Әлеуметтік стратификация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 22:38, реферат

Краткое описание

Әлеуметтік стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық кү-рылымды біз мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқьшы, және т.б. арқылы қүрылатынын көрсетуге талпындык, Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер кептеп саналады және еңбек бөлінісін үйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.
Әлеуметтік кұрам әлеуметтік стратификацияға айналады - вертикаль-ды тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек айт-канда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.

Вложенные файлы: 1 файл

Стратификация.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

1. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІКҚҮРЫЛЫМЫНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК  СТРАТИФИКАЦИЯСЫ

Әлеуметтік  стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше  әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық кү-рылымды біз мәртебелердің  жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқьшы, және т.б. арқылы қүрылатынын көрсетуге талпындык, Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер кептеп саналады және еңбек бөлінісін үйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.

Әлеуметтік  кұрам әлеуметтік стратификацияға  айналады - вертикаль-ды тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек  айт-канда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.

Адамдар әрдайым  қозғалыста болып, өздерінің мәртебесін өзгертіп отырады. Қаржы буржуазиясы жер аристократиясының орнына келіп, оны алмастырды, кззіргі ендірісте біліктілігі шамалы мамандықтарды «ак. жағалылар» деп аталатындардың өкілдері -- инженерлер, програм-мистер, роботталған кешендердің операторлары ығыстырып шығарды. Соғыстар мен революциялар қоғамнын әлеуметтік қүрылымын кайта жасап, пирамиданың шынына кейбіреулерді кетерсе, баскдларын тө-мендетті. Олар казір де жүріп жатыр, партиялық элитаны бизнес-элита келіп алмастырды.

Өрлеу мен  кұлдыраудың арасында белгілі бір асимметрия бар: бәрінің де көтерілгісі келеді және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі келмейді.

1. Әлеуметтік  құрылым және стратификация үғымдары, олардың негізгі элементтері  мен формалары

Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және үлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байла-ныстар мен кдтынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы бай-ланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бүл болса когамның тұтастығына, оның біртүтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді.іҚоғамның әлеуметтік қүрылы-мы — адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының ара-сындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайла-рының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.

Қоғамның  әлеуметтік қүрылымынын даму негізіне: 1) қоғамның еңбек бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның ©німіне меншік қа-тынастары жатады. Қоғамдықеңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардың, тап-тардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды.

Өндіріс қүрал-жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғам-нын осы ішкі беліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалып-гаса бастаған қүрылымды нығайтады. Қоғамдык. еңбек бөлінісі де, меншік катынастары да қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалык алғышарттары болып табылады.

Қоғам емірінде әр түрлі кызмет түрлерінің пайда  болуына, материал-

! Йык ^ндірістің  және рухани мәдениеттің дамуларына еңбек бөлінісінің бёэтгілі дәрежеде елеулі ыкпал ететінін кезінде Огюст Конт, Эмиль Дюркгейм, Питрим Сорокин және т.б. дәлелдеген болатын. Тарихи процестегі қоғамдық еңбек бөлінісінін рөлі жөніндегі кең аукымды ілім, сонымен бірге қоғамныц әлеуметгік қүрылымының дамуы женіндегі түжырымдама ретінде марксизмнің әлеуметтік-экономикалык теорияларында да орын алған еді. Марксизм теориясы жеке меншіктің осы процестегі релін де ашып берді.

Коғамның  өлеуметтік күрылымының негізгі  элементтеріне:

- коғамдықеңбек  белінісі, өндіріс құралдарына деген  жеке меншіктік кдтынастар және  қоғамдық өнімді белуде соған  ортақтасатын әр түрлі таптар  жатады. Оларды осылайша түсіндірудің  қажеттілігін әр түрлі ба-ғыттың  әлеуметтанушылары мойындап отыр:

- кала мен  ауыл адамдары;

- ой және  дене еңбегінің өкілдері;

- сословие;

- әлеуметтік-демографиялык  топтар (жастар, әйелдер мен еркектер, аға ұрпақ);

 

 

 

 

Әлеуметтік  стратификация және әлеуметтік мобильділік  теориясы    1. Қоғамның әлеуметтік топқа жіктелуі.    2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні     3. Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері.    4. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділік үдерісі.    1.  ХІХ – ХХ ғасырда теориялық әлеуметтануда қоғамның құрылымы мен дамуы туралы екі – марксистік және позитивистік көзқарас болды. Марксистік ілім бойынша, қоғамның құрылымы жеке меншікке негізделген негізгі екі таптың күресімен айқындалады. Барлық экономикалық, саяси, әлеуметтік-адамгершілік және тіпті эстетикалық қарым-қатынастар таптық мүдделер мен олардың күресіне байланысты. Ал қоғамның құрылымы туралы позитивистік тұжырым  (трактовка) экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың субъектілерінің диапозонын кеңейтуге ұмтылып, оны тек өзара күрес жағдайымен ғана емес, жарасымдылық пен өзара тәуелділік арқылы түсіндірді.    ХХ ғасырда осы тұжырымдама стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясына айналды. Оны жасауға М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б. белсене қатысты. Олар таптық түсінікті алып тастамай, әлеуметтік құрылымның негізгі элементі ретінде ғылыми айналымға жік немесе страта деген түсінік ендірді.  Бұл бірнеше белгілермен ерекшеленген әртүрлі жіктердің қосындысы ретінде ұсынылды. Мұндай белгілерге табыс (доход), кіріс, білім, бедел (престиж), ақпарат пен билікке ие болу жатты. Осылардың негізінде әлеуметтік жіктің жоғары, орташа және төменгі сияқты басты үш деңгейі айқындалды. Бұл жіктердің (қауымдастық) арасындағы қарым-қатынас, қызмет ету ерекшеліктері, өзгерістері мен дамуы әлеуметтік құрылымның басты өзегі саналып, ол әлеуметтік стратификация теориясы деп аталды.     Сөйтіп   қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға тағы басқа жіктелуі батыстық әлеуметтануда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен белгіленеді. "Страт" латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, ол геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіреді. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде әлеуметтік жіктелу теориясы қоғамдағы барлық топтарды қарастырып, олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, мұрагерлік, білімнің деңгейі, мамандық мәртебесі, биліктің аумағы, ұлттық ерекшеліктер және т.б. Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне немесе билік жүргізуге қатысына қарай т.т.) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болып саналады.        Феодалдық қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі жіктерге (сословиелерге) ғана бөлінген болатын. Жіктік мәртебелер атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары жікке дворяндар, дін иелері, ал төменгі жікке — қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір жіктен екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасыңда кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі жіктегі адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары жіктік мәртебені сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.    VIII—XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде "тап" деген  ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екеңдігін мойындалды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылғанымен  кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептеріне терең назар аударылды.    К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін - қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншікті ашып көрсетті. Қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың, сондай-ақ таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған әлеуметтік жіктердің болатыны атап көрсетілді. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал буржуазиядан айырмашылығы — меншік иесі емес. Олай болса, бұл топты өз алдына бір тапқа жатқызу қиын. Интеллигенция да әлеуметтік топқа жатады. Өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз және олар шығу тегі жағынан да әртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін.    К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өңдіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өңдірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бүл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.   М. Вебер қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген К. Маркстың ойымен келісе отырып, басқа да факторларды атап көрсетеді. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауымен байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның мәртебесін - саяси партияға, яғни билікке қатынасуын да жіктеудің өлшемдеріне енгізеді.     М. Вебердің қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін осы факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар:  капитал иелері;  интеллектуалдар мен менеджерлер, басқарушылар; дәстүрлі ұсақ буржуазия; жұмысшы.    Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі жіктік өлшемдерден туындайтын адамдар арасыңда болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Бұл адамдардың табиғи жаратылыс (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі, т.б.) ерекшеліктерінен туады. Мәселен, ақыл-парасатымен, күш-қайратымен ерекшелінетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.     Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік салаларға бөлінуімен байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандығы, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән сипаттық белгілер.    Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.    Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта,  яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен сатылы орналасуынан көрінеді. Мұндай жіктелудің себептерін Р. Дарендорф тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарылушыларға жіктей отырып,  "билік" және "бедел" деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді. Ол басқарушылардың өзін басқарушы меншік иелері және меншіктері жоқ бюрократ-менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ - жұмысшы ақсүйектерден, төменгі топ - мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектердің ассимиляциясының нәтижесінде "жаңа орта тап" қалыптасады деген қорытындыға келеді.    2. XX ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамда таптар арасындағы қайшылықтар бәсеңдеп, жұмсара түседі. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға,  жіктерге бөліну үдерісі тереңдей түскенін атап көрсетті. Осындай жан-жақты әлеуметтік зерттеулердің арқасында қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың және страталардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге байланысты ұсыныстар негізделді.     Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі П.А. Сорокин болды. Ол қоғамдағы адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқықтық артықшылықтардың, жауапкершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді. Автор сонымен қатар бүл аталған өлшемдер өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін ескертеді. Қолдарында үлкен байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдері сонымен қатар жоғары саяси және кәсіби топтарға да жа-тады дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке, жоғары кәсіби топтарға енуіне мүмкіндігі мол немесе керісінше билігі бар адамның жоғары кәсіби дайындығы да бар, байлығы да бар деген сөз.       Ал американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелу факторларын үш топқа біріктіреді. Біріншісіне - адамның туа  біткен табиғи  белгілеріне  байланысты факторлары: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті және т.б.; Екіншісіне - қызмет түрі, мамандығы және кәсіби деңгейі; Үшінші топқа меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.   Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация үдерісінде осы аталған өлшемдер мен факторлардың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңінде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде екіншісінің маңызы арта түседі. Мәселен, кеңес қоғамындағы иерархиялық жіктелу үдерісінде саяси факторлардың маңызы зор болды. Билік саласыңда қызмет ету, партияға мүше болу, саяси шешімдерді қабылдауға қатынасу сияқты факторлар жоғары топ адамдарын қалыптастырды. Сондықтан жоғары билік адамдарының байлық пен меншікке қол жеткізуде мүмкіңдіктері кең болды     Ресей Ғылым Академиясының "Әлеуметтану институты" жүргізген зерттеулер нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге есер ететін факторлардың төмендегі иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3%-ы әлеуметтік жіктелудегі басты фактор ретінде "билікті" атап көрсетсе; табыс көлемін — 91,2%-ы; меншікті — 64,8%-ы; көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-әрекеттерді — 52,7%-ы; білімді — 35,1%-ы; қабілет пен талапты - 34,6%-ы; мамандық түрін - 30,1-ы; адамның шығу тегін — 25,0% і., ұлттық тегін — 14,5%-ы атап көрсеткен.  Зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің болуы сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу үдерісінде жоғары маңызға ие болып отырғанын көруге болады.   Әрине, әлеуметтік стратафикация үдерісінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармауымыз керек. Бұл қазіргі нарық заманында айрықша көрінуде.    Соңғы кезде әлеуметтанушылар қоғамның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталды, олар мыналар: жоғары тап; орта тап;  жұмысшы табы; төменгі тап.      Жоғары тапқа ірі меншік иелері - қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары - мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен мекемелер басшылары, яғни жоғары категориядағы шенеуніктер жатады. Бұлар - қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен халықтың 1%-ын құрайды.     Кейбір елдерде жоғары тапқа білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы мәртебелері де жоғары шенді әскери топтар мен шығармашылық интеллигенцияның танымал өкілдері де жатады.    Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Бұл тапқа қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың, мамандықтардың өкілдері жатады. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде  олар халықтың 50-60 пайызын құрайды. Олар қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. Өйткені орта тап қоғамның жоғары мамандық иелерінен тұратын негізгі интеллектуалдық күші болып саналады.           Орта таптың өкілдері - ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құңды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл топтың адамдары "жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш — жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады" дегенді басшылыққа алады.    Бұл жерде айта кететін бір жағдай — орта таптың да өз ішінде адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлеріне қарай жіктелетіндігі. Олар: а) жоғары орта тап; ә) орташа орта тап; в) төменгі орта тап.    Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми - техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикалаңдырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында - зауыттар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.    Төменгі тап - құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпеңдер (қайыршылар, босқыңдар, қылмыскерлер, т.б.) жатады. Бұлардың көпшілігінің тұрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді.   Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде еgalite-теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екеңдігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.    3. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жатуын қатып-семіп қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды: ол үздіксіз өзгеріс, қозғалыста болады. Мұндай өзгеріс, қозғалысты әлеуметтануда «әлеуметтік мобильділік» деп атайды. Оны ғылыми жағынан тұңғыш негіздеп, арнайы теориясын жасаған П. Сорокин. Осыған байланысты атақты әлеуметтанушы әлеуметтік кеңістік туралы түсінікті де ғылыми айналымға ендірді.    "Әлеуметтік мобильділік" деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. Ол төменнен жоғары көтерілу, әлде жоғарыдан төмен құлдырау не болмаса бір деңгейдегі топтан екіншіге өту болуы мүмкін. Сондықтан оның екі типі болады, олар: вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және горизонталды немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.    Вертикальды мобильдік - бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесіңде индивидтің әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады. Британ әлеуметтанушысы Э. Гидденс вертикальды мобильдікке жан-жақты талдау жасаған. Ол Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрынғы мәртебелік дәрежесінен айырылуынан деп түсіндірген. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан босауы да жатады. Горизонталды мобильдікте — индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Әлеуметтік мобильділік жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық мобильділік қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудырады. Бұл экономикалық немесе саяси-идеологиялық салада кездеседі.      Әлеуметтік мобильділік құбылысының екі өлшемі бар. Олар — мобильдіктің жылдамдығы және көлемі. Әлеуметтік мобильділіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке иңдивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби жіктердің санымен өлшенеді. Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары мәртебеге ие болса, екінші біреулердің ондай дережеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл үдерістің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.   Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің көлемі жоғары. Американ әлеуметтанушылары П. Блау мен О. Дункан дамыған елдердегі әлеуметтік мобильдіктің қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильдік басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық қоғамдарда "төменгі" және "жоғары таптардың" үлес салмағына қарағанда "орта таптың" үлес салмағының өсіп отырғандығын айтады.    Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты деген сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары мәртебеге ие болуы үшін әрбір индивидтің қажымай-талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан екінші жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, оңдағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде жеке адамның әлеуметтік топтардың жан-жақты дамуына кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары.     П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: "Егер мобильділік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік жіктер де болмас еді. Қоғам бұл жағдайда бір қабатты екінші қабаттан бөліп тұратын едені мен төбесі жоқ ғимаратқа ұқсас болар еді. Олай болса барлық қоғам жіктерге бөлінеді. Қоғам өзінше бір "елеуіш" тәрізді, яғни онда индивидтер мен топтарды белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады".        4. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемеңдік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың және т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде лауазымды қызметке, табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулеті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.    Осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстаңдағы әлеуметтік иерархияны шартты түрде жоғары тап, орта тап, төменгі тап деп бөлуге болады. Алайда бұлардың өзі бір текті емес, әртүрлі деңгейде.    Нарықтық экономика Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етіп отыр, өйткені меншік нысанының алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелінуін күшейтті. Осыларға сәйкес меншіктің жеке, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік және т.б. сияқты жаңа типтері қалыптасуда. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейманханаларға, дүкендерге, әртүрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін топ пайда болды.    Қазақстанда меншік иелері – ірі, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасу үстінде, олар қоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпал ететін заңды әлеуметтік-экономикалық құбылыс.   Бірақ олардың көлемін санмен көрсету әзірге қиын. Еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында орта және шағын бизнестің рөлі зор.    Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама жиі болып отыр. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекеме, мейманхана, қонақ үйлердің, дүкендердің және т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан қарыздар болып, кедейшілікке ұшырады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республикада нарықтық экономиканың әлі тұрақсыздығымен, қоғамдағы демократиялық үдерістердің әлсіздігімен, әлеуметтік әділеттілік принциптерінің тиісінше қорғалмауымен, заңдылықтардың қатаң сақталмауымен, қоғам мүшелерінің құқықтарының бұрмалануымен түсіндіруге болады.    Қазіргі қазақ қоғамының кейбір стратификациялық даму бағыттарын былайша белгілеуге болар еді. Жұмыспен қамтылу құрылымында өзгерістер баяу жүріп жатыр. Өндіріс орындары мен ауыл шаруашылық саласының артта қалуы адамдарды өз бетімен жұмыс табуға мәжбүрлеп отыр. Мүліктік белгілер бойынша қатты бөліну жүріп жатыр. Ең байлар және  ең кедейлер жіктері жылдам қалыптасуда. Қоғамның әлеуметтік сипатын анықтайтын орта таптың қалыптасуы баяу жүруде.          Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл үдеріс дамыған Еуропа еддерінде 2-5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішіңде Қазақстанда бұлар 15-25%-ға дейін көтерілген.   Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр.      Бақылау сұрақтары 1. Әлеуметтік стратификация нені зерттейді?  2. Әлеуметтік жіктер дегенді қалай түсінесің?  3. "Әлеуметтік мобильділік" деп нені айтамыз?  4. Вертикальды мобильдік дегеніміз не?  5. Горизонталды мобильдікті қалай түсіндіресің?  6. Әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілі кім?     7. Таптың белгілерін бойына толык сіңіре қоймаған аралық топтарды қалай атайды?    VI тақырып. Тұлға - әлеуметтік жүйенің негізгі элементі 1. Тұлғаның  әлеуметтанулық түсінігі. 2. Тұлға - әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектiсi.     3. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы.     4. Тұлғаның әлеуметтенуі.     5. Тұлғаның әлеуметтік мұраты.   1. Тұлғаның әлеуметтік жүйенің негізгі элементі екені алдыңғы тақырыптардан белгілі. Алайда оның  әлеуметтік мәні студенттерге жете мәлім емес. Мұны білу үшін "адам", "индивид", «тұлға" деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты, бір жағынан жалпы философиялық, екінші жағынан нақты-ғылыми мағыналарын біліп алуымыз керек.    "Адам" деген — адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Ол – адами қасиеттері қоғамда, әлеуметтік ортада қалыптасатын, іс-әрекет, мінез-құлық үдерісінде жекелік қасиеті көрінетін белсенді де саналы қызмет иесі. Адам туған күнінен бастап әлеуметтік ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) сана-қабілеттерін мен мәдени құндылықтарын өзінің бойына сіңіруі қажет.      Адам деген кім деген мәселеге әлі еш ғылым толық жауап берген жоқ. Сондықтан да француздың атақты биолог-ғалымы, хирург-тәжірибешісі, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің бір кітабына «Адам - бұл бейтаныс» деп ат қойған. Адам феномені сан ғасыр зерттеліп келеді, бірақ ол туралы мағлұмат әлі жеткіліксіз.     "Иңдивид" адам тегінің нақты өкілі, әлеуметтануда жеке адамның әлеуметтік сапаларын айқындау үшін пайдаланады. Жеке адам  (индивидуалдық) - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы.    Сәби туғанынан әлі тұлға емес, ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет: 1) биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары; 2) әлеуметтік ортаның болуы. Сондықтан тұлға құрылымында үш деңгей бар: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік (немесе социомәдени). Әлеуметтанулық тұрғыдан нағыз маңыздысы үшінші деңгей болып табылады. Әлеуметтік ортасыз сәби жан-жақты тұлға болып дами алмайды.    Тұлға  деп  қоғамдық өмірдін тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет және қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші, елеулі әлеуметтік сапалар иесі жеке адамды айтамыз. Бұл адамның әлеуметтік тәжірибе игерген деңгейін айқындайтын әлеуметтік сипаттамасы.       Адам әлеуметтену үдерісінде әлеуметтік қасиеттерге ие болып тұлғаға айналады. Егер адам әртүрлі жағдайлармен (психикалық науқас болып немесе қоғамдық ортада өмір сүрмесе) әлеуметтік сапаны игере алмаса, ол тұлға бола алмайды.       Әрбір адам қоғамдық қатынас жүйесінде толып жатқан әлеуметтік байланысқа түсіп, көптеген мәртебелер мен әртүрлі рөлдер атқарады, белгілі идеялар, сезімдер, мінез-құлық ерекшеліктерінің иесі болады.  Әлеуметтануда тұлғаның әлеуметтік сапалары маңызды болып табылады. Сондықтан қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалар иесі тұлғаларды зерттеу үшін оларды типтендіреді, яғни белгілі бір әлеуметтік топқа жатқызады.    Тұлғаның әлеуметтік типі – бұл белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа жататын көптеген индивидтерге тән әлеуметтік сапалар жүйесі, жиынтық көрінісі. Мысалы, азиаттар, кавказдықтар, еуропалықтар, студенттер, жұмысшылар, ардагерлер, оқытушылар және т.б. Тұлғаны типтендіру әртүрлі негіздерде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, мамандығына не қызметіне, тұратын жеріне, жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік белсенділіне  және т.б. сәйкес: экономист, қалалық, жас, басшы, т.т. дегендей.    Тұлғаларды типтендіруде аса маңызды негіздер әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер болып саналады.  Мысалы, отбасындағы ата мен әженің, әке мен ананың, аға мен апаның мәртебелері мен соған сәйкес рөлдерін айтуға болады.      2. Тұлға проблемасы  қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады. Мәселен, философия тұлғаны таным мен шығармашылықтың, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен үдерістердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет және т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. Әлеуметтану тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі, иесі ретінде қарастырады.     Тұлға - әлеуметтанудың объектісі де. Объект дегеніміз бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, ннституттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т. б.   Тұлғаның даму және қалыптасу заңдылықтары, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, т. б. әлеуметтанудың өзекті проблемалары. Сондықтан әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет, т.б.) өзінің зерттеу пәніне  жатқызады.     Тұлға проблемасын зерттеуде әлеуметтану өзіне тән көптеген категорияларды пайдаланады. Категориялар (жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді.  Категориялар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалға, «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік байланыс», «әлеуметтік қатынас», «әлеуметтік үдеріс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік мәртебе» және т.б.    Тұлғаны зерттеу үдерісінде әлеуметтануға тән әдістер кеңінен пайдаланылады. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т. б. Осы әдістерді пайдалана отырып, зерттеуші тұлғаны жан-жақты зерттей алады.                Адам қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысу арқылы өзінің барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Бұл үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құқықтық алғышарттар қажет. 1. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы болуы керек. Шетелдің зерттеушілерінің анықтағанындай, қоғам бай болған сайын, ол демократиялық дамуға бейім келеді. 2. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны тиімді басқаруға қажетті жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір дәрежеде тұлғаның білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы қажет. Бұл қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты.  Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады.      Тұлғаның қоғамдық өмірге белсенді қатысуына саяси-құқықтық алғышарттар да әсер етеді. Оған қоғамдағы демократиялық үдеріс, заңдылыққа негізделген тәртіп, жоғары саяси мәдениет, билік құрылымдарының әлемдік стандартқа сәйкес қалыптасуы, саяси басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруда қоғам мүшелерінің қатысуы және т. б. жатады. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.    3. Күрделі теориялық проблемалар қатарына тұлғаның әлеуметтік құрылымы жатады. Оны психикалық, субъективтік сапалардың жиынтығынан тұрады деп қарау жеткіліксіз. Тұлғадағы ең басты нәрсе - оның әлеуметтік сапасы. Сонымен тұлғаның әлеуметтік кұрылымы деп индивид кірген қауымдастық пен бірлестіктің ықпал етуімен оның алуан түрлі қызметі үдерісінде қалыптасатын және өмір сүретін объективтік және субъективтік әлеуметтік қасиеттердің жиынтығын айтамыз. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының көптеген маңызды элементтері бар. Оның ең біріншісі сана. Бұл тұлғаның әлеуметтену үдерісінде қалыптасады. Сана индивидтің әлеуметтенуіне және қоғамның әлеуметтік өміріне қатысуы үшін қажетті білім, тәжірибе, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, мінез-құлық қалыптарын игеруге мүмкіндік береді. Екіншісі, өмір салтынан туындаған еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасы-тұрмыстық  қызмет түрлері. Бұл жерде еңбек тұлғаның әлеуметтік құрылымын анықтайтын ең басты, мәнді буыны болып саналады. Үшіншісі, тұлғаның шығармашылық қызметке қабілеттілігі, білімі, дағдылары. Қалыптасқан тұлғаны индивидтен шығармашылық қабілеттері ерекшелейді. Төртіншісі, тұлғаның рухани дүниесі, яғни материалдық және рухани саладағы  объективтендірілген адам қызметінің амалдары мен тәсілдері, коғамның мәдени құндылықтарын меңгеру дәрежесі. Бесіншісі, тұлғаның өмірде басшылыққа алатын адамгершілік нормалары мен принциптері. Алтыншы элементі, ол адамның мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын принцип болып есептелетін сенім. Осы құрылымдық элементтер белгілі дәрежеде әрбір тұлғаға қатысты болады. Өйткені әрбір тұлға қоғамдық өмірге қатысады, білімді меңгереді, оларды басшылықка алады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы әрдайым өзгеріске түсіп тұрады. Себебі оны қоршаған әлеуметтік орта - туыстары, достары, таныстары, қоғам және т.б. өзгеріп отырады. Тұлға жаңа ақпарат, жаңа білім алады. Бұл білімдер сенімге айналады. Сенім өз кезегінде адам қылықтарының сипатын анықтайтын болады.    Әрбір қоғам өз мүддесін, ұстанған қағидаларын жүзеге асыруға күш-жігерін, бүкіл білімі мен тәжірибесін жұмылдыратын жетілген тұлғаның болуын қалайды. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім беру мен тәрбие жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. арқылы жүзеге асады. Тұлғаны қалыптастыру - қиын, әрі ұзақ мерзімге созылатын үдеріс. Солай дегенмен де объективтік жағдай бірдей болғанымен, әртүрлі субъективтік себептерге  орай тұлғалардың қалыптасуы әртүрлі типте болуы мүмкін.   4. Адамдар туғанынан өмірге бейімделіп тумайды. Ол туа салып өзіндік «меніне» ие болмайтыны белгілі. Адам біртіндеп білімін кеңейтеді, толықтырады. Өмірден әлеуметтік тәжірибе жинайды. Бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде келе жатқан мәдениеттің үлгілерін, ұлттық құндылықтарды, алдыңғы ұрпақтың өнегесін үйренеді. Мұндай үдерісті ғылым тілінде әлеуметтену дейді.   XIX ғ. аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф. Гидденс, француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын «әлеуметтену» дей отырып, осы ұғымды ғылыми айналымға енгізді.       Индивид жалпы адами, құқықтық және кәсіби-квалификациялық ережелерді, әлеуметтік мінез-құлықтың нормалары мен принциптерін, рухани құндылықтар мен идеалдарды, дағдылар мен үрдістерді, ептілік пен шеберлікті, әлеуметтік сапа-қасиеттерді, білім мен біліктілікті игерудің арқасында әлеуметтік байланыстардың, институттардың және қарым-қатынастардың мүшесі бола алады. Сөйтіп адам өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін, іс-әрекетін объективті бағалай алуды, яғни өзін өз көзімен ғана емес, өзгенің көзімен де қарай алатын интеллектуалды дағдыны қалыптастырады.    Әлеуметтену адамның өмір бойына тән және өзінің мазмұны жағынан екі жақты үдеріс. Бір жағынан, қоршаған орта адамдардың көзқарастарына,  іс-әрекеттеріне тұрақты әсер етеді. Сөйтіп адам әлеуметтік тәжірибе жинайды. Екінші жағынан, ол құндылықтар мен нормаларды игеруі керек.      Сонымен әлеуметтену деп адамның қоғамдық сананы игеруін, мінез-құлық нормалары мен ережелерді, ілімдерді, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің ішкі-сезім күйіне айналдырып, соның негізінде белсенді іс-әрекет иесі болуды айтады.       Әлеуметтенудің негізгі факторлары: биологиялық (тектілік жағынан жағымды не жағымсыз қасиеттер), психологиялық (мінез-құлық  ерекшеліктері, жадының сапасы, әлеуметтік нормаларды игеру үдерісіндегі интеллектуалды негіздердің болуы не болмауы), экономикалық (отбасының материалдық жағдайы, тұрмыстық ахуал т.б.), әлеуметтік (индивидтің жақын әлеуметтік ортасы: отбасы, оқу орыны, армия, замандас-құрдастары т.б.).     Адамдарды қоршаған көптеген әлеуметтік құрылымдардың ішінен ең бірінші адамның өзінен бастап мынандай негізгілерді атауға болады: адам, отбасы, ұжым (топ), қауымдастық (жік, тап, халық, ұлт, конфессия және т.б.), ұйым (мекеме) және институт (мемлекет, құқық, білім, өнер, денсаулық сақтау  және т.б.).    Әлеуметтену ұзақ та күрделі үдеріс. Ол мынандай кезеңдерден түрады: мектепке дейін (қоршаған әлемге, басқа адамдарға эмоционалды-сезімдік қатынас, ойындар арқылы тәжірибелік іс-әрекет пен дағдыға үйрену, тіл ұстарту), мектеп кезі (білім алу, мәдениетке үйрену, интеллект болып қалыптасу), мектептен кейін (жұмысшы мамандығын игеру, орта немесе жоғары арнаулы білім алу, еңбек етуге дайындалу), белсенді еңбек ету кезеңі (еңбек ұжымына кіру, іскерлік қатынас дағдысын игеру, іскерлік бәсекелестігі ережесін меңгеру, табысқа ұмтылу, өзінің мәртебесін көтеру және материалдық игілікке жету), зейнеткерлік жас (жеңіл еңбекке көшу немесе тиісті қарым-қатынас пен мінез-құлық формасына сәйкес еңбектен толық босау).       Әлеуметтену қоғамның даму дәрежесіне байланысты, тәуелді. Қоғамдағы қабылданған саяси түсініктер, мәдени құндылықтар, әлеуметтік-экономикалық факторлар адамға әсер етеді. Дегенмен әлеуметтенуде әлеуметтік институттардың рөлі күшті. Мысалы, мемлекет пен партияның рөлі ерекше. Әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Олар адамға тікелей ықпал етіп, мәдени  құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады, бір идеалды негіздеп, қорғап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған қазыналарын, алдыңғы ұрпақтың өмірлік тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, тұлғаны тәрбиелейді.    Әлеуметтенудің негізгі институтары.       1). Әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Парсонс әлеуметтенудің бастапқы құралы отбасы десе, қазақ "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп тегін айтпаған. Үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына адамның жадында қалады.   2). Әлеуметтенудің келесі сатысы – білім жүйесі (балабақша, мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындары). Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі  қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі. Жастар ұйымдарына қатысып алғашқы өмірлік тәжірибелер жинайды. 16 жастан сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең білім алады.     3). Еңбек ету институттары (материалдық өндіріске қатысу, әртүрлі еңбек ету салалары, кәсіби мамандықты игеру, басқару ісіне қатысу).   4). Рухани сала институты (философия, ғылым, дін, өнер, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралы).       5. Тұлғаның әлеуметтену үдерісінде оның өмірлік ұстанымы, мақсат-мұраты, белсенділігі, қоғамдық қызметтің белгілі бір түріне бейімділігі,  мінез-құлқы ерекше орын алады. Өмірлік тәжірбе көрсетіп келе жатқанындай, белсенді, алдына нақты мақсат қоя білетін, өзінің рухани мүмкіндігін молынан пайдалана білетін адам әруақытта табысқа жетіп отырады. Ал өмірдің қалыптасқан ығына қарай жүріп, өз мүмкіндігін жетілдіргісі келмейтін адамдар көп нәрседен ұтылады.     Сонымен тұлғаның мұраты әлеуметтенудің объективті жағдайларын тиімді пайдалануға ұмтылу, өзінің жеке дара қабілеті мен мүмкіндіктерін алға қойған мақсаттарға жетуге тұрақты жұмылдырып отыру болып табылады.     Өмірде алға мақсат қоя білу де мәнсіз емес, алайда оған жете білу әлде қайда маңызды. Ал мақсат дегеніміз не? Бұл – қызметтің нәтижесінен идеалды, ойша асып түсу, сондай-ақ соған жетудің амалдары мен жолдары.     Өмірлік мұраттарды шартты түрде негізінен төрт түрге бөлуге болады: 1) келешегін айқындайтын білім, мамандық алу; 2) соның нәтижесінде тұрмыста қолайлы жағдай жасауға ұмтылу; 3) қызметте өсу, жаңа лауазымға ие болу, жақсы жалақы алу; 4) өзінің білімі мен білігін, қабілеті мен белсенділін үнемі көтеріп отыру.     Әрине, өмірлік мұратты таңдау, мақсатты жүзеге асыру бірнеше факторларға: 1) қоғамдағы объективті жағдайларға байланысты; 2)  индивидтің қандай әлеуметтік топқа жатуына; 3) тұлғаның өзінің әлеуметтік-психологиялық сапаларына байланысты. Бұл факторларды тарқатып айту қажет. Бақылау сұрақтары 1. «Тұлға» ұғымының түсінігі. 2. «Адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықтар қандай? 3. «Тұлғаның әлеуметтік типі» дегеніміз не? 4. Тұлға құрылымының негізгі компоненті қандай? 5. «Әлеуметтік мәртебе» және «әлеуметтік рөл» ұғымдарының анықтамасы айтыңыз? 6. Тұлғаның әлеуметтенуі деген не және оның мәні. 7. Тұлғаның қалыптасуына әсер етуші күштер қандай? 8. Тұлғаның әлеуметтік мұраты неде? VII тарау. Отбасы әлеуметтануы    1. Отбасы қоғамның элементарлық ұясы ретінде.    2. «Отбасы» мен «неке» түсініктерінің анықтамасы.    3. Отбасы мен некенің құрылымы және тарихи типтері.    4. Отбасы мен некенің әлеуметтік функциясы.    3. Қазіргі отбасы мен неке дамуының кейбір мәселелері.       1. Отбасы - қоғамның өте маңызды, адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкелетін әлеуметтік құрылымының негізі. Қазақ «Отан отбасынан басталады» деп жайдан-жай айтпаған. Сондықтан отбасын зерттеу әлеуметтанудың басты міндеттерінің бірі болып табылады.    Отбасы дегеніміз не, оның пайда болуы мен өзінің даму жолында қандай кезеңдерден өтті, міне, осының бәрі зерттеушілерді ежелден қызықтырып келеді. Сонау Платон, Аристотельден бастап, Конт, Спенсер және басқа әр кезеңнің зерттеушілері қоғамның құрылымын айқындаймын деп отбасына соқпай кете алмады. Аристотель мемлкеттің пайда болуын тікелей отбасының кеңею үдерісімен байланыстырады. Егер туыстық (род) алғашқы отбасының пайда болуының бастауы болса, онда алғашқы отбасы адам қоғамының пайда болуының бастауы болған.     Отбасы – неке мен туыстық сезімге негізделген одақ, тұрмыстық бірлік, өзара жауапкершілік пен қолдауға, басқалармен үйлесімді өмір сүруге үйрететін әлеуметтік өмір мектебі.   Әлеуметтану отбасын екі жақты - шағын әлеуметтік топ және әлеуметтік институт ретінде қарастырады. Біз отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде қарастырғанда зерттеу пәніміз отбасы ішілік қарым-қатынастар болады. Ал әлеуметтік институт ретінде зерттегенде бізді ең бірінші отбасы мен мемлекеттің өзара әрекеттестігі, сондай-ақ отбасының әлеуметтік функциялары қызықтырады.     Отбасының негізі заң жүзінде бекітілетін еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынастардың тарихи шартты формасы неке болып табылады. Ол адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылған, олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін бірлігі.      Қоғамның ең алғашқы институттарының бірі - отбасының аса маңыздылығы оның атқаратын үш  негізгі қызметінен көрінеді. Біріншісі, отбасы қоғамның өз-өзінен көбейіп, ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етіп отыратын ерекше әлеуметтік институт. Екіншісі, отбасы қоғамның мәдени мұрасын бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырады. Үшіншісі, отбасы қоғамдық игіліктерді өндіруге қатыса отырып, өзінің өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Отбасы некеге карағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның қалыптасуы мен дамуы әлеуметтік, таптық, ұлттық әдет-ғұрып сипаттарына, өмір сүру ортасындағы ізгілікті қарым-қатынастарға, қоғамның мәдени дәрежесі мен материалдық жағдайына байланысты.    Отбасының тұрақтылығы мен бақыттылы болашақ ерлі-зайыптылардың  некенің адамгершілік және құқықтық негіздерін терең түсінуімен, олардың  бірге өмір сүруге психологиялық даярлығымен, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілікті ұғынуымен, күнделікті тұрмыстық және шаруашылық дағдыларды игеру деңгейлеріне байланысты болады. Орыстың ұлы педагогы   К.Д. Ушинский: «Еңбексіз, тыңғылықты, байыпты еңбексіз отбасы бақытты бола алмайды» деген.    Отбасы әлеуметтік институт есебінде - адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болған әлеуметтік құбылыс. Оның негізін құрайтын неке сүйіспеншілік пен махаббаттың іс жүзіне асуы болып табылады. Қазақстан Республикасының Ата Занында: «Занда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді»—деп көрсетілген. Некеге тұру біздің елімізде азаматтық хал актісін тіркеуден (АХАТ)  басталады. Бұл қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Некенің заң жүзінде немесе діни ұйымдар арқылы тіркелуі жұбайлардың екі жақты міндеттерін қалыптастырады, жауапкершіліктерін арттырады, ерлі-зайыптылардың арасындағы барлық адами-құқықтық қарым-қатынастарды реттейді.   Ертеректе неке суын ішу мешіт арқылы да іске асырылған. Қазір әлемнің көптеген елдерінде шіркеуде тіркеледі. Бұл біздің өмірімізге де еніп келеді.     Некеге тұру жасы біздің Конституциямызда 18 деп көрсетілген, Украина мен Өзбекстанда 17 жас. Көптеген елдерде әйелдер үшін неке жасы кем: Францияда 15 жас (еркектер үшін 18 жас), Италияда тиісінше 14 және 16 жас, ГФР-де 16 және 21, АҚШ-та (әртүрлі штаттарда) 14—18 және 15—21 жас. Бірқатар мұсылман елдерінде (мыс, Сауд Арабиясында, Йемен Араб Республикасында) көп әйел алуға заң бойынша рұқсат етіледі.    2. Адамдардың өз ұрпағын жалғастыруға табиғи құштарлығы некеден, отбасын құрудан басталады. Неке - тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғам негіздейтін және реттейтін, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін ресім. Жаңа ұрпақтың тұлғасы мен рухани жетілуі көп дәрежеде некелік қатынастың сипатына байланысты. Ал некенің әлеуметтік мәніне саясат, құқық, мораль, дін әсер етеді. Қоғам неке тәртібін реттеумен қатар, оны қорғау жөнінде өзіне белгілі дәрежеде міндет алады, некелескен жұбайларға өз балаларын материалдық жағынан қамтамасыз етуге, тәрбиелеуге, демек, отбасының болашағы үшін жауапкершілік жүктейді. Некенің тұрақтылығы ерлі-зайыптылық және ата-аналық парызды сезіну, өзара сыйласу және өзара көмекке көп байланысты.    «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндеттіңді екі есе көбейту» деген сөзді Онеро де Балзак жайдан-жай айтпаған.   Некенің алғашкы түрлері жайында әртүрлі жорамалдар бар. Кеңес ғалымдарының көпшілігі былай деп санайды: әуелде, «алғашқы адам табыны» дәуірінде неке болмаған. Ол кезде талғамсыз жыныстық қатынас (промискуитет) үстем болды: әрбір әйел сол табындағы кез келген еркекпен, әрбір еркек кез келген әйелмен жыныстық қатынас жасаған. Орта және палеолит дәуірінде, рулық құрылыс тұсында, экзогамия (ру ішінде некелесуге тыйым салу) және топтық неке пайда болды, бұл жағдайда бір топтағы барлық еркектер басқа топтағы барлық әйелдермен жыныстық қатынас жасауға ерікті болды. Оқтын-оқтын жеке жұп болып ұшырасу тарай келе, рулық құрылыс дамыған кезде, жұп неке пайда болды, яки жұбайлар бір жұп болып бірікті.  Бұл  кезде  топтық некенің сарқыншақтары сақталды (сорорат, полигамия). Дамыған неолит дәуірі мен онан кейініректе, металдар дәуірінде, рулық құрылыс ыдырау барысында, патриархалдық отбасы пайда болды, ерлі-зайыптыларды бір-бірімен берік біріктірген дара неке қалыптасты, сөйтіп отбасы тұтастығы қамтамасыз етіліп, ол алғаш рет қоғамның экономикалық ұясына айналды. Әртүрлі қоғамдық құрылыс жағдайында некенің сол құрылысқа тән бірқатар өзіндік әлеуметтік-құқықтық сипаты болды. Мыс, құл иеленушілік қоғамда ерікті азаматтар үшін ғана неке танылды, ал құлдардың ерлі-зайыптылық тұрмысы тек қана бірге тұрушылық деп саналды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде пайда болған отбасылық қауым әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің біріне айналды. Отбасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді болды. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногомиялық (бір некелік) отбасымен ауысқан.         Отбасының әлеуметтік мәні, пайда болуы және даму кезеңдері туралы ғылымда әртүрлі қағидалар мен пікірлер, белгілі ағымдар болды.    Швейцариялық құқық тарихшысы И. Я. Бахофен ( "Материнское право") неке мен отбасының тарихи жағынан үнемі өзгеріп отыратындығын дәлелдеп, бір некелі отбасынан бұрын көп некелі қатынастардың болғанын, патриархаттан бұрын рудың өмірінде әйелдің экономикалық және рухани билігінің басым болғанын көрсетеді.          Ағылшын этнографы Л. Морган өзінің басты «Көне қоғам» (1877) кітабында алғаш рет отбасы тарихын барынша дұрыс бағытта талдаған. Зерттеушінің жорамалы бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған - үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Одан топтық отбасы (алғашқы қауымдық құрылыс), пуналуалдық отбасы (матриархат, топтық неке, бірақ аға-қарындастар арасында некелік байланысқа тыйым салынды), жұптық отбасы (матриархат пен ұжымдық неке сақталған жағдайда бір еркек басты ер адам есебінде болады да оның маңайында отбасының мүлкі, еңбек бөлінісі, кәсіп пен жеке меншік туады), патриархалды отбасы (отбасында ер адам жетекші орын алады, оның бірнеше әйелі болуы мүмкін, әйелдер еркекке тәуелді болады және т.б.), моногамдық отбасы (жұптық неке) болған.   3. Әлеуметтік институт ретінде отбасы мен некенің әлеуметтік функцияларын айқын білу маңызды мәселе. Алдымен әлеуметтік функция дегеніміз не? Ол - қоғам мен оның қызметін ұйымдастыруда әлеуметтік институттардың атқаратын рөлдері. Отбасы мен некенің функциясы қоғамдағы жағдайларға қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Дегенмен олардың басы ашық бірнеше функцияларын атауға болады. Алдымен отбасын алайық. Ол: 1) ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету, осы арқылы отбасын қалпына келтіріп, қоғам мүшелерін толықтырып отырады;  2) тәрбиелік-регулятивті функция атқарады; 3) тұлғаның әлеуметтену үдерісін шешеді. Тұлғаның жан-жақты дамуына отбасында әлеуметтік  қолайлы жағдай  жасау; 4) отбасының өз мүшелеріне жан-жақты қамқорлығы, олардың әлеуметтік және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 5) экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық функция атқарады. Бұл - отбасы мүшелерінің бірге материалдық игіліктерді өндіруі мен бөлуі, бірге өмір сүруді ұйымдастыруы;   6) алғашқы әлеуметтік бақылау функциясын жүзеге асырады. Отбасы мүшелерінің әртүрлі өмір жағдайларындағы мінез-құлқын моральдық және әлеуметтік жағынан реттеп отырады.      Некенің әлеуметтік функцияларын қарастырғанда некенің отбасы мен мемлекеттің, отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды реттейтін нормативті-құқықтық институт екенін ескерген жөн. Сонымен некенің әлеуметтік функциясы төмендегідей: 1)  Ерлі-зайыптылардың өздерінің және балаларымен өзара қатынастарының құқықтары мен міндеттерін әлеуметтік мойындау және заңдастыру; 2) Ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ отбасы мүшелерінің арасындағы экономикалық және шарушылық-тұрмыстық қатынастарды реттеу; 3) Отбасы мен мемлекеттің арасындағы қатынастарды реттеу; 4) Отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесін құқықтық жағынан қамтамасыз ету. Мысалы, некеге тұру арқылы біреуі күйеуі, екіншісі әйелі болып, ерлі-зайыпты атанады.    Отбасының әлеуметтік функциясын сөз еткенде оның мүшелерінің мәртебелік-рөлдік қатынастарына байланысты айтпай кетуге болмайды.  Басқа әлеуметтік институттар сияқты отбасында да әлеуметтік мәртебелермен  қатар соған сәйкес рөлдер бар.    Әлеуметтік мәртебе дегеніміз не? Ол – белгілі құқықтар және  міндеттермен, мінез-құлық нормалары  және ережелерімен сипатталатын тұлғаның қоғамдағы жағдайы. Ал отбасының әлеуметтік мәртебесі - бұл қоғамдағы әлеуметтік мәртебелердің көптеген түрлерінің бірі. Ол - алдымен индивидтің отбасы құрылымындағы, сонан соң жалпы қоғамдық құрылымдағы орны. Мысалы, ана, әке және т.б. Отбасылық мәртебелер бар: ол ерлі-зайыптылық, ата-аналық,  туыстық және т.б. Әрбір мәртебенің құқықтары мен міндеттері бар.    Отбасының әлеуметтік рөлі дегенге тоқтамас бұрын әлеуметтік рөл дегенді айқындап алған жөн. Ол - белгілі әлеуметтік ұстанымы бар тұлғаларға қоғам қоятын талаптар жиынтығы. Әлеуметтік рөлді орындау отбасы мүшелерінің әлеуметтенулік үдерісіндегі рөлдік бейнесімен тығыз байланысты. Бұл отбасылық мәртебемен байланысты болатын мінез-құлықтық әрекет.      4. Еліміздегі нарықтық қатынас пен бәселестік ежелгі отбасын күрделі өзгерістерге алып келді. Қазір отбасының қиыншылықтары көбейді. Ол   көбіне ажырасуға әкеліп отыр. Отбасында қайшылықтардың тууының негізгі екі себебі бар: ішкі және сыртқы себептер. Сыртқы себептерге тұрғын үй, табыс, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктер және т.б. жатса, ішкі себептерге — махаббат, эмоция-сезім, қамқорлық, ауызбірлік және т.б. Себептердің екеуі де жас отбасы үшін дағдарыс жағдайын тудыруы мүмкін. Отбасының тұрақсыздығы ажырасуға апарады. Біздің республикамызда 1994-1996 жылдар аралығында 100 мың тұрғынға шаққанда, ажырасу орта есеппен 40 мың болды, ал 1997 жылы 32,8 мыңға жеткен. Ажырасудың негізгі себептері: 1/ жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкес келмеуі; 2/ арақ ішу, әсіресе, ерлер тарапынан; 3/ үй жағдайының, әсіресе, жастар үшін қолайсыздығы; 4/ жұбайлық опасыздық; 5/ ұрпақсыздық немесе балалы болғысы келмеушілік; 6/ жыныстық кемшілік. Осы аталған себептер әр аймақтарда әртүрлі көріністе болады. Ресейде - арақ ішу, мінездің сәйкессіздігі, Эстонияда - жұбайлардың опасыздығы, Арменияда, Грузияда, Өзбекстанда — ата-анаға дұрыс қарамаушылық, т.б. Зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, некенің бұзылу себептері некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға да байланысты. Олар әлеуметтік-экономикалық жағдай, қыз бен жігіттің білім ерекшеліктері, мәдени дәрежесі, жас ерекшеліктері, жас ерлі-зайыптылардың ата-аналарының теріс әсерлері, т.б. Кайсыбір зерттеулерге жүгінсек, жастардың басым көпшілігі достарының арасында, би алаңында, жырақта жүргенде және тағы басқа жерлерде танысады екен. Адамды жақсы тани білу үшін, онымен мүмкіндігінше көбірек араласқан жөн. Сүйіктіңнің жақсы жақтарын да, кемшіліктерін де жете білу үшін, оны өмірдің әрқилы сәттерінде көрген жөн. Косағыңды өмірлік деп тандайсың, сондықтан да некеге тұру жөніндегі шешіміңді туған-туыстарың мен достарыңа айтудың алдында әбден ойланып-толғанып алған дұрыс. О.Бальзак: «Ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің мінез-кұлқын, әдеттерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес» деген болатын. Ер мен әйелдің некеге тұруы өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі - экономика, өндіріс, ал өндіріс адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғастығы үнемі болып, дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады.     Қазіргі қоғамдағы отбасы қатынастарын зерттеушілер отбасы дағдарысқа ұшырады дейді. Бұған туылымның азаюы, әртүрлі тұрмыстық жағдайлардан ажырасудың көбеюі, ата-аналардың қайтыс болуынан отбасының ыдырауы. Жүз жыл бұрын еркек пен әйел орташа барлығы 1,5 жылдай баласыз тұрса, қазір шамамен 20 жыл тұрады. Бүгінгі ерлі-зайыптылар некелік өмірдің   54% орнына 18% ғана балалар тәрбиесіне арнайды.     Қоғамда толық емес отбасылар кең тарайтын құбылысқа айналды.  Бұл баланың әкесіз өсуіне, оның дұрыс тәрбие ала алмауына жол ашады. Қорыта айтқанда, осы күнгі неке-отбасы мәселесінде үш басты проблеманы атап көрсетуге болады: 1) отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы; 2) бала табу, ұрпақ өсіру проблемасы; 3) отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы.    Қолдағы мәліметтерге қарағанда, 15 және одан жоғары жастағы адамдарды алғанда ерлердің 62,3 және әйелдердің 55,6 пайызы некеде тұрады екен. Ерлердің 4,4 және әйелдердің 8,1 пайызы ажырасқандар. Ерлердің 2,9 және әйелдердің 14,7 пайызы жесірлер. Өздеріңіз көріп отырғандай, ерлерге қарағанда әйелдер арасында жесірлер 4 есеге көп. Бұған ерлер жасының қысқалығы да әсер етеді. Қазір респуликада өмір сүрудің орташа ұзақтығы 65,8 болса, әйелдер 71,5, ерлер 60,5 жас өмір сүреді.     Енді некеде тұрмағандардың көрсеткіштеріне көңіл бөлейік. Ерлердің 30,4 және әйелдердің 21,6 пайызы некеде тұрмағандар. Ал 30 және одан жоғары жастағы ерлердің 20,2 және әйелдердің 19,9 пайызы некеде болмағандар.    Қазір жастар есейіп барып үйленетін болды. 20-29 жастағылардың 54,3 пайызы үйленбегендер. Ал қыздар арасында бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен - 33,9 пайыз. Бір ойшыл:  егер адам баласы 35 жасқа дейін үйленбей, содан пайда тауып жүрмін десе, оған салық салу керек – деген екен.   Бақылау сұрақтары    1. «Отбасы» мен «неке» ұғымдарының анықтамасы.    2. Отбасы мен некенің әлеуметтік функциясы.    3. Отбасындағы мәртебелік қатынастардың қалыптасуы мен ерекшеліктері.    4. Отбасы құрылымы мен неке қатынасының тарихи типтері.    5. Қазіргі отбасы дамуының кейбір мәселелері.        6. Қазіргі қазақ отбасы дағдарысының себептері неде? VIII тақырып.  Мәдениет әлеуметтануы 1. Мәдениеттің әлеуметтік құбылыс ретінде түсінігі. 2. Мәдениеттің құрылымы мен типтері.   3. Мәдениет әлеуметтануының басым бағыттары.   4. Мәдениеттің негізгі әлеуметтік функциялары      1. Ерекше қоғамдық құбылыс ретінде мәдениет - қоғам дамуының жүйелі салалы, адамның қоғамға, табиғатқа қатынасының сапалық деңгейін білдіретін категория. Осыған байланысты жалпы мәдениет ұғымының нақты мағынасы бар: еңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, экологиялық мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті және т. б.   «Мәдениет» деген сөз қазақ тіліне арабтың «маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл - орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезенінде қалыптасқан түсінік. Бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымы тәрбие және  білімге тікелей қатысты, бұл ұғымдар барлық халықтардың рухани қайнар бұлағы болып табылады. Оның тамыры сонау көне заманда жатыр.    Мәдениеттің 300-ден астам анықтамасы бар. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет - халықтың мәдени саладағы табыстары мен шығармашылығының сапалы жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі сапалы қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.). Қорыта айтқанда, мәдениет дегеніміз жеке адам бойындағы қасиеттердің сапалық дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік үдерістермен біте қайнауы болып табылады.      2. Тұтас жүйе  ретіндегі мәдениеттің әлеуметтік элементтері жөнінде әртүрлі көзқарастар мен ғылыми бағыттар бар. Құрылым туралы кең тараған түсінік бойынша мәдениет негізінен диалектикалық бірліктегі материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Мәдениеттің бұл екі түрі де адамның рухани дүниесін, әлеуметтік өмірді өзгертуімен байланысты болады.  Сонымен қатар тұрмыстық мәдениетті де атай кеткен артық емес. Мұны көбіне-көп рухани мәдениеттің нақты көрінісі ретінде қабылдауға болады.    Материалдық мәдениет адамның табиғатқа қатысымен, оны өзгерту, қайта құру үдерістерімен және өз әлеуметтік ортасымен өзара қарым-қатынасы, өз мұқтажын қанағаттандырумен байланысты болады. Бұған материалдық игіліктерді өндіру мәдениеті (өңдірістегі сапалы құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.) жатады. Рухани мәдениетке ғылым, өнер, әдебиет және адамдарды тіршілікке бағдарлайтын идеялар, құндылықтар, нормалар, салт-дәстүр, ойлау әдістері және т.б. жатады.    Мәдениетті материалдық және рухани деп бөлу шартты, өйткені олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер, ықпал етіп отырады. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми идеялар, техникалық жобалар мен тұжырымдар өмірде жаңа техника, сайман, басқа да құрал-жабдық түрінде шындыққа айналып жатса, ал жаңадан пайда болған техника, технология, ғылыми жетістіктер және т.б. жаңа идеялардың, тұжырымдар мен теориялық ойлардың  тууына ықпал етеді.      Кейінірек, яғни ХХ ғасырдың бірінші жартысында мәдениетті үшінші құрамдас бөлігі туралы да түсінік пайда болды. Ол - мәдениет әлеуметтік құрамы. Мәдениеттің әлеуметтік құрамы дегеніміз – бұл адамдардың әлеуметтік институттар мен мәртебелер жүйесіндегі өзара қарым-қатынасы.          Мәдениетті төмендегідей  негізгі төрт элементтен тұрады деген де пікір жоқ емес. Оның біреуі адамдардың қоршаған ортада бағдарға алатын түсініктері мен ұғымдары. Екіншісі – қарым-қатынас, яғни кеңістік мен уақыттағы өзара байланыс. Үшінші – құндылықтарға қатынас, яғни нені және қалай игеру қажет. Төртінші – белгілі бір мәдениеттің құндылықтарына сәйкес адамдардың мінез-құлқын реттейтін нормалар мен ережелер. Ал әлеуметтанушы Геннадий   Иванович Козырев мәдениетті төмендегідей құрылымдардан тұрады деп есептейді:   1. Сана – бұл адамдарды басқа мақұлықтардан айыратын басты белгі. Сана (жады, ойлау) адамға әлемді, бүкіл қоршаған ортаны және өзін ғана танытып қоймайды, сонымен қатар өзі де білім және тәжірибемен толығады, бар жинаған құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізеді.  2. Қоршаған әлемді бағалай білу, қабылдау және оны игеру әдістері. Адамның жануарлардан айырмашылығы өзінің де, басқаның да әрекеттері мен ниетін жақсы не жаман деп бағалай алатындығында.  3. Тіл – адами қарым-қатынастың ойлаумен бірліктегі аса маңызды құралы. Бұл коммуникацияның дыбыстар мен симболдардан тұратын ерекше жүйесі. Тіл мәдениетті сақтаудың да, келер ұрпаққа оны жеткізудің де негізгі құралы. Тілдің бірлігі жалпы мәдениеттің бірлігі  сияқты адамдардың тұтаса түсуіне игі ықпал етеді. Сондай-ақ тілдің бөлектігі адамдар арасындағы өзара жек көру мен алауыздықтың себептері де болуы мүмкін. Сол себепті тілдік мәселенің өте нәзік екенін қандай бір қоғам болмасын мүшелері жақсы білгені, тиісінше көңіл бөлгені жөн.   4. Қызмет – бұл адамдардың өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатындағы, қоршаған әлемді  және өз табиғатын өзгертуге бағытталған саналы әрекет. Адамның қызметі басқа жануарлардан саналы сипатымен бөлектенеді.  2. Мәдениет көп функционалды және көп қырлы. Ол тіршіліктің әртүрлі  саласы мен әртүрлі әлеуметтік қауымдастықта өзінің ерекшелігін көрсете алатын қасиеті бар.       Әлемдік деңгейде мәдениетті батыстық және шығыстық деп бөлу бар. Мұның өзі де іштей еуропалық, латинамерикалық, славяндық және т.б. деп бөлініп жатады. Сондай-ақ әрбір ел өз шекаралары шеңберінде көпэтносты мемлекетте жалпы мәдениеттің әртекті сипатына қарамай өзінің ұлттық мәдеиетін қалыптастырады. Ал ұлттық қауымдастық және ұлтаралық кеңістік  шеңберінде мәдениетті халықтық, элитарлық және көпшілік түрлеріне бөлуге болады. Сонымен қатар кез келген үстем мәдениет шеңберінде мынандай социомәдени құбылыстар - субмәдениет және қарсы мәдениет  бар.  Халықтық мәдениет барлық мәдениеттің ішінде ең алғашқы (ежелгі) және  өзінің сипаты жағынан ең негізгісі болып табылады. Ол: халықтық ертегілер, мифтер, мақал-мәтел, аңыздар, әндер, билер, әдет-ғұрып және т.б. қамтиды. Ол басқа мәдениеттердің негізі болып саналады.   Элитарлық мәдениет жалпы халықтық мәдениеттің ішінде таңдаулылардың мәдениеті ретінде бөлек қалыптасады. Оның иелері атақты жазушылар, ақындар, музыканттар, суретшілер, скульпторлар және т.б. Оны тұтынушылар да ерекше көркемдікті қабылдай алатын және материалдық Һәм рухани мүмкіндіктері жеткілікті аз ғана адамдар тобы болады.   Корпоративтік мәдениет – белгілі ұйымдардың мәдениетінің даму деңгейін сипаттайтын жалпы мәдениеттің бір түрі. Бұл ұйым мүшелерінің жалпы мәдени қарым-қатынастарынан қалыптасады.    Бұқаралық мәдениеттің дамуы мен тарауы бұқаралық коммуникациялық және репродуктивті жүйенің дамуымен байланысты. Бұқаралық мәдениеттің мәні мәдени үлгілердің оперативті мен көптеп шығарылуында, қол жетерлігінде және оны көпшіліктің пайдалануында. Ол әртүрлі әлеуметтік топтардың күнделікті сұраныстарын жедел қанағаттандыра алуымен қатар жаңа оқиғалар мен құбылыстарды жылдам сезінеді. Ал бұқаралық мәдениеттің негативті әсері оның халықтық және элитарлық мәдениеттерге тән жоғары көркемдік құндылықтарға ие бола алмауында, сол себепті өзінің тұтынушыларына  сапалық жағынан төменгі деңгейдегі үлгілерді ұсынуында болып табылады.   Субмәдениет – қоғамда жалпы үстем мәдениеттің ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтың жіктелуінен пайда болған социомәдени ұйымның ерекше түрі. Әрбір әлеуметтік топ өзінің құндылықтары мен нормаларының, өзінің мінез-құлық үлгілерінің, өзінің ішкі топтағы тілінің жүйесін, яғни өзінің субмәдениетін жасайды.    Қарсы мәдениет – қоғамдағы үстем мәдени құндылықтар мен іргелі принциптерге қарсы бағытталған социомәдени қозғалыс. Мәдениеттің бұл түрінің пайда болуын зерттеушілер жалпы қоғамның дағдырысымен түсіндіреді. Бұл ХХ ғасырдың 60-жылдары батыстың жастары арасынан шықты. Қарсы мәдениет буржуазиялық мәдениеттің мынандай құндылықтарына: индивидуалим, прагматизм, діни мораль, дәстүрлі отбасылық құндылықтарға және т.б. қарсылықтан шыққан  мәдени ағым.   3. Әлеуметтанудың арнаулы теориясы – мәдениет әлеуметтануы  мәдениеттің қоғамдағы әртүрлі топтардың әртүрлі мәдени қызметтерінің деңгейін, олардың мәдениет саласындағы  талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени деңгейін, мәдениетті тұтыну салаларында әлеуметтік институттардың, мекемелердің жағдайын, қызметтерін және т. б. зерттейді.     Мәдениет әлеуметтануы мәдениеттің қоғамдағы әлеуметтік маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортадағы оның қызметіне баса көңіл бөледі. Сондықтан мәдениет әлеуметтануының негізгі зерттейтін мәселесі мәдениеттің ерекше құбылыстары, оның қоғамда  атқаратын қызметі,  қоғамның жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарының қалыптасу заңдылықтары болып саналады.    Мәдениет әлеуметтануы қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын, олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілек қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, араласуы қандай, бұл театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың және т.б. жұмыс дәрежелері қалай, олар не істеп жүр, адамдардың, олардың алуан топтарының талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б. осы тәрізді мәселелерді қамтиды. Мысалы, қазіргі уақытта театрларға көптеген адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары ұйымдастыру жұмысын дүрыс жолға қоя алмаған. Театр туралы айтылған осы пікіріміз кітапханаға да, денешынықтыру мекемелеріне де (әсіресе, стадион) қатысты.    Мәдениет әлеуметтануының бүгінгі  басты бағыттары:    1) Мәдениеттің материалдық саласы: еңбек және тұрмыстық-материалдық мәдениет, оларды тану, білу, зерттеу;    2) Мәдениеттің саяси саласында: қоғамның барлық салаларында адамдардың алуан түрлі топтарының  саяси белсенділігін арттыру т. б.;   3) Экономикалық мәдениет саласында нарықтық жағдайдағы еңбекшілердің экономикалық білімін көтеру, олардың нарықтық қатынастардың принциптерін толық игеріп, меңгеруі;   4) Мәдениеттің рухани саласында: әлеуметтік топтардың мәдени қызметі мен дәрежесінің көтерілуін; рухани мәдениеттің әртүрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем әдебиет, адамгершілік); мәдени мекемелердің, олардың мамандарының қызметін; мәдени дамудың әлеуметтік және болжам жоспарларын жасау, зерттеу және т. б. жатады.        4. Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс, қарым-қатынас нысандары. Бұл байланыс, қарым-қатынас белгілі бір нормалар мен ережелер негізде жүзеге асады. Бұлардың барлығы жиналып келіп қоғамның әлеуметтік жүйесін құрайды.  Ал мәдениет осы тұрғыдағы жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың белгілі бір сапалық қасиеті, қызмет мазмұны ретінде мәдениет әлеуметтануының  басты зерттейтін саласы болып табылады.     Мәдениеттің әлеуметтік институт ретінде төмендегідей функциялары бар:    1. Танымдық қызмет – білімді, ақпаратты, мінез-құлық үлгілерін, қызмет және ойлау әдістерін байыту. Мәдениеттің бұл әлеуметтік қызметінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе - мәдениет пен білімнің арақатынасы. Білусіз, білімсіз мәдениет қалыптаспайды. Білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғы шарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық та болып жатады. Бұл арада білімнің тәрбиеге негізделуі қажет дегеннен басқа ғылымның бет алды дамып, техниканың әлеуметтік қажеттілікке қайшы өсуінің шектелмеуі мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мұмкін. Тек жоғары деңгейдегі өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым-техника арқылы қоршаған ортамыздың шындығын ашуға талпынсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы жақсылық пен жамандықты айырамыз, ізгілікті игереміз. 2. Адамды қалыптастырады, яғни тұлғаны әлеуметтендіреді. Бұл арада мәдениет пен адамның ара қатынасына назар аудару керек. Өйткені мәдени кеңістіктегі қарым-қатынас үдерісінде адам мәдениеттің иесі болумен шектелмей, оның жасаушысы қызметін атқара отырып өзі де қалыптасады. Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі  ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы таңдаулыны алу болып табылады. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.   3.  Мәдениеттің жалғастық, мұрагерлік қызметі. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім мен ғылым және т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде адамның мәдени өресі артады, әлеуметтік тәжірибені игереді.  4. Мәдениеттегі реттеушілік мәдениеттің құндылықтары  мен нормалары негізінде адамдардың қызметі мен мінез-құлқының белгілі тәсілдерін ұсыну және  олардың сақталуын қадағалау арқылы жүзеге асады.  Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ болады. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол - білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам.     5. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл - мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте — қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған. Қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік, тәжірибе үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. 6. Мәдениеттің әлеуметтену функциясы – жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу, оларды жаңа әлеуметтік мәдениет үдерісіне қосу. Бұл үдеріс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер оның рухани азықтығы  белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол  - жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап - шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. Қорыта келгенде, «мәдениет» ұғымы күнделікті тұрмысымызда жиі кездеседі. Алайда оған біз көп мән бере бермейміз. Ал мәдениеттің адам тәрбиесіндегі рөлі үлкен. Барлығымыз да саналы, кейде санасыз түрде мәдениетке ұмтылып келеміз. Онда шек жоқ. Бақылау сұрақтары 1. Мәдениеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі анықтамасы қандай? 2. Мәдениеттің тұтас жүйелік элементтері қандай? 3. Мәдениет әлеуметтануының басым бағыттары 4. Мәдениеттің негізгі типтерін атаңыз?   5. Мәдениеттің әлеуметтік институт ретіндегі негізгі функциялары қандай?    IX тақырып.  Дін әлеуметтануы    Дін әлеуметтік өмірдің феномені ретінде.  Дін әлеуметтік институ ретінде.  Діннің құрылымы мен әлеуметтік функциялары.             4. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал.     1. Дін әлеуметтік феномен ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі болып табылады. Егер философия дінді зерттеуде  сенімнің мәнін түсіндіргісі келсе, әлеуметтану сол сенімдердің адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін көрсетуге тырысады. Сондай-ақ әлеуметтану ғылымы дін атаулыны қоғамның әлеуметтік жүйешіктерінің маңызды элементі ретінде қарастырып келеді.   Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер де болған. Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының мәліметтері жеткілікті.    Дін деп (лат.reliqio – құдайшыл, әулие, табыну заты) - әлеуметтік қауымның, топтың, индивидтің әрекеті мен ойлауын бағалаушы тануға мүмкін емес бір трансценденттік сатының өмір сүретіне сенім жүйесін айтамыз.   Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер, К.Маркс, Т.Парсонс т.б. болды.  Эмиль Дюркгейм (1858—1917) француз ғалымы, көрнекті әлеуметтанушы, Париж және Бордос университеттерінің профессоры. Оның басты шығармасы: «Діни өмірдің алғашқы түрлері Австралиядағы тотемдік жүйе» деп аталады. Автордың негізгі пікірі - дін адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру қажеттіктерінен пайда болған. Дюркгейм дінді әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін жаратылған негізгі әлеуметтік институттардың бірі, сондықтан оны зерттеу үшін әлеуметтанулық әдістер мен бағалау белгілері қажет деп санады. 1864-1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы, талантты әлеуметтанушы Макс Вебер өзінің басты шығармасы: «Протестант және капитализм рухы» деп аталатын еңбегінде діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне биік мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол дінді әлеуметтік институт ретінде қарастырды. Оның ойынша, дін әрбір индивидтің, әрбір әлеуметтік топтың  мінез-құлқы мен ойлау тәсіліне мән-мағына береді, сөйте отырып олардың өзіндік жеке дамуына ықпал ететін құндылықтар мен нормалар жүйесінің негізін құрайды. К.Маркс (1818-1883) марксизм ілімінің негізін қалаушы, аса көрнекті философ және публицист. Оның дін әлеуметтануы саласындағы шығармаларының ішіндегі ең бастысы - «Гегельдің құқық философиясына сын туралы» атты еңбегі. Онда К.Маркс дін адамдардың ауыр әлеуметтік жағдайларына байланысты пайда болды және ол жағдайлар жөнделген кезде дін өзінен-өзі жойылады деп қорытынды жасады. 1902-1979 жылдарда өмір сүрген, американ әлеуметтанушысы, профессор Толкот Парсонс «Әлеуметтанудың жалпы теориясының мәселелері» деп аталатын басты шығармасыдағы негізгі ойы - дін адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да дінді арнайы әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу керек дейді.     Діннің пайда болуы мен қалыптасуының өз себептері, қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі — діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар кездескен әртүрлі жағдайларға байланысты бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан табады.   Екінші қажеттілік - адамдардың танымға, білімге құштарлық талпыныстарымен байланысты. Адам ішкі және сыртқы құбылыстардың шын себептерін аша алмай, олардың әрқайсысының өзіндік иесі болады деп ойлайды. Осының негізінде олар туралы жалған түсініктер қалыптасады. Бұған адамдардың қоршаған табиғаттағы күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылы, судың тасуы, жердің сілкінуі, өрт, жұт сияқты дүлей күштердің алдындағы дәрменсіздігі себеп болады.   Үшінші қажеттілік таптық қоғамның орнауымен ел билеуші үстем тап өкілдері қоғамдық өмірдің тыныштығын және тұтастығын сақтау мақсаттарында көктің әмірі осындай деп, діни түсініктерді қолдап, қолпаштап, оларды кең таратудан туған. Үстем таптардың өкілдері өздерінің меншік иесі екендігін, олардың істеріне ылғи да сәттілік, табыскерлік және мәдени-руханилық сипаттар тән екенін және өздеріне басқару ісі дарығанын табиғаттан тысқары тұратын бір тылсым күштердің рахымшылығымен түсіндіруге тырысады. Мысалы, олар жеме-жемге келгенде халық өкілдеріне: «мені құдай бай қылды, ал сені кедей қылды - оған қандай таласың бар» деген сөздер айтады. Діндердің пайда болуының әлеуметтік-таптық себептері осындай.     2. Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа да ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, іргетасы іспетті категориялар жүйесі, заңдары мен қызмет салалары бар.      Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалдары. Ал екінші жағы - діннің, діни көзқарастың, діни элементтер мен функциялардың қоғамға тигізетін ықпалы.        Діннің құрылымын әңгіме еткенде оның қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі еске алу қажет. Ол негізінен үш түрлі элементтерден құралады: діни санадан, діни мінажаттан және діни ұйымдардан.    Қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде діни сана - діннің негізгі элементтердің бірі. Дін екі деңгейдегі құбылыстардан құрылады. Бірінші деңгейі діни психология, ал екінші деңгейі діни парасат, ақыл-ой құбылыстары, яғни діни идеология.     Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Гегель философияның да, діннің де мақсаты біреу, ол абсолютті тану болып табылады деген-ді. Дегенмен қоғамдық болмысты, адамдарды коршаған дүниені діни психологиядан гөрі діни сана тереңірек және толығырақ бейнелейді.            Діни идеология дегеніміз белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы. Бұл діни сана құрылымында теориялық деңгейді танытады. Діни идеология - діни ғұламалардың, діни кайраткерлердің жасаған идеяларының жүйесі. Діни идеологияның қоғамдық болмысты, қоршаған дүниені тануындағы құралы негізінен діни мазмұнды түсініктер мен ұғымдар болып табылады.   Діни құрылымының келесі элементі - «діни мінажат». Ол дін мен оны  ұстанушылар өмірінде үлкен орын алады. Діни мінәжат дегеніміз белгілі бір объектілерге (олар өмірде болулары да мүмкін немесе ойдан шығарылған болуы да мүмкін) ықпал етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене қимылдарының жиынтығы.    Дін құрылымның үшінші негізгі элементі діндар адамдар бірлестігі және оларды басқарудың белгілі формасы діни ұйымдар болып табылады. Діни ұйымдарға ең алдымен мешіттер, шіркеулер, храмдар, синагогалар жатады. Сонымен қатар бұған діни секталар, діни оқу орындары, діни мүліктер, діни қозғалыстар, діни баспа,  әйелдер, жастар діни орталықтары, діни саяси-әлеуметтік қозғалыстар мен олардың партиялары жатады.        3. Діннің қоғам, адам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады. Сондықтан дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі М.Вебер діннің қоғамдағы функциональдық қызметтерін зерттеу, талдау қажеттігін дін әлеуметтанудың  арнайы ғылымға айналуының басты шарты ретінде қарады.   Діннің әлеуметтік қызметтері негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Діннің қызметтерінің бірінші бағыты - дүниеге көзқарастық қызметі. Дүниеге көзқарас - адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни - абсолютті күш деп түсіндіреді.     Дін қызметтерінің екінші бағыты бағалаушылық қызметтер. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге ең алдымен - отбасының, оның мүшелері мен туған-туыскандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдет-ғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнеге-өсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштер бейнелері - әулие, періште, құдай бейнелері жатады.    Дін қызметтерінің үшінші бағыты — реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, адамдардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың туғаннан бастап өлгенге дейінгі барлық қарым-қатынастарын реттеп отырады.         Дін топтастыру қызметін де атқарады. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырады. Діндерді мәмлеге келтіретін - ондағы адамгершілік қағидалар. Осы қағидалар негізінде ынтымақтасу да, келісімге келу де жүзеге асады.   Қазіргі заманда дін идеологиялық әсер етудің күшті құралына айналып отыр. Амбициозды саясаткерлер мен террористік ұйымдар дінді өздерінің  мақсаттарына жету үшін де пайдаланып келеді.   4. Діннің қоғамдағы қызметтерінен оның қоғамдағы рөлі шығады. Діннің мемлекеттен, мемлекеттің діннен бөлек екені белгілі. Дінді мемлекеттен бөлу мәселесін Алаш жетекшілері де көтеріп еді. Әрине, Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары дінді мемлекеттен бөлу керек дегенде, екеуінің арасына қытай қорғаны салынсын деген ойда болмаған шығар. Өйткені дінсіз мемлекет те, мемлекетсіз дін де жоқ. Қоғам дінсіз өмір сүре алайды. Бұған кеңес өкіметінің шындығы дәлел.         Діндердің адам тәрбиесіндегі рөлінің ерекше бағалай отырып, діндердің тарихын, олардың ізгілікке, имандылыққа шақырған және т.б.  адамгершілікті насихаттаған қағидаларын мектептерде оқытуға болар еді деп ойлаймыз. Бұл бүгінгі жаһандану заманында аса қажеттілік болып тұр. Жаһанданудың кері әсеріне ұлттық иммунитеті күшті халық ғана төтеп бере алады. Ал дін – ұлттық иммунитеттің рухани негіздерінің аса маңыздысы.        5. Адамзат санасының ерекше бір түрі ретінде дін қоғамның саяси жүйесінің сипатына байланысты бірде жуандап, бірде жіңішкеріп, кейде кемерінен шығып, кейде жуасып талай ғасырды артқа тастады. Жер бетінде пенденің барында әлі талай асулардан өтер. Өйткені адам дінсіз өмір сүре алмаса, дінге де адамсыз өмір жоқ.  Мемлекетке қатысты да осыны айтуға болады.       Кешегі Кеңестік кезеңде дін қудалауға түсіп, атеистік (құдайға сенбеушілік) идеология, дін халыққа апиын деген тұжырым үстемдік етті.  Жаңа кеңестік заманды қолдаушылар «құдайсыздар қоғамын» (общество безбожников) құрып, өздері соның белсенді мүшесі болуға тырысты. Бұл кейін белсенді атеистік ұйымдарға айналып, жер-жерлерде дінге қарсы үгіт-насихат майданы ашылып, мыңдаған дәрістер оқылып, кинфильмдер көрсетілді. Талай дін иелері қудалауға түсіп, айдалып, атылды. Тіпті бір заманда ата-бабасы дін ұстағандар жаппай қудаланды. Талай мешіттер құлатылып, кейбірі мәдени ескерткіштің озық үлгісі болғанына қарамай басқа мақсаттарға пайдаланылып, тіпті мал қора етілді. Мұның барлығы адамның өзіне сенімін жоғалтты.     Ғасырлар күткен Тәуелсіздік қана қоғамымызда діннің қайта жаңаруы мен жаңғыруына жол ашты. Еліміздің ең алғашқы құжаты - «Қазақ ССР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияда республика территориясында тұратын азаматтардың діни нанымына, Қазақ ССР Конституциясы шеңберінде жұмыс істейтін діни ұйымдардың мемлекет және қоғам өміріне қатысуы үшін тең құқыққа ие болуға кепілдік берілді. Ал 1992 жылдың 15 каңтарында қабылданған "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заң Қазақстан Республикасының әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылатынын таныды. Діни бірлестіктер қызметі құқықтық жағынан реттелді.    1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабының бірінші тармағындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп тайға таңба басқандай айқын жазылды. Сондай-ақ бұл құқықтық норманы жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс екендігі айтылды.      Мұның барлығы тәуелсіз мемлекетіміздің дін саласындағы бетбұрысын айқындаған, еліміздегі діни кеңістіктің оңалуына игі әсер еткен алғашқы құқықтық қағидалар еді. Бұл әркімнің өзінің дінге көзқарасын дербес айқындауға, ұстануға немесе ұстанбауға еркіндік берді. Дінге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркенінің, рухани байлығының бір көзі — дәстүрлі дінімен қайта қауышты. Дінге сенушілер көбейіп, діни бірлестіктердің саны артты. Мешіттер көбейіп, ол имандылық пен ізгіліктің орнына айналды. 1990 жылы Қазастанда 671 қана діни бірлестіктер болса, қазір ол 6 есеге көбейіп, 4000-нан асты. Соңғы 300 жылдай патшалық Ресейдің отарында, кеңестік қыспақта болып, теперіш көрген осы аймақтың ежелден жалғыз иесі қазақтың дәстүрлі исламдық діни бірлестіктері 46-дан 2337-ге өсті. Көптеген діни мектептер ашылды. Бір қатар жастар шетел діни оқу орындарында білім алуда. Қажылыққа барушылық дәстүрге айналды.      Жинақтай айтқанда, қазіргі қолданыстағы заңдық қағидалар егемен елдің, қоғамымыздың өтпелі кезеңіндегі дініне қатысты бірсыпыра принципті мәселелерді шешті. Бұған дау жоқ. Бірақ қоғамның дамуы бұл мәселелердің жетімсіз екенін де көрсетіп отыр. Тәуелсіздіктің елең-алаңында қабылданған Заңның осал тұстарын, жаңа заманда жан-жағымызға қарамай, ашық қоғам құрамыз деген әлі пісіп, жетілмеген ізгі ниетімізді  жаһандану кеселдері тиімді пайдаланып, елімізде сырттан дінді қаптатып жіберді. Тіпті дәстүрлі ислам дінінің өзі түрлі ағымдарға бөлінді.     Ежелден дәстүрлі екі дінмен келе жатқан Қазақстанның тәуелсіздік жылдары көп конфессиялар, көп дінділікке бой ұру бүгінгі зиялы қауымды ойландырмайды емес, ойландырады. Тәуелсіз ел ретінде әлі қабырғамыз қатая қоймаған кезде 70 астам әртүрлі ағым-секталарды біріктіріп отырған 10 тарта діни ұйымдардың еліміздің бірлігіне, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін деп толғану негізсіз емес.     Бүгін республикадағы 70 пайыздай (оның ішінде 63 пайыз қазақ) мұсылмандардың 2337 діни бірлестіктері болса, ал адамдар саны белгісіз протестантизм бағытын ұстанатындардың 40-тан астам әртүрлі ағымдарының 1189 ұйымы бар. Бұл бүкіл республикадағы діни бірлестіктердің 30 пайыздайын құрап отыр. Сонан соң республикада тіркеліп, заңдық түрде қызметіне рұқсат етілген барлық 357 миссионерлердің 307-сі католиктер мен протестанттардың өкілдері. Олар қазақ елінің шектен тыс «демократияшылдығын»  ұтымды игеріп, басқа елдерге қарағанда біздегі діни бірлестіктерді тіркеу рәсімдерінің жеңілдігін пайдаланып, миссионерлік іс-қимылдарды кең көлемде әрі белсенді  жүзеге асырып келеді.    Бұл жерде екі мәселе бар. Бірінші, біздің елімізде дәстүрлі емес діндерді насихаттауға кең жол ашу. Бұл қандай қажеттіліктен туды? Екіншіден, мұндай жұмысты Қазақстан Республикасының азаматы болмағандар да атқара береді..          Мұндай кемшіліктер біздің қоғамда неге орын алып отыр дегенде бір мәселені айта кеткен артық болмас. Ол - қазіргі демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнатуды мақсат етіп отырған тәуелсіз еліміздің дінге қатысты ұстанымдарының толық және айқын еместігінен туындап отыр.     Қалай ойласақ та дінсіз мемлекет те, мемлекетсіз дін де жоқ. Шынайы дін мен мемлекеттің түйісер жері - елдің тұтастығы, тәуелсіздігіміздің тұғырлы бола түсуі, ұлтымыздың бірлігі, бүкіл қазақстандықтардың түсіністігі мен келісімді тірлігі. Бұл бағытта ізгілік пен имандылықтың, ұлттық иммунитетті күшейтудің рухани арқауы болып келе жатқан халқымыздың дәстүрлі діні исламға лайықты орын берілуі қажет.  Әлемдік тәжірибеде мемлекет ең бірінші өзін құраушы ұлттың тұтаса түсуіне, оның тарихи санасын, дәстүрлері мен мәдениетін дамытуға көмектеспей отыра алмайды.      Бүгінгі күні дін жөнінде жаңа заң керек деген уәж көп айтыла бастады. Бүгінгі қалыптасқан діндік қатынастарды заңдық жағынан жетілдіре түсу, елімізді мекен еткен этностардың ұлтаралық келісіміне нұқсан келтіретін ағым-секталар мен миссионерлер қызметіне тыйым салу, дәстүрлі діндерге көзқарасты заман талабына сай кеңейте түсу керек-ақ болып тұр.   Бақылау сұрақтары  1. «Дін» ұғымының анықтамасын айт?  2. Діннің пайда болуы мен қалыптасуының себептері қандай?  3. Діннің құрылымы қандай негізгі элементтерден тұрады.  4. Діннің негізгі әлеуметтік функциясын атаңыз?  5. Эмиль Дюркгеймнің дін туралы ойын еске түсіріңіз?  6. Макс Вебер діннің мәні туралы не деді?  7. К.Маркс діннің пайда болуы туралы.  8. Парсонстың дін туралы негізгі ойы не еді?             X тақырып. Саяси әлеуметтану      1. Саяси әлеуметтанудың объектісі мен пәні      2. Саяси әлеуметтанудың заңдары мен категориялары      3. Саяси әлеуметтанудың әдістері      4.  Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні         5. Саяси әлеуметтенуді қалыптастыратын институттар   1.  ХХ ғасырдың 20-жылдары батыстық әлеуметтану жеке ғылымдарға бөліне бастады. Әлеуметтану ғылымының  жалпы әлеуметтану (әлеуметтік зерттеулердің әдістемесін беретін), өнеркәсіп өндірісі әлеуметтануы, ауылшаруашылығы әлеуметтануы, құқық әлеуметтануы, тіл әлеуметтануы, жеке жүйелер мен елдер әлеуметтануы (мысалы, советология) және басқалар. Осы жылдары жалпы әлеуметтанудың  бір тармағы болып саяси әлеуметтану қалыптаса бастады.    Саяси әлеуметтануға атақты әлеуметтанушы П.А.Сорокин берген «әлеуметтік медицина» деген сипаттама дәл келеді. Саяси әлеуметтану қоғамдық өмірді жақсарту, Сорокин сөзімен айтқанда, адамдардың бақытын өсіру, мәдени құндылықтарды көбейту және қоғамдық прогресті жеделдету мақсатында жалпы әлеуметтанудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануы керек және пайдалануға тиісті.    Жалпы әлеуметтанудың құрамдас бөлігі саяси әлеуметтану - әлемдік қоғамтану ғылымдарының бірі. Өз алдына екі ғылыми пән ретінде әлеуметтану мен саясаттанудың түйіскен шегінде пайда болған саяси әлеуметтану Батыс Европа, АҚШ, Жапония және т.б. елдерде көптен оқытылуда. 1990 жылдардан бастап посткеңестік елдерде де оқытыла бастады. Қоғамды демократияландыру, нарықтық экономикаға өту «батыстың» әлеуметтік-саяси ғылымын біздің елдің де еншісіне тигізді.   Саясаттану қоғам өмірінің бір саласын ғана – саяси саланы, яғни  саяси жүйедегі мемлекеттік билікпен, оған ие болу, ұстап тұру және пайдаланумен байланысты қатынастарды зерттесе, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік жүйесін зерттейді. Ал саяси әлеуметтану әлеуметтік-саяси қатынастармен, санамен, саяси мәдениет және іс-әрекетпен, олардың заңдарының қызмет етуімен және өзгеруімен байланысты проблемалардың жиынтығын зерттейді.     Саяси әлеуметтану қоғамның саяси жүйесінің мемлекетке, партияға, әлеуметтік саяси ұйымдарға  және индивидтерге қалай әсер ететініне, олардың саяси мінез-құлқы қандай екеніне жауап іздейді. Сондықтан саяси әлеуметтанудың объектісі әлеуметтік-саяси қатынастар болып саналады. Олар таптардың, басқа әлеуметтік жіктердің, этностардың, елдер-мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіби құрылымдар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды.    Саяси әлеуметтану саясаттың жалпы теориясын (саяси билік, оның басқа әлеуметтік құбылыстардан айырмашылығы мен байланысы) және саясаттың әлеуметтік аспектілерін (қажеттілік, мүдделер, тұлғалар қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, бұқаралық қозғалыстар, институттар және т.б.) және саяси қатынастардың үш деңгейін - әлеуметтік-саяси жүйе қызметінің жалпы заңдылықтарын, жеке елдердегі әлеуметтік-саяси үдерістердің өзіндік ерекшеліктерін, саяси қызметтердің жеке түрлерін зерттейді.    Саяси әлеуметтанудың негізгі зерттеу пәні билік болып саналады. Билік - әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызды түрі, оның мағынасы билікке ең кемі екі индивидтің қатысуында, оның біреуінің екіншінің билігіне бағынуында. Бұл нақты әрекеттерде, қылықтарда, мақсатты танытқанда көрінеді.      Билік ұғымында мынандай сұрақтың тууы заңды. Неге бір адам екіншіге бағынады? Өйткені өзге күштірек (мысалға, тонаушы белгілі бір құралмен қорқытып тұр) немесе ақылдырақ және тәжірибелі (адам оның кеңесіне және қиыншылықтар мен мүмкін болар кемшіліктерден  аулақ болу үшін ұсыныстарына құлақ асады), болмаса бастық және ол өзінің лауазымына қарай билік жүргізе алады. Сонымен біреудің екіншіге тәуелділігінде табиғи теңсіздік (физиологиялық, интеллектуалдық және т.б.) және әлеуметтік (мәртебелік, экономикалық, білімділік және т.б.) факторлар жатыр.    2. Саяси әлеуметтану қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси қатынастардың қызмет етуінің бүкіләлемдік, жалпы адамзаттық заңдарын зерттейді. Бұл заңдарды былайша типтеуге болады: 1) әлеуметтік-саяси өмірдің қызмет ету заңдары; 2) олардың дамуының заңдылықтары.    Бірінші топтағы заңдар әлеуметтік-саяси өмірдің субъектілері мен объектілерінің, әртүрлі элементтерінің өзара әрекетін, байланысын ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну заңы, саясаттағы біріншілік пен екіншіліктің заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы және т.б.   Даму заңы әлеуметтік-саяси өмірдің бір жағдайдан екіншіге ауысу, сапалық өзгеріс заңы. Бұл заңдар әлеуметтік-саяси құбылыстың себепті байланыстарын, өзгерістердің факторлары мен түрлерін, бағыттарын белгілейді. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыстар және басқалар.    Саяси әлеуметтанудың заңдары мен оның принциптері тығыз байланыста. Гносеологиялық жағынан олардың (принциптер мен заңдардың) елеулі айырмашылықтары жоқ. Ғылымдағы заң шындықтың объективті бейнесі болып табылады. Бірақ заңның өзінде былай істе, олай істе деген ниет, ишара жоқ. Мысалы, әлеуметтік-саяси режимнің ауысу заңы. Принцип – бұл қызмет тәртібі, дұрыс қызмет етудің бағдары. Мысалы, «әлеуметтік-саяси жағдайды ескеру», «адамзаттық құндылықтардың басымдығы», «басқа ғылымдардың жетістіктерін есепке алу мен пайдалану» принциптері және т.б. осылай істеуге итермелейді, міндеттейді. Бұл және басқа принциптер мен заңдардан бас тарту болмаса оны мойындамау қоғамда елеулі қателіктерге және деформацияға (өзгерістерге) әкеледі.    Саяси әлеуметтанудың ұғымдары сөз еткенде алдымен оның бастапқы негізгі ұғымдары, тіпті оның тұжырымдамалық негізі болып саналатын «қоғам», «саясат», «әлеуметтік-саяси іс-әрекеттер мен қатынастар» категорияларын атаған жөн. Сонымен қатар  саяси әлеуметтанудың   ұғымдары заңдарына сәйкес екі топқа бөлінеді: 1. Саяси өмірдің қызмет ету ұғымдары. Мысалы, саяси үдеріс, саяси қызмет, саяси мәдениет, билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, т.б.     2. Даму ұғымдары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, плюрализм, саясаттанған тұлға, т.б.    3. Саяси әлеуметтанудың міндеті  тұлға мен  қоғамның өзара әрекетінің проблемаларын зерттеу болып табылады. Қоғамдық-саяси өмірдің барлық құбылыстарының адами аспектісі негізгі назарда болуы керек, яғни барлық экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер адамға оң қызмет етуі қажет.  Саяси әлеуметтануда жалпы ғылыми, пәнаралық әдістер: талдау мен жинақтау (синтез), абстракциялау және абстракциялаудан  нақтылыққа шығу, логикалық пен тарихи талдауды ұштастыру, модельдеу, математикалық әдістер кең пайдаланады.    Саяси әлеуметтануды да жалпы әлеуметтану сияқты басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшелейтін негіз эмпирикалық әдіс және нақты-әлеуметтанулық зерттеу болып саналады: статистикалық мәліметтерді пайдалану, құжаттарды талдау, анкеталық сауал, зертханалық эксперименттер, экстремалдық (аса қолайсыз) жағдайдағы адамның мінез-құлқын бақылау, т.б. Мұндай әдістерді жүзеге асыруда саяси әлеуметтану мына нормалар мен формалардың жиынтығына ерекше мән береді: диалог, тараптардың және адамдардың әлеуметтік психологиясының мүдделерін есепке алу, дәлелдеу (аргументация), сенім, қоғамдық пікірді зерттеу және соған сүйену, саяси және идеологиялық төзімділік, консенсус.   Саяси әлеуметтану әртүрлі әдістердің жағымды жақтарын пайдаланады. Мысалы, диалектикалық-материалистік әдістен нақты-тарихи тәсілді пайдалану, әлеуметтік-саяси оқиғаларды даму, өзгеріс үдерісінде қарау, қоғамдық өмірге көптеген факторлардың әсерін ескеру және  т. б. алынады.    Саяси әлеуметтануда бихевиористік (ағылшын тілі бихевиор- поведение (мінез-құлық) тәсілге үлкен мән беріледі. Бұл әдіс индивидтер, тұлғалар мен топтардың әлеуметтік-саяси рөлдерді атқару кезіндегі мінез-құлқын талдау,  зерттеуде пайдаланылады.        Саяси әлеуметтанудың қорытындылары мен ұсыныстары тікелей практикаға шығады. Егер осы қорытындыларға қатаң сүйенсек, онда қоғамдағы күрделі үдерістер мен бағыттарды дұрысырақ  пайымдауға, осымен байланысты практикалық саяси үдерістерді дұрыс шешуге болады. Осы мағынада саяси әлеуметтану мультпарадигмалық ғылым тәрізді (лат. «мульти» - көп және грек. «парадигма»-теориялық модель, теория). Әдістемелікте мультпарадигмалық жалғыз ғана тәсілді пайдаланумен шектелмейді, тәсілдердің барлық жиынтығын пайдаланады. Мысалы, марксистік әдебиетте қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жалғыз ғана әдіс - диалектикалық-материалистік әдіске сүйенеді. Бірақ бұл әдістің жағымды жақтармен қатар бірсыпыра кемшіліктері де бар. Ол бұл әдістің идеологиялық әсірелеу бағытының басымдығы. Жалғыз қоғамдық құрылысты (социализм, коммунизм) жиі дәлелсіз, объективсіз қорғау, басқа марксистік емес теориялар мен әдістерге төзімсіздік таныту. Мысалы, кешегі кеңес өкіметі кезінде әлеуметтік-саяси білім белгілі жағдайда марксизмнің құрамдас бөлігі ретіндегі социализмнің әлеуметтік-саяси теориясымен толықтырылды. Алайда бұл жалғыз қоғамдық жүйемен шектелу, әлемдік қоғамтанудан қол үзу, қазіргі үдерістер мен  бағыттарды зерттеуде социализм теориясы жетімсіз болды.       Көріп отырғанымыздай, жалғыз ғана әдісті пайдалану әлемдік өркениеттегі сан түрлі қоғамдық-саяси үдерістерді объективті зерттеуге жетімсіз болады.  4. Саяси әлеуметтанудың қызметтеріне тоқталғанда төрт бағытты ескеру керек. Олар: дүниеге көзқарас, танымдық, тәрбиелік, саяси-тәжірибелік қызметтер.    Саяси әлеуметтанудың дүниеге көзқарас қызметі - әр адамның, әсіресе саяси басшылардың санасына жаңа саяси ойлауды ендіру. Жалпы адами құндылықтардың жеке топтардың (таптық, ұлттық, діни және т.б.) мүдделерінен басымдығын,  әрбір халықтың әлеуметтік және саяси таңдауын еркін мойындау сияқты принциптерді терең сезінудің қажеттігі.    Саяси әлеуметтанудың танымдық қызметі. Саяси-әлеуметтік құрылымдарды, олардың өзара қарым-қатынастарын,  институттарды, мәртебелер мен рөлдерді, жинақтай айтқанда экономикалық қарым-қатынастағы адам факторының рөлін зерттеу, білу.  Саяси әлеуметтану әлеуметтік-саяси қатынастармен, санамен, саяси мәдениет және қызметпен, олардың заңдарының қызмет етуімен және өзгеруімен байланысты проблемалардың бар жиынтығын терең зерттейді.     Саяси әлеуметтану адамдардың ресми тәрбиесінде негізгі салмақты көтереді. Ол саяси идеялар мен идеалдарды, саяси нормалар мен дәстүрлерді тарату үдерісіне үлкен ықпал етеді. АҚШ-та азаматтардың саяси тәрбиесі саяси ғылымға жүктелген. Ол университеттерде, колледждерде жүзеге асады.     Саяси әлеуметтанудың саяси-практикалық қызметі де маңызды. Қоғамтану жүйесінде саяси әлеуметтану басқалардан өзге нақты тәжірибеге, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы адамдардың жасампаздық немесе консервативтік іс-әрекетіне жақынырақ.       Сонымен саяси әлеуметтану әлеуметтік-саяси үдерістерді түсіндіреді, олардың дамуының бағыттарына болжау жасайды, ондағы тұлғалардың рөлін көрсетеді, саяси білім, ойлау мен мәдениетті қалыптастыруға әсер етеді, адамды азаматтықтың жауапты міндеттерін орындауға дайындайды.      Саяси әлеуметтанудың бүгінгі күні рөлі тұрақты артып келеді. Оның артуына төмендегідей факторлар игі әсер етіп отыр:   1. Нарықтық экономикаға өту, соған сәйкес саяси құрылымдардың пайда болуы (билік жүйесіндегі жаңа құрылымдық өзгерістер).   2. Саяси қатынастардың объектілері мен субъектілері санының артуы, олардың мазмұны мен құрылымының күрделілене түсуі (партиялар мен саяси қозғалыстар санының артуы).  3. Жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың саяси мәдениетін қалыптастырудың қажеттігі (саяси және әлеуметтік, әсіресе, ұлтаралық қатынастардағы дау-жанжалдарды өркениетті жолмен шешудің қажеттігі).  4. Тұлғалардың саясаттағы, азаматтық міндеттерді орындаудағы рөлдерінің артуы (сайлау науқандарында, басқа саяси шараларда).      5. Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіңдеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғының үлгі-өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай үдерісті  ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.   XIX ғ. аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф. Гидденс, француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын «әлеуметтену» дей отырып, осы ұғымды ғылыми айналымға енгізді. Кейін осының негізінде "саяси әлеуметтену" деген ұғымды дүниеге келді. Бұл ұғымға жеке адамдардың  қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыкқа алуы жатады. Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу үдерісін айтады.    Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайлас жемқорлық кең етек алып, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған болатын. Саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарға (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға XX ғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке, тіпті адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал-шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек сияқты дәстүрлі мәдениетке қарсы шығып, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектілерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізіп, сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі күн тәртібіне қатты қойылды.   Саяси әлеуметтену үдерісі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:  - қоғам мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін игерту;  - қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;   - саяси мәдениеттің элементтерін заман талабына сәйкес өзгерту.        5. Саяси әлеуметтену институттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі, ақпарат құралдары, мемлекет, партия және жеке саяси оқиғалар.    Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Қазақтар "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп тегін айтпаған, үйде қалыптасқан саяси көзқарас көбіне өмір бойына жадында қалады.    Саяси әлеуметтенудің келесі сатысы - мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі. Жастар әртүрлі ұйымдарға қатысып, алғашқы саяси тәжірибелер жинайды.    Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 18—40 жастар аралығы. Адам 16 жастан азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді, қоғамдық өмірдің саяси саласына, сайлауға қатыса бастайды. Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең саяси білім алады. Саяси партияларға мүше болулары да мүмкін.   Саяси әлеуметтену адамның өмір бойына тән үдеріс. Оның көзқарастарына, саяси іс-әрекеттеріне өмір тәжірибесі, қоршаған орта тұрақты әсер етеді.   Саяси әлеуметтенуде мемлекет пен партияның рөлі ерекше. Саяси әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Олар адамға тікелей ықпал етеді және саяси құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады, бір идеалды негіздеп, қорғап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған қазыналарын, алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, саяси тұлғаны тәрбиелейді. Бақылау сұрақтары 1. Саяси әлеуметтанудың объектісі не? 2. Саяси әлеуметтанудың пәні не? 3. Саяси әлеуметтанудың негізгі зерттеу пәні не? 4. Саяси әлеуметтенудің мақсаты неде? 5. Адам өзінің саяси әлеуметтенуіне қалай әсер етеді?

 

 Источник:


Информация о работе Әлеуметтік стратификация