеңберінде денеге жарақат салған үшін, немесе ұрып соққаны үшін бір дәрежедегі жауапкершілікке тарту,осы әр түрлі қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежелерін бір сапта қарауға әкеліп соқтырмай ма? Міне, осыған байланысты, бұрынғы қылмыстық заңдылықта ұруды, сабауды немесе басқа да күш көрсетуге жауапкершілікті жекелеген баптар бойынша қарастыру туралы неғұрлым дұрыс шешімге келтіруді талап етті.

Осыдан келе тұрып ұрып соғуды және денені зақымдауды (денсаулыққа зиян келтірген)бір бапқа сиғызуды дұрыс шешім деп тануға болмайды. Бұрынғы ТМД кейбір елдердің қылмыс кодекстерінде (Грузия) қысқа мерзімді денсаулық бұзуға әкеліп соққаны үшін жауапкершілікке тарту көзделмеген.

ҚР денсаулық сақтау комитетінің 2004 жылғы 4 мамырдағы «денсаулыққа зиян келтірудің ауырлығын сот медициналық бағалау жөніндегі» туралы №240 бұйрықпен бекітілген. «Ережеге» қарап отыоырп мынаны да байқауға болады. Адам денсаулығының бұзылуы ол бойынша зәбір шеккен кісі кем дегенде ауру жағдайында болуы тиіс. Сонда ғана, денсаулық бұзылады деп есептелетіні сыңайлы. Ал, зәбір шегуші жеті күннен кем уақыт ауырғанда қалай болады?бұл жағдайда денсаулыққа зиян келтірілмеді деп айтуға бола ма? Ережеге сүйенсек, онда алты күннен астам уақытта денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтырмаған бірақ нақты болған жағдай, денсаулыққа зиян келтірілмеген жағдай деп есептелінуге тиіс. Алайда, мұндай жағдайда дұрыс есептеуге ауыз бармайтын секілді. Сол сияқты, осыған байланысты, бірсыпыра елдердің ҚК-гі бұл сөйлем тіркестері сәтті шыққан деп айта алмаймыз. Өйткені, оларда аурудың дәл мерзімі көрсетілмеген және денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуымен еңбек етуге қабілеттің тұрақты, бірақ қысқа мерзімді бұзылуы деген ұғымдардың да  ара жіктері нақты ашылмай қалып отыр. Сонымен қатар, мынаны да айта кеткеніміз жөн. Бірсыпыра ТМД елдердің ҚК-гі баптарда бір күннее астам уақытта денеге жарақат салудан, денсаулықтың бұзылу үшін ол қылмысқа оның жасаған адамның жауапкершілігін талап ететін заңдылық қосылуға тиіс. Ал кейбір баптарда денсаулықтың бұзылуы болмаса, онда дененің жарақаттануы да болмаған деген ұғымды кодекстен алып тастаған жөн.

Жалпы дененің жарақаттануы деген түсінікті пысықтау мәселесі едәуір дәрежеде күрделі болып табылады.  Сонымен қатар, бұл мәселе тек қана заң әдебиеттерінде ғана емес, сол сияқты сот медициналық әдебиеттерде де «дене жарақаттануы» деген түсініктің әр түрлі талданатынынан да қиындылық туғазады. Практикалық қызметте сот медициналық сараптау ісі әлгіде айтылған ережедеге анықтамаларға сүйенумен келеді.ереже көптеген елдерде «дене жарақаттануы» деген түсінікті өздерінше әр түрлі мағынада қолданып жүр. Ереженің түрлі құбылысқа ұшырауы «денені жарақаттау» деп табылатын, денсаулыққа нұқсан келтіретін әрекеттер сырқты әсерлер түр сипаттарына тәнділігімен ерекшеленеді.

Информация о работе Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру