Арболиттен жасалған бұйымдар өндірісінің даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2015 в 08:10, реферат

Краткое описание

Арболит – минералды байланыстырғыш, су, химиялық қоспалар және органикалық целлюлоза толтырғыш (өсімдік табиғатынан) қоспаларының құрамынан таңдап алынатын үлкен қуысты жеңіл бетон. Фибролит, ағашбетон, ксиолит секілді аналогиялық материалдардан арболиттің ерекшелігі оны алу үшін қолданылатын табиғаты әр түрлі органикалық целлюлоза толтырғыштар (ағаш ұсақтамалары, зығыр оты, сора, қамыс, қоза сабақтары, күрiш сабандары), яғни өндіріс қалдықтары кең аталымға ие.

Содержание

Кіріспе
1. Шығарылатын өнім атауы
2. Өндіру тәсілін таңдау және оның негіздемесі
3. Арболиттен ұсақ даналы блоктарды өндірудің технологиялық әдісінің сипаттамасы
4. Технологиялық бөлім
4.1 Арболит қоспасына арналған шикізатқа талаптар
4.2 Арболит қоспасының құрамын есептеу
5. Технологиялық процессті және дайын өнімді бақылау
6. Арболиттен жасалған бұйымдар өндірісінің даму перспективасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

СРС2.doc

— 125.50 Кб (Скачать файл)

 Мазмұны

 

Кіріспе

1. Шығарылатын өнім атауы

2. Өндіру тәсілін таңдау және оның негіздемесі

3. Арболиттен ұсақ даналы блоктарды өндірудің технологиялық әдісінің сипаттамасы

4. Технологиялық бөлім

4.1 Арболит қоспасына арналған шикізатқа талаптар

4.2 Арболит қоспасының құрамын есептеу

5. Технологиялық процессті және дайын өнімді бақылау

6. Арболиттен жасалған бұйымдар өндірісінің даму перспективасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Арболит – минералды байланыстырғыш, су, химиялық қоспалар және органикалық целлюлоза толтырғыш (өсімдік табиғатынан) қоспаларының құрамынан таңдап алынатын үлкен қуысты жеңіл бетон. Фибролит, ағашбетон, ксиолит секілді аналогиялық материалдардан арболиттің ерекшелігі оны алу үшін қолданылатын табиғаты әр түрлі органикалық целлюлоза толтырғыштар (ағаш ұсақтамалары, зығыр оты, сора, қамыс, қоза сабақтары, күрiш сабандары), яғни өндіріс қалдықтары кең аталымға ие.

Ауылшаруашылық құрылысында арболиттен жасалған бұйымдар қабырға панельдері мен блоктары ретінде кеңінен қолданылады. Өндіріс ғимараттары мен имараттарының және мәдени-тұрмыстық ғимараттардың құрылысы кезінде белгілі тәжірибе қалыптасқан. Арболиттің негізінде жабын тақталарын, линолеум мен паркет астына негіз болатын тақталарды, жылуоқшаулағыш бұйымдарды, кеңістіктік құралымдарды алуға болады.

Арболиттен жасалған бұйымдар шет елдерде бір қабатты және биік ғимараттарды тұрғызуда қолданылып, жақсы кепілдеме берді. Отандық және шетелдік тәжірибе бойынша арболит құрылыстық, экономикалық, эксплуатационды қасиеттерімен әжептәуір әсерлі құрылыс материалы болып табылады.

Арболитті  өндіру мен қолдану  кеуекті толтырғышты бетондармен салыстырғанда 1 м2 қабырға материалы үшін материал көлемі, энергия көлемі, ғимарат массасы және үлесті капиталды шығындарды үнемдетеді. Сонымен қатар, басқа да маңызды халық шаруашылығының міндеті – қоршаған ортаны өндіріс қалдықтары мен ауылшаруашылық өнімдерінің ластауынан қорғау шешіледі. Одан басқа, арболитті қолдану цемент шығынын азайтады. Арболиттен 1 м2 қабырға дайындау үшін (жылуқорғауына байланысты қалыңдығы бойынша) керамзитобетонды (бірақ 1 м3 арболит құралымына кететін байланыстырғыш көлемі көбірек) қолданғанға қарағанда 30-35 кг аз цемент пайдаланылады, сондықтан шартты түрде бұл материалдың жоғары жылуфизикалық қасиеттеріне байланысты қабырға қалыңдығы кішірейеді. Арболиттен жасалған қабырға үлкен қуысты болғандықтан, жоғары термиялық кедергі жасайды – бұл жылытуға аз энергия жұмсауға мүмкіндік береді.

Барлық жоғарыда келтірілген қасиеттер арболитті өндіру және қолдану экономикалық жағынан, әрі жылу энергиясын көп мөлшерде үнемдеу үшін тиімді құрылыс материалы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Шығарылатын өнім атауы

 

Ұсақ даналы арболит блоктары тұрғын үй-жайлардың және шаруашылық жайларының (сиыр қора, шошқа қора, құс қора, сарай-қойма, гараж және т.б.) жеке құрылысында  қолданылуға арналған.

Блоктар арболит бетон қоспасынан дайындалады және ρ = 700 кг/м3 тығыздық пен 600×150×250 мм геометриялық өлшемдерге тең.

Блоктар МЕСТ 19222-84 және МЕСТ 19010-82 талаптарына сай дайындалады.

Арболит қоспасының құрамы органикалық толтырғыштардың түріне байланысты жасап шығарушы кәсiпорынның зертханасымен таңдалады. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған стандарттар бойынша органикалық толтырғыштардың фракцияларының арақатынасы, олардың құрамы, цементтің қолайлы шығыны, кг/м3 қоспадағы су мен химиялық қоспалардың көрсеткіштерді қамтамасыз ету есебі анықталады.

Арболит қоспасы қалануы кезінде ауытқуы ±5%-дан көп емес қажеттi тығыздыққа (нығыздалған жағдайда) және 15 ̊С-тан төмен емес температураға ие болуы қажет. 

Қоспаның жiктелу көрсеткiшi 10%-дан көп емес болуы керек.

Кеуектi арболит қоспасының (техникалық вискозиметр бойынша) қаттылығы 30 с-тан көп емес немесе жылжымалылығы 4 см-ден көп емес болуы керек.

Қатқан арболиттiң нақты орташа тығыздығы жобалық 5%-дан аспауы керек.

Бұйымдардағы арболит маркасы аязға төзімділігі бойынша пайдалану тәртібінің және құрылыс ауданының климаттық шарттарына байланысты жобалау нормаларына сәйкес қолданылып, F 25-тен төмен болмауы қажет.

Бұйымдардағы арболит ылғалдылығы тұтынушыға тиелген кезде 25% -дан аспауы керек.

Арболит бұйымдарының массасы тұтынушыларға тиелген кезде сапасы жоғары санатты бұйымдар үшін жобалық (МЕСТ 19222-84-те көрсетілген, рұқсат етіліп өткізілетін белгілі ең үлкен арболит ылғалдылығы) 5%-дан және бірінші санатты бұйымдар үшін жобалық 7%-дан аспауы қажет.

Бұйымның арнайы түрлеріне арналған техникалық шарттарда, стандарттарда және жұмыстық сызбаларда көрсетілген бұйымдардың жобалық өлшемдеріндегі ауытқулар келесі мм-лерден аспауы керек:

±5 – бұйымның ұзындығы бойынша;

±5 – бұйымның биіктігі мен қалыңдығы бойынша.

Металл сызғыштың іргелес қабырғасымен және бақыланатын жазықтық арасындағы ең ірі саңылау ұзындығымен сипатталатын бұйымдардың беткі жазықтығының түзусызықты қырының ауытқуы – 3 мм-ден көп емес.

Дайын блоктарды 60%-дан көп емес ылғалдылықта жабық жылытылатын жайларда сақтаған жөн.

 

1-сурет. Тік арматураланбаған арболиттен жасалған қабырғалық блок

 

 

 

2. Өндіру тәсілін таңдау және оның негіздемесі

 

Бүгінде арболиттен жасалған бұйымдарды агрегатты-тасқынды, конвейерлі және жартылай конвейерлі технологиялар арқылы алады.

Агрегатты-тасқынды тәсілдің артықшылығы – икемдірек, бұйымдардың кең атауларын, соның ішінде күрделі конфигурациялы көп қатпарлы бұйымдарды, шығаруға мүмкіндік беретін оңтайлы технология. Алайда ұсақ даналы блок секілді тар арнадағы бұйымдарды өндіруде конвейерлік технология көбірек әсер береді. Ағыстың үздiксiздiгiмен және конвейердің айқын ырғағымен тұрып қалулардың алдын алады,  технологиялық үдерiстердi стандартты мамандандырылған күзет орындары бойымен тiзбектi операциялық бөлшектейді және тар мамандандыру еңбектің жоғарғы өнiмдiлiгін қамтамасыз етедi, кешендi автоматтандыру мен технологиялық үдерiстердi бақылау үшін алғышарт жасайды. Пайдаланылатын кеуектi қоспа темiрбетон бұйымдардың өндiрiсінде қолданылатын вибро өңдеулер үшiн стандартты вибро алаңшалар орнатуға мүмкiншiлiк бередi.

Ұсақ даналы арболит блоктарын өндірудің конвейерлік әдісінде олардың қалыптауын жеке түрде, сонымен қатар, бастапқыда жалпы алаптарын қалыптап, одан кейінгі бұйымдардың типтік өлшемдерге кескілеу арқылы жүзеге асыруға болады. Қорыта келгенде, екiншi жағдайда алаптың кескілеу процесінде (басқа типтік өлшемге өту) мүмкiн өзгерiстер есебінен бұйымдарды кеңейтілген атаулармен алу мүмкiн болады, ал одан басқа, өндiрiстiң металл қажеттiлiгi айтарлықтай қысқарады.

Қорыта келгенде, жоғарыда көрсетiлген артықшылықтар дайын бұйымдарға оның келесi кесiндiсi бар алапты қалыптау арқылы арболиттен жасалған ұсақ даналы блоктар өндiрiсiн конвейерлiк әдiспен жүзеге асыруға мүмкіншілік бередi.

 

3. Арболиттен ұсақ даналы блоктарды өндірудің технологиялық әдісінің сипаттамасы

 

2-сурет. Арболиттен жасалған ұсақ даналы блоктарды өндiру цехының технологиялық сұлбасы: 1 – бетонтөсегiш; 2 – бетон тасымалдауыш эстокада; 3 – бетон таратқыш бункер; 4 – Жылу-ылғалдылық өңдеуден кейінгі блоктарды сақтайтын орын; 5-10 - конвейерлiк желiнiң күзет орындары; 11 – әкетiлетiн арба; 12 - беретін арбалар; 13 – Жылу-ылғалдылық өңдеудің көп жарықты камерасы.

Бұйым 24 сағат бойы 50̊С температурада және 50…60% меншікті ылғалдылықта (13) жылу-ылғалдылық өңдеудің көп жарықты камерасында жылу-ылғалдылық өңдеуден өтеді, (12) беретін арбалар арқылы конвейердің қалыпты сызығына беріледі. (10) қорама қалыпты алып тастаудың күзет орындарында арнайы автоматпен «түймедақтың» ашылған пішіндерін шығарады.

Конвейердің келесi адымында пiшiн (9) кесiндiнiң күзет орынына жылжиды. Мұнда арнаулы итергiш көмегiмен қалыпталған дайын блоктар кесетiн автоматтың жұмыс үстелдеріне ығысады. Осы автоматта дайын блоктарды талап етiлетiн типтік өлшемдерге сай ұсақ даналы блоктарға кесу жүргізіледі. Содан соң даяр блоктардың жүктемесін стеллаждарға тарататын және автокөлiкке тиеу үшін цехтың сыртына әкететін немесе көпірлі жүккөтергішпен (4) сақтайтын орынға орнатуға даяр блоктарды (11)  әкетілетін арбаға стеллаждар орнатып, ленталық транспортер көмегiмен автомат-садчиктерге беріледі.

