Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 08:50, лекция

Краткое описание

Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.

Вложенные файлы: 1 файл

Элеуметтану семинар.doc

— 123.00 Кб (Скачать файл)

Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің  маңызы зор екенін естен шығармуымыз  керек.

Білім деңгейі – мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі.

Кәсіби  шеберлік – белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім  дәрежесі мен шеберлігінің танылуы.

Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет.

Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3,4,6 және одан да көп жіктерге бөліп  қарайтын стратификациялық модельдерді  ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын  моделіне тоқталсақ, олар мыналар:

жоғары  тап;

орта  тап;

жұмысшы табы;

төменгі тап.

Жоғары  тапқа ірі меншік иелері – қаржы  және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды.

Кейбір  елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары.

Орта  таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады.

Орта  тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.

Бұл жерде  айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:

а) жоғары орта тап:

ә) орта таптың орташасы:

в) төменгі  орта тап.

Орта  тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке  қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп  отыр.

Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі  өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.

Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір мүреді,

Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам  мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз  тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.


Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған  байланысты әлеуметтік мобильдік деген  құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.

«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген  индивидрет мен адамдар тобының  бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.

Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар:

вертикалды, яғни тік  сызықтың бойымен болатын және;

горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.

Веритикальды  мобильдік – индивидтің бір стратадан  екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде  оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен  құлдырау, яғни кері кеу бағытында  болады.

Жоғары  өрлеу бағытындағы мобильдікке  адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.

Адамның вертикальды төмен бағыттағы  құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі  біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.

Э. Гидденс  мобильдіктің бұл типіне жан-жақты  талдау жасаған. Британ қоғамындағы  төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.

Жоғары  бағытта өрлеу мен төмен түсудің  арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.

Горизантальды мобильдікте – индивид бір  әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық  бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің  мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.

Көлденең  мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады.

Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.

Ұрпақтар  арасындағы мобильдікте балалар  өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін.

Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.

Ұрпақтар  ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше  әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.

Әлеуметтік  мобильдіктің бірінші түрі, яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік ұзақ мерзімдік  процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобильдігі – қысқа мерзімді процеске жатады. әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобильдік, ал, екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.

Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін.

Индивид бір статустық топтан екінші бір  топқа өтеді. Айталық, жоғары білім  алған адамның айлығы жоғары төленетін  қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен  өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге тұруға тырысады.

әлеуметтік  мобильдікті басқа да критерийлерге  байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген  де түрлері бар.

Жек мобильдік  туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше  төмен қарай құлдырауы.

Топтық  мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады.

Топтық  мобильдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі  большевиктер партиясының бұрын  болмаған беделін көтеріп, қоғамға  мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылды. Сөйтіп халытық интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық интеллигенцияға қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобильдіктің деңгейі жоғарылай түсті.

Жоғарыда  көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен бірге оның ұйымдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдігі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мімкін.

Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін  түріне КСРО-да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.

Топтық  мобильдік халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруіне байланысты қайта  құрулардың нәтижесінде де болады. Ал, бұл жеке адамның еркіне байланысты емес. Мвсалы, халық шарушылығының  кейбір салаларының қысқаруы, кейбір мамандықтың жойылуы халықтың үлкен топтарын ауыстыруға, басқаша орналастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, 50-70-жылдары бұрыңғы Кеңес Одағында көптеген ауыл-село қысқартылып, оларды іріктендіру процесі болды.

Сол сияқты экономикалық дағдарыстар қоғамдағы  халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатының төмедеуіне, жұмыссыздар санының ратуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады.

Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда орын алатын революциялық, дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі.

Әлеуметтік  мобильдік құбылысының екі өлшемі бар. Олар – мобильдіктің жылдамдығы және көлемі.

Әлеуметтік  мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір  уақыт аралығындағы тік бағыттағы  әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің осы бағытта  жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.

Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің ондай  дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше  сатылардан өтуі және бұл процестің  ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Мысалы, кеңестер Одағында қарапайым адамның  жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни, қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, облыс көлемінде басшылық қызметтеде жоғары беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған.

Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір  уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің  санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының жалпы  санына қатынасы салыстырмалы көлемді  пайызрақылы көрсетіледі.

Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып  келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің көлемі жоғары.

Әлеуметтік  мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны  неге байланысты? деген сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін әрбір индивидтің қажымай –талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары.

Американ  әлеуметтанушылары П. Балу мен О. Дункан дамыған елдердегі әлеуметтік қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильдік  басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық қоғамдарда «төменгі» және «жоғары таптардың» үлес салмағына қарағанда «орта таптың» үлес салмағының өсіп отырғындығын айтады. Мәселен, С. Липсет АҚШ-тың әлеуметтік таптың құрылымын бүйірі шығыңқы ромб бейнесінде көрсетуге болады дейді.

Информация о работе Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні