Статистика пәні туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 17:33, реферат

Краткое описание

Статистика — ғылымның бiр тармағы, практикалық қызмет саласы, бiлiм бағыты, таным құралы. Статистика дегенде мәлiметтердi жинақтау процесiнде, оларды қайта өңдеп, бейтарап әрi анық талдау ережелерiн де түсiнемiз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, статистика — әрi ғылым, әрi қызмет саласы, әрi мамандық түрi. Ол арнайы ұйымдастырылған бiлiм тармағы да, белгiлi бiр мақсатты жүзеге асыруға қажеттi пәрмендi құрал да, кәсiпкерлiк қызмет саласы да болып табылады.

Содержание

I.Кіріспе
1. Статистика пәні туралы түсінік.
II.Негізгі бөлім
1. Статистиканың даму тарихы.
2. Статистика әдістемесі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет.

Вложенные файлы: 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 41.83 Кб (Скачать файл)

                               ЖОСПАР

 

I.Кіріспе

1. Статистика пәні туралы түсінік.

II.Негізгі  бөлім

1. Статистиканың даму тарихы.

2. Статистика әдістемесі.

 Қорытынды.

Қолданылған әдебиет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Статистика пәні туралы түсінік.

 

Статистика — ғылымның бiр тармағы, практикалық қызмет саласы, бiлiм бағыты, таным құралы. Статистика дегенде мәлiметтердi жинақтау процесiнде, оларды қайта өңдеп, бейтарап әрi анық талдау ережелерiн де түсiнемiз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, статистика — әрi ғылым, әрi қызмет саласы, әрi мамандық түрi. Ол арнайы ұйымдастырылған бiлiм тармағы да, белгiлi бiр мақсатты жүзеге асыруға қажеттi пәрмендi құрал да, кәсiпкерлiк қызмет саласы да болып табылады.

 

Статистика пайда болған кезiнен бастап-ақ мемлекеттi басқарудың маңызды құралы ретiнде қалыптасып онымен бiр мезгiлде көптеген оқиғалар мен фактiлердi мөлшерлiк тұрғыдан тiркеу және белгiлi бiр деңгейде ретке келтiру нәтижесiнде ғылыми тұрғыдан өте қызықты материалдар да жинақталды. Осылайша қоғамның өмірі мен тұрмысы жөніндегі мәліміттерге практикалық мұқтаждық статистиканы туғызды.

Сонымен,  статистика  терминi сан қырлы ұғым болып табылады да, бүгiнгi таңда төмендегiдей мазмұнда қолданылады:

- статистика дегенде күнделiктi өмiрдiң сан қырлы жақтары, яғни экономикалық, мәдени,саяси, рухани, әлеуметтiк-психологиялық,әлеуметтiк-демографиялық және басқа да оқиға құбылыстар мен қоршаған ортаның жағдайы туралы мәлiметтер кешенiн түсiнемiз. Мұндай мазмұнда бұл сөз көбiнесе мерзiмдiк баспасөз беттерiнде және ақпарат құралдарында қолданылады;

- мәлiметтердi жинау және қайта өңдеу процесi де статистика атымен жүргiзiледi;

- статистикалық көрсеткiштердi  есептеп, сақтайтын, ақпарат қызметiн көрсететiн арнайы ұйымдарға қатысты сөздер айтылғанда да статистика сөзi қолданылады. Мәселен, газет беттерiнде “статистикалық мәлiметтерге қарағанда” деген сiлтеме жиi кездеседi;

- iрi кәсiпорындар мен кеңселерде шаруашылықты жүргiзу жөнiндегi көрсеткiштердi есептеу және есептер дайындаумен айналысатын бөлiмнiң аты да статистика бөлiмi деп аталады;

- ғылымның арнайы бағыты да статистика деген ат-пен жүргiзiледi;

- статистика дегенде ғылым мен техниканың түрлi салаларында болжамдар жасау, бағалау және шешiмдер қабылдау барысында статистикалық әдiс-амалдарды енгiзудi де түсiнемiз;

- математикадағы түрлi өлшемдер  мен қорытынды көрсеткiштер де  статистика қатарына жатады .

Осылайша статистика пәнi бұқаралық құбылыстар мен процестердiң  сандық және сапалық қасиетiн зерттеу, олардың бойында нақты мекен және уақыт жағдайында айқындалатын заңдылықтарды мөлшерлiк өлшемдер арқылы бейнелеуден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Статистиканың даму тарихы.

 

Шығыстың Аристотелі атанған машһүр ғалым Әл-Фараби және Абылайхан бабаларымыздың уақытында да немесе одан ерте замандарда да қарулы күштер қатарына лайықты адамдардың санын бiлу, салық салынатын нысандарды белгiлеу қажеттiгi туындады, соның нәтижесiнде халықтың саны, жынысы, құрылымы жөнiндегi мәлiметтерге мұқтаждық пайда болды. Бұл сұраным мемлекеттi  өз халқының саны мен құрамдық өзгерiстерiн тұрақты бақылап отыруға мәжбүр еткен. Азаматтық қарым-қатынастар дамыған сайын оларға тiкелей   байланысты оқиға-құбылыстарды тiркеп отыру қажеттiлiгi де күшейе түскен. Сондықтан да туылу, өлу, некелесу, ажырасу сияқты хал актiлерiн жазып отыру тәртiбi орнатылған, адамдардың бiр орыннан екiншi орынға ауысуына байланысты қозғалысын тiркеу тәртiбi белгiленген. Статистика бiр қарағанда қарапайым сөз болып көрiнсе де, оның мазмұнының сан қырлы екенiн ұмытпауымыз керек.

 

Немiс жазушысы, ақыны және ойшылы И.В. Гете бұл дүниеден мәңгi көз жұмарынан екi жыл бұрын өз хатшысы Эккерманмен әңгiмелескен кезде: “Цифрлар дүниенi билейдi деген сөз бар. Бiрақ, менiңше цифрлар бiзге әлемнiң қалай басқарылатынын үйретедi”, — деген болатын .

 

Ресейде тұңғыш рет басылған статистика оқу- лығының авторы К.Ф. Герман (1762-1838) өз кiтабында былай деген: “Статистика — жақсылықты да, жамандықты да жария ететiн хабаршы әрi  үкiметтiң бақылаушысы” . Расында да  көпiрме сөздерге немесе  жарнамаларға  сүйену нәтижесiнде емес, сенiмдi де айқын статистикалық көрсеткiштерге сүйене отырып ел басшыларының қызметiн әдiл бағалауға болады.

 

Этимологиясы, яғни келiп шығуы тұрғысынан бұл терминнiң әлдеғандай классикалық грекше немесе латынша негiзi жоқ. Ол латынның “status” — қалып, жағдай, итальяндардың “state” — мемлекет деген сөздерiнiң бiр мағынаға тоғысуынан туындайды. Статистика сөзi күнделiктi өмiр мен ғылымға XVII-XVIII ғасырларда кiрiп келдi. Ағылшын ғалымдары Д.Граунт (1620-1674) пен В.Петтидің (1623-1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі статистика ғылымының дамуына себеп болды. Бастапқы кезде сауда мен қаржы капиталының және ақша қатынастарының дамуы нәтижесiнде пайда болған қажеттiлiктi қанағаттандыру мақсатында жинақталған мемлекет халқы, экономикалық және саяси жағдай жөнiндегi мәлiметтер статистикалық ақпараттар деген атпен жүргiзiлдi.

 

Мемлекеттiң назар аударуға тұрарлық жақтарын бейнелейтiн мемлекеттану ғылымы пайда  болды да, ол статистика деген атпен, ал бұл ғылымды жақсы меңгерген бiлiмпаз статистик деп атала бастады. Бұл ғылымның аса көрнектi өкiлi, немiс Г.Ахенваль (1719-1772) алғаш рет бұл сөздi зат есiм ретiнде қолданып, ғылыми айналымға енгiздi. Оның пiкiрi бойынша, статистика — мемлекет үшiн айрықша маңызды мәселелердiң сипаты, бейнесi. XIX ғасырдың ортасында Бельгия ғалымы А.Кетле (1796-1874) және оның адамдары әлемде бірінші болып мемлекеттік статистика мекемесін құрады. Мәлiметтерде бейнеленген тәртiп-ережелердi ұғыну құштарлығы, түсiндiру жолдарын табу қажеттiлiгiн қанағаттандыруға қызмет етуге кiрiскен сәттен бастап-ақ статистика ғылым саласына айналды.

Ауыл шаруашылық, сауда,қолөнершiлiк,өнер-кәсiпорынды салалардың және экономикалық байланыстардың дамуы шаруашылыққа қатысты оқиғалар мен әдiс-амалдарды тұрақты бақылап отыруды талап еткен. Нарықтық қатынастардың және халықтың топтары арасындағы өзара байланыстардың ұлғаюы өз кезегiнде жаңа, тыс мәлiметер жинау, экономикалық өмiрдiң маңызды салаларын қамтитын экономикалық ақпараттар жасау қажеттiлiгi мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық байланыстардың дамуы, дүние жүзiлiк шаруашылықтың қалыптасуы және оның дамуы, ұлттық экономика мен дүние жүзiлiк шаруашылық шеңберiнде тауарлар мен қызметтердiң табыс көздерiн жасау, бөлу және тұтыну процестерiн жан-жақты бейнелей алатын есеп жүргiзудi талап етедi.

 

Алғашында практикалық қызметте жинақталған тәжiрибелердi қорыту жолымен мемлекеттi басқаруға қажеттi мәлiметтердi топтастырудың, қайта іздеудiң, талдау мен қолданудың ереже-тәртiптерi, жолдары мен әдiстерi жасалды. Статистика осындай ғылым ретiнде танылып, жаңа iзденiстер нәтижесiнде байи түстi. Оның әдiс-амалдарын жетiлдiруге математиканың құралдары мен теориялары қолданылды. Өйткенi статистика да математика сияқты сандармен,шамалармен шұғылданады, бiрақ оның сапалық қасиетi жалпы бұқаралық құбылыстарды өлшеу нәтижесiнде айқындалады. Cтатистикалық ойлау әдісі, немесе статистиканың теориясы мен әдіснамасы қалыптасты. Бұл әдіснама тек әлеуметтiк-экономикалық оқиғаларды зерттеуде ғана емес және ол басқа салаларда да, яғни осы замандағы ғылым мен техниканың барлық салаларында, тәжiрибелер мен сынақтарда, физика, химия, биология, археология, агрономия, медицина, психология, социология, педагогика, тiлтану, әскери ғылымдар, тiптi бейнелеу өнерi мен музыка салаларында да кеңiнен қолданыла бастады.

 

Мысал ретінде музыка саласында ғұлама ғалым Ал-Фараби бабамыздың ноталық сандарды жаңа  және таза жолға қойған, табиғи сандардың үздіксіз санатын қолданған. Бұл жаңалық барлық халықтардың музыкалық мәдениетіне әсерін тигізді.

 

Бүгiнгi таңда күнделiктi тұрмыста мемлекеттiң экономикасы мен халқы жөнiндегi мәлiметтер жинағы статистика деп жүргiзiлгенiмен, ол өткен ғасырлардағы “мемлекеттанудан” өзгеше.

 

Бұл айырмашылық тек ақпарат  түрлерiнiң толықтығынан ғана емес, олардың түр-сипаты,сапалылығынан да айқын бағалады. Қазiр бiз статистика дегенде, тек мөлшерлi түрде бейнеленген ақпараттарды ғана түсiнемiз. Мәселен, белгiлi бiр мемлекетте қандай саяси жүйе үстемдiк ететiндiгi мен қандай тiлдiң мемлекеттiк тiл болып қабылдануының, мемлекеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзiмi немесе олардың географиялық картада орналасуы статистикаға ешқандай қатысы жоқ, ал халықтың саны, өнеркәсiп тармақтары және басқалардың аумақтық шеңбердегi орналасуы, саяси партиялардың саны, олардың мақсаты, мүшелерiнiң саны және басқа белгiлер бойынша жiктелуi, жетекшi партия ұйымдары мүшелерiнiң әлеуметтiк жағдайы, жасы, жынысы және басқа белгiлерi бойынша топтастырылуы, қанша халықтың қайсы тiлдерде сөйлесетiнi  және сол сияқтылар — статистика болып саналады.

 

Статистикаға қатысты мәлiметтердiң өзiне тән ортақ қасиеттерi сол, олар кейбiр жекелеген оқиғаларды емес, олардың жинағын қамтитын жалпы шамалар болып табылады. Жеке оқиға ешнәрсеге тәуелдi болмайды, бiр-бiрiне ұқсас құрамдас элементтерге бөлiнбейдi, ал жинақталған құбылыс бiр немесе бiрнеше оқиғаға азайса да, өзiнiң алғашқы маңызын жоймайды. Мәселен, егер қала тұрғындары ортасынан бiр, яки бiрнеше адам қайтыс болса немесе басқа жаққа көшiп кетсе де, ол тұрғындар тобы күйiнде қала бередi. Немесе бip кәсiпорын жабылып қалса да, кәсiпорындар бiрлестiгi өзiнiң атын сақтайды. Бұған керiсiнше жеке кәсiпорынның негiзгi цехы жабылып қалса, кәсiпорын өз маңызы мен беделiнен айырылады немесе жұмысын тоқтатады. Сол сияқты қалаға бiрер адам көшiп келсе, жас сәби дүниеге келсе немесе жаңа кәсiпорын ашылса, ондай жағдайларда бiр жинақтың орнына екiншi бiр жинақ пайда болмайды. Егер орын алған құбылыс бiрден-бiр оқиға саналып, кейiнiрек нақ сондай тағы бiр оқиға туатыны күтiлсе, онда бұндай оқиға дербес статистика объектiсiн құрайды. Мысалы, жеңiл автомашиналар жасап шығаратын бiрлескен кәсiпорын iске қосылған соң республика шаруашылығында жаңа саланың қалыптасуына негiз қаланды делiк. Демек, бұл кәсiпорын статистика объектiсi болып саналады, өйткенi соған ұқсас машина жасау кәсiпорындары пайда болуы әбден мүмкiн.

 

Қазір статистикалық ақпараттардың маңыздылығы да артып, оған сұраныс күшейе түстi, ақпарат құралдары халыққа қисапсыз статистикалық мәлiметтер тасқынын жаудырып жатыр. Олар экономикалық және әлеуметтiк статистика мәлiметтерi, ІЖӨ мен ұлттық табыстың көлемi, экономиканың салаларындағы жұмысшылар мен жұмыссыздардың саны, делдалдық кәсiпорындар мен ұйымдар саны және олардың шаруашылық қызметiнiң көрсеткiштерi, банктерден алынған несиелердiң көлемi мен пайыздық деңгейi, халықтың күнкөрiс шегiнiң индекстерi, сыртқы сауда көрсеткiштерi, мемлекет пен кәсiпорындардың қаржылық жағдайы туралы мәлiметтер, тұтыну бағаларының өзгеруi мен инфляция дәрежесi, халықтың саны мен жынысы, жасы, мекен-жайы мен туылған жерi, мамандығы мен қызмет түрi, өмiр сүру көзi және басқа белгiлерi негiзiндегi мәлiметтер, туылу, өлiмі, некелесу және ажырасу статистикасы, әлеуметтiк сақтандыру, халыққа бiлiм беру, қылмыскер, дiни сенiм, демалыс және туризм статистикасы, адамның қоғамдағы орнын бейнелейтiн көрсеткiштер: әрбiр жанұядағы автома-шиналар саны, алуан түрлi клубтар, қайырымдылық мекемелерi мен кәсiпқой ұйымдар мүшелерiнiң саны және олардың бiлiм деңгейi, жанұяның орташа табысы, отбасылардың орташа табысы бойынша жiктелуi, кедейлiк пен жарлылық статистикасы және басқалар жөнiнде болып отыр. Бұдан тыс Жер шарындағы ауа райының бөлiнiсi, ауаның температурасы мен жауын-шашын, желдiң бағыты мен жылдамдығын сипаттайтын метеорологиялық ақпараттар, түрлi көрмелер мен конкурстардың нәтижелерi жөнiндегi мәлiметтер, мәселен, сұлулық конкурсы және оған қатысушылардың саны, жеңiмпаз арулар туралы мәлiметтер де осылардың қатарына жатады. Статистикалық мәлiметтердiң көлемi ұлғайып, әлеуметтiк өмiр мен қоршаған ортаның барлық жақтарын қамтып ала бастағаннан берi бұл жағдайды сипаттау үшiн статистика терминiн жалпы мағынада қолданып, оны грамматикалық тұрғыдан жалпы есiм ретiнде бейнелеу қалыптасты. Фактiлер қаншалықты көп болса, оларды түсiну, талдай бiлу соншалықты қиынға соғады. Статистикаға осындай көзқараста болу нәтижесiнде бұл сөздiң мағынасы байыды, ол мазмұндық тұрғыдан жаңа сипатқа ие болды.

 

Статистика бұқаралық  сипаттағы құбылыстар мен процестердi зерттейдi. Олар бiрер материялар жиынтығында және өзара байланысты жиынтықтар ортасында жүредi.

 

Бұл ретте  құбылыс сөзi қоғам өмiрiнде, тұрмыста, табиғатта, қысқаша айтқанда, материялық әлемде шын мәнiнде болған нақты оқиғаны бiлдiредi. Мәселен, жанұяда бала туылуы, мақта немесе бидай өнiмi, жұмысшылар саны, жауын-шашын, қоршаған ортаның ластануы т.с.с.

 

Процесс сөзi оқиғалар ағынын, олардың белгiлi бiр мекен-жайда, орында және заман жағдайында қандай жылдамдықпен жүретiнiн, жүзеге шығатынын не шықпайтынын, өзгерiсiн, құбылыстардың даму барысын бiлдiредi. Демек, бұқаралық құбылыс — бiрер объектiлер шоғырында болған оқиғаның, iс-қимылдың нәтижесi. Мәселен, елімізде бiр жылда өндiрiлген астық, барша отбасылар бойынша туылған нәрестелер саны, жауған қар мен жаңбырдың көлемi, және тағы басқалар.

 

Бұқаралық процесс — объектiлер шоғырында болған оқиғалар, олардың сипаты, даму деңгейлерi, оқиғалар шоғыры барысындағы өзгерiстер. Мәселен, республикада туылған балалар санының көбеюi, туылу деңгейiнiң өзгеруi, жалпы егiн алқаптарындағы бидай үлесiнiң азаюы немесе көбеюi, Алматы яки Астана қалаларында кәсiпорындар мен автома-шиналар тарапынан атмосфераға шығарылып жатқан газдардың көбеюi,Амудария және Сырдария су ресурстарынан тың жерлердi игерiп, пайдалануға байланысты Арал теңiзiнiң тартылуы, Ертіс су ресурсының және жерасты байлықтары қорының өзгеруi т.б.. Бұқаралық құбылыс пен процесс бiрқатар маңызды белгiлерi бойынша бiр-бiрiнен ерекшеленiп тұрады. Бұқаралық оқиғаның сипаты ол қандай құбылыстардың жиынтық шоғыры болғанымен, оның бойында тұрақты iшкi байланыстар және оларды бейнелейтiн заңдылықтар бар, бiрақ олар қалыпты жағдайда жеке құбылыстарда байқала қоймайды.

Қайсы салаға тиiстi екенiне қарамастан, статистика пәнi барлық бұқаралық құбылыстар мен процестердi зерттей бередi. Бұл оның әмбебаптығын, баршаға ортақтығын айқындайды. Статистика пәнi белгiлi бiр бұқаралық оқиға мен процестi зерттеу барысында оны мөлшермен немесе сандар көмегiмен бейнелейдi. Бұл ол баяндаған заттың немесе құбылыстың сипатынан туындайды.Бұқаралық құбылыстар мен процестер барлық салаларда жүрiп жатады, олардың жүру жағдайлары да, құрылыстары да сан қилы. Демек, бұндай құбылыстар мен процестердiң көптеген формалары мен түрлерi бар. Әсiресе әлеуметтiк тұрмыстағы құбылыстар мен процестер өзiнiң күрделiлiгiмен және өзара байланыстарының көптiгiмен ерекшеленедi. Сондықтан да олардың бойындағы статистикалық заңдылықтардың көрiнiстерi де алуан түрлi болады. Оларды кез келген бiрыңғай әдiстiң көмегiмен үйрену мүмкiн емес. Бұл үшiн арнайы әдiстер, амалдар кешенi, бiлiм құралдары қажет.

Информация о работе Статистика пәні туралы түсінік