Босатылған пішін (8) тазартқыш күзет орынына жылжытылады. Содан кейiн ол арнайы автомат көмегiмен борттық жабдықтың жабылуы жүретін (7) құрастырушы күзет орынына түседі.

Содан кейiн пішін (12) беретін арба көмегімен (5) қалыптау күзет орынына ығысады. Бұл күзет орынында (1) бетонтөсегiш көмегiмен арболит қоспасының пiшiнінiң толтыруы және қалыпқа салынған шала фабрикатты дiрiлдi өңдеу жүзеге асады. Қалыптау күзет орынына бетонды беру (2) бетон тасымалдауыш эстакада бойымен  қозғалатын  (3) таратқыш бункер  арқылы жүзеге асады.

Содан кейiн пiшiнді қалыпқа келтірген соң, беретін арба және итергiш көмегiмен жылу-ылғалдылық  камерасына берiледi.

 

 

4. Технологиялық бөлім

4.1 Арболит қоспасына арналған шикізатқа талаптар

Арболиттен жасалған ұсақ даналы блоктарды өндіру үшін жүргізілген есептеулер бойынша құрамы анықталып, бұйымның жобалық тығыздығы ρ=700кг/м3, ал бетонның классы – В 2,5 болатын арболит қоспаларын қолданады.

Арболит қоспасын дайындау үшін шикізат материалдары мына шарттарды қанағаттандыру қажет:

- портландцемент: МЕСТ - 10178.

- ауыз су: МЕСТ - 2874.

B 2,5 классты арболит алу үшін М400 маркалы портландцемент қолданылуы керек. Ұстасу мерзімінің басы 45 мин кем емес, ал соңы 12 сағ кешіктірмей түсуі тиіс. Ұсақтылығы №008 електен өткізгенде електе қалған масса сынаманың 15%-нан көп емес болуы қажет.

Судың pH сутектік көрсеткіші 4-тен кем емес болуы тиіс. Оның құрамындағы сульфат 2700 мг/л-дан ( -қа есептегенде) және барлық тұздар 5000мг/л-дан көп емес болуы керек.

Органикалық толтырғыштар ретінде қолдануға болады: ағаш дайындаудан, ағаш кесуден, қылқан жапырақты (шырша, қарағай, самырсын) және жапырақты (қайың, көктерек, шамшат, терек) ағаш өңдеуден қалған қалдықтарынан ұнтақталған ағаш.

Органикалық толтырғыштың өлшемдерi аспауы керек:

енiн бойлай - 10 мм;

ұзындық бойымен - 40 мм;

қалыңдық бойымен - 5 мм.

Қолданылатын сүректе қабық қоспалары толтырғыштың құрғақ қоспасының массасы бойынша 10%-дан аспауы керек, ал қылқан және жапырақта 5%-дан көп емес болуы тиіс.

Бұдан басқа, органикалық толтырғыштағы суда еритiн заттар массасы бойынша 2% аспауы керек.

Қолданылатын органикалық толтырғыштарда шіріктің, зеңнің, басқа материалдардың (саз, топырақ) белгісі болмауы қажет, ал қысқы мезгілде мұз бен қарсыз болуы керек.

Одан басқа, арболит қоспасының қасиеттерін жақсарту үшін әр түрлі химиялық қоспалар қосу қажет:

- қатаюын жеделдету үшін: кальция хлориді (ХК) МЕСТ 450-77 бойынша;

- органикалық бөлшектердің беттеріне  қабыршақ түзілуі үшін: натрийлі  сұйық әйнек (ЖС) МЕСТ 13078-82 бойынша;

- көбік қалыптасуы үшін: алкилсульфатты  паста (СП-1) ТУ 38-1.07.55.-80 бойынша.

 

4.2 Арболит қоспасының құрамын есептеу

Бастапқы арболит құрамына B 2,5 классты ұсақ даналы блок алу үшін Волоколамдық экспериментальды құрылыс құрылымдары зауытында (ЭЗСК, Волоколам қаласы, Мәскеу облысы) өнеркәсіптік масштабта қолданылатын [1]-де көрсетілген құрамды қабылдау қажет. 1м3 үшін құрамы келесідей:

Портландцемент (МЕСТ 10178), 400 кг

Жаңқа (2,5…10 мм фракциялы), 1,5 м3

Кальций хлориді (МЕСТ 450-77), 22,2 л

Натрийлі сұйық әйнек (МЕСТ 13078), 24,0 л

Алкилсульфатты паста (ТУ 38-1.07.55), 1,0 кг

Су, (0,9 болғанда) 360 л.

Ағаш толтырғышы ретінде қылқан жапырақтылар тұқымдарының (тақтай, кесінділер, шеттер және т.б.) қалдықтарынан бір кезеңдік ұсақтаумен алынған жаңқа қолданылады. Арболит блоктарын даярлау үшін тығыздығы ρ = 700 кг/м3 болатын В 2,5 классты қоспалар құрамы қабылданған.

 

 

 

 

 

5. Технологиялық процессті және дайын өнімді бақылау

Өндiрiстiк бақылау 3 түрге бөлінеді: кiргізу кезіндегі, операциялық, шығару кезіндегі.

Кіргізу кезіндегі бақылау технологиялық процесстен МЕСТ талаптарына сай келмейтін материалдарды өткізбеу арқылы сапасы төмен өнімдердің санын азайтуға мүмкіндік береді.

Операциялық бақылау бұйымдарды дайындау кезеңіндегі технологиялық режимдегі бұзылуларды көруге мүмкіндік береді және ақаулардың пайда болу ықтималдығын азайтады.

Шығару кезіндегі бақылау тұтынушыға сапасы төмен өнімдерді жеткізілімге жібермейді.

5-кестеде ұсақ даналы арболит блоктарын даярлаудың өнеркәсіптік бақылауы келтірілген.

5-кесте. Технологиялық процессті және дайын өнім сапасын бақылау

Бақылау параметрлері

Бақылау периодтылығы

Бақылау әдісі

Сынама жүргізу орны

Атқарушы

Кіргізу кезіндегі бақылау

Цемент

- құжатының болуы

- қалыпты қоюлығы (НГ)

- цемент маркасы

- ұстасу мерзімдері

Органикалық толтырғыш

- дәндік құрамы

- пішін коэффициенті

- ұсақталған ағаштың жарамдылық көрсеткіші

Партия келген кезде

Партия келген кезде

Партия келген кезде

 

Партия келген кезде

Жаңа партия келген кезде

 

Кварталда немесе технологияны, түрін, шикізат сапасын және өндірісті игеруде 1-ден жиі емес

Қамырдың жайылу диаметрі бойынша

Арқалық-үлгіні сынауы бойынша

20; 10; 5; 2,5 мм електер жиынтығы

МЕСТ 19222 бойынша есептеу әдісімен

Қойма

Қойма

Қойма

Қойма

Қойма

Қойма

 

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

- суда еритін редукциялы заттардың құрамы

 

 

Хлорлы кальций

- құжатының болуы

- тығыздығы

Сұйық әйнек

- құжатының болуы

- тығыздығы

Алкилсульфатты паста

- құжатының болуы

Кварталда немесе технологияны, түрін, шикізат сапасын және өндірісті игеруде 1-ден жиі емес

Жаңа партия келген кезде

 

Жаңа партия келген кезде

 

Жаңа партия келген кезде

МЕСТ 19222

МЕСТ 450

МЕСТ 13078

Қойма

Хим. қоспалар қоймасы

 

Хим. қоспалар қоймасы

Хим. қоспалар қоймасы

 

 

 

 

 

ТББ лаборанты

 

 

Лаборатория

 

 

Лаборатория

Операциялық бақылау

- жұмыс сызбалары мен карталарын жинақтау

- жабдықтың жағдайы

1. Діріл алаңының ауытқуы

2. Жабдықтың техникалық жағдайы

- арболит қоспасын дайындау

1. Мөлшерлеу дәлдігі

2. Араластыру уақыты

3.Ыңғайлы орналастыру

4. Тығыздығы (нығыз күйде)

5. Қатпарлануы

6. Дәнаралық кеуектілік көлемі

- пішіндерді дайындау және майлау

Жаңа бұйым дайындаған кезде айына 1 рет

Айына 1 рет

Ауысымға 1 рет

Ай сайын

Ауысымға 2 рет

Ауысымға 2 рет

Ауысымға 2 рет

Ауысымға 2 рет

 

2 жоба тізімімен салыстыру: тексеру

1: Аспаптарды қадағалау

2: Аспаптарды таралауды қадағалау МЕСТ 10181.1

МЕСТ 10181.2

МЕСТ 10181.4

МЕСТ 10181.3

Цех

Конвейерлік желі посттары

Дозаторлар, бетонараластырғыштар

ТҚП инженері

1: ТББ мастері

2: механик

1,3 – 4: лаборант

2: оператор

1. Пішіннің жобалық өлшемге сай болуы

2. Пішінді тазарту және майлау сапасы

3. Арболит қоспасының эмульсия қалау сапасы:

1. Қабат қалыңдығы

2. Дірілмен нығыздау уақыты

3. Арболит беріктігі

4. Арболит тығыздығы

- Жылулық өңдеуде берілген тәртіпті сақтау

Кварталға 1 рет, дана бойынша

Ауысымға 1 рет

 

Дана бойынша

 

Партиядағы кубтар сериясынан

 

ВТО процесінде әр 2 сағат сайын

Өлшегіш және деңгеймен өлшеу

Тексеру

Үлгілер жинау және сынақ жүргізу

Сызғышпен өлшеу Секундомер

Үлгілер жинау және сынақ жүргізу

 

Приборы Автоматика және УКБ-1 реттегіш аспаптары

Пост распалубки

Жинау посты

Сыйымдылық

1 – 2: қалыптау посты

3: Қалыптау посты

 

Жарық камералар

ТББ мастері

Мастер

Лаборант

Мастер

Мастер

3: Лаборатория

Лаборатория

Лаборант

Шығару кезіндегі бақылау

А. Қабылдап-тапсырушы бақылау

1. Арболиттің орташа тығыздығы

2. арболит беріктігі

3. Жіберу ылғалдылығы

4. Бұйымның сызықтық өлшемдері, сыртқы түрі

5. Бұйым массасы

Әр партияда

Әр партияда

Әр партияда

Әр партияда

Әр партияда

МЕСТ 12730.1

МЕСТ 18105.0 бойынша үлгілерді жинау және сынақ жүргізу

МЕСТ 12730.2 бойынша үлгілерді жинау және сынақ жүргізу

Алынған үлгілерді өлшеу, тексеру

МЕСТ 13015

Қалыптау посты

Пішінді пост

Дайын өнім қоймасы

Дайын өнім қоймасы

Дайын өнім қоймасы

ТББ лабораториясы

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

Б. Периодты бақылау

1. Аязға төзімділік

2. Жылу өткізгіштік

3. Ылғалдылық

4. Бұйымның беріктігі мен қаттылығы

6 айда 1 рет немесе технологияны меңгергенде, материалдың түрі өзгергенде

МЕСТ 7025

МЕСТ 7076

МЕСТ 12730.2

МЕСТ 8829

Дайын өнім қоймасы

Дайын өнім қоймасы

Дайын өнім қоймасы

Дайын өнім қоймасы

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

ТББ лаборанты

Информация о работе Арболиттен жасалған бұйымдар өндірісінің даму перспективасы