Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 15:38, реферат

Краткое описание

Қазанның 21-24-і аралығында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туысқан Түркия Республикасына ресми сапармен барып қайтты. Мемлекет басшысы 2003-ші жылдан бері бейресми болмаса, Анадолыға арнайы ресми сапармен ат басын бұрмапты. Тәуелсіздігімізді төрткүл әлемге паш еткенде атажұрттағы ағайынының қуанышын бірге бөлісіп, алғаш болып ресми түрде еліміздің егемендігін мойындаған Түркия Республикасы болатын.

Вложенные файлы: 1 файл

ака.doc

— 14.50 Кб (Скачать файл)

 Қазанның 21-24-і аралығында Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев туысқан  Түркия Республикасына ресми  сапармен барып қайтты. Мемлекет  басшысы 2003-ші жылдан бері бейресми  болмаса, Анадолыға арнайы ресми  сапармен ат басын бұрмапты. Тәуелсіздігімізді  төрткүл әлемге паш еткенде атажұрттағы ағайынының қуанышын бірге бөлісіп, алғаш болып ресми түрде еліміздің егемендігін мойындаған Түркия Республикасы болатын.   

 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыс кезінде де туысқан  түрік ағайындар мың ойланып, жүз толғанып жатпастан тәуекелге бел буып, елімізге инвестиция салып, Қазақстан экономикасының аяқтан тік тұрып кетуіне елеулі үлес қосты. Бүгінде елімізде мыңнан астам түрік компаниялары жұмыс істейді. Сонымен бірге, Түркия Республикасы Қазақстанға инвестиция салған елдердің алғашқы бестігіне кіреді. Қазба байлықтарға ғана инвестиция салушы өзге мемлекеттерге қарағанда түрік инвесторлары экономиканың барлық салаларына инвестиция салуымен ерекшеленеді. Соңғы жылдары қазақ кәсіпкерлері де қарап қалмай Түркия экономикасына инвестиция құя бастады. Өткен жылғы екі елдің жылдық тауар айналымы 4 млрд астам АҚШ доллраны құрады. Мемлекет басшылары алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселей түсуді жоспарлап отыр. 

Елбасымыздың тәуелсіздікті ала  салысымен Түркістан қаласынан Университет ашуға жарлыққа қол қойған еді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер министрі С. Демирелдің екі жақты келісімінің арқасында Түркістан Университетінің аты Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті болып өзгертіліп, қайта құрылды. Бұндағы мақсат күллі түркі әлемінің темірқазығы саналатын Түркістаннан университет ашу арқылы түркі халықтарының интеграциясын арттыру болатын. Бүгінде аталмыш оқу орнында 30-ға тарта түркі тектес елдердің ұл-қыздары оқып білім алады. Кешегі Нахычывандағы Түрік халықтарының саммитінде Қазақстан басшысы тарапынан Түркістандағы осы оқу ордасының жанынан «Түрік халықтарының Академиясын құру» жөнінде ұсыныс айтылды. Бұйыртса, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті түрік халықтарының бірлігін арттыра түседі деген сенім мол. Сонымен бірге, 1992 жылдан бері елімізде қазақ-түрік лицейлері жұмыс істеп келеді. Бұл лицейлер орта оқу орындарына білім берудің соңғы жетілген технологиясымен жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Бүгінге дейін еліміздегі халықаралық олимпиада жүлдегерлері санының 70 пайызы осы лицей түлектерінің еншісінде. Бұдан басқа Алматыда Сүлеймен Демирел атындағы университет және Шет тілі және іскерлік карьерасы университеті жұмыс істейді. 


Информация о работе Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